Қызметті көрсететін мемлекеттік орган



жүктеу 28.29 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі28.29 Kb.

«Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет төлқұжаты


1

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Министрлiктің Көлiктiк комитетiнiң аумақтық органдары.

2

Ақылы/ақысыз көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру – 7 (жеті) жұмыс күні;

кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.


4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде)

Электрондық/қағаз түрінде.

5

Қажетті құжаттардың тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:

кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi алу үшін:

кепiл берушiнiң өтініші;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

осы шартта көрсетілген құжаттармен қоса кеменiң ипотекасы туралы шарт;

кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;

кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:

кепіл берушiнiң өтініші;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

2) порталға:

кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаттың электрондық көшірмесі;

осы шартта көрсетілген құжаттармен қоса кеменiң ипотекасы туралы шарттың электронды көшірмесі;

ЭУТШ арқылы төлемді қоспағанда, кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаттың электронды құжат көшірмесі;



6

Министрдің бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының атауы

«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығы.


7

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік корпорация;

2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет