Франция президенті Эммануэль Макронның жеке фотографы Instagram желісінде президент пен француз басшысына Астанаға келген сапарында Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған тазылармен бірге түскен суретін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желідегі суретте "Елисей сарайы, басты фойе. Күннің соңы. 14.03.2024" деп жазылған.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Soazig de la Moissonnière (@soazigdelamoissonniere)

Ақ-қара түстес фотосуретте Макрон үш итпен бірге түскен. Олар Жюль мен Жанна есімді екі тазы мен 2017 жылы асырап алған қара лабрадор Немо.

Еске сала кетейік, өткен жылы Франция президенті Астанадағы көрмені аралау барысында тазыларды ұнатып қалған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев француз әріптесіне бес айлық тазы күшіктерін сыйлаған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.