Қызылорда облысы жалағаш ауданының Әкімдігі қаулы жалағаш кенті №141 23 маусым 2016 жыл “Жалағаш ауданы әкімдігінің



жүктеу 122.75 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі122.75 Kb.


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ
Жалағаш кенті №141 23 маусым 2016 жыл
Жалағаш ауданы әкімдігінің

Аққыр ауылдық округі әкімінің



аппараты” коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің Ережесін

бекіту туралы

   
    “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

  

Жалағаш ауданының

әкімі               Т.Дүйсебаев

Жалағаш ауданы әкімдігінің

2016 жылғы “__” маусымдағы №__ қаулысына қосымша


Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің

аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

1) Аққыр ауылдық округі әкімі аппаратының “Аққыр ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.     

3. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120209, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылы, Ы.Ақмырзаев көшесі, № 40.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін (сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін үзіліс).

10. Мемлекеттік органның толық атауы - Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.

13. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері
14. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.

15. Міндеттері:

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.

16. Функциясы:

1) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) ауылдық округі әкімінің актілерін дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

6) ауылдық округі әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету;

7) ауылдық округі әкімінің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте әділет органына тіркеуге жолдауды, оларды ресми жариялауды қамтамасыз ету.

Аққыр ауылдық округі әкімі аппаратының “Аққыр ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының функциялары:



  1. мәдениет және өнерді дамыту;

2) халық шаруашылығы фестивальдарын, айтыстар, семинарлар және басқа да шаралар өткізу.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге, талап арыздар беруге;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады.

19. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады, қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады.

20. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің өкілеттілігі:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

      3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

      4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

      5) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

     6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

      7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

      8) ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

      9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседі.

      10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

    13) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

     14) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

       15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

16) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

17) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

18) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

      19) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

      20) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

   21) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

     22) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

23) “Алтын алқа” алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

      24) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

    25) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

26) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

      27) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

      28) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      29) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

      30)  мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді; 

31) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

32) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

    33) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

    34) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

35) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

36) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді;

37) ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

    38) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

39) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті мөлшерін айқындайды;

     40) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

     41) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

42) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

     43) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

44) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

45) кіріс көздерін қалыптастырады;

     46) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімнің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

47) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

48) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

   49) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

50) ауылдық округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

51) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтің авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;


52) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.

53) ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін;

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округтің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.



4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.



24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар

тізбесі
1. Аққыр ауылдық округі әкімінің аппаратының “Аққыр ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет