Пәкістанның Лахор қаласында ондаған адам әйелдің үстіндегі көйлектегі арабша жазуды Құран аяттары деп қателесіп, күпірлік санап, шабуыл жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: yahoo.com

Негізінде, көйлекте араб тілінде "халуа", яғни "тәтті" деген бір ғана сөз болған.

Пәкістан полициясының хабарлауынша, жексенбі күні Пенджаб провинциясының астанасы Лахор қаласындағы мейрамханалардың бірінде тұтынушы әйелдің маңына бірнеше ер адамның жиналғаны туралы хабар келіп түскен. Полиция қызметкері Сейда Шехрбано ғимараттың жанынан 300-ге жуық адамды көргенін айтады.

Әлеуметтік желілерде бірнеше видео жарияланды. Кадрлардан мейрамхананың бұрышында бетін қолымен жауып, қорқып түрған әйелді анық көруге болады. Тағы бір видеода әйелді полиция қызметкерлері қоршап, қалың топтан қорғап, үстіндегі жазуы бар көйлегін шешуді талап етеді.

Кейбір бейнежазбаларда адамдардың Құдайға тіл тигізген әйелдің басын кесуді сұрағаны көрсетілген.

Пәкістан заңы бойынша Құдайға тіл тигізген адам өлім жазасына кесіледі. Полиция қызметкері мейрамхананың кіреберісінде тұрып, адамдарды тыныштандыруға тырысқанын айтады.

"Оның көйлегінде не жазылғанын ешкім білмеді. Біз тұрғындарға әйелді өзімізбен бірге алып кететінімізді, оның әрекеттері тексерілетінін және барлық қылмыстары үшін заң шеңберінде жауапқа тарылатынын айттық", — деді ол. 

  • Пәкістандық, үнділік және афроамерикалық азамат полицияның жиі тексерісін нәсілдік кемсітушілікке балап сотқа шағымданды
  • Иранда зорлық көрсеткен күйеуін өлтіргені үшін 29 жастағы әйел өлім жазасына кесілді

Полиция қызметкерлері содан кейін ғана әйелді өздерімен бірге алып кете алған. Жиналғандар арасында Пәкістанның өте консервативті исламшыл партияларының бірінің жақтастары болған.

Құдайға тіл тигізді деген күдікке ілінген әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Онда шақырылған бірнеше ислам дінтанушылары оның киіміндегі мәтіннің Құранға еш қатысы жоқ екенін растады.

Полиция тіпті ислам ғұламаларынан әйелдің кінәсіздігін растайтын бейне хабарлама жазуды сұрады. Ал әйелдің өзі болған оқиға үшін кешірім сұрады.

"Менде жаман ниет болған жоқ. Мұным қате болды. Бірақ болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Мұндай жағдай қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын", — деді әйел.

Ол өзінің діндар мұсылман екенін және Исламды қорлайтын ештеңе жасамайтынын айтты. Жергілікті билік оның Лахорға сауда жасауға келгенін және қаладан шығып кеткенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Иранда хиджаб киюден бас тартқан әйелге құқық қорғау қызметкерлері дүре соққаны туралы жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.