Қытай Украинаға Киевтің қытайлық компанияларды "соғыс демеушілері" деп тануына байланысты екіжақты қарым-қатынастар нашарлауы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: reuters

Украиндық ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл ескертуді Қытайдың Киевтегі елшісі Фань Сяньжун Украина үкіметінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесуінде айтқан.

"Елші мұның бәрі біздің қарым-қатынасымызға кері әсер етуі мүмкін деді", – дейді дереккөздердің бірі.

  • Қытайға танымал футболшы Роналду келген соң дүрбелең туды
  • Қытай халқының саны екінші жыл қатарынан азайып жатыр

Қазіргі таңда Украинаның "терроризмнің халықаралық демеушілері" деген тізімінде әртүрлі елдерден 48 компания бар, олардың 14-і қытайлықтар. Өткен жылдың қазан айында Киев бірқатар қытайлық фирмаларды тізімге енгізді, оның ішінде CNPC, Sinopec Group, CNOOC, мұнай-газ компаниялары бар. 

Басылымның хабарлауынша, Қытай сыртқы істер министрлігі бұл тізімге қытайлық компанияларды енгізуге қарсы және Украинадан "қателерді дереу түзетіп, жағымсыз салдарды жоюды" талап етеді.

Қытай тарапы Украинаға ешқандай шарт қоймағанын, тек тізімге қатысты өз пікірін білдіргенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Пол Кругман Қытай жапондық дефляцияны және жастар арасындағы жоғары жұмыссыздықты бастан кешіп жатқанын айтқан еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.