Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко биыл жазда Астанада өтетін халықаралық форумға тәліптер шақырылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сенат кулуары

Сенат кулуарында Василенко журналистерге "Талибанның" сауда министрлігі басшысының міндетін атқарушы Нуреддин Азизидің келгенін растады.

"Шынында да, ол осы жылдың 13-14 маусымында елордада өтетін "Астана" халықаралық форумына шақырылды. Бұл мырзаға жалпы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі санкция салмаған, жалпы “Талибан” қозғалысына да санкция жоқ", – деді министрдің орынбасары.

Роман Василенконың айтуынша, бұл адам бұрын Қазақстанға бизнес-форумға қатысу үшін келген.

"Дәл осы мырза былтыр тамыз айында Астанада өткен бизнес-форумға қатысу үшін Ауғанстан үкіметінің 200 өкілі мен кәсіпкерлерінен тұратын сауда миссиясын бастап келген. Бұл адамдар бұрын да келген. НАТО күштері Ауғанстаннан кетіп, "Талибан" қозғалысы билікке оралғаннан бері халықаралық қауымдастық 40 миллион халқы бар Ауғанстан үкіметімен өзара әрекеттесу механизмін табуға тырысып жатқаны жасырын емес", – деп қосты сыртқы саясат басқармасы басшысының орынбасары.

Роман Василенко қазір "Талибанды" халықаралық қауымдастық, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі әлі мойындамағанын айтты.

"Десе де бұл ел – біздің өңірлік көршіміз. Сол себепті онымен Қазақстан ғана емес, өңірдегі көптеген ел, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, Ресей, Пәкістан және басқа да мемлекеттер қарым-қатынас орнатуға тырысып жатыр", – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш “Ауғанстанмен қарым-қатынасты дамыту аясында тәліптерді Қазақстанда тыйым салынған қозғалыстар тізімінен шығаруға бола ма деген” сұраққа жауап берген еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.