БАҚ беттерінде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев ұсталды деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Press.kz басылымы тағы бірнеше мемлекеттік қызметкердің ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет вице-министрдің ұсталғанын растамады да жоққа да шығармады.
"Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкеріне және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз.Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге де ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.
- Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам ұсталды
- Қарағанды облысында тұрғын 40 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жазды деген күдікпен ұсталды
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі отставкаға кеткенін, Роман Скляр уақытша премьер-министрдің міндетін атқаратыны туралы жазған едік.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.