Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №28 «Алпамыс» санаториялық балабақша тәрбиешісі Сейсенова Акмарал Таскинбаевна



жүктеу 48.76 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі48.76 Kb.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №28 «Алпамыс» санаториялық балабақша тәрбиешісі Сейсенова Акмарал Таскинбаевна
Тақырыбы: Жемістер

Мақсаты: Балаларға жемістер туралы түсінік беру, Жемістер туралы білімдерін бекіту. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұматтар беру.
Білімділік:
«Жемістер» сөз туралы түсінік беру; жемістердің санын, түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Қабылдауын, есте сақтау қабілеті, зейінін дамыту. Тәрбиелік: Достарына, туыстарына қамқорлық көрсетуге, бөлісе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Жемістердің суреті, мульяждар, қалта, және себетке салынған жемістер.

Тәрбиеші: Балаларды ортаға шаттық шеңберіне шақыру.

Шаттық шеңбері. Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі

«Күз-жомарт»- дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.

Балалар орындарына отырады.

- Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған?

-Күздің бізге берер қандай сыйы бар?

-Қандай жемістердің түрлерін білесіңдер?.

-Алма, алмұрт, өрік , шие, шабдалыны не деп атаймыз ?-Жемістер

-Жемістер қайда өседі ? -Ағашта

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар

Тәрбиеші: Балалар, жемістерді көбірек жеп тұру керек. Жемістердің құрамында көптеген дәрумендер болады,ол адамның деңсаулығына өте пайдалы. Алманың- құрамында су, қант қышқылы А-,В-1 ,В-2,В-6, С, Р, Р-шырын адам ағзасын ауыр металлдардан тазартуға, қан бұзылуын және жүрек аурын емдеуге көмектеседі. Ол терімен шырышты қабаттың қалыпты қалпын сақтайды, көру қабілетін жақсартады. Алмұртта-В-2, В-1, Е-С витаминдері бар. Имунитетті көтереді. Депрессиямен күреседі. Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек. Балалар жемістер туралы біраз мағлұматтар алдық, енді осы жемістердің орыс тілінде аудармасын айтып көрейік.

Тәрбиеші : балаларға жемістердің салынған суретін көрсетіп оларды атап беруін сұрайды және орыс тілінде аудармасын тәрбиешімен бірге қайталайды.

Алма-яблока, алмұрт-груша, жүзім –виноград, шабдалы-персик, өрік-урюк, қара-өрік-слива , жеміс-фрукты, құлпынай-клубника, ананас-ананас,шие-вишня. лимон.

Түстері: қызыл-красный, сары-желтый, қара-черный, күлгін-фиолетовый.

-Өте тамаша, балалар жарйсыңдар!



Ғажайып сәт:

-Осы кезде есік қағылып, қонақ келеді.

-Тыңдаңдаршы, бізге біреу келіп тұр.

-Қонаққа Майра апай келеді. (қолында себетке салынған жемістері бар) Майра апай сәлеметсізбе! Төрлетіңіз.

Балалар Майра апаймен амандасады.

Майра апай балаларға арнап жемістер әкелгенін айтады.

Балалар жемістер жайлы тақпақтарын айтады.

Тақпақтар:(әр бала жемістер киімінде).


Мақпал: Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін,

Менің атым-(ЖҮЗІМ)


Нұрислам: Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны ұзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Менің атым- (ШАБДАЛЫ)


Айзере: Өрік,алма,шие.алшаө

Жеміс-жидек піседі.

Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз,

Дүкендерге түседі.


Амина: Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Басымды төмен иемін.


Анель: Жапырақты тасалап,

Өскен жері бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты – құлпынай.


Малика: Жүзім пісті бір-бірлеп,

Үзіп мәзбіз біз енді.

Қоңырауы күмбірлеп

Қыркүйекте күз келді.


Балбота: Алма кетті домалап

Көше бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол ойыннан шығады.


Иманғали: Жұлып едім жүзімді,

Жүзі бірден үзілді.

Жүзінде жеп қойыппын

Өзім әбден тойыппын.


Санжар: Бір тістеп өзім алғанда

Дәмі аузымда қалғанда

Домалатып жеймін мен

Күнде қызыл алмамды.


Әлібек: Көктем келе бүрлеймін,

Ең алдымен гүлдеймін

Шілде болмай пісемін,

Дастарханға түсемін.


Тәрбиеші :Балалар жемістер туралы тамаша тақпақтар айттыңдар, кәне ,енді ойын ойнап көрейік.

Ойын: «Дәмін татып, не екенін тауып көр»

Ойын шарты: Тәрбиеші жемістерді жуып бөліктерге бөліп, балаларға көздерін жұмуды ұсынып, кезекпен жемістердің бөліктерін ауыздарына салады.

Сенің аузыңдағы не? Алма ма, әлде алмұрт па? Тауып көр.

-Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек. Кір қолмен жемістерді ұстауға болмайды.

Дидактикалық ойын «Ғажайып қалта»

Шарты: Қалтаның ішінде әр түрлі жемістер бар .Қалтадағы жемістерді танып, атын және түсін , орыс тілінде аудармасын атап айту.

-Жарайсыңдар, балалар! Ойынды жақсы ойнадыңдар.



Сергіту сәті: (қимыл-қозғалыспен орындайды). 

Алма, алма, көп алма,

Қызыл, жасыл, көк алма

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық

Майра апай : Балалар, мен сендерге арнайы бау-бақшадан жемістер жинап әкелдім келдім, дәмін татыңдар.Ал, балалар, мен енді қайтайын. Тамаша жемістер туралы тақпақ айттыңдар,қызықты ойын ойнадыңдар.Сендерге көп-көп рахмет.

Сау болыңдар, балалар.

Балалар Майра апаймен қоштасады.

Оқу іс-әрекетін қорытындылау:

Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрайды.

Балалар ойыннан алған әсерлерін сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекітіп, оқу іс-әректін қорытындылайды..Бүгін бізге қонаққа кім келді? Алманың құрамында қандай дәрумендер бар екен? Қандай жемістермен таныстық? Балаларды мақтап, мадақтақтайды.



Меңгереді: Жемістердің өзіне тән сипаттарын анықтай білді, және орыс тілінде аудармаларын.

Түсінеді: Жемістерде денсаулыққа пайдалы дәрумендер бар екенін және денсаулыққа пайдалы екенін түсінді.

Қолдануы: Жемістер туралы дидактикалық материал, Ғажайып қалта ойыны, дидактикалық ойын.,шаттық шеңбері, сергіту сәті.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет