Қызықты есептер



жүктеу 69.43 Kb.
Дата01.03.2018
өлшемі69.43 Kb.

Логикалық есептер
1.Үш таңбалы сан ойлаңыз. Оның кейініне сол санды тіркеп жазыңыз.Шыққан алты таңбалы санға тағы сондай алты таңбалы санды қосыңыз. Оған ойлаған санды 7-ге көбейтіп, қосыңыз. Шыққан нәтижені ойлаған санға бөліңіз. Сонда қандай сан шығады.
2.Балгер қабырғасы 7 бірлікке тең квадраттың әрбір торкөзіне бірдей 41 құмалақтан орналастырады. Бал ашқанда тиісті бір тор көздің құмалақтарынан пайдаланады. Жалпы балгер қанша құмалақтан пайдаланады?
3.2009-жылы Сандуғаштың жасы туылған жылының цифрларының қосындысына тең. Сандуғаш қай жылы туылған.
4.Ерсұлтанның әрбір қадамы 49см, ал Бақдаәулеттің әрбір қадамы 41 см-ге тең. Екеуі бір нүктеден бастап жүргенде қанша аралықта аяқтарының өкшелерінің ізі беттеседі?
5.х2+2008х-2009=0 теңдеуін шешіңіз.
6.Натурал сандар тізбектей жазылған. 2009 орындағы цифрды табыңыздар.
7.30000 мыңнан артық, 40 мыңнан кіші 2009-ға және 112-ге бөлгенде бірдей қалдық қалатын санды табыңыздар.


  1. 32009 саны қандай цифрмен аяқталды?



  1. 20082009-20092008+3 саны 10-ға бөлінетінін дәлелдеңдер.




  1. Қайсысы үлкен:

20082009 немесе 20092009

20092009 20102009


11.Сыныптағы оқушылар саны 189. Олардың 7/9 -сі «5»-ке оқиды. Оқушылардың қаншасы «5»-ке оқиды?
12.Марат дәптер сатып алуға 130тг жұмсады. Бұл оның ақшасының 5/7 бөлігі еді. Мараттың барлығы қанша ақшасы болып еді?
13.Бір көйлек 2 ½ м матадан тігіледі. Осындай 6 көйлек қанша

матадан тігіледі?

14.Бір орамда 3/5 кг кәмпит бар. Осындай 20 орамда неше кг кәмпит

бар?


15.Тік төртбұрыштың ұзындығы 21см, ені ұзындығының 2/7 –сіндей

төртбұрыштың ауданын тап.


16.Дымбілместің Тапқышбекке жазған хатында 14 сөз бар және әр

сөзінде 3 қатеден жіберген. Дымбілместің хатында қанша қате бар?


17.Аю есекке 12л бал әкеле жатты. Ол құмыраны ашып қарағанда бал

2л азайды. Қонжық балды иіскегенде ол тағы 3 л-ге азайды. Ол бал

бұзылмады ма екен деп дәмін татып көргенде құмырада бал қалмады.

Ол қанша литр балдың дәмін татып көрді? (7 литр)


18.Аю мен түлкі қоянға қонаққа келді. Аю 4 банка қоюлатылған сүт пен

8 банка бал жеді. Ал қоян мен түлкі аю жеген қоюлатылған сүт пен

балдың жартысын жеді. Қонақтардан кейін қоянда ештеңе қалмайтын

болса, онда қоянда қанша банка қоюлатылған сүт пен бал болғаны?


19.Үш қозы бірге 6 бөтелке сүт ішеді. Ал бұзау әр қозының ішетін

сүтінен 5 есе артық ішеді. Бұзау неше бөтелке сүт ішеді?


20.Әлихан есепті Қуаныштан жақсы шығарады. Ал Қуаныш Болаттан

жақсы шығарады. Кім есепті қалғандарынан жақсырақ шығарады?

(Әлихан)
21.Күбіде 9литр шұбат бар. 5-және 4 литрлік торсықтан 2 литр

шұбатты қалай құйып алуға болады?


22.Екінші ыдыстағы сүттің мөлшері біріншіге қарағанда 2 есе артық.

Екі ыдыстан 10 литрден сүт құйып алғанда, екінші ыдыстағы бірінші

ыдыстағыға қарағанда 3 есе артық болды. Екі ыдыстағы сүт неше

литрден?

(20,40)

23. 4 санын үш рет алып амалдарды пайдаланып 3 санын шығар.

(4 -(4:4)=3)
24. Баласы 10 жаста, ал әкесі 46 жаста. Неше жылдан кейін әкесі

баласынан 2 есе үлкен болады?

(26 жыл)
25.Ағашта 10 құс отыр. Аңшы оның біреуін атып алды. Ағашта қанша

құс қалды?

(Қалмайды, себебі олар ұшып кетеді.)
26.Жерде 10 құс отыр. Аңшы оның біреуін атып алды. Жерде қанша құс

қалды?


(1)
27.Екі пакет бар біреуіне 300г шай сыяды, екіншісіне 400г. Ішінде 1кг

10г шайы бар жәшіктен 1кг-ды қалай өлшеп алуға болады?


28.Сыйымдылықтары 3л және 5л екі ыдыс бар. Осы ыдыстардың көмегімен су құбырынан 4л суды қалай құйып алуға болады?
29.Табаға екі самса ғана сыяды. Самсалардың бір жағын қуыруға 1

минут уақыт кетеді. Осы табада үш самсаны екі жағында 3 минутта

қалай қуыруға болады?
30. Бір жәшікте 10 пар қоңыр және 10 пар қара шұлық, екіншіснде 10

пар қоңыр және сонша пар қолғап бар. Бір пар шұлық пен қолғап

таңдап алу үшін әр жәшіктен қанша шұлық пен қолғап таңдап

алынды?


(3 шұлық пен 20 пар қолғап алу жеткілікті)
31. Орташа есеппен адам басындағы шашты 150000 тал шашқа

есептеген. Ай сайын олардың 3000 жуық түсіп тұрған . Бастағы

әрбір шаштың, орташа есеппен қанша уақыт өсіп тұратынын

есептеңіз.

(Орта есеппен шаштың 4 жылдан артық уақыт өсіп тұрады)
32. Соңғы айда менің жалақым сыйлығымды қосқанда 850 сом болады.

Негізгі жалақымның сыйлығымнан 600 сомы артық. Сыйлықсыз

жалақымның қанша болғаны?

(125 сом)


33. Бір заводта істейтін жұмысшы шал мен жігіт бір пәтерде тұрады.

Жас жұмысшы үйінен шығып заводқа 20 минутта, шал 30 минутта

жетеді. Егер де шал жігіттен 5 миут үйінен бұрын шықса, онда жігіт

неше минуттан соң қуып жетеді?

( Егерде шал 5 минут бұрын шықса, жас жігіт 10 минуттан кейін орта

жолда қуып жетеді).


34. Жұмбақ есепке құмар адамнан жасың нешеде деп сұрағанда, оның

жауабы мынадай екі ұштылау болды:



  • Үш жылдан кейінгі жасымды үш рет көбейтіндіден осыдан 3 жыл

бұрынғы үш еселенген жасымды алып тастаңыз, сонда менің

қазіргі жасымды табасыз.

( 18 жаста )

35. Иванов неше жаста?

- Ақылға салып ойлап көрейік. Менің әлі есімде , бұдан жыл бұрын ,

әйел алған кезде, иванов әйелінен үш есе үлкен болатын.



  • Сіз жаңылып отырсыз. Себебі менің білуімше , ол осы күнде

әйелінен екі есе үлкен. Әлде бұл екінші әйелі ме?

  • Жоқ, сол әйелі. Сондқтан Иванов пен әйелі екеуінің жасы нешеде

екенін білу қиын емес.

( Қазір әйелі 36, күйеуі 72 жаста)


36. 1000 санын бірдей сегіз цифрымен өрнектеңіз.

( 888+88+8+8+8=1000)


37. Қағаз бетіне 2 тиындықтың үлкендігіндей шеңбер сызып, соны дәл

тесіктен бес тиындық ақша өте ме?

( Қағазды екіге қабатқа бүктегенде дөңгелек тесік сопаяды. Сол

сопақ тесіктен бес тиындық ақша өтеді)


38.Бір пионер қалбырдың ішіне небәрі 8 өрмекші менқоңызды ұстап

салды. Егерде қалбырдың ішіндегібарлық аяқтарды санаса, онда

олардың саны қанша ?

( қоңыз 5, өрмекші 3)


39. Аня 140 сомға плщ, қалпақ және галош сатып алды.Плащ

қалпақтан 90 сом қымбат, ал плащ пен қалпақ екеуі галоштан 120

сом қымбат. Әрқайсысы қаншадан?

( қалпақ 20 сом, галош 10 сом, плащ 110 сом)


40. Ұшақ а қаласынан В қаласына дейн 1 сағат 20 минут ұшады. Бірақ

сол жолмен қайта оралған кезде 80 минут ұшады. Неге?

( Өйткені барып қайту жолы бірдей болады.1 сағат20минут=80

минут)
41. Барлық 10 цифрды пайдаланып, 1 санын шығарыңыздар?

( 148/296+35/70=1)
42. Екішабандоз үнемі жарысып жүріп кезек-кезек жеңіске жеткен. Жеңістен жалыққан соң олар қай ат екінші келсе сол ат жеңіске жетедідеп келіскен.Екуі де жүрмейді. Сонда ел ақсақалы бір сөз айтты. Сонда екі ата шаба жөнелді. Қандай сөз?

( Аттарыңды ауыстырыңыз)


43. Торғайлар бұтаққа бір- бірден отырса бір тоғай, ал олар екеуден отырса бір бұтақ артық қалады. Бұтақ қанша, торғай нешеу?

( 3 бұтақ, 3 торғай)


44. Кітап 16 беттентұрды. Бірінші күні оқушы барлық кітаптың 7,5%ін, ал екінші күні қалғанының 25% -ін оқыды. Оқылмаған неше қалды?

( 111бет)


45. Бес адам езекпен торт жеді. Бірінші торттың бестен бір бөлігін, екіншісі қалғанының төрттен бірін, үшіншісі- алдыңғы екеуінен қалған тортттың үштенбірін, төртіншісі- үшіншіден қалғанынның жартысын, ал бесіншісі төртіншіден қалған тортты толығымен жеді. Қайсысы ең көп жеді және әрқайсысыс қанша жеді? Жауабыңызды дәлеледеңіз.

( барлығы бірдей торттың бестен бір бөлігін жеді)


46. Екеуміздің жастарымыздың қосндысы 63- ке тең. Азір жасым, сіздің менің сіздің қазіргі жасыңыздыа болғандағы – жасыңыздан 2 есе артық. Менің жасым нешеде және сізідің жасыңыз нешеде?

(36 және 27)


47. Әкесі мен оның екі баласының жастарынң қосындысы 48- ге тең. 5 жылдан кейін әкесінің жасы балаларының жастарының қосындысынан 2 есе көп болады, ал Гошаның жасы қазіргі Юраның жасына тең болады. Әкесі, гоша, Юра нешеде ?
48. Бір бала 2003 жылы ақпанның 16 – шы жұлдызында былай депті:

« Менің артта қалдырған айлар саны мен толық жылдар санының айырымы бүгін бірінші рет 11 ге тең болды.» Ол қашан дүниеге келген?

( 1993 жылы 16 қаңтар )
49. Автобус ішінде 50 бала бар. Аялдамада автобустан 5 ұл және 5 қыз түсіп қалғаннан кейін, ұлдардың саны қыздардан 3 есе көп болды. Бастапқыда ұлдардың саны қанша болды?

(35)
50. Ыдыстың ішінде 2 түрлі алма бар. Үлкен алманың салмағы 20 гр. Кіші алманың 120 гр. Ыдыстың ішінде 1 кг алма бар. Ыдыста көп дегенде қанша алма болуы мүмкін?



(7)

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет