Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Некеге тұрмас бұрын қазақстандықтарды бір ай көлемінде арнайы курстарда оқыту жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі 

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қамбаров Қайрат тілшілердің сұрағына жауап берді.

“Бұған дейін отбасын құрмас бұрын қазақстандықтарды емтихан тапсыруға міндеттейді деген ақпарат пайда болған еді. Осының барысы туралы айтып бересіз бе”, – деп сұрады журналистердің бірі. 

Ол мәжілісте қаралып жатқан заңда осыған ұқсас бөлік бар екенін атап өтті. 

“Қазір мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы қарастырылып жатыр және онда осындай бөлік бар. Яғни отбасын құрмас бұрын кемінде бір ай жастарды оқыту жоспарланып отыр. Әзірге қарастырылып жатыр”, – деді Қайрат Телманұлы. 

Спикердің айтуынша, жастарды тәлімгер және психологтар оқытады.

“Олар отбасын құрғысы келетін азаматтармен жұмыс істейді. Әзірге қарастырылып жатыр, әлі бекітілген жоқ”, – деп сөзін түйіндеді спикер. 

 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.