Қызылорда облысы.Қазалы ауданы.Қазалы қаласы.№3 «Өрімтал» балабақшасы І санатты тәрбиеші Сайпенова Сандигул Тулегеновна Тақырыбы:«Қош келдің жаңа жыл»



жүктеу 150.04 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі150.04 Kb.

Қызылорда облысы.Қазалы ауданы.Қазалы қаласы.№3 «Өрімтал» балабақшасы

І санатты тәрбиеші Сайпенова Сандигул Тулегеновна

Тақырыбы:«Қош келдің жаңа жыл»

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең әлемге тарайды.

Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар. «Тайбурыл» тобының «Қош келдің жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Келді, міне көптен күткен жаңа жыл,

Ортамызда, міне, жасыл шырша тұр.

Келіңіздер, жүзі жылы қонақтар,

Таң қалдырар бізде қызық думан бар.



Сиқыршы: Көрікті шыршамыз,

Шамдары самғаған.

Көңілді ортамыз,

Айтамыз шырқап ән.

- Саламатсыңдар ма балалар, мен сиқыршымын. Балалар неге көңілсізсіңдер, шырша шамдары неге жанбай тұр?

- Сиқыршы біздің шыршамыздың жануына көмектесші.



Сиқыршы: Қане маған бір өлең айтып беріңдер, мен сендердің шыршаларыңды жағып

беремін.


Жүргізуші: Олай болса балалар «Сәлеметсіз бе, Аяз ата» әнін орындайық.

Хор: «Тамаша»

Сиқыршы: Жасыл шырша шамдары,

Жарқырасын, жағылсын.



Жүргізуші: - Саған көп рахмет сиқыршы.

Қасқыр: Мен қасқырмын, қасқырмын,Ешкімнен мен қорықпаймын.Мен барлық аңды қорқытамын.

Уілдеген боран дауысы арасынан машинаның дауысы естіледі.



Қасқыр: Бұл не екен келе жатқан, мен бұл машинаны ұстап алайын. Әй тоқта, тоқта

қайда барасың ?

Машинадан аққала түседі.

Қасқыр: Ой Аққала сен екенсіңғой борандатып жүрген, қайда барасың?

Аққала: Мен жаңа-жыл шыршасын тойлап жатқан балаларға бара жатырмын, Аяз атаның балаларға беретін апарып беруім керек.

Қасқыр: А солай ма, ол силықтарды маған бер мен апарып берейін.

Аққала: Жоқ бермеймін өзім апарып беремін,бұл балалардікі.

Қасқыр: Жоқ бересің.

Қасқыр мен Аққала төбелеседі. Қасқыр машина ішіндегі қап тола сыйлықты жұлып алып,Аққаланың басына бір ұрады.Аққала басы ұшып құлап түседі. Қасқыр болса сыйлықты алып қашып кетеді.



Сиқыршы: Балалар Аяз ата мен Ақшақар неге келмей жатыр екен? Аяз атаның

сыйлығын әкеле жатқан Аққалада жоқ. Мен сиқырлы айнама қарап Аяз ата

мен Ақшақар неге кешігіп жатқанын көрейін. Сиқырлы айнам қане көрсетші.

Ой балалар ,сыйлықты әкеле жатқан Аққаланы Қасқыр ұрып басын ұшырып жіберіп,өзі сыйлықты ұрлап алып кетіпті. Қане мен Аяз атаға сиқырлы айнаммен хабар

берейін.

(Сыйқыршының сыйқырлы шақыруынан кейін Ақшақар мен Аяз ата келеді).



Аяз ата: Ой Ақшақар қызым-ау мына сұмдықты қара, мен Аққала сыйлығымды әкеледі деп күтіп жүрсем ,бұған не болған?

Ақшақар: Ата, Аққалаға көмек керек сияқты.

(Екеуі жабылып Аққаланы тұрғызады).



Аяз ата: Аққала саған не болды, сыйлықтар қайда?

Аққала: Қасқыр мені ұрып құлатып, сыйлықты алып қашып кетті.

Ақшақар: Олай болса жүріңдер,бәріміз ұрлықшы Қасқырды тауып алайып сазайын берейік.

(Үшеуі Қасқырды іздеп жүріп, шырша астына жасырынған Қасқырды тауып алады).



Қасқыр: Аяз ата мен сіздің сыйлықтарыңызды балаларға апарып берейін деп едім.

Аяз ата: Оңбаған ұрлықшы Қасқыр, қане жоқ бол. (таяғын жерге ұрады).

Борандарым ұшыр Аққаланы

(Боранның гуілдеген дауысымен Қасқыр ұшып балалардың арасына кіріп кетеді.)

Сиқыршы: Балалар Аяз ата мен Ақшақар, Аққала көрінді. Бізді таба алмай жүрге

сияқты. Қане Аяз атаны дауыстап шақырайық.



Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.

Аяз ата: Құтты болсын балалар,

Келген жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз, ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.

Ойлары мен бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы?

Мені тани алдыңдар ма?



Балалар: Аяз атасыз.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме балалар, жаңа жылдарың құтты болсын.!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақшақар біздің балалар сіздерді асыға күтуде. Қане

балалар Аяз атамен қосылып ән шырқайық.



Хор: «Саламатсың ба, Аяз ата».

Жүргізуші: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Балалар біз ескі жыл Жыланды шығарып салайық.

Жылан: Мен көне жыл Жыланмын,

Былтыр келіп таныстым.

Еңбек еткен жандарға,

Көл-көсірмін табыспын.

Тыныштықты тіледім,

Жақсылыққа бөледім.

Береке мен ырысты,

Мен жыл болдым табысты.

Алдыңғы сапта боларсың,

Келер жыл саған аманат,

Сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Ескі жылға ризамыз,

Өсе түсті бойымыз.

Қандық талай сырға біз,

Шарықтады ойымыз.

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл.

Жаңа жылымыз Жылқы жылы қош келдің!

Жылқы: Мен жаңа жыл Жылқымын,

Еңбек еткен жандарға.

Көп оқыған балдарға,

Жыл боламын табысты,

Жыл боламын ырысты.

- Сәлеметсіздер ме балалар мен енді сендермен бірге бір жыл бойы бірге боламын. Ендеше бәріміз көңіл көтерейік.



Хор: «Жаңа жыл жыры».

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың сізге арнаған тақпақтары бар екен, сізге айтып

берсін.


Ақерке: Біздің байтақ далада,

Біздің ғажап қалада.

Биыл ғажап іс болды,

Ғажайып қыс болды.



Нұрхан: Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Елге құтты жыл болсын.



Қ. Инабат: Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді.



Олжас: Бар баланы бір жасқа,

Өсіріп кел жаңа жыл.

Бізбен бірге кел әндет,

Достасайық жаңа жыл.

.Ақтолқын: Аппақ біздің шанамыз,

Аппақ қырдан ағамыз.

Сауық сайран саламыз,

Біз көңілді баламыз.



Жансая: Қандай тату өздері,

Күлімдейді көздері.

Кәне кәне келіңдер,

Бір ән салып беріңдер.



А. Инабат: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.



Нұрай: Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Дәулет: Көңіліміз қаласа,

Сыртқа шығып таласа.

Қар атысып ойнаймыз,

Қыстың күні тамаша.



Аяз ата:Жарайсыңдар балаларым,барлығың өнерлі екенсіңдер,сыйлықтарыңды ала қойыңдар.

Ақшақар: Өте тамаша, балалар өнерлерің өрге жүзсін. Менің де, сендерге арналған

өнерім бар.

Менің әсем тұлпаларым,

Маған ұшып келеді.

Таң қалдырып өнеріне,

Бәрі билеп береді.



Би: «Ұлпақарлар» Бір топ қыздар.

- Өте тамаша! Биіңіз таңғажайып екен.



Ән: «Ойыншықтар» С. Нұрай, Е. Арай, Т. Мадияр, Ж. Анель

Би: «Аңдар» Бір топ ұлдар.

Ән: «Санамақ» Дәулет, Ерболат, Дарын, Аруна.

Би: «Шөжелер» Ақерке, Д. Анель, Еркебұлан, Жансая.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз» Қ. Инабат, Сымбат, Азиза, Ринат.

Би: «Гномдар» А. Инабат, Ақтолқын, Дарын, Аруна.

Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен» Жансая, Ақерке, Т. Мадияр, Олжас, Нұрай.

Би: «Айгөлек» Қ. Инабат, Нұрхан, Арай, Мұқаш.

Ән: «Әскер болам мен ертең» Бір топ ұлдар.

Би: «Өзбек» Сымбат, Әзиза, Аруна, Ж. Анель, О. Жансая.

Ән: «Саққұлақ» Еркебұлан, Ринат, Бақдәулет, Дарын, Мқұаш, Ерболат.

Би: «Спорт» Дәулет, Т. Мадияр, Ерболат, А. Инабат, Нұрай.

Ән: «Біздің балабақшамыз» Ж. Анель, Нұрай, А. Инабат.

Хор: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдаңдар.

Ертегімде сан қилы,

Қызық-қызық сырлар бар.

- Балалар аяз атаның сендерге әкелген базарлығы «ертегісі»қойып тамашалайық.

- Олай болса «Ақшақар қыз» ертегісін тамашалаңдар.



Жүргізуші: Аяз ата балалардың әндері, билері сізге ұнады ма?

Аяз ата:рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен енді қайтайын. Сендерден де басқа

балалар мені күтіп қалды. Өте қатты ұнады. Балалардың барлығы өнерлі екен. Балалар сендерге көп-көп рахмет.

Ақшақар қызым балаларға әкелген сыйлықтарды таратып береғой. Сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Сау бол Аяз ата, келесі жылы біз сізді асыға күтеміз.

Хор: «Жаңа жыл келеді».

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай, әрбір күнің әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, балалар,

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын.

Құрметті қонакқтар, ата аналар Жаңа жыл тағы да құтты болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бақ, береке, ырыс алып келсін. Бүлдіршіндеріміз аман болсын. «Тайбурыл» тобының балаларының «Қош келдің жаңа жыл» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар.


3«Өрімтал»балабақшасы







ІІ-кіші сәбилер «Тайбурыл» тобы.

2014-2015ж

2014жылдың 1-қыркүйегінде ІІ кіші сәбилер тобына 25 бала қабылданды. Олардың 13-і қыз,12-ұл бала.Олардың барлығының денсаулықтары жақсы,дене бітімі дұрыс жетілген,дәрігерлік байқаудан өткен. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала»бағдарламасымен жұмыс жасаймыз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын басшылыққа ала отырып «денсаулық», «қатынас», «таным», «шығармашылық», «әлеуметтік орта»білім беру салалары бойынша жас ерекшеліктеріне сай оқу іс-әрекеттері өтілді. Апталық жүктеме- . уақыты- минут.

Тіл дамыту сабағында жыл бойына- сағат оқу іс-әрекеті өтілді. Оқу іс-әрекеті барысында балалардың байланыстыра сөйлеуі дамыды,сөздік қорлары молайды.. Балалар тіл дамыту сабағында жан-жануарларды,олардың төлдерін және үй құстары мен жабайы құстар ,жабайы жануарлардың түрлерімен,тіршілік ететін ортасы туралы түсініктері қалыптасты. Жыл мезгілдері және оладың ерекшеліктері туралы әңгімелей білді.Осы өтілген тақырыптарға байланысты түрлі тақ пақтар мен жұмбақтар,түрлі жаңылтпаштар,дидактикалық,логикалық ойындар үйренді.

Көркем әдебиет сабағында балалар қазақ халқы мен өзге де халықтардың халық ауыз әдебиетінің шығармалары арқылы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас әлемі туралы балалардың түсініктері кеңейді. Көркем шығармаларды түсіне отырып талдау жасау ға үйренді.Ертегілерді,әңгімелерді,өлеңдерді тыңдай отырып әңгімеледі және жанрларды ажырата білуді. Ертегілер мен әңгімелер желісі бойынша рольдерде кейіпкер образына еніп ойнауды үйренді.

Қоршаған ортамен таныстыру оқу іс-әрекетінде балалардың қоршаған ортамен байланысы барысында тілдік-қатынастық құзіреттілігі қалыптасты.Мейірімділік,өзара көмек,достық туралы түсініктері кеңейді. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйренді.Қазақстан мемлекетінің рәміздері туралы білді және мемлекеттік әнұранымызды жатқа айтады.қоршаған орта туралы түсініктері қалыптасты.

Математика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде салыстыру, заттардың көлемі мен пішіні, кеңістікті бағдарлау, гемитриялық пішіндер туралы түсініктері қалыптасты. Түрлі математикалық дидактикалық ойындар үйренді.

Құрастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалар қағаз бен құрылыс материалдарынан түрлі құрылымдар құрастыруды үйренді. Өз бетінше жеке және құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орната отырып, ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптасты.

Экология ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалар өсімдіктер, жануарлар, өлі және тірі табиғат туралы түсініктері қалыптасты. Табиғат нысандарымен құбылыстарын бақылауға, көре білуге үйренді. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге қамқорлық жасады.

Мүсіндеу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мүсіндеудің техникалық дағдылары мен іскерліктері қалыптасты. Жапсыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде бейнелермен сюжетттерді құрастыру біліктіліктерді қалыптасты. Сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы балалардың эстетикалық талғамдары қалыптасты. Балалар қарандашпен қылқаламды дұрыс ұстауға, бояумен жұмыс жасауға дағдыланды. Түрлі тақырыьптағы суреттерді өз бетінше орындай білуге үйренді.

Балалар барлық іс-әрекет түрлерінде өздері жұмыс жасауға дағдыланды.


Жүргізуші: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,

Қуанышқа,шаттыққа тамсанайық

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық.


Құрметті ата-аналар,ұстаздар,бүлдіршіндерЖаңа жыл мерекесіне арналған «Хош келдің жаңа жыл»атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.Жаңа жыл құтты болсын!

Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді балабақшамыздың білікті басшысы Анар Өтегенқызына береміз.


Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдаңдар,

Ертегімде сан қилы

Қызық-қызық сырлар бар.

Жаңа жылдың кешінде,

Аңдар келіп бір шешімге,

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге.(мерекелік музыка ойнайды)

Секіріп қоян шығады.

Қоян:Ау,жарандар,ал қараңдар,

Жауып тұр қар себелеп

Көкке толды,жерге қонды,

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан,Марстан,

Келіп аяз атамыз,

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз.

Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады.Қоян сасқалақтап қалады.



Қоян;Амансың ба аю паң.

Аю:Жаңа жылдың алдында,

Тойды еске алдым да.

Ұйқымды ашып сергідім,

Ұйықтамаймын мен бүгін,

Жылды қарсы алайық,

Би билеп ән салайық.

Жаңа жылдың тойында

«Жан салайық»ойынға!

Екеуі қол ұстасып билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.
Түлкі.Қоянжанға бір сәлем!

Аю паңға мың сәлем!



Аю,Түлкі: Амансың ба түлкі,кел мұнда!
Түлкі: Достарым, жыл келеді,

Сыйлығын ол береді.

Жұмбақ шешкіш түлкінің

Өнерін жұрт көреді.

Тауып өз сыңарымды,

Тайсалмай биге түсіп,

Тарқатайын құмарымды.

Аю: Рахмет түлкіжан

Жүрген жерің күлкі,ән.


Аю,Қоян,Түлкі бәрі бірге билей жөнеледі. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр:Армысыңдар!Бармысыңдар ағайын!

Кәне құшақ ашайық,

Достық тойын жасайық.

Бәрі қосылып:Жаңа жыл құтты болсын!

Достығымыз мықты болсын!
Барлығы қосылып билейді.
Осы кезде шырша арасында тұрған үйшік есігін қатты ашып жіберіп ішінен сыртқа қарап мыстан кемпір айқайға басады.
Мыстан кемпір:Әй,бұл не шу,ұйқымды бұздыңдар ғой! Әй бәрің неге бірге билеп жүрсіңдер,қасқыр жаныңдағы қоянды ұстап же.
Қасқыр:Араздықты тастадық,

Біз дос бола бастадық!

Кел әжетай,дос болайық.

Мыстан:(қолын көлегейлеп жан-жағына қарайды да)

Пай-пай!Мына шыршаның кереметін ай,ұрлап алсам ба екен?

Әй мына шыршаның шамдары неге жанбаған? Менде шырша шамдарын жағатынсыйқырлы таяқша бар.Мен оны аяз атаның балаларға беретін сыйлықтарына алмастырамын.
Түлкі:Мына мыстаннан құтылайық.Менде сыйқырлы балалайка бар.Тартсам бәрі билей жөнеледі.(балалайканы тарта жөнеледі,ал мыстан тоқтай алмай билей жөнеледі.Тоқтамастан билеп шығып кетеді.Билеп жатқанда қолындағы сыйқырлы таяқ ұшып түседі)
Өлең айтып Ақша қар шығады.

Ақша қар:Саламатсыңдар ма.Мен балабақшаға жаңа жыл тойлауға бара жатырмын,жүріңдер жаңа жылды бірге тойлайық.Мыстан менің сыйқырлы таяғымды ұрлап алды,енді шыршаны қалай жағамын?


Қоян(жерден таяқты көтеріп) Мынау емес пе Ақша қар

Ақша қар:Рахмет қоянжан,дәл осы.

Жүріңдер балабақшаға барайық.
Жүргізуші:Сыңғырлашы сырнайым,

Жаңа жылды жырлайын.

Күлімдеген,сүйкімді,

Ақша қарды тыңдайық!


Ақша қар:саламатсыңдар ма балалар!Жаңа жылдарың құтты болсын!

Бұл не,шыршаларыңды жақпапсыңдарғой. Егер менің жұмбағымды шешсеңдер менсендерге шыршаларыңды жағып беремін.

Тікен-тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсте.

Балалар:шырша

Ақшақар : Жасыл шырша шамдары,

Жарқырасын жағылсын!


Жүргізуші:Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүрмеңіз сән құрып

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік! «Шырша жырын»айтайық.



Жүргізуші:Балалар бізбен бірге бір болған жылқы жылын шақырайық.Жылқы жылын шақырайық.Хош келдіңіз жылқы жылы:

Жылқы жылы:

Амансыздар ма достарым

Айтар алғысым көп менің

Келе жатқан біздерге

Қарсы алыңдар қой жылын!
Қой жылы:мә-мә-мә жаңа жылдарың құтты болсын!Жаңа жыл бақыт,қуаныш,толағай табыстар әкелсін!
Жүргізуші:Жаңа жыл,жаңа қадам,жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Қой жылы келіп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын мына уақыт!


Жүргізуші:Қараңыздармынау шыршаға,

Неткен сұлу көрікті,

Жаңа жылдық шыршамызға,

Барлығы да келіпті

Енді Аяз атамызды шақырайық ортаға!

(барлығы біге шақырады)


Аяз ата:

Құтты болсын балалар,

Келген жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз, ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.

Ойлары мен бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы?

Мені тани алдыңдар ма?
Жүргізуші:Дөңгеленіп тұрайық,

Ойын сауық құрайық.

Ән шашуы шашылсын,

Жаңа жылға лайық!

Аяз ата, Ақша қар біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңдар.

Жаңа жылдық тақпақтар
Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса. Адина


Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам мол болсын,

Төрлет,төрлет жаңа жыл,

Елге құтты жыл болсын! Ақтолқын


Жаңарайық жаңа жылда,

Көңіліміз хош болсын.

Күн күлімдеп қабағында,

Елдің бәрі дос болсын! Нұрболат


Тілеймін мен бар әлемде,

Жаңа бақыт,жаңа жыр,

Ата аже, ата әже,

Құтты болсын жаңа жыл! Ақерке

Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз,

Күліп ойнап,би билеп,

Ән салайық бәріміз! Қуандық


Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап. С.Алина


Шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық Данияр


Аяз ата келді

Тамашаны көрді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық берді! Ақназар


Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ көрпеге оранып! Елдос


Қуантып елді, Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым, Бір жасқа енді! Ернұр

Қандай тату өздері,

Күлімдейді көздері,

Кәне,кәне келіңдер,

Бір ән салып беріңдер! Гүлден


Нұрландырып әлемді,

Наз айтып кел жаңа жыл.

Әжелердің әжімін,

Азайтып кел жаңа жыл. Нұрислам


Бар баланы бір жасқа,

Өсіріп кел жаңа жыл.

Бізбен бірге кел әндет,

Достасайық жаңа жыл. Диас


Аппақ біздің шанамыз,

Аппақ қырдан ағамыз

Сауық сайран саламыз, Біз көңілді баламыз! Жасұлан
Ән. «Саламатсыз ба аяз ата»

Алина,Ақназар,Еркеназ;Елдос.

Ән «Жаңа жыл келді»

Ернұр,Адина,Жасұлан,Нұрболат;Еркеназ


Ән: «Зырлайды шанамыз»

Данияр,Ясин,Рамазан,Қуандық,Жұлдызай,Кәусар,Диас


Ән: «Жаңа жыл тамаша»

Нұрислам,Ө.Кәусар,Ақерке


Ән: «Қошақан»

Хасан,Рамазан,Ақтолқын,Рамазан


Ән: «Төлдер әні»

Ернұр,Жұлдызай,Нұрсая,Алина


Би: «Қояндар»

Бір топ бала


Би: «Шылдырмақ»

Нұрсая,Адина,Ақтолқын,Кәусар,Алина,Ақерке


Би: «Гномдар»

Қуандық,Елдос,Ақназар,Ернұр,Данияр,Ақтолқын,Нұрболат,Еркеназ, Ақерке,Ө.Кәусар


.

Жүргізуші: Аяз ата балалардың әндері, билері сізге ұнады ма?

Аяз ата:рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен енді қайтайын. Сендерден де басқа

балалар мені күтіп қалды. Өте қатты ұнады. Балалардың барлығы өнерлі екен. Балалар сендерге көп-көп рахмет.

Ақшақар қызым балаларға әкелген сыйлықтарды таратып береғой. Сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Сау бол Аяз ата, келесі жылы біз сізді асыға күтеміз.

Хор: «Жаңа жыл келеді»

Жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай, әрбір күнің әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, балалар,



Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын.

Құрметті қонақтар, ата аналар Жаңа жыл тағы да құтты болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бақ, береке, ырыс алып келсін. Бүлдіршіндеріміз аман болсын. «Тайбурыл» тобының балаларының «Қош келдің жаңа жыл» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> География пәнінен облыстық олимпиада
2015 -> Сыздыкова Гульжанар Каримовна карабаева Самал Сериковна Исетова Венера Мухаметжановна Список граждан, допущенных к собеседованию на объявленный конкурс
2015 -> Ибраев Жомарт Омашұлы; Результат конкурса по осуществлению отбора кандидатов на занятие
2015 -> Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 9 сынып) Аудандық олимпиада 2014 – 2015 оқу жылы
2015 -> Биографическая справка
2015 -> Bala Turkvizyon 2015» Түрік әлемі әндерінің Ұлттық іріктеу турының ережесі Байқауды ұйымдастырушылар: «Bala Turkvizyon 2015» Ұлттық Түрік әлемі әндері байқауының (ары қарай Байқау) ұйымдастырушылары «rimas televiziyon Radyo Produksyon A


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет