Қытай және жаһандық басқарудың негізгі мәселелері



жүктеу 95.65 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі95.65 Kb.

ӘОЖ 33.191.6:94(951)
ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Н. Мұқаметханұлы

Б.А. Сабденалиев

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы

Мақалада жаһандық басқарудағы негізгі мәселелері бойынша Қытайдың ұстанымдарына сараптама көрсетілген. Сараптама «Үлкен жиырмалық» тобының құжаттары мен ұлттық құжаттамалар (заң-дар, ұлттық бағдарламалар, басшылардың мәлімдемелері және т.б.) негізінде жүзеге асырылды. Қытай экономикалық даму қарқыны, халық саны және бақа да бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша әлемде алдыңғы қатарда. Дегенімен, елде, дамушы мемлекет-терге тән, бірқатар шешімін таппаған кешенді мәселелер бар.

Нәтижесінде, Қытай басшылығының көзқарасы бойынша, бар-лық жаһандық мәселелер өте өзекті болып табылады. Аталған мәселе-лерге байланысты шешімдерді қабылдау, бір жағынан мемлекеттің әлемдегі үстемдігін арттыру тәсілі деп қарастырылса, екінші жағынан өсімнің жоғары қарқынын қолдауға мүмкіндік беретін ішкі даму құралы ретінде қарастырылады. Мақала ресейлік, ағылшын, қазақстандық және қытайлық деректерге негізделген.

Түйінді сөздер: «Үлкен сегіздік» тобы, «Үлкен жиырмалық» тобы, БРИКС, жаһандық басқару, жаһандыһ қауіптер, экономикалық қауіптер, табиғи қауіптер, геосаяси қауіптер, әлеуметтік қауіптер, технологиялық қауіптер.
Кіріспе. Қытай Халық Республикасының қысқаша атауы «Қытай» деген сөз біздің тілімізге орысшадан енген атау. Ол «ханьзу» («hanzu») деген этнос атауының әрі мемлекет әрі ұлт атауы ретінде қолданыстағы дағдыға айналған термин. Іс жүзінде қытайлар өз мемлекетін «Чжон го» («Zhоng guo» - «Орталық мемлекет» деген мағынаны білдіреді), - деп атайды. Ал ағылшын тілінде «China» деп қолданы-лады.

Қытай - ұзақ тарихы бар ежелгі өркениетті елдердің бірі әрі қазіргі таңдағы алып державалардың алдыңғы қатарында қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Қытай Халық Республикасы қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде және экономикалық жақтан аса қуатты ел ретінде де халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды рөл атқарып отыр [1].

Қытай, бүгінде әлемнің ең үлкен және ең қарқынды дамып жатқан экономи-касы (соңғы он жылда ЖІӨ өсу қарқыны 9%-дан төмен болған емес) болуымен қатар, әлемдегі халық саны ең көп мемлекет - 2011 жылдың шілде айындағы көрсеткіш бойынша 1344 млн. адам. Аталған факторлар, мемлекеттің соңғы он жылда сыртқы сауда айналымының алты есе өсуі көрсеткіш болып табылатын халықаралық саудаға кең көлемде енуі, сонымен қоса, бүкіл әлем бойынша инвестицияларды белсенді салу және мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі Қытайдың жаһандық басқару мәселелерін шешудегі ұстанымын анықтап, халықаралық форумдар мен жалпы жаһандық басқару күн тәртібін қалыптастыруда үлкен әсерін тигізеді [2].

Дегенімен, қазіргі таңда қытай қоғамында шешуге тиісті мәселелер өте көп. Соның ішінде экономикалық, саяси, әлеуметтік және ұлтаралық қатынастар мәселесі.



Негізгі бөлім. Экономикалық қауіптер. Халық санының көптігі мен кедейлігі, экономикалық өсімнің жоғары қарқынын ұстап тұру және дамыған мемлекеттердің тәжирибесіне сәйкес қаржылық секторды дамуту қажеттігі Қытайдың негізгі эконо-микалық қауіптері бойынша ұстанымын алдын ала болжайды.

Қытайдың азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына қатысты ұстаны-мы әлемдегі халық санының ең көптігі мен әлемнің өзге дамыған мемлекеттерімен салыстырғандағы ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жаңаша тәсілдерді қолданудағы артта қалушылыққа негізделеді. Нәтижесінде, қытай басшылығы, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі ретінде ауыл шаруашылығы өндірісін жаңарту мен жер және су ресурстарын тиімді пайдалану деп есептейді. Қытайдың 2010-2015 жылдарға арналған 12-ші Бесжылдық жоспарына сәйкес, аталған тапсырманың орындалуы қытайлық ауыл шаруашылығына инновациялар ендіру үшін шетел инвестицияларын тарту мен тиімсіз құндық ауытқулардан қорғаудың қазіргі заманғы механизмдерін қолдану арқылы шешіледі деп көрсетілген. Мемлекет бекіткен іс-шараларды іске асыру арқылы жыл сайынғы бидәй өнімін 50 млн. тоннаға артады деп болжануда. Сонымен қатар, қытайдың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тағы бір әдісі ауыл шаруашылық егістерді қуаңшылықтан және су тасқынынан қорғау, ауыл шаруашылығы логистикасы және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау жүйелерін жақсарту болып табылады [3].

Қытайда әл-ауқаты төмен азаматтардың жоғары шоғырлану әлі де сақталуда. Халық санының 13%-дан дан астамы, жылына 363 АҚШ долларын құрайтын «кедей-лік деңгейінен» де төмен табысқа ие [4]. Мемлекеттегі халық табыстарының теңсіз-дігімен күрестің негізгі бағыттары әлеуметтік төмендерді жоғарылату мен салық жүйесін реформалау болып саналады. Әлеуметтік төлемдердің негізгі құрамдас бөлігі - тұрғын үйге деген төлемнің өтемақысын қайтару. Қытайлық әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің ерекшелігі болып тұтынушылық бағалардың өсімі жағдайында тұрмысы төмен халық таптарына өтемақы қайтару механизмі табылады [5].

Бюджеттегі үнемі теңгерімсіздік мәселесі соңғы уақыттарға дейін Қытай үшін өзекті болған жоқ. Дегенімен, Қытай басшылығы шағын бизнестің дамуына кедергі келтіретін салықтарды төмендету саясатын жалғастыратындықтарын жариялауда. Соған қоса, 2012 жылдың бюджетінде білім саласына, денсаулық сақтау саласына мемлекеттік шығындарды артып және де қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысы жобаларына ауқымды инвестицияларды тартылды. Осылайша, бюджетке деген ауырлық уақыт өте келе әлі де арта түспек. Осыған байланысты, ел үкіметі мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыру мен салық жинау саласын жақсарту іс-шараларына ерекше көңіл бөлетіні анық [6].

Қытайлық басшылық, жүйе құрушы қаржылық инстититуттар мен валюталық жүйелердің құлдырауына немесе оларға қатысты жүйелік қауіптерді төмендету бойынша нақты жарияланған іс-шаралар кешенін жариялаған жоқ болатын. Алайда, Қытайдың Орталық банкінің ұстанымына сәйкес, экономикадағы жүйелік қатерлер-дің төмендеуі қаржылық секторды реттудің тиімділігін жоғарылату, монетарлық жүйені бақылау, несие нарығындағы теңгерімсіздікті төмендету, қаржылық қызмет көрсету саласын дамыту мен валюталық нарықтағы реттеуді одан да арттыру бойынша ортақ саясатпен байланыстырады [7].

Осылайша, Қытайдың басты экономикалық қауіптер бойынша ұстанымы халықаралық қаржылық реттеу институттарының ұсыныстарына негізінделеді.



Геосаяи қауіптер. Қытайдың геосаясаттағы өзекті мәселелер бойынша ұста-нымы, халықаралық қақтығыстарды шешуде халықаралық құқық қағидаттарының үстемдігін мен БҰҰ қолдаумен сипатталады. Алайда, Қытайдың ел ішіндегі аталған салалар бойынша қатаң саясаты халықаралық қауымдастық тарапынан сынға ұшырап жатады.

Қытайдың жаһандық басқарудың іркілуіне қатысты ұстанымы, елдің түрлі халықаралық институттарда белсенді қатысуымен айқындалады. Қытай БҰҰ Қауіп-сіздік Кеңесін реформалауды қолдайды. Біртіндеп елдің Үндістанның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі мәртебесін алуына қатысты кері көзқарастар, оң болып өзгеруде. Қытай қақтығыстарды реттеу мен бейбітшілікті сақтау мәселелерінде Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінің үстемдігі идеясын қолдайды [8]. Қытай саясаты-ның жаһандық басқару жүйесін күшейтуге бағытталған тағы бір басымдығы болып, екіжақты негізде көршілес елдермен өзара әрекеттесуді тереңдету мен кеңейту, сонымен қоса, халықаралық институттар шеңберінде ынтымақтастықты дамыту, әсіресе «Үлкен жиырмалы» тобы мен БРИКС елдері (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы) арасында [9].

Әлемде болып жатқан қақтығыстарды шешуге байланысты, Қытай басқа мем-лекеттердің әскери күштеп араласуына қарсы ұстанымды ұстануда. Бір ерекшелігі, Қытайдың өзі араласқан қақтығыстар мен шиеленіс ошақтарын шешу, басшылықпен тек елдің ішкі мәселесі ретінде қарастырылады. Осыған мысал ретінде елдің «тибет мәселесіне» қатысты ұстанымы келтіруге болады [10].

Сирия. Қытай Сирия халқының тәуелсіздігі мен бірлігін, территориялық біртұтастығын және егемендігін қолдайды. Қытайлық басшылықтың ойынша, мәселе тек бейбіт жолмен, Сирия халқының ойы мен толық Кофи Аннанның Жоспарына сәйке, саяси диалог негізінде шешілу тиіс [11].

Ливия. Қытай тарапы НАТО-ның Ливиядағы операциясын сынға алды [12]. Ливиядағы соғыстан кейінгі өмірдің қалпына келуінде Қытай, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне ерекше рөл береді. Сонымен қоса, Қытай тоқтау салынған ливиялық активтерді елге қайта қайтаруды қолдайды [13].

Палестин-израиль қақтығысы. Қытай қақтығыстың шешілуінде БҰҰ Қауіп-сіздік Кеңесінің шешімдерін, басқа да халықаралық деңгейде қабылданған құжаттар мен «бейбітшілік үшін жер беру» қағидатын қолдайды. Қақтығыстың шешімі тәуелсіз палестин және израиль мемлекеттерінің Батыс және Шығыс Ирусалиде бөлек астаналар негізінде бейбіт өмір сүру болуы тиіс [14].

Иран. Қытай қақтығысты шешу үшін Иран мемлекетін диалогты жалғастыруға шақырады. Сонымен қатар, қытайлық басшылықтың өкілдері Иранның бейбіт мақсатта атом энериясын пайдалануға құқылы екендігін және елге қарсы қатаң санкцияларды қолдамайтындығын айтуда [15].

Корей Халық Демократиялық Республикасы. Қытай «солтүстік корей мәселе-сінің» тек бейбіт жолмен шешілуін қалайды. Басшылықтың айтуы бойынша, аталған ұстаным кез-келген аймақтық қақтығыстарда қолданылады.

Қытай жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі халықаралық келісім-дерді ұстанады. Мемлекет Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімді бекітіп, оны әлемдегі қауіпсіздікті сақтаудың маңызды құралы деп қарастырады. Қытайлық басшылықтың ойынша, ядролық қауіпсіздік, ядролық қару-жарақты таратпау мен қарусыздану мәселелері бойынша әлемдік қауымдастықтың өзара әрекеттесуі қажет. Сонымен қоса, қытайлық тараптың ойынша, жаппай қырып-жою қаруын таратпауды қамтамасыз ету жүйесінің ортасында Біріккен Ұлттар Ұйымы тұруы қажет [16].

2001 жылы «11 қыркүйек оқиғасынан» кейін АҚШ өзінің қауіпсіздік страте-гиясына үлкен өзгерістер енгізіп, «антитерроризм» мен «ядролық, биологиялық, химиялық қарумен АҚШ-тың және әлемнің қауіпсіздігіне қатер төндірудің алдын алуды» өзінің әлемдік стратегиялық мақсаты етіп қойды. Осыған байланысты Қытай өкіметі де өзінің халықаралық терроризмге қарсы тұру принциптерін жариялады. Оның негізгі түйіндері: Қытай кезкелген формадағы терорризмге қарсы тұрады, мейлі, ол қай уақытта, қай жерде, қандай адамға бағытталса да; терроризмшілдерге соққы беру күресі, Бірікен Ұлттар Ұйымының және Қауіпсіздік Кеңесінің жетекшілігінде жүрілуі керек, барлық іс-қимылдар «БҰҰ Хартиясына» жалпы ережесі мен принциптеріне, сондай-ақ ортақ танылған Халықаралық заңдардың принциптеріне сәйкес келуі қажет. Дәлел-факті толық болған терорризмшілдерге дәл соққы беру, күнәсіз адамдарды обалды етуден сақтану, соққы беру көлемін негізсіз кеңейте беруге болмайды; террористер - аз сандағы сұрқия күштер, терроризммен белгілі бір этносты немесе дінді байланыстыруға болмайды; антитерроризмнің мақсаты - оны болдырмау. Сондықтан терорризмге қарсы тұрғанда ағымдағы мәселені де шешу керек, сонымен бірге ұзақ уақытта оны болдырмауды қарастыру қажет; антитерроризм - бейбітшілік пен күштеу арасындағы арпалыс, ұлттардың, діндердің немесе өркениеттердің қақтығысы емес. Міне, бұл Қытайдың халықаралық терроризмге ұстанған басты қағидаттары.

Қорытынды. Осылайша, Қытайдың басты экономикалық қауіптер бойынша ұстанымы халықаралық қаржылық реттеу институттарының ұсыныстарына негізін-деледі. Нәтижесінде, елдің қаржылық секторы тұрақтылықпен ерекшеленіп, ал дамушы елдерге тән мәселелер бойынша, яғни халық табысының теңгерімсіздігі мен азық-түлікке деген бағанын құбылмалылығы, шешімдер қабылдау басымдыққа ие болуда. Сол уақытта, әлемдік қаржы-валюталық жүйесін реформалауға байланысты қытайлық басшылықтың ұстанымы аталған жүйелерді басқаруда, әлемдік экономика-дағы елдің үлесіне сәйкес орынға ие болу, сонымен қатар, арзан жұмыс күші мен жете бағаланбаған валюта күйіндегі бәсекелестік басымдықтарды сақтай отырып, тұрақты экономикалық өсім қарқынын қамтамасыз етумен ескеріледі.

Қытай халықаралық қауіпсіздіктің қағидаттарын қолдап, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу мен ядролық қаруды таратпаудың жақтасы болып табылады. Саяси тұрақтылықтың ішкі қауіптеріне қатысты қытайлық ұстаным қылмыс, парақорлық және лаңкестікпен қатаң күресумен айқындалады.

Ұлтаралық қатынастар тарихтан келе жатқан күрделі мәселелердің бірі. Оның ішінде этникалық сепратизм идеясы мен іс-әрекеттер Қытайдың территориялық біртұтастығына қауіп төндіретіндей деңгейге жетпесе де, қоғамдық орнықтылыққа айтарлықтай кері әсерін тигізіп келді. Қытай өкіметі ұлттық сепратизммен қанша күрессе де оны түбегейлі жоя алмай келеді.

Әдебиет
1 Karibzhanov Zh., Mukhametkhanuly N., Kitaidin sirtki sayasati zhane Kazakstanmen katinasy (2000-2010 zhildar). - Almaty: Kazak universiteti, 2013.

2 BRICS Joint Statistical Publication 2012 // Fourth BRICS Summit. 2012. URL: http://bricsindia.in/publication.html (date of access: 26.10.2012).

3 Excerpt of China’s 12th Five-Year Plan - Agriculture Part // Ministry of Agriculture of the People’s Republic of China. 28.04.2012. URL: http://english.agri.gov.cn/Topics/12th/201204/t20120428_4365.htm (date of access: 26.10.2012).

4 Field Listing: Population below Poverty Line // Central Intelligence Agency. URL: https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/fields/2046.html (date of access: 26.10.2012).

5 Report on the Work of the Government (2012) // Chinese Government’s Official Web Portal.

14.03.2012. URL: http://english.gov.cn/official/2012-03/15/content_2092737.htm (date of access: 26.10.2012).

6 Report on China’s Central, Local Budgets (2012) // Chinese Government’s Official Web Portal. 16.03.2012. URL: http://english.gov.cn/official/2012-03/16/content_2093602_11. htm (date of access: 26.10.2012).

7 Governor Zhou Xiaochuan’s New Year Address (Released on 31 December 2011) // The People’s Bank of China. 05.01.2012. URL: http://www.pbc.gov.cn:8080/publish/english/955/2012/20120106162915247513057/20120106162915247513057_.html (date of access: 26.10.2012).

8 Statement by Ambassador Li Baodong at the Security Council Open Debate on Working Methods// Permanent Mission of the People’s Republic of China to the UN. 22.04.2010. URL: http://www.china-un.org/eng/chinaandun/zzhgg/t687010.htm (date of access: 26.10.2012).

9 Chinese President Raises 3-point Proposal for BRICS Cooperation // Chinese Government’s Official Web Portal. 29.03.2012. URL: http://english.gov.cn/2012-03/29/content_2102727.htm (date of access: 26.10.2012).

10 President Hu: Tibet Problem Entirely Internal Issue of China // Chinese Government’s Official Web Portal. 12.04.2008. URL: http://www.gov.cn/english/2008-04/12/content_943050.htm (date of access: 26.10.2012).

11 Explanation of Vote by Ambassador Li Baodong after Adoption of Security Council Resolution on Deployment of the Supervision Mission in Syria // Permanent Mission of the People’s Republic of China to the UN. 21.04.2012. URL: http://www.china-un.org/eng/chinaandun/securitycouncil/regionalhotspots/asia/yz/t925009.htm (date of access: 26.10.2012).

12 China, Russia in Concern over Libya // Shanghai Official Web Portal. 17.06.2011. URL: http://www.shanghai.gov.cn/shanghai/node23919/node23923/u22ai46133.html (date of access: 26.10.2012).

13 China Welcomes Early Establishment of Interim Government in Libya // Chinese Government’s Official Web Portal. 14.09.2011. URL: http://www.gov.cn/misc/2011-09/14/content_1946667.htm (date of access: 26.10.2012).

14 China Supports Measures to Break Palestinian-Israeli Negotiation Deadlock // The People’s Government of Jiangxi Province. 24.04.2012. URL: http://english.jiangxi.gov.cn /News /201204/ t20120424_711063.htm (date of access: 26.10.2012).

15 China Urges Flexibility in Upcoming Iran Nuclear Talks // Chinese Government’s Official Web Portal. 11.06.2012. URL: http://www.gov.cn/misc/2012-06/11/content_2158420.htm (date of access: 26.10.2012).

16 China Сalls on World to Join Hands in Facing Challenge of Nuclear Non-Proliferation, Disarmament// Chinese Government’s Official Web Portal. 20.04.2012. URL: http://www.gov.cn/misc/2012-04/20/content_2118187.htm (date of access: 26.10.2012).

КИТАЙ И ОСНОВНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ГЛОБАЛЬНОГО УПРАВЛЕНИЯ
Н. Мухаметханулы

Б.А. Сабденалиев

Казахский Национальный университет им. әл-Фараби, Алматы
В статье представлен анализ позиций Китая по основным проблемам глобального управления. Анализ осуществлен на основе документов «Группы двадцати» и национальных документов (законов, национальных программ, заявлений президента страны и т.д.). Китай занимает лидирующие позиции в мире по темпам экономического развития, численности населения и ряду других важнейших социально-экономических показателей. В то же время в стране остается нерешенным комплекс проблем, присущих развивающимся странам.

В результате практически все глобальные риски, с точки зрения властей КНР, имеют высокую степень актуальности. Принятие мер в отношении них рассматривается, с одной стороны, как способ укрепления позиций страны в мире, с другой - как инструмент внутреннего развития, дающий возможность поддержания высоких темпов роста. Статья основывается на российских, английских, казахстанских и китайских источниках.


Ключевые слова: «Группа восьми», «Группа двадцати», БРИКС, глобальное управление, глобальные риски, экономические риски, природные риски, геополити-ческие риски, социальные риски,технологические риски.

CHINA AND MAJOR ISSUES OF GLOBAL GOVERNANCE
N. Mukhametkhanuly

B.A. Sabdenaliyev

al-Farabi Kazakh National University, Almaty
The article presents an analysis of China's positions on major issues of global governance. The analysis was done on the basis of the documents of the "G20" and national documents (laws, national programs, statements by the President of the country, etc.). China occupies a leading position in the world in terms of economic development, population growth and a number of other major socio-economic indicators. At the same time, the country remains unresolved complex problems inherent in developing countries.

As a result, almost all the global risks, from the point of view of the authorities of the PRC, have a high degree of relevance. Taking action against them is considered, on the one hand, as a way to strengthen the country's position in the world, on the other - as a tool for internal development , enabling sustain high growth rates. The article is based on Russian, English, Kazakh and Chinese materials.


Keywords: G8, G20, BRICS, global governance, global risks, economic risks, environmental risks, geopolitical risks, societal risks, technological risks.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest 2014-1
Vest 2014-1 -> Ұлттық экономиканың БӘсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектері мәселелері
Vest 2014-1 -> Электронды оқыту технологиясының МҮмкіндіктері
Vest 2014-1 -> Текстильным материалам
Vest 2014-1 -> Аса-талас өзендері алабында суармалы жерлердің экология-мелиоративтік жағдайы
Vest 2014-1 -> Әож 37. 013. 41/. 77 ТӘрбиенің жеке тұЛҒа дамуындағы мәНІ
Vest 2014-1 -> М. Х. Дулати мұрасы қазақ Ғалымдарының зерттеу нысанында
Vest 2014-1 -> Шайынды суларды тазартуда су өсімдіктерін пайдалану мүмкіндігін зерттеу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет