Құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезеңінде азаматтардың қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығының ерекшеліктері



жүктеу 186.19 Kb.
Дата14.10.2017
өлшемі186.19 Kb.



ӘОЖ 323.(574)
М.И. Билялова
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: marzhan.bilyalova@mail.ru)
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезеңінде азаматтардың қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығының ерекшеліктері
Мақалада құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезеңінде азаматтардың қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығының ерекшеліктері қарастырылған. Аталмыш тақырыпты ашу барысында автор Қазақстан Республикасының заңдары мен конституциялық негіздеріне сәйкес адам және азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесіне, сонымен қатар олардың түрлері мен нысандарына түсінік берген. Автор Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігу құқығын реттейтін және оған кепілдік беретін қазақстандық заңдарды жүзеге асыру үшін бірқатар мәселелерге қатысты ұсыныстар берген.

Кілтті сөздер: Конституция, қоғамдық бірлестіктер, адам және азаматтардың конституциялық құқықтары,саяси жүйе, саяси құқықтар мен бостандықтар.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «мемлекеттің ең басты құндылығы адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген [1].

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен, өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.

Қазіргі кезенде қоғам мүшелерінің саяси санасы мен көзқарасын қалыптастыруда, саяси бағыт-бағдарлары мен ұстанымдарын жетілдіруде олардың саяси үрдістерге белсене қатысуының маңызы зор. Қазақстан Республикасындағы демократиялық сайлау үрдістері барысында халықтың электронды саяси белсенділігі мәселесі саяси ғылымдағы және қоғамдық-саяси өмірдегі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен бірге халықтың саяси белсенділігі мәселесін зерттеуде қазақстандық қоғамның саяси жаңғыруы жағдайындағы өзекті мәселелер ауқымына талдау жасау, сайлау үдерісіне баға беру, аталған мәселе жайындағы саяси ойшылардың ой-тұжырымдарын сараптауда шешуші рөльге ие. Қазақстан республикасында азаматтарға тән саяси құқықтары дегеніміз не? Қазіргі кезде бұл сұрақ төңірегінде өзекті мәселелер туындап жатыр, оған дәлел болып, мемлекеттік басқаруға және қоғам өміріне қатысуға бірлестіктер мен саяси партиялар құру, сөз бостандығы щеңберінің кең болуы.

Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Қоғамдық ұйым мүшелікті бекіту негізінде құрылады, ал қоғамдық бірлестік оған ие болмайды.

Қоғамдық қор – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ерікті төлем негізінде және әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, оқулық және өзге қоғамдық-пайдалы қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдастырылған коммерциялық емес ұйым.

Қоғамдық мекемелер – басқармалық, әлеуметтік-мәдени және өзге де коммерциялық сипаттағы емес қызметтерді жүзеге асыру үшін меншікті тұлғалармен құрылатын мекемелер.

Өзідігінен қоғамдық өнер органдары белгілі мүдделер аясындағы тұрғылықты жер, жұмыс немесе оқу бойынша нақты әлеуметтіку мәселелерді шешу үшін құрылады.

Көрсетілген қоғамдық бірлестіктің ұйымдық- құқықтық нысандары саяси партиялар, көпшілік қозғалыс, кәсіби одақтар, әйелдік, ардагер ұйымдары, мүгедектер ұйымдары, жастар және балалар ұйымдары, ғылыми, техникалық, мәдени-ағартушылық, мәдени-спорттық және басқа да ерікті қоғамдар, шығармашлық одақтар, ассоциации және өзге де азаматтардың бірлесуі ретінде қызмет ете алады. Ерекше мәртебеге коммерциялық мақсаттарды көздейтін немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдардарға пайда түсіруге жәрдемдесетін, сондай-ақ діни ұйымдар,аумақтық қоғамдық өзін өзі басқару ұйымдары, сонымен бірге халықтың өздігінен өнер көрсету органдары (хылықтық дружиналар, жолдастық соттар және т.б.) кооперативтік және өзге де ұйымдар ие болады. Қоғамдық бірлестіктер туралы Заң оқу үрдіс қызметімен байланысты әрекет ететін мектептік, студенттік бірлестікке таралмайды.

Қоғамдық институттар конституциялық құқықтың пәні ретінде айрықша конституциялық құрылымның негізінің арақатынасының аспектісінде қарастырылады. Конституциялық заңнама әдетте жарлықтарымен реттелінген олардың ішкі ұйымдастырылуы мен қызметін қарастырмайды. Қоғамдық институттың ішкі істеріне араласпай ол тек олардың қоғамға маңызды үшін қызметін реттейді.

Қоғамдық бірлестіктерді құру және қызметі халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сәйкес белгілі бір шектеулерді бекітеді.

Қазақстан Республикасының Коснтитуциясында және қоғамдық бірлестіктер туралы заңында келесі негізгі ережелер бекітілген:


  • құру тәртібі және тіркеу;

  • қоғамның саси жүйесіндегі орны;

  • қаржыландыру қағидалары және қаржылық есеп беру қағидалары.

Бірлесу бостандығына конституциялық құқық – бұл қоғамдық бірлестік саяси партия құру арқылы қоғам мен мемлекет ісіне басқаруға шынайы қатысуға мүмкіндік беретін азаматтардың саяси құқығы [2].

Азаматтардың адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық қоғамдық бірлестіктер азаматтармен ерікті негізде жалпы мақсаттарға жету үшін, заңнамаға қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың алдын ала келісімсіз құрылуы білдіреді. Қоғамдық бірлестіктер қызметінің бостандығы ішкі ұйымдық қызметінің бостандығымен кепілдігін бекітеді: өзінің жарғысын дербес қабылдау құқығы; бірлесудің басқару органдарын құрастыру; өзінің қызметін еркіті жүзеге асыру; одақтар (ассоциациялар) қоғамдық бірлестіктер құру және т.б. [3; 87]. Қоғамдық бірлестікте өзінің жарғылық міндеттерін жүзеге асыруға кең мүмкіндікпен қамтамасыз етуге құқық бекітілген. Қоғамдық бірлестіктер заңнамамен қамтамасыз етіледі және мемлекеттік органдардың және өзін өзі басқару органдарының шешімдерін дайындау жоспарына белсенді қатысу мүмкіндігі, қоғамдық өмірдің әртүрлі мәселелері бойынша ынтамен қатысуы, өздерінің мүшелерінің заңды мүддесі мен құқықтарын сотта және өзге мемлкеттік органдарда, басқа да қоғамдық бірлестіктерде қорғау және табыс етуге құқылы. Азаматтардың бірлесуге бостандық құқығы қоғамдық бірлестіктің ісіне мемлекеттің заңсыз араласуға жол берілмейтіндігі туралы конституциялық ережелермен қамтамсыз етілдеі. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси белісіндігіне ықпал етеді, олардың әртүрлі мүдделерін қанағаттандырады, өйткені, соңғысы тек мемлкеттік органдар ған емес, басқа да әртүрлі бірлестіктер арқылы құрылады.

Азаматтар қоғамдық бірлестікке еркін қатысуға құқылы, олардың құруына қатысу және олардан шығу, қоғамдық бірлестіктің ішіндегі белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезенінде азаматтардын қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығы саяси-әлеуметтік құқықтардын ішінде негізгі орынға ие. Мемлекеттін демократиялық дамуы азаматтық қоғамның маңызды институттарының бірі - қоғамдық бірлестіктерсіз мүмкін емес. Азаматтардың әр-түрлі қоғамдық бірлестіктерде интеграциялануы оларға қоғам мүддесін қамтыған әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырылуына қатыса алуларына және қоғамның әр-түрлі топтарының мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді [4; 287].

Қазіргі уақытта өркениетті, демократиялық мемлекеттерде қоғамдық бірлестіктер конституциялық құрылыстың құрамдас бөлігі ретінде танылады. Қазақстан Республикасының Президенті 1998 жылдың 30 қыркүйегіндегі жолдауында мемлекеттін демократизациялу үрдісінің маңызды элементтерінің қатары «азаматтық қоғамды қалыптастыруда мемлекеттік емес ұйымдардың рөлін арттыру» деп есептейді. Жолдауда мемлекеттік емес ұйымдар арқылы халық мемлекеттін саяси қміріне белсенді қатыса алу мүмкіндігіне ие болып, өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік алады делінген.

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы даму кезеңінде адамдардың бірігу құқықтарын жүзеге асрыуға мүмкіндік беретін құқықтық негіз қалыптасқан, сонда нормалардың бірі Қазақстан Республикасының Конституциясы саналады.

Сонымен қатар қалыптасқан нормативтік құқықтық актілердін көптігіне қарамастан қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың бірлесу құқықтарының жүзеге асырылуының мәселелері қазіргі таңның өзекті мәселелерінің қатарына кіреді. Қағамның демократизациялау үрдісі мен мемлекеттін қоғамдық институттарға ерекше көніл аудару кезінде, мемлекет пен қоғамдық институттар серіктес ретінде қарастырылу барысында адам және азаматтардың бірігу құқығы мен қоғамдық бірлестіктердің түрлері мен олардын ара-жіктерінің айқындалуы мемлекеттегі өзекті мәселелер қатарына жатады. Дегенменен, қазіргі уақытта аталмыш мәселе бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының конституциялық дамуындағы қоғамдық институттардың дамуы мен олардың қызметінің құқықтық реттелуі мен реттеудің тиімділігіне арналған арнайы монографиялық зертттеулер жоқ. Негізінен конституционалист ғалымдар тек осы мәселенің бір жақ қырын қарастырумен ғана шектеліп қояды. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтардың қоғамдық бірлетіктерге бірігу құқығының мәселесі өзекті мәселелер қатарына жатады деп айтуға болады [5; 177].

Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы, басқа да негізгі құқықтарымен қатар, әлеуметтік-саяси және заңдық маңыздылығы жоғары және де өмірлік мақсаттарын жүзеге асырудағы адамның іс-әрекетіндегі едәуір рөл атқарады. Жеке тұлғаның дәрежесі өскен сайын, оның ұйымдастыратын одақтар мен ұйымдардың заңдық негізі де өзгеріп отырады. Қоғамдық бірлестіктер арқылы (ұйымдар мен одақтар ж.т.б.) жеке тұлға өз мүдделердың жалғасын және өзіндік дамуын табады.

Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық мәселесін зерттеуі тек ұлттық заң шығарушы органдар деңгейінде ғана емес, сонымен бірге қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттар деңгейінде де өзекті болып табылады.

Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың мазмұнын ішкі мемлекеттік және халықаралық-құқықтың деңгейінде салыстырмалы зерттеуді жүргізгенде қоғамның саяси жүйесінің даму тенденциясын, мемлекеттік органдарының әрекетін, демократиялық институттар көріністердің дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. [6; 245].

Жоғарыда айтқандардан келесі қорытындыға келуге болады – адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы бекітілген конституциялық нормалар адамның іс-әрекеттегі әр-түрлі мақсаттарына жетуіне кең аумақтағы мүмкіндіктер береді.

Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың конституциялық қамтамасыз етілуінде маңызды мәселе - ол Қазақстан Республикасы Конституциясының І бөлімі саналады:

- адам және адамның өмірі, оның құқықтарын және бостандықтарды оның ең қымбат қазынасы деп қарастыру (1 тармақ, 1 бап);

- биліктердің бөлінуі (тармақ 4 бап 3);

- кәсіпкерлік қызыметке іс-әрекетіне бостандық, меншіктің сан алуандылығы мен олардын теі түрде мемлекет тарапынан қорғалуы (т.1 бап 6, т.4 бап 25);

- көп партиялықты, қоғамдық бірлестіктердің теңдігін, идеологиялық және саяси көп алуандылықтын мойындауы (5 бап);

- халықаралық нормалар мен келісім шарттарда жазылған қоғамдық нормалар мен принциптердің үстемдігі (4 бап) [1].

Көрсетілген бастапқы конституциялық бастамалар адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың нормативтік реттеуіне тікелей әсер етеді және де кейінгі заң актілерінде жүзеге асады.

М.В.Баглай «бостандық» түсінігіне талдау бергенде «Конституцияда бұл түсінік негізгі философиялық принциптің рөлін атқарады және де ол конституциялық нормалардың бүкіл комплексі арқылы жүзеге асады» [7; 152].

Конституцияда бекітілген «Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың бірлесуге бостандығы түріндегі конституциялық құқығы бар» (23 тарау) деген сөздері, бірігу конституциялық құқығының ең кең мағынасында жүзеге асуын білдіреді.

Заң ғылымында адам құқықтардың түсініктеріне жалпы дефиниция қалыптасқан, ол жеке тұлғаның әрекет етуіне мүмкіндік беретін субъективті құқығының түрі және өлшемі, адам және азаматтың әрекет етуіне заңды мүмкіндік береін құқық нормалар. Адам құқықтарында қолданылатын «мүмкіндік» категориясы, тек азаматтардың құқықтар мен бостандықтардың ең басты ерекшеліктерін ажыратуға ғана көмектеспей, сонымен ең басты, оны негіз ретінде алып, олардың шынайы табиғатын дұрыс көрсететін түсінікті құрастыруға негіз болады.

Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығының ерекшелігі ретінде ұжымдық сипатын айтуға болады, ол жеке адаммен ғана жүзеге аспай, сонымен бірге қауымдастықта, ассоциацияда жүзеге асыруы ғана мүмкін. Ал адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықты жүзеге асыруында жеке адам қатысатыны сөзсіз.

Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы – ол субъективті құқық қатарына жатады. Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық өзінің мазмұны бойынша, көптеген авторлардың көзқарасына сай қоғамдық бірлестіктерді құру арқылы құқықтың жүзеге асырылуы мүмкін. Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықты қоғамдық бірлестіктердің әрекеті мен құрылуы арқылы зерттегенде құқықтық реттеу ерекшеліктерін ажыратуға көмектеседі, осы құқық арқылы пайда болаған бірлестік ретінде, оның мазмұны, мәні және мақсаттары туралы түсініктерді қалыптастыруға көмектеседі.

Бірақ, бірігу құқықтың конституциялық мазұнының конституциялық құқықтық мәселесін тек қоғамдық бірлестіктердің әрекетінің негізінде ғана зерттеуі толық және жеткілікті болып табыла алмайды. Бірігу құқық субъективті құқық ретінде өзінің нәтижелерін қоғамдық, діни, кісіпкерлік және басқа да бірлестіктердің ұйымдастырылуында береді және көрініс тауып отырады. Осы негіздемеге сүйене отырып қоғамдық бірлестіктер арқылы адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтарын жүзеге асыру барысында 31 мамыр 1996 жылғы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңында адам және азаматтардын келесі құқықтар енгізілген:

- жалпы мақсаттарға жету үшін және жалпы мүдделерді қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді өз ниеті бойынша құруға;

- бар қоғамдық бірлестіктерге өз ниетімен кіру немесе кірмеу;

- қоғамдық бірлестіктерден кедергісіз шығу [2].

Барлық қолғамдық бірлестіктер мемлекеттік басқару органдарынсыз және мемлекеттік биліктің органдарының ешқандай ықпалсыз, тек қана азаматтардың өз еркі мен ниетінің арқасында құрылады. Осы жерде заң бойынша жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік билік органдары қоғамдық бірлестіктердің құрушы, мүшелері және қатысушылары ретінде бола алмайтынын ескеру қажет. Осындай шектеу дұрыс деп айтуға болады, әйтпесе қоғамдық бірлестіктердің жұмыс барысы және әрекет етулердін принциптері бұзылады. Қоғамдық бірлестіктердегі азаматтардың іс әрекетіне мемлекеттің қатысуы жеке нормативті-құқықтық актілердің реттеуінің пәні болып табылады.

«Азаматтардың бірігуі» конституциялық мағынасындағы түсінігі қазақстандық заңдылықта нақтыланбаған, бірақ жеке дара сипаттамалар кездесіп отырады. Бұл түсінікке, жеке тұлғалардың әр түрлі мүдделерін жүзеге асыру және әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың кез келген қауымдастықтарын енгізуге болады (мемлекетті басқаруда қатысуы, діни әдет-ғұрыптарды жүзеге асыру, мәдени қажеттіліктер, әлеуметтік-еңбектік құқықтардың қорғауы, табысқа жету үшін меншікті немесе еңбекке талапты бірігіп қолдануы ж.т.б.).

Бұл түсініктің кең түрде талдауы азаматтардың кез келген бірлестіктерді құруын немесе азаматтық-құқықтық тілмен айтқанда, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды құру құқытарын білдіреді. Сондықтан, мемлекеттік емес ұйымдардың конституциялық-құқықтық түр-бейнесін «саяси партиялар, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық қоғамдық қозғалыстар құрайды» деген пікірмен толық келіспеуге болады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтардың бірігуі – ол адамның өмір іс-әрекетінің әр-түрлі сферасындағы пайдалы, көздеген мақсаттарына жету үшін, еріктікке негізделген жеке тұлғалардың қоғамдастықтар (ассоциациялар) деп есептеуге болады.

Азаматтардың қоғамдық және діни бірлестіктерді құруы тек өз ниеті мен еркі негізінде құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдары туралы» Заңының 11 және 15 бабында азаматтардың қоғамдық және діни бірлестіктер азаматтардың тек өз еркімен құрылуы керектігі жазылған [8].

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заң, «Қоғамдық бірлестіктер» Заңына қарағанда жалпы реттеуші сипаттағы заң болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдардың маңызды белгілерін анықтайтын, осы Заңының 2 тарауында азаматтардың еркіндік бірігуін сипаттайтын белгілері жоқ. Осыған сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар да азаматтардың бірлесу конституциялық құқығының жүзеге асырылуының көрәнәсі деп айтуға болады, бірақ, мемлекеттік билік органдарының тапсырысын орындағанда, өоғамдық маңызды қызметтерді орындағанда еріктік сипат жойылып отырады. Өйткені олардың азаматтық-құқықтық мәртебесі өзгереді, өйткені құрылу тәртібінің еркіндігі сияқты элементі жойылады.

Жоғарыдағы келтірілген мәлімет бойынша, «азаматтардың бірлесу құқығы» жалпы түсінігінің қолданылуы әлі де өзінің заңдылық шешімін тосып отыр. Осы міндеттер шешімінің конституциялық-құқықтық аспектілерін ажырату үшін, оның көпмағыналылықтан шығару керектігін, яғни оның біріңғай қайнар көзден – ол адам мен азамат ұғымынан туындау қажеттілігі естен кетпеуі керек. Бұл тұжырымдар азаматтардың түрлі бірлестіктер құру және ұйымдастыруға кедергі болмайды, мысалы, іс-әрекет мақсаттары бойынша (коммерциялық және коммерциялық емес), іс-әрекеттің территориалдық аумағы бойынша (аудан аралық, аудандық ж.т.б.), ұйымдасу талабы бойынша (өз еркімен, еріксіз) және басқа. Сондықтан, қоғамдық және діни, кәсіпкерлік бірлестіктерге қатысты сапалы сипаттама ретінде «бірлесуінің еркінгдігі» және «ортақ көздейтін мақсаты» алдына шығады. Сондықтан да «азаматтардың бірлесу құқығының» конституциялық түсінігін, оның көріністердің мүмкін формаларының жіктелуін қарастырмай, ал субстанционалды және тұрақты қасиеттермен ажыратылатын әр түрлі типтердің бірлігінде қарастыру керек.

Адам және азаматтардың бірлесу конституциялық құқығы басқа да конституциялық құқытар мен бостандықтармен байланысты болады. Көп жағдайда осы құқық митингтер, демонстрациялар, салтанатты жүріс және пикеттеушілік арқылы жүзеге асады, олар ұйымдастырушылық (ұжымдық) ниет бірдірушілік шара ретінде сипатталады. Азаматтардың жергілікті өз-өзін басқару органдарына және мемлекеттік билік органдарына сайлануға қатысу құқығы және сайлау құқығы, сонымен бірге референдумға қатысу (33 бап) саяси қоғамдық бірлестік статусы бар дербес азаматтардың бірлесуінің арқасында жүзеге асуы мүмкін. Саяси қоғамдық бірлесуінің басты мақсаты – ол сайлау кезінде саяси ниеттерін білдіру мақсатында азаматтардың қатысуын білдіру.

Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы сөз бостандығымен байланысты (20 бап). Осы құқықтардың болуы бірлесуінің құқығын жүзеге асырудағы ең басты шарты болып табылады.

Жоғарыда келтіргендей, адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың спецификалық түрі ол діни бірлестіктердің құру болып табылады, ҚР Конституциясының ар, ұяттың бостандығының бекітетін кепілдіктері арқылы қамтамасыз етіледі (22 бап) [1].

Адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы азаматтық қоғам институттарының құрылуына маңызды алғы шарттар ретінде саналады. Іс жүзінде ол саяси плюрализм мен идеологиялық әр алуандылықтың қолдауында көрініп отырады, оның барлығы қоғамда сапалы өзгерістерге әкелуін болжайды. Сондықтан да адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық азаматтық қоғамының құрылымдық негізі ретінде шыға келеді.

Жоғарыдағы айтқанның барлығы, адам және азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың маңызды конституциялық принципінің жүзеге асыруымен байланысты –халық билігінің жүзеге асуы болып табылады.

Көріп отырғанымыздай, қоғамдық бірлестіктің конституциялық-құқықтық мәртебесі кеңестік дәуірдегі қоғамдық бірлестіктердің мәртебесінен өзгешелінеді, олар 1978 жылғы Конституцияға сәйкес, саяси жүйенің құрамды бөлігі болды және Коммунистикалық партия және кеңестік мемлкеттің шегін мүлтіксіз өткізіп отырды.

Қазір қоғамдлық бірлестіктер ешбір партияға бағынбайды. Қазақстанда демократияландыру көпшіліктің саяси белсенділігін көтеру үшін жақты шарттарын құрды. 1990 жылдан бастап республикада жүзеден аса тіркелген және тіркелмеген қоғамдық бірлестіктер саналды. Осындай ұйымдар ретінде тарихи-ағартушылық қоғам «Мемориал», «Қазақ тілі», тәуелсіз кәсіподақ «Бірлесу» және т.б. сондай-ақ тәуелсіз ұйымдардың «Сайлаушы», «Азамат», «Алаш», «Хақ» және т.б. басылмдары болды.

Алғашқы кезеңде саны көп және белсенді қозғалыс болып Халықаралық ядролық қарсы «Невада-Семей» қозғалысы болды. Оның ең басты мақсаты ядролық сынауды тоқтату және Семейдегі полигонды жабу, ядролық сынаудан жапа шеккен аудандың әлеуметтік-экономикалық оңалту; барлық адамдардың өмірінен ядролық қару және соғысты алып тастау болды. Құрылып және белсенді қызмет еткен өзге де қоғамдық бірлестіктер пайда бола бастады. Оларға (мемлекеттік органдар жөнінде ашық қарсылықты жариялаумен бірге) қоғамдық қозғалыстар, халықаралық (үкіметтік емес) ұйымдардың бөлімшелері, қоғамдық қорлар, қоғамдық академиялар, экологиялықұ бірлестіктер, кәсіпкерлер мен тұтынушылар және т.б. құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестіктер. Алматылық Хелсиндік комитет, «Қазақстанның құқықтық дамуы» қозғалысы, Республикалық тарихи-ағартушылық қоғам «Әділет», саяси құғын-сүргін Ассоциация; Әйелді ұйымдар: Әйелдік ұйымдардың Республикалық кеңесі, Қазақстан әйелдерінің одағы, Қазақстанның мұсылман-әйелдердің Республикалық лигасы, «Қазақстанның әйелдер –кәсіпкерлер» қамқоршылық ассоциациясы, шығармашылық ынта әйелдері, «Әйелдер және құқық» бірлестігі, Алматы Феминистер лигасы адам құқықтарын қорғау бойынша Халықаралық комитетпен табыс етілген құқық қорғайтын ұйымдардың рөлін бағалауға қиын. Ардагер ұйымдарымен белсенді қызмет жүзеге асыралады: Республикалық ардагерлер ұйымы, бұрынғы концлагердің тұтқындарының Ассоциациясы, саяси құғын-сүргін құрбан болған Қазақстандық ассоциациясы, «Чернобыл» Одағы және «Ұрпақ» қозғалысы.

Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктің құрамында маңызды рөлге кәсіпкерлер ұйымы, кәсіптік одақтар, тұтынушылар одағы ие. Олардың ішінде ерекше орынға саяси партиялар кіреді. Адам және азаматтың бірлесуге құқығын жүзеге асыру кезінде құқықтық мемлекет қағидасын қолдануы, бірлестіктердің қызметінде құқыққа қарсы әрекеттерге, сонымен қатар мемлекеттік органдардың бірлестіктердің қызметіне негізсіз араласуна жол бермеуге мүмкіндік береді.

Сонымен, мемлекет пен жеке тұлғалар құқықтық қатынастың субъектісі болғандықтан, бір-бірінің немесе үшінші тұлғалардың мүдделеріне шексіз араласа алмайды. Құқықтық мемлекет, тұлғаның бірлесуге құқығын жүзеге асыру кезінде құқық нормалардың шегінде еркін іс әрекет етуге мүмкіндік береді, яғни бұндай жағдай мемлекетке де, тұлғаға да ыңғайлы [9; 108].

Тұлғаның әрекеті топтың мүдделеріне негізделетіндіктен,бекітілген жүріп-тұру ережелеріне сәйкес келмеген топтық мүдделеріне шек қойылады.Сонымен, құқықтық мемлекет қағидасы азаматтар бірлестігінің қызметіне мемлекеттің араласу шегінің болуын білдіреді. Осыдан, азаматтар бірлестігінің ішкі мүдделеріне мемлекеттің қаншалықты араласуы, мемлекеттегі демократияның даму дәрежесін көрсетеді [10; 12].

Құқықтық мемлекет қағидасы адамның бірлесуге және көппартиялық жүйені құру құқығын сақтауға бағытталған механизм болып табылады. Бұндай жүйенің дамуы демократиялық дамудың элементі және құқықтық мемлекетті құрудың бір шарты болып саналады. Құқықтық мемлекет пен адам және азаматтардың бірлесуге құқығының арасындағы тікелей байланыс туралы Б.А.Кистяковский, былай көрсеткен: “адамның тумысынан жазылған, құқықтық немесе конституциялық мемлекеттерде танылатын, мәнді құқықтардың бірі – бірлесу мен жиналу еркіндігі”[11; 98].

Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қызметін заңдық реттеу эволюциясы, сондай-ақ қазіргі құқық қолданушы практикасы бізге мемлекетте бірлесу бостандығын толық құқықтық қолдануды қамтамасыз ету бойынша аз емес тәжірибие жиналған және әртүрлі нысандағы қоғамдық бірлестіктің қызмет етуі үшін барлық жағдайлар жасалғандығын бекітуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ демократиялық мемлекетті құрудың қазіргі жағдайлары қоғамдық бірлестіктер және партиялар экономикалық эәне құқықтық реформаларға бағытталған преспектитві бағыттарды анықтауға, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын құруға қатысуға шынайы мүмкіндікке ие болуы керек. Олардың прогрессивті идеяларын жүзеге асырудың алғышарты мемлекет қоғамда берік қолауды және тірекке ие болады.

Қазақстандық қоғамды әлеуметтік стратификациялаудың қазіргі жағдайында, азаматтардың жалпы мүдделері мен көзқарастарының ортақтығының негізінде бірлесуі мемлекеттік өкімет институттарын демократизациялау жеткілікті заңдық теңденция болып табылады.

Қоғамдық, ұжымдық сипаттағы құрылатына қарамастан, азаматтардың бірлесу құқығы азаматтың жеке құқықтар мен бостандықтар кешенінен құрылатындығын ерекшелеуіміз керек. Осы құқық мемлекет пен қоғаммен «сыйлаған» емес, азаматтқа туымысынан тиісті табиғи құқығына жатқызуға болады. Кеңестік құқықтық ғылым ұзақ уақытта осы құқықты қарастырған кезде кеңестік қоғамның саяси жүйесінде қоғамдық ұйымдар рөлінің өсуі және заңмен кепілденген дерегін тек қана куәландырды.

Әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

2 Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3 Заңы. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z960000003_

3 «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» Халықаралық Пакт. БҰҰ. 16 желтоқсан 1996 жыл // Права человека в междунородных документах. – Алматы: САК, 1999. – 327 б.

4 Амандыкова С.К. Конституционное право Республики Казахстан. – Караганда: Болашак-Баспа, 2006. – 385 б.

5 Амандыкова С.К. Становления доктрины конституционализма в Казахстане. – Караганда: КарГУ, 2002. – 440 б.

6 Основы теории политической системы / Отв.ред. Тихомиров Ю.А., Чиркин В.Е. - М.: Наука, 1985. - 248 с.

7 Баглай М.В. Конституционное право Российской Федерации. - М.: Бек, 1999. - 156 с.

8 Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылдың 16 қаңтардағы № 142 Заңы. (2014 ж 1қаңтардағы жағдайы бойынша) // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000142_

9 Лукашева Е.А. Права человека: итоги века, тенденции, перспективы. - М.: Норма, 2002. - 255 с.

10 Бегімтаев Ә.И. Сайлау демократияның көрінісі // Саясат. – Алматы. - 2012. - № 12. - Б.37-41.

11 Кистяковский Б.А. Государство правовое и социалистическое // Вопросы философии. - 1990. - №6. - С.141-159.
References
1 Constitution of the Republic of Kazakhstan. 30.08.1995. //http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

2 Law of the Republic of Kazakhstan of 31 May 1996 № 3 "About public associations." // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z960000003_

3 International covenant "About the civil and political rights" UN. 16 December 1996 // Rights of human in international documents. - Almaty: CAK, 1999. – 327 p.

4 Amandykova S.K. Constitutional law of the Republic of Kazakhstan. – Karaganda:Bolashak-Print, 2006. – 385 p.

5 Amandykova S.K. The formation of the doctrine of constitutionalism in Kazakstan. – Karaganda: KarSU, 2002. - 440 p.

6 Fundamentals of the theory of the political system / Ex.Editor. Tikhomirov U.A., Chirkin V.I. - M.: Nauka. 1985. – 248 p.

7 Baglai M.V. Constitutional law of Russian Federation. - M. Bek , 1999. – 156 p.

8 Law of the Republic of Kazakhstan of 16 January, 2001 № 142 "About non-profit associations" // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000142_

9 Lukasheva E.A. Rights of human: results of the century, trends and prospects. - M.Norma, 2002. - 255p.

10 Begimtayev A.I.Election as an indicator of democracy //Sayasat. - Almaty. - 2012.- № 12. – P.37-41.

11 Kistyakovskii B.A. Socialist and legal state. //Questions of philosophy. - 1990. - № 6. - P.141-159

М.И. Билялова


Особенности реализации права граждан на свободу общественных объединений при формировании правового государства
Статья посвящена особенностям реализации права граждан на свободу объединения в общественные и политические организации в условиях формирования и становления правового государства в Республике Казахстан. На основе анализа законодательства Республики Казахстан автор рассматривает конституционные основы политических прав и свобод человека и гражданина, исследует правовой статус общественных объединений, их формы и виды, вносит ряд предложений по совершенствованию казахстанского законодательства в сфере обеспечения и гарантирования права граждан Республики Казахстан на объединение.

M.I. Bilyalova


Features of realization of citizens' rights to freedom of association in the formation

of the legal state
The article is devoted to the peculiarities of the right of citizens to freedom of association in the public and political organizations during the formation and establishment of the state of law in the Republic of Kazakhstan. Based on an analysis of the legislation of the Republic of Kazakhstan the author examines the constitutional foundations of political rights and freedoms of man and citizen, explores the legal status of public associations, their forms, and makes a number of suggestions to improve Kazakhstan's legislation in the sphere of security and guarantee the right of citizens of the Republic of Kazakhstan for the union.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет