Iv – апта. 22. 12. 2016 Тәрбиеші : Абишева Н. С білім беру саласы



жүктеу 51.37 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі51.37 Kb.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Екінші кіші «Б» тобы

IV – апта.22.12.2016

Тәрбиеші :Абишева Н.С
Білім беру саласы: Әлеуметтік .Экология негіздері

Тақырыбы: Орман тұрғындары

Мақсаты:Жабайы жануарлар туралы түсініктерін байыту.

2.Жабайы жануарлардың (аю,қоян,түлкі,қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту.

3.Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Жабайы жануарлар сұлбасы,орман қорушысы,үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: орманда тіршілік ететіндер.

Билингвальды компонент: Жабайы жануарлар- дикие животные.

 


Оқу іс-әрекетінің кезендері.

Тәрбиешінің

іс-әрекеті



Балалардың

іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушылық

.Таңғажайып сәт.

-Бізге қонаққа орманшы аға келді.Ол бізге өзінің орманда тіршілік ететін жануарлары туралы айтқысы келеді.

Жабайы жануарлар-өз беттерімен тіршілік ететін жануаралар.

.Билингвалъды компоненті: жабайы жануарлар-дикие животные.



Шаттық шеңберге тұрады.

Армысың,ашық Күн

Армысың, көк аспан

Армысың, еркін жел

Армысың достарым

Сендерді көргенде қуанамын Қайталайды.



Ұйымдастыру-іздестіру

  1.Білімде өзектендіру.

Фланелеграфта қоян,түлкі,аю,қасқырдың суреттері ілінеді.

-орманшы аға бізге жұмбақтар алып келіпті.Жұмбақтардың жауабын шешейік.

Педагог жұмбақ жасырады.Балалар жауабын тапқаннан кейін жұмбақтардың шешулері болған аңдардың суреттерін тақтаға іледі.

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқын тұрады. (Қоян)

  Өзі қу, қызғылт сары түсті,

Құйрығы үлпілдек жүнді. (Түлкі )


Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкене арадан

Үп-үлкен боп қорқады. (Аю)

-Бұлар-жабайы жануарлар,олар орманда,далада тауда тіршілік етеді және өз қорегін өзі тауып жейді.

-Аюды сипаттайық,ол қандай? (үлкен,қалың жүнді,құлақтары кішкентай ғана,түсі қоңыр)

Осылайша қасқыр мен түлкіні,қоянды сипаттайды.

-Осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен?Ал ең кішкентайы қайсысы?

(Аю-ең үлкен жануар.Түлкі аюдан кіші.Қоян-ең кішкентай аң.)

2. «Жабайы жануарлар» психологиялық жаттығуы.

-Қорбаңдапижүретін маймақ аюды бейнелейік.

-Түлкінің жүрісін салайық.

-Қорқақ қоянды бейнелейік.
3.Динамикалық үзіліс.
Үзын құлақ,сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып жүгірді.


4.Үлестірмелі материалдармен жұмыс.Тапсырманы түсіндіреді,балалардың дұрыс орындауын қадағалайды.
5.Жеке жұмыс өткізді.



Суретке қарап,жабайы аңдардың аттарын айтады.

 

 Жұмбақтардың шешуін табады



 

 

Қоян,аю,түлкінің суреттеріне қарайды.



 

 
 


 

 
Аюдың суретіне қарап,оны сипаттайды.


Түлкіні сипаттайды.

Қоянды сипаттайды.


Аюдың жүрісін салады.Түлкінің жүрісін салады.Қорқақ қоянды бейнелейді.


Қоянды бейнелеп,қояншатсекіреді.

Тапсырманы орындайды.



Рефлексивті – түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.


Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды

 

Күтілетін нәтиже:

ұғынады:жабайы жануарлардың сипаттық белгілерін байқап,оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды.

түсінеді:жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді.

Қолданады:жабайы жануарлардың жүріс-тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет