Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы «Алпамыс» балабақшасы



жүктеу 66.55 Kb.
Дата06.01.2018
өлшемі66.55 Kb.

«Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауына қатысушы ұйым
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

«Алпамыс» балабақшасы



Құлбарақова Алтынай Есболқызы

І санатты, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі, МКҚК «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі



Жалпы жұмыс өтілі: 17 жыл

Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградалары мен марапаттары бар?

«Үркер» IQ орталығының - АЛҒЫС ХАТЫ – 2014 жыл

Қалалық білім бөілімінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ – 2015 жыл

«­Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының АЛҒЫС ХАТЫ – 2014 жыл

Біліктілігін арттыру курстарынан өткен жылдар:

«Мектепке дейінгі білім беруде ойын технологиясының тиімділігі» тақырыбында өткізілген курста «Нұр болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің – СЕРТИФИКАТЫ - 2013 жыл.

«Өзін – өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми – әдістемелік негіздері тақырыбында «­Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының - СЕРТИФИКАТ – 2014 жыл



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Айы ,күні: 20 ақпан 2015 жыл

Саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: "Маша мен аю" ертегісін конус театры арқылы сахналау

Мақсаты: Балаларға көркем ертегілерді еске түсіре отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тиянақтау. Балалардың сөйлеу тілін дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін, дауыс ырғағын келтіре отырып сөздерді анық, таза айтуға үйрету, есте сақтау қабілетін шыңдау, ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сахналау, ойын, ғажайып сәт, сұрақ-жауап, сергіту, ойын, мадақтау.

Технология: триз, сын тұрғысынан ойлау. жобалау

Көрнекіліктер: Маша мен аю ертегі желісі бойынша слайд,конус театры арқылы дайындаған ертегі кейіпкерлерінің атребуттары.

Қостілділік: ертегі -сказка , орман-лес, түбір-пенёк, қырағы-зоркий, аю-медведь.


Іс- әрекет түрлері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру-ізденістіру

Рефлексивті түзетуші


"Сөз басы-сәлем" - демекші балалар келген қонақтармен сәлемдесейік.

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Здравствуйте, гости!

Бүгін бізде көркем әдебиет оқу іс әрекеті.

Балалар, біздің бүгінгі күніміз ерекше болғалы тұр. Алдымен, қане бәріміз ғажайып тақтаға назар аударайық.

Ғажайып сәт. "Ертегілер" кітабынан "Ертегі ханшайымы" шығады.

- Ой, балалар ертегі ханшайымымыз да келіп қалды.
-Сәлеметсің бе, Ертегі ханшайымы.
Ертегі ханшайымы: Балалар,сендер мені жақсы таниды екенсіңдер, сосын мен сендерге келдім.

Тәрбиеші:- Келіңіз, сіздің келгеніңіз жақсы болды, біздің балалар өзіңді асыға күтіп отыр

Ертегі ханшайымы: Балалар мен

өз елімдегі ертегілерге байланысты ойынды әлеуметтік желі арқылы сендерге жіберген болатынмын.

Тәрбиеші: Ой рахмет саған "Ертегі ханшайымы" біздің балалар сондай өнерлі, ойын ойнағанды жақсы көреді. Бірақ әлеуметтік желі арқылы жіберген ол қандай ойын болды екен, көрейікші. Балалар, ханшайым жіберген ойын келген екен. Ол ойын: "Не жасырылғанын тап" деп аталады.

Ойынның шарты бойынша: Суретте ертегі кейіпкерлері жасырынып қалыпты, олардың денесінің бір кішкене бөлігі көрініп тұр ,танып білу арқылы ненің жасырылғанын табуымыз керек және олардың қандай ертегі кейіпкерлері екенін айтамыз.

1. Түлкі мен тырна

2. Мысық, әтеш және түлкі

3. Маша мен аю

- Балалар сендерге ханшайымның жіберген ойыны ұнады ма?

Ертегі ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Балалар, мен "Маша мен аю" ертегісін өте жақсы көремін. Сендер маған осы ертегіні сахналап бересіңдер ме?

Әрине, қазір біздің балалар театр түрі арқылы сахналап береді.

- Ал енді балалар сендер қандай театр түрлерін білесіңдер?
- Балалар осы "Маша мен аю" ертегісі қай халықтың ертегісі?

Балалардың назарын конус театрына аудару.

Балалар, бұл қандай театр түріне жатады?

Балалар енді осы конус театры арқылы "Маша мен аю" ертегісін сахналап берейік.

Балалар, кімнің қандай ертегі кейіпкері болғысы келеді? (Балалардан сұрау, рольдерге бөлу)

Ал енді балалар, сендер де "Ертегі ханшайымымен" бірге ертегі тыңдап, бір демалып қалыңдар.

"Маша мен аю" ертегісін сахналау.

Балалар, Маша орманда неге адасып кетті екен, менің соны Машадан сұрап білгім келіп тұр.

- Маша сен неге орманда адасып кеттің?

- Балалар, сендердің ертегі кейіпкерлеріне қоятын сұрақтарың жоқ па?

(кейіпкермен сұхбат)

Балалар, ертегі кейіпкерлерімен таныс болыңыздар.

Ертегі ханшайымы: Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Мен жақсы демалып қалдым, енді сендермен қоштасайын. Келесі кездескенше сау болыңдар.
Балалар ,көрдіңдер ме Маша өзінің атасы мен әжесіне ақылдылығымен, тапқырлығымен қайта оралды . Сол уақыттағы Машаның көңіл күйінің көтеріңкі болатынын біз сездік.

Содай - ақ біз де бүгін көңілді ерекше, көңіл - күйімізді білдіріп сергіп алайық.



Сергіту сәті; "Көңілді күн!"

Слайд арқылы оқу іс әрекетін қорытындылау, балалармен әңгімелесу.

Балалар, бүгігі күніміздің ерекшелігі сол бізге "Ертегі ханшайымы" келді, ойын ойнап, ертегі тыңдап бір сергіп қалдық. Күніміздің жақсы, қызықты да көңілді өтуіне барлығың да жақсы үлес қостыңдар, жарайсыңдар.

Ал енді келген қонақтармен қоштасайық.




Балалар қонақтармен екі тілде сәлемдеседі.

Балалар ханшайымды көріп таң қалады

Балалар ертегі ханшайымымен сәлемдеседі.

Балалар тәрбиешіні тыңдайды.

Ойынды ойнағылары келеді.

Балалар ойынға

қатысады.



Қуыршақ, стол үсті, көлеңке, саусақ, конус, қолғап, қасық т.б.
Орыс халқының

Конус театры


-

Балалар рөльдерге бөлінеді, ертегіні сахналайды.



-Балалар ертегі кейіпкерлеріне сұрақтар қояды.

Балалар "Ертегі ханшайымымен" қоштасады.



Сергіту сәтін би қимылымен орындайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.




Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

Ертегі кейіпкерлерін танып, ертегіні ажыратуды, театрландырылған қойылым көрсетуді.

Нені игереді:

Ертегі кейіпкерлерінің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіруді, рөлге бөліп сахналауды.


Нені біледі:

Өз бетімен іс әрекет жасап, кейіпкерлердің бейнесіне еніп, дауыс ырғағын келтіре алады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет