Ж. (№3 хаттама) кеңейтілген Ғылыми Кеңес мәжілісінің материалдары



жүктеу 300.63 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі300.63 Kb.


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

27.12.2011 ж. (№ 3 хаттама) кеңейтілген Ғылыми Кеңес мәжілісінің материалдары

Қарағанды, 2011

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Ғылыми кеңесінің

КҮН ТӘРТІБІ
Қарағанды қ. № 3 27 желтоқсан 2011 ж.


1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында анықталған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру бойынша 2010 жылға арналған Кешенді даму бағдарламасын орындау қорытындылары туралы»

Баяндамашы: Ғазалиев А.М., ҚарМТУ ректоры
2. Әр түрлі

Ғылыми кеңес төрағасы А.М. Ғазалиев
Ғылыми хатшы С.Қ. Қабиева

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Ғылыми Кеңесінің ШЕШІМІ
Қарағанды қ. № 3 27 желтоқсан 2011 ж.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты

Жолдауында анықталған стратегиялық

міндеттерді жүзеге асыру бойынша 2010 жылға

арналған Кешенді даму бағдарламасын орындау

қорытындылары туралы» сұрағы бойынша

Университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің баяндамасын тыңдап және талқылап, Ғылыми Кеңес келесіні атап айтады:

1. 2011 жылға арналған Университеттің Кешенді даму бағдарламасы 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттардың негізінде әзірленген және ҚарМТУ кеңейтілген Ғылыми кеңесінде бекітілген (31.01.2011ж. № 5 хаттама).



2. Жолдаудың негізгі ережелерін жүзеге асыру Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20-жылдығында іске асырылды және Елбасымен елдің инновациялық дамуына жарияланған стратегиялық курсқа байланысты болды.

3. Кешенді бағдарламаны орындау бойынша жұмыс келесі басым бағыттар бойынша жүргізілді:

3.1. Өмір салты сапасын жоғарылату мақсатында әлеуметтік блогты дамыту және ПОҚ мен білім алушылардың тиімді білім беру, ғылыми және инновациялық қызметі үшін жағдайлар жасау;

3.2. Оқу процесіне Болон Декларациясының ережелерін енгізу;

3.3. Университет түлектерінің еңбек нарығының өзгерістеріне және елдің инновациялық даму векторына сәйкестігін қамтамасыз ету.

4. 2011 жылы ұжымның аянбай еңбек етуінің арқасында жоғары даму қарқындары сақталған және Университет қызметінің көптеген стратегиялық маңызды бағыттары бойынша әсер қалдыратындай нәтижелерге қол жеткізілді.

4.1. Мемлекеттік аттестаттау сәтті өтті, МАБ бойынша жоғары нәтижелер көрсетілді.

ҚР Б және ҒМ білім беру және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің төрағасы С. Ырсалиев ҰБТ өткізу кезінде ӘГП кафедрасының меңгерушісі Балшикеев С.Б. және ҚарМТУ оқытушылары Адылханова С.Е., Бектурова Б.Б., Жантуғанова Т.С., Қабылбекова Г.К., Медеубаева Н.А., Сарсенбеков Н.Ж., Тілеухан Н., Баймағамбетова Д.Ж., Бейсенова А.С., Кадирова Ж.Б., Какимова К.Ш., Кожанов Н.Г., Мажитова Д.С., Нығметжанова С.К., Серкебаева Г.К. және Сүлеймен А.Е. үздік жұмыстарын белгіледі.



4.2. Университеттің жаңа Сайты құрылды, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жедел ақпаратпен ақпараттық технологиялардың қазіргі талаптарына жауап береді. Вэбометрикс рейтингтік агенттіктің деректері бойынша ҚарМТУ 2011 ж. шілдеде әлемнің 17000 университеттері арасында 4098 орынға ие болды (қазақстандық ЖОО ішінде ҚарМТУ мен ҚБТУ ТОП-5000-ге енді).

4.3. ҚарМТУ Еуразиялық университеттер қауымдастығына қабылданды.

4.4. ҚарМТУ жанында Конфуций институты толық жұмыс істей бастады.

4.5. Университеттің ғылыми инфрақұрылымына 2011 ж. ақпанда рекордтық қысқа мерзімдерде Инженерлік бейіндегі зертхананың жаңа бөлмесінен тұратын ауданы 4000м2 Жоғары технологиялар зонасы құралды, оған Жастар инновациялық орталығы, «Метан» жобасын жүзеге асыруға арналған «Dart Energi» аустралиялық ғылыми-өндірістік фирмасының үкіметі, «Политех» технопаркінің шағын инновациялық кәсіпорындары үшін аудандар кірді.

4.6. ҚарМТУ жанындағы Инженерлік бейіндегі зертханалар қызметі республикада ҒЗЖ нәтижелілігі және оларды өндіріске енгізу бойынша ең үздік болып саналды. Биыл Зертхананың инфрақұрылымын дамытуға 12,5 млн. теңге мөлшерінде ҚР Б және ҒМ гранты бөлінді.

4.7. ҚарМТУ базасында Техноогияларды коммерциаландыру офисі ашылды.

4.8. Университетпен 2011 жылы орындалған шаруашылық келісімдік ҒЗЖ қаржыландыру көлемі 539 млн. теңгені құрады.

4.9. Мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру бойынша орындалған ҒЗЖ көлемдерін ескерумен, сондай-ақ, университеттік инновациялық ғылыми-техникалық кешеннің құрылымдық бөлімшелерінде НИОКР жалпы көлемі 826,5 млн. теңгені құрады.

4.10. Көп жұмыс оқу процесінің сапасын жоғарылату үшін жасалды:

4.10.1. Болон Декларациясының принциптерін Университеттің оқу процесіне енгізу бойынша іс-шаралар кешені іске асырылды;

4.10.2. ВОУД пәндері бойынша тест тапсырмаларының жаңартылған базасы құрылды және білімдерді бақылау срездері өткізілді;

4.10.4. Корпоративті Университет кәсіпорындарының 87 жетекші мамандары сабақтар өткізу және дипломдық жобаларға жетекшілік ету үшін араластырылды;

4.10.5. Кәсіптік және өндірістік практикалардың базасы кеңейтілді;

4.10.6. Техникалық педагогика бойынша лекция курсы толық жаңартылды.

4.11. Жалпы 2008 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі кезеңде ПОҚ қатарын 36 ғылым докторы мен 162 ғылым кандидаты толықтырды.

9 және 26 желтоқсанда К.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ӨПА кафедрасының аға оқытушысы Смағұлова К.К., МТ кафедрасының аға оқытушысы Юрченко В.В. және МИ директоры Шарая О.А. философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертацияны сәтті қорғап шықты.



4.12. Биыл қазіргі ғылыми зерттеулер бойынша лекциялардың, семинарлардың және тұсаукесерлердің циклдарын ҚарМТУ-да әлемнің алдыңғғы қатардағы университеттерінен 55 ғалым өткізді.

4.13. «EPAM Systems» америкалық-белорусиялық фирмасымен бірлесіп IT-технологиялар саласында программалаушыларды даярлау және программалық өнімдерді мақсаттық даярлау бойынша мамандандырылған RD-зертханасы ашылды.

4.14. 2011ж. 17 шілдеде Қазақстандық дәнекерлеу институты «Дүниежүзілік дәнекерлеу институты» беделді клубының мүшесіне алынды, бұл ел өнеркәсібіне қазіргі дәнекерлеу технологияларының трансфертін және ҚарМТУ базасында халықаралық стандарттар бойынша мамандарды даярлауды іске асыруға мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 600м2 ауданында «Қазақстандық дәнекерлеу институты» ҒЗИ жаңа бөлмелері жабдықталды.



4.15. Барлық студенттер мен ПОҚ үшін 20 Мбит/сек дейін жылдамдығымен Интернетке шығу мүмкіндігі берілген.

4.16. Баяндамаларды едәуір нақты жоспарлаудың және даярлаудың арқасында Болон процесінің өзекті сұрақтары бойынша Университеттің ғылыми-әдістемелік семинарларының сапасы жоғарылады.

4.17. Оқу корпустарының, студенттер жатақханасының, әскери кафедраның және «Политехник» ССЛ ғимараттарын жөндеу жұмыстары аяқталды.

4.18. 1 қыркүйектен бастап, Білім күнінде, институт директорларына және кафедра меңгерушілеріне 106 жаңа компьютер, 53 ноутбук және 18 көпфункционалды құрылғылар берілді.

4.19. 882 орынға арналған жаңа студенттік жатақхананың құрылысына ПСД әзірлеу аяқталды, ол ҚР Б және ҒМ «Студенттік тұрғын үй» бағдарламасына енгізу үшін ұсынылды. Қазіргі студенттік жатақханада сабаққа дайындалуға және тұруға барлық жағдайлар жасалған. Жатақхана коменданты Тедеева Р.М. студенттер үйінде тәртіпті сақтау және жайлы жағдай жасау бойынша үлкен жұмыс жүгізілді.

4.20. Университеттің Денсаулық сақтау пунктінің физиалық бөлмелері қазіргі жабдықтармен жабдықталған, соның ішінде 390 мың теңге тұратын УВЧ қойылды, Вернер О.В. аурулардың алдын алу бойынша студенттерге лекциялар циклын оқыды.

4.21. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай бірқатар халықаралық және республикалық іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді: «Сағынов оқулары-3», «Әлімхан Ермековке 120 жыл», «Қазақстанның кен-металлургиялық кешені: даму проблемалары мен перспективалары» конференциялары, Қазақстан маркшейдерлері мен дәнекерлеушілерінің симпозиумдары, халықаралық сарапшылардың және «Leika Geosystems», «Тоtal» фирмаларының өкілдерінің қатысуымен Еурокодтар бойынша жобалаушылар және мамандар семинары өткізілді. Маркшейдерлер симпозиумында Қазақстан маркшейдерлері одағы құрылды.

4.22. 2011ж. қазан айында ГПФИИР үшін кадрларды даярлау сұрақтары бойынша Корпоративті Университет басшыларымен өндірістік мәжіліс болып өтті, ҚарМТУ-да Халықаралық қайырымдылық кеңесі ұйымдастырылды. Оның құрамына алдыңғы қатардағы университеттер өкілдерінің, Ресейдің, Еуроодақтың, АҚШ, Канаданың және Қытайдың белгілі саясат және қоғам қайраткерлерінің арасынан 20 астам шетелдік мүше енді. Халықаралық қайырымдылық кеңесінің мүшесі, РХДУ профессоры Әлиев С.Б. Тау-кен институтының қайта қалыптасуының Күнтізбелік жоспарын әзірлеуге тікелей қатысты.

4.23. Республикалық көрмелер қатарында белгіленген және елдің алдыңғы қатардағы ЖОО иелікке алынған ҚР Б және ҒМ белгісімен жаңа буынның 10 оқулығы әзірленді.

4.24. Ресей тау-кен ісі бойынша академиясымен ғылыми жұмыстар циклы үшін А.А. Скочинский атындағы сыйлыққа ҚР ҰҒА академигі Ғазалиев А.М., профессорлар Дрижд Н.А., Смирнов Ю.М. және Кенжин Б.М. лайық.

4.25. ҚР ҰҒА академигі Ғазалиев А.М., профессорлар Ахметжанов Б.А., Егоров В.В., Брейдо И.В. және Нұғожинов Ж.С. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған медальмен марапатталды.

И және ОӘЖ жөніндегі проректор Исағұлов А.З. жыл сайынғы қалалық «Замандас» байқауында «Ғылым мақтанышы» номинациясында 1-орын алды, А. Байтұрсынов атындағы «Жаңа буынның оқулығының ең үздік авторы» күміс медалімен және мемлекеттік награда - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бірінші рет биыл ҚарМТУ профессоры, еңбек сіңірген кенші Дрижд Н.А. марапатталған «Мамандық аңызы» категориясы ұсынылды.

ҚарМТУ жетістіктерінің қоржынына жастар үлкен үлес қосты. «Жаңа материалдар» ҒЗИ директоры Хрусталев Д.П. «Шпрингер» баспасында монографиясын шығарды. ӨЭ және Х кафедрасының меңгерушісі Ибраев М.К. Қазақстанның көп жарияланатын ең жас ғалымы ретінде «Springer» компаниясының сертификатына ие болуға лайық.

4.26. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры» ҚҚ шешімімен ҚарМТУ студенттері Жұмабеков Т. (Тау-кен институты) және Досмағанбетов А. (экономика институты ) стипендияларға ізденуге Республикалық конкурстың жеңімпаздары аталды.

Астана қаласында 4-6 шілдеде болған II Халықаралық кен-металлургиялық конгресінде «Золотой Гефест» конкурсының жеңімпаздары ҚарМТУ түлектері Абаева Милана және Байдурина Гульнара атанды. Олар марапат ретінде «Золотой Гефест» мүсіншесін алды, 200 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық, сонымен қатар, Қазақстандық алдыңғы қатардағы компаниялардан көптеген шақырулар алды.

Erasmus Mundus MANECA академиялық ұтқырлықтың халықаралық жобасы бойынша магистранттар Кадырова Т. және Юн А. Берлин Техникалық Университетінде 6 және 10 айлық оқыту грантының, магистрант Тәттімбекова Б. және докторант Теленкова Е. Бельгиядағы Жоғары Техникалық Мектебінде 5 айлық оқу грантының иегерлері атанды.

II-ші Халықаралық Еуразия сәулеттік-құрылыс және дизайнерлік мектептер фестивалінде ҚарМТУ студенттерінің шығармашылық жұмыстары әр түрлі номинацияларда алған жүлделі орындары үшін 10 дипломға ие болды.



4.27. Тәрбие жұмысы саласындағы жетістіктерге келесі нәтижелерді жатқызу керек:

4.27.1. «Политех» ССЛ Сочидегі (Ресей) олимпиядалық объектілердің құрылысына қатысты. Біздің жауынгерлердің мықты жұмысының қорытындылары бойынша «Политех» отряды ресейлік құрылыс отрядтарының Орталық штабының және «Ресей теміржолдары» ААҚ құрмет грамоталарына лайық.

4.27.2. ҚарМТУ-дың «Унесенные смехом» атты КВН командасы 2011 жылғы 25-жылдық мерейтойлық маусымының Чемпионы атанды.

ҚарМТУ жастары - «Жас Орда» студенттер кәсіподақ ұйымы және «Ақниет» қайырымдылық қоры «Yмiт» қалалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Қарағанды қ. бойынша «Балаларды мектептке жинаймыз!» акциясын өткізді.



4.27.3. 2011 жылғы 10 қыркүйекте ҚарМТУ ұлы ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 100-жыл толуына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

2011 жылғы 4 қарашада Алматы қ. республикалық студенттік бизнес-жобалар конкурсында Ельчибекова А. және Марат Г. бизнес-эдвайзер Заварзина И.И. жетекшілігімен әзірлеген «ЭкоАРТ» жобасы үшінші орын алды және 40 000 теңге ақшалай жүлдеге ие болды.

10 желтоқсанда «Қазіргі жастарда қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың проблемалары мен әдістері» Республикалық ғылыми-практикалық конференция жүргізілді.

«Қазіргі замандағы дін. Конфессияаралық толеранттылық және келісім» өзекті тақырыбына семинар ұйымдастырылды.



4.27.4. Көкшетау қ. сәнді билер бойынша өткен Республикалық чемпионатта ТКИ студенті Штрассгейм Алена 2-ші орын алды.

Астана қ. «НұрОтан» ХДП кубогына Республикалық пікірсайыс турнирының жеңімпазы СҚИ студенті Жетпісбаев Н. болды;

«Жастар кәсіподақ үшін!» I Халықаралық Форумында «Ең дарынды команда» дипломын иеленді, оның құрамында «Жас Орда» студенттері, магистранттары мен белсенділері Смаилов Г., Ибитанов А. және Имашхан Т. болды.

1 желтоқсанда Қарағанды қаласы әкімінің «Дарын» сыйлығына дарынды жастар арасында байқау болды. «Жылдың жас жазушысы» номинациясы бойынша үштікке Базарқұлова Г., ТКИ студенті кірді, оған диплом және құнды сыйлық берілді. «Жылдың жас ғалымы» номинациясы бойынша Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы Шадыкенова Д.Т. жеңімпаз атанды.

Қарағанды облысының жастар саясатына қосқан үестері үшін ҚСА көшбасшысы Машенов А., вице-лидер Татағұлов Ж. және ЖСД директоры Далабаева Г.Б. марапатталды.

«Қарағанды қаласының Алтын құрмет кітабына» Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы Шадыкенова Д.Т., Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Комиссаренко М.Н. және «Қазақстан студенттері альянсының» ҚФ көшбасшысы Машенов А.Т. енді.



4.28. Қызметкерлер мен білім алушыларды әлеуметтік қолдау саласында барлық жоспарлы көрсеткіштері орындалған:

4.28.1. 1341 түлекті (94%) жұмысқа орналастыру қамтамасыз етілген;

4.28.2. 6,8 млн. теңге сомасына әлеуметтік қорғалмаған студенттерге көмек берілді;

4.28.3. Конкурс бойынша Университеттің ең үздік бөлімшелері анықталған, жүлделік қор 1 млн. теңгені құрайды;

4.28.4. Штаттық оқытушылар мен қызметкерлерге еңбекақы 30% көтерілді;

4.28.5. Рейтинг нәтижелері бойынша 272 оқытушыға еңбекақысына жоғарылатушы коэффициенті белгіленді (40, ПОҚ штатының 2%);

4.28.6. ПОҚ ай сайынғы табысы 2008 жылға қарағанда 2 есе өсті (68 мың теңгеден 124 мың. Теңгеге дейін), ал қызметкерлердікі – 3 есе (43 мың теңгеден 118 мың теңгеге дейін). Қызметкерлерге сапалы жұмыс істегендері үшін бюджеттен тыс қаражат есебінен үстемақы қосу көлемі 1,5 еседен артты (136 млн. теңгеден 234 млн. теңгеге дейін). Сонымен қатар, еңбекақы беру бойынша бұрынғыдай 7-10 күнге кешіктірулер жоқ.

5. Сондай-ақ, біздің жұмыста үлкен кемшіліктер де бар:

5.1. Корпоративті Университет кәсіпорындарымен жұмыс күрт төмендеді. Бұл қызмет учаскесі ҚарМТУ үшін басым болып табылады;

5.2. Жоспарланған шаруашылық шарттық ҒЗЖ орындалған жоқ (800 млн. теңге, нақты - 539 млн. теңге, бұл жоспардан 67% құрайды).

5.3. Жастар инновациялық орнталығы, 4-ші оқу корпусында жөнделген бөлмелер 1 жылдың болды іске қосылмаған.

Шағын инновациялық кәсіпорындар үшін құрылған Бас корпустың жайында бөлмелер іске қосылған.



5.4. Сонымен қатар, «Политех» Технопаркі жұмыс істейді.

5.5. PhDТау-кен ісі, Машина жасау, Металлургия және Электроэнергетика мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестер ашылған жоқ.

5.6. Көптеген шығарушы кафедралардың Корпоративті Университет кәсіпорындарындағы филиалдарындағы жұмыс бастамалар туралы хаттамаларға ғана жетті.

5.7. Инновацияларды қамтамасыз ету бойынша тұлғалар – бірінші проректор, бірқатар институт директорлары, және кафедра меңгерушілері өнеркәсіптік кәсіпорындармен жұмыс тәжірибесіне ие емес, олардың проблемаларын білмейді және осыған орай оларды жаңғырту бойынша үлкен ұсыныстар жасай алмайды.

5.8. «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ және ҚР Б және ҒМ Ғылым комитетінің ҒЗЖ гранттық қаржыландыруға конкурстары инновациялық-бағытталған ЖОО үшін жобалардың төмен деңгейін көрсетті. Жыл сайын ұсынылатын ҚарМТУ 14-16 инновациялық жобаларының ішінде 2 ғана өзінің конкурстық сайыста мықтылығын көрсете алды (проф. Борисенко А.В. өнеркәсіптік газдарды тазартуға арналған жабдықты құру бойынша, проф. Жетесова Г.С. наножабындар бойынша және доцент Апачиди Н.К. кен-металлургиялық өндірістің қатты минералды қалдықтарын қайта өңдеу бойынша).

ҚарМТУ инновациялық жобалары бойынша жұмыстың қалыптасқан тәжірибесін талдау, оларды қалыптастыру кезеңдеріне және қорғауға дайындалуға ерекше назар аудару қажет екенін атап айтты. Ғылым департаментімен жүргізілген қолданылатын жобалардың инновациялылығы деңгейін тексеру және талдаудың ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелері жоқ. Соның ішінде, Н.К. Апачидидің «Планетарлық диірмені» жобасы уақытында анықталмаған және әзірленбеген. Жол-көлік институтының гидробалғалар бойынша жобалары әлі күнге дейін назардан тыс қалған.



ҚарМТУ Ғылыми-техникалық кеңесімен инновациялық жобаларды сарапталуы және көпшіліктің алдында қорғалуы жоқ. Сонымен бірге, ПОҚ, магистранттар мен студенттерге оларды ҒЗЖ, НИОКР, НИРМ және СҒЗЖ кеңінен қатыстыруы үшін пайдалы болды.

Жобалардың авторлары, әдеттегідей, жаңаларды қолдану саласы, экономикалық тиімділігі, құрылатын жұмыс орындарының саны бойынша нақты деректер, 3-D форматында идеяларын, сондай-ақ, бар макетті ұсына алмайды.



Көрсетілген программалық тапсырмалар үшін жауап беру міндеті бірінші проректор М.К. Ибатовқа жүктелсін.

5.9. Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату және білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту саласында бірқатар міндеттер орындалмаған:

5.9.1. Білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту бойынша бакалавриаттың «Мұнай газ ісі» және «Фармацевтикалық өндірісінің технологиялары» (жауапты – ОІ жөніндегі проректор Егоров В.В.) мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензиялар алынған жоқ.

5.9.2. Аралық оқыту технологиясын дамыту бойынша:

5.9.2.1. «Тау-кен ісі», «Металлургия», «Технологиялық машиналар және жабдығы» және «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандықтары бойынша АОТ пайдаланумен білім беру қызметін жүргізуге ҚР Б және ҒМ рұқсаты алынды (жауапты – САОИ директоры Глотов Б.Н.);

5.9.2.2. Аралық оқытуды ұйымдастыру бойынша халықаралық зертхананы дамыту бағдарламасы әзірленбеген (жауапты – ЕТ және ПҚЕ кафедрасының меңгерушісі Когай Г.Д.).

Аралық оқыту технологиясын дамытуда қатты артта қалушылық байқалады. Мұнда шығарушы кафедралардың Сырттай-аралық оқыту институтымен, Электрондық білім беру технологиялары ҒЗИ, Компьютерлік технологиялар және жүйе техникасы институтымен бірлескен мақсатқа бағытталған жұмыстары керек.



5.9.3. Кәсіптік бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша 2010ж. салыстырғанда 10% ұлғайтумен студенттерді қабылдау бойынша жоспарлы индикаторға қол жеткізілген жоқ; нақты қабылдау саны 3964 адамды құрады (жауапты – ИжәнеОӘЖ жөніндегі проректор Исағұлов А.З.).

2011 жылғы қабылдау бойынша жоспарлы тапсырманы орындамаудың негізгі себептері кафедралардағы кәсіптік бағыттағы жұмыстың төмен деңгейі, әсіресе жалпы ғылыми және жалпы техникалық дайындық жүргізілетін кафедраларда, сонымен қатар, Телекоммуникациялар, энергетика және автоматика институтының (директоры – Таткеева Г.Г.) «Электроэнергетика» және «Жылу энергетикасы» қажетті мамандықтары бойынша мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері бойынша тоқтап қалу болып табылады.

Бұл сабақтарды ағымдағы оқу жылында кәсіптік бағыттағы жұмысын жүргізу кезінде алу керек: демографиялық төмендеу 2017 жылға дейін жалғасады. Алдағы жылда кәсіптік бағыттағы жұмыс одан әрі қиын жағдайларда өтетін болады. ҰБТ нәтижелері бойынша бастапқы балл 60 дейін көтеріледі. Колледж түлектері үшін ТКТ енгізіледі. Талапкерлердің бұл тобын кешенді тестіден өткізу сырттай қысқартып оқыту түріне оқуға түсетіндердің санын азайтады, оның құраушысы САОИ бойынша бұрын 70% кем емес (1386 адамның ішінде 981). Бұл ПОҚ жүктемелері мен ставкаларын жоғалтуға қауіптендіреді. Жалпы, ең қарапайым есептеу нәтижелері бойынша, бұл ПОҚ қатарынан 120-150 адамның жұмыстан қысқаруына әкелуі мүмкін.

5.9.4. «Тілдердің үштұғырлығы» орталығын дамыту бойынша кемінде 10 млн. теңге сомасына Орталықтың ақылы қызметтерінен табыс қамтамасыз етілмеген; орындау 6 млн. теңгені құрады (60%) (жауапты – Орталық бастығы Әубәкіров Н.М.).

5.9.5. Әлі күнге дейін Болон Декларациясының принциптерін оқу процесіне енгізу бойынша жеткілікті тиімді жүргізілмей келеді. Академиялық ұтқырлық, әсіресе сыртқы, жүйелі түрде жүзеге асырылмайды, біздің ірі ЖОО үшін жеткіліксіз (жауапты – ОІ жөніндегі проректор Егоров В.В.).

5.10. Оқу-әдістемелік жұмыста келесі кемшіліктер бар:

5.10.1. Педагогикалық шеберліктің жоғары емес деңгейі бастауыш оқытушыларда ғана емес, сондай-ақ, қаншама жыл өтілі бар ПОҚ бар (авторлық курстар аз; барлығы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданбайды; оқу процесіне ғылыми зерттеулердің нәтижелері нашар енгізілуде; сабақтарды өткізудің мазмұны мен әдістерінде инновациялық құраушы жоқ);

5.10.2. Көп мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етушілік қанағаттанарлықсыз.

Оқу-әдістемелік жұмыста әлі күнге дейін жүйе, бірыңғай мықты саясат, инновациялық амалдар жоқ. Институттардың оқу-әдістемелік кеңестері ескіше жұмыс істейді, әдістемелік әзірлеелердің сапасын сараптау жүйесі ақсайды. Электрондық оқу ресурстарының маңызды бөлігі 2009 жылы құрылған және белсендетілмеген.

Мамандарды даярлаудың сапасын жақсарту үшін Университеттің оқ-әдістемелік жұмысы ПОҚ педагогикалық шеберлігін жоғарылатуға, оқу процесіне ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізуді жандандыруға, мемлекеттік тілде техникалық пәндер бойынша сапалы оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге бағытталуы керек.

Қазақ топтарына сабақтарды орыс тілінде жүргізу әлі күнге дейін орын алып келеді. Бірқатар мамандықтар бойынша мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік құралдардың нормативтік саны әлі жоқ.

Сонымен қатар, биылғы жылы бірде бір мамандыққа халықаралық аккредиттеу жүргізілген жоқ.

5.10 п. көрсетілген кемшіліктер Инновациялар және ОӘЖ жөніндегі проректор А.З. Исағұловтың жұмысындағы үлкен қателік болып табылады.

5.11. Тәрбиелік және спорттық-сауықтыру жұмысы саласында ТІ жөніндегі проректор уақытша м.а. Д.А. Байжуминмен бірқатар маңызды істер атқарылмаған:

5.11.1. Колледж оқушылары үшін ҚР Тұңғыш Президенті үлігісінде Патриоттық тәрбие беру моделін әзірлеу бойынша;

5.11.2. «Құқықтық Мемлекет – заңға деген құрмет және жоғары құқықтық мәдениет» ұранымен құқық қорғау органдарының өкілдерімен студенттердің кездесулерін ұйымдастыру бойынша;

5.11.3. «Конфессиаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері» тақырыбында дін өкілдерімен студенттердің кездесулерін өткізу, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «ҚарМТУ сұлуы-2011» байқауы бойынша;

5.11.4. Халықаралық жастар күніне арналған «Студенттік көктем» фестивалі бойынша;

5.11.5. «Жастар – Қазақстанның болашағы» ғылыми-практикалық конференциясын, «Қазақстанның саяси патриялары» зияткерлік институтаралық ойынын, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» суреттер мен фотосуреттер байқауын өткізу бойынша;

5.11.6. Қарағанды қ. ЖОО қатысуымен «Студенттік өзін өзі басқару» аймақтық конференциясын ұйымдастыру.

Сонымен қатар, жастармен тәрбие жұмысын жүргізу Университет қызметінде мамандарды даярлаудағы басты басымдылық болып табылады. Студенттер жатақханасында, Технологиялық колледжде шыққан жеке жанжалды жағдайлар, бұл жұмыста болмашы мәселелердің жоқ екенін көрсетеді. Жаңаөзендегі оқиғалар сондай-ақ, жастардың девианттық тәртібінің себептерін жою бойынша дұрыс алдын алу жұмысы жүргізілуі керек екенін көрсетті. Формализм және кәсібиліліктің бұл маңызды салада жоқтығы мүмкін емес, қандай жұмысбасты болсақ та. Тәрбие беру ісі – бұл кураторлық сағаттарды жүргізу ғана емес. Бұл өмірге деген көзқарасты, адами құндылықтар, азаматтық белсенділік пен жауапкершілік жүйелерін, салауатты өмір салтық қалыптастыру, болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби қасиеттерін дамыту, олар инновациялық өндірісі және СМАРТ-экономика жағдайларында жұмыс істейді.



6. Сонымен, 2011 жылға арналған Университеттің Кешенді даму бағдарламасы жалпы орындалды. Сонымен қатар, Университеттің 2012 жылға арналған міндеттерін анықтау барысында ескеру қажет жоғарыда көрсетілген толықтырулар бар.

Әсіресе, бұл, Қазақстанның жаһандық әлемде инновациялық даму жағдайларымен ұсынылған, Университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігіне және жаңа сипатына қатысты.

Тіршілік әрекетінің барлық салаларын жаһандандыру жағдайларында адами капиталды дамыту инновациялық өрлеудің шешуші факторы, білімдер экономикасында терең бәсекелестік күрестің шегі болды.

Қазақстанның инновациялық даму стратегиясын анықтай келе, Елбасы Н.Ә. Назарбаев инновациялар үшін шешуші мәселе кадрлық қолдау болып табылады деп, келесіні атап айтты: «Ең алдымен, инноваторларды – инновациялық бағытта жұмыс істейтін, креативті ой-өрісі бар адамдарды даярлау қажет. Оларды жинау, барлық жерден іздеу керек. Кадрларды даярлау мәселесі, бұл адамдардың кәсіптік және шығармашылық деңгейлерін жоғарылату осының барлығы үшін инновациялармен қатар, біздің басты міндетімізге айналады».

Конструктивті идеялардың, жоғары технологиялардың және КІП ғылыми сыйымдылығының жаһандық бәсекелестігі әлемдік білім беру жүйесінің алдында сапалы жаңа міндеттерді қояды. Еуропалық және жалпы әлемдік білім берудің жаңғыруының негізгі құралы бүгінгі таңда ұйымдастырушылық емес, педагогикалық амал (әдістері мен мазмұны) болып табылады. Дәл осы амал жақын болашақта білім беру когеренттілігінің қолайлы түрлерін беретін болады.

Әлемдік университеттерді сипаттайтын негізгі қасиет ПОҚ ғылыми жұмысы мен оқытушылық қызметінің арасындағы байланыс. Ол кадрларды озық даярлау саясатының дәстүрлерін анықтайды және америкалық және еуропалық білім беру жүйелеріне білімдер нарығының өзгеретін конъюнктурасына тез әсер етуге мүмкіндік береді.

Кадрларды озық даярлау негізінде қазіргі әлеуметтік адамның базалық құзыреттерін қалыптастыру принципі қызмет етеді, олар: сындық ойлау, талдау, дәлелдеу, проблемаларды шешу, шешімдерді қабылдау, жобаларды басқару, жоспарлау, үйлестіру, әкімшілік ету және ынтымақтастық.

Қазіргі жағдайларда материалдық ресурстарды өңдеуге қарағанда, бастамаға адамдардың қабілеті дамудың басты маңызды факторы бола бастады, Бәсекелестік күрес материалдық ресурстарға ие болу проблемасының айналасында емес, тез жаңаруға, жаңалықтарға деген қабілеттердің айналасында жинақталады.

Қызметкер тұлғасының жете білушілікпен қатар басты қасиеттерінің арасында бастамашылдық, инновациялық өзгерістерге дайындық маңызды бола бастайды. Ал осы қасиеттердің ұтқырлығы тікелей үйренуге дайын және қабілетті болуға байланысты.



2011 жылғы 13 мамырда болып өткен «Инновациялық Қазақстан - 2020» Форумында Елбасының Қазақстанды инновациялық типтегі мемлекетке қалыптастыру бойынша, сонымен қатар, 2011 жылғы 2 желтоқсанда болған Форумда ғылымда алға шығу бойынша берген тапсырмаларын орындауға байланысты, ҚарМТУ инновациялық дамуының келесі міндеттерін шешу керек.

1. Болон процесінің шеңберінде Университеттің білім беру қызметінде инновацияларды дамытуда:

1.1. Дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ тәжірибесінің негізінде білім беру қызметтерінің жоғары деңгейі қамтамасыз етілумен жастардың инновациялық бағытталған бөлігін анықтау бойынша кәсіптік бағыттағы жұмысты қайта құру.

1.2. ЖОО инновациялық қызметінің катализаторы - Корпоративті Университеттің қызметін жетілдіру.

Жұмыс берушілермен бірлесіп кадрларды тәуелсіз аттестаттау орталығын құру және барлық мамандықтар бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеу.



1.3. Академиялық ұтқырлықтың шеңберінде кемінде студенттің 10%, магистранттың 60% және докторанттың 100% машықтануын немесе оқуын қамтамасыз ету.

2. Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда:

2.1. Кен-металлургиялық секторы мен онымен байланысты сервистік салалар үшін инновациялық технологиялар және жабдығы облысындағы басым бағыттар бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды іске асыру.

2.2. Магистрлік дайындық бағдарламалары шеңберінде Ресей және Қытай алдыңғы қатардағы ЖОО-ларымен бірлесіп, ҚарМТУ ШЫҰ Университетінің базалық ЖОО болып табылатын «Энергетика» және «Экология» бағыттары бойынша инновациялық оқыту технологияларын жүзеге асыру.

2.3. 5 PhD мамандықтары – Тау-кен ісі, Машина жасау, Металлургия, Электроэнергетика және Кәсіптік оқыту бойынша диссертациялық кеңестердің ашылуына қол жеткізу.

3. Ғылымның, коммерциаландыру мен инжинирингтің инновациялық дамуында:

3.1. Инновацияларды коммерциаландыру, зияткерлік жеке меншіктілік және ресурс сақтаушы технологиялар трансферті проблемаларын шешуде тәжірибе алмасу бойынша «Назарбаев Университетімен» шығармашылық ынтымақтастық туралы шарт жасасу.

3.2. «Метан» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру.

3.3. Корпоративті Университет мүшелері KEGOC компаниясымен және “Темир мен Мыс» ЖШС бірлесіп альтернативтік энергетика саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру: жылу энергиясының жеке көздері ретінде экологиялық қауіпсіз гидрожылтқыштар электрді беру желіліренің электр-магниттік өрістерін пайдалану негізіндегі жаңартылатын электр энергия көздері.

3.4. «Абсолют Эколоджи» ЖШС бірлесіп Өнеркәсіптік экология ҒЗИ базасында өнеркәсіптік газдарды жоюдың және құнды химиялық шикізатты алудың экологиялық таза технологияларын құр бойынша жұмысты жалғастыру.

3.5. «Қазақстандық дәнекерлеу институты» ҒЗИ Total Exploration & Production компаниясымен бірлесіп кәсіптік оқытуды және халықаралық стандарттар бойынша дәнекерлеу персоналын аттестаттауды бастау (250-300 адам).

3.6. Кемінде 50 инновациялық жобаларды тау-кен ісі, машина жасау, автоматтандыру, құрылыс, минералды, техногенді және жаңартылатын өсімдік шикізатын кешенді қайта өңдеу саласында әзірлеу.

3.7. Жастар инновациялық орталығының базасында кемінде 60 млн. теңге қаржынландыру көлемімен инновациялық кәсіпорындарды және шағын өндірістерді құру.

3.8. Кемінде 50 % ПОҚ, 40 % студенттің және 100 % магистрант пен докторанттың инновациялық жобаларға қатысуын қамтамасыз ету.

3.9. Зерттеу Университетінің стратегиялық міндеттерін шешу бойынша ҚарМТУ Халықаралық қайырымдылық кеңесінің жұмыс деңгейін жоғарылату.

4. IT – технологиялар негізінде оқу-материалдық және ғылыми базаны жетілдіруде:

4.1. ҚарМТУ бейнетелефония корпоративтік жүйесін және IP- телеарнасының бірыңғай жүйесін енгізуді аяқтау.

4.2. ҚарМТУ-да «ЕРАМ Systems», «Cisco Systems», «Microsoft» и «Softline» алдыңғы қатардағы компаниялардың өкілдігін құру, бұл коммерциалық негізде IT, желілік технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласында біліктілікті коммерциалық негізде жоғарылатуға мүмкіндік береді.

4.3. Мамандандырылған R&D-зертханалар базасының негізінде студенттермен және магистранттармен КУ кәсіпорындары арқылы кемінде 10 млн. теңге сомасына компьютерлік жобалау, инженерлік есептеулер, техникалық жүйелерді және өндірістік жағдайларды модельдеу саласында кәсіптік бағдарламалар әзірленуі және коммерциаландырылуы керек.

4.4. Электрондық білім беру технологиялары ҒЗИ ҚарМТУ АЖЖ, аралық оқыту АЖЖ, Интернет трафигін басқару АЖЖ, сауалнама жүргізу және сайтқа кіру жүйесінің АЖЖ құрамында бар АРМ кешенін әзірлеуді аяқтау.

4.5. Оқу-зертханалық базасының кемінде 30 % жаңғырту.

5. Оқу-әдістемелік жұмысында инновациялық технологияларды дамытуда:

5.1. Электрондық оқу ресурстары: бейне-лекциялар, мультимедиалық тұсаукесерлер, слайд-лекциялар, электрондық оқулықтардың базалық және желілік нұсқалары, озық зертханалық практикумдар жүйесінен тұратын 1500 пән бойынша инновациялық оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және оқу процесіне енгізу. ЭОЖ жалпы санын 10 000 дейін жеткізу.

5.2. 100 000 дана көлемінде кітапханалық қорды жаңа әдебиетпен толықтыру.

5.3. ҚР Б және ҒМ белгісімен 15 жаңа буын оқулығын басып шығару.

6. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда:

6.1. Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың үлгісінде Патриоттық тәрбие беру моделін одан әрі инновациялық жан-жақты дамытуды қамтамасыз ету, оны орта, орта білімнен кейінгі және ТиПО жүйесінде практикалық пайдалануға бейімдеу.

6.2. Инновациялық құрылымдар арқылы ГПФИИР үшін жоғары білікті мамандардың патриотизмін, жоғары руханилылықтарын және азаматтық жауапкершіліктерін тәрбиелеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру:

6.2.1. «Жас Орда» кәсіби студенттер одағы;

6.2.2. Ақсақалдар кеңесі;

6.2.3. Интернет бүкіләлемдік желісі арқылы ата-аналармен жұмыс істеу моделі;

6.2.4. «Ақниет» жастар қайырымдылық қоғамы; «WINTER F.R.E.S.H» ШЫҰ елдерінің техникалық ЖОО студенттік ұйымдарының қауымдастығының жобалары шеңберінде студенттердің ұтқырлықтарын дамыту.

7. Халықаралық қызметті дамытуда:

7.1. 13 білім беру бағдарламаларының Халықаралық аккреедиттеуден өтуін қамтамасыз ету.

7.2. ҚарМТУ рейтингісін Темпус, УШОС, Синергия, Эразмус Мундус, Институт Конфуция жобалары мен бағдарламалары, сонымен қатар, еуростандарттарға өндірістік қызметтің нормативтік базасын ауыстыру саласындағы жобалар бойынша алдыңғы қатардағы шетелдік ғылыми және білім беру орталықтарымен жүйелі түрде өзара әрекет ету негізінде жақсарту.

7.3. ҚарМТУ халықаралық рейтингісін вэбометриялық бағасын жоғарылату үшін ҚарМТУ Сайтын дамыту бойынша орталығының жұмысын күшейту.

Қорытындысында, 2011 жылы Университетте ауқымды және көп қырлы жұмыс іске асырылды, және ЖОО негізгі бағыттары бойынша тұрақты өсу және жоғары даму динамикасы байқалады.

Болашаққа Университеттің маңызды міндеті ГПФИИР үшін мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

Білім беру және ғылымда ЖОО барлық бөлімшелерінің инновациялық қызметін тез белсендету керек.

Студенттік ортада зерттеуші таланттарды және болашақ инноваторларды іздеу, табу және дамыту керек.

Қазіргі оқу-ғылыми базасына, мықты кадрларға, потенциалға, беделді ғылыми мектептерге ие бола отырып, Университет 2012 жылға инновациялық өрлеуді іске асыруға дайын және міндетті!
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ғылыми кеңес қаулы қ а б ы л д а д ы:

1. 2011 жылға арналған Университеттің Кешенді даму бағдарламасын орындау қорытындыларын қанағаттандырарлық деп саналсын.

2. Ғазалиев А.М., ҚарМТУ ректоры, 06.01.2012ж. дейінгі мерзімде 2012 жылға Университеттің Кешенді даму бағдарламасын әзірлеу міндеттелсін.

3. 2011 жылы жұмыстағы жеткен жетістіктері үшін Дрижд Н.А., ҚДК төрағасына; Пак Ю.Н., РОӘК бөлімінің бастығына; Ахметжанов Б.А., КЭ каф.меңгерушісіне; Тоғайбаев К.Б., АК төрағасына; Қызыров Қ.Б., АҚ мүшесіне; Брейдо И.В., ӨПА каф.меңгерушісіне; Манжурин И.П., ММ және Н каф.профессорына; Низаметдинов Ф.К., МІжәнеГ каф.меңгерушісіне; Кряжева Т.В. ИБЗ меңгерушісіне; Нұғожинов Ж.С., ҚазКСҚҚИ директорына; Моисеев В.С., ҒД бас сарапшысына; Ахметова Ш.Т., ПБД директорына; Камаров Р.К., БЖИ директорына; Қабиева С.Қ., ҚарМТУ ғылыми хатшысына; Кропачев П.А., ректордың кеңесшісіне; Сұлтанова Б.Қ., КТСИ директорына; Шарая О.А., МИ директорына; Жетесова Г.С., МТ каф.меңгерушісіне; Алпысбаева Н.А. ЭИ директорына; Смирнова Г.М., КТО ҒЗИ директорына; Ударцева С.М., КОжәне АӘД каф.меңгерушісіне; Стеблякова Л.П., ӨҰ каф.меңгерушісіне; Бартенев И.А., ДжәнеҚӨ каф.меңгерушісіне; Оралова А.Т., ӨЭжәнеХ кафедрасының доцентіне; Көшебаева Г.К., КМ кафедрасының профессорына; Матвеенкова Л.Г., ӘГП кафедрасының доцентіне; Тоғызбаева Б.Б., ӨК кафедрасының доцентіне; Құлнияз С.С., ПҚКҚ кафедрасының доцентіне; Митусов А.А., ТКМжәнеЖ кафедрасының доцентіне; Смағұлова К.К., ӨПА кафедрасының аға оқытушысына; Юрченко В.В., МТ кафедрасының аға оқытушысына; Бұзауова Т.М., МТ кафедрасының аға оқытушысына; Абдуғалиева Г.Б., ТКМжәнеЖ кафедрасының оқытушысына; Мутовина Н.В., АЖЖ кафедрасының аға оқытушысына; Қалияскарова А.Ж., КАжәнеЕҚ кафедрасының аға оқытушысына; Нұғман Б.Г., ҚТ кафедрасының аға оқытушысына; Жакулина А.А., ҚӨҰжәнеТ кафедрасының ассистентіне; Ысмақова Б.С., ОТ және М кафедрасының доцентіне; Жижите А.А., ректордың көмекшісіне; Вернер О.В., Денсаулық сақтау пунктінің бас дәрігеріне; Рыбина А.И., БКШ меңгерушісіне; Недорезова Е.В., бас бухгалтердің орынбасары; Түсүпбаев Д.М., гараждың бастығына; Ивашкина О.П., ҚТК директорына; Герцев С.Ф., бас энергетикке; Янишевская Л.Н., №1 оқу корпусының әкімшісіне; Әлімжанова С.К., №2 оқу корпусының әкімшісіне; Ақбұзауов Б.Ж., ұста-сантехникке; Киселев В.А., балташыға; Байбосынова Э.Б., Бас корпустың еден жуушысына; Помещикова С.Н., №1. оқу корпусының еден жуушысына алғыс жариялансын.

4. 2011 жылға арналған Университеттің Кешенді даму бағдарламасының бірқатар бөлімдерінің орындалмағаны үшін:

4.1. Бірінші проректор Ибатов М.К. ескерту жариялансын:

4.1.1. Шаруашылық шарттық ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру бойынша жоспарлы міндеттемелерді (жоспарлы 800 млн. теңгеден 539 млн. теңге, бұл 67% құрайды) орындамағаны және шаруашылық шарттық ҒЗЖ қорытындысын жасауға және орындауға қатысуды нашар ұйымдастырғаны үшін;

4.1.2. Шетелдік басылымдарда ғылыми мақалаларды жазуға Университет ғалымдарының төмен тиімділігі үшін;

4.1.3. Технопаркті, КБ, ҒЗЗ, кафедра филиалдарын, Жастар инновациялық орталықтарын дамыту бойынша тиімсіз жұмыс және Тау-кен ісі, Машина жасау, Металлургия және Электроэнергетика мамандықтары бойынша PhD докторантураның диссерациялық кеңестерін ашу жөніндегі нәтижелердің жоқтығы үшін;

4.1.4. Университетте бар, бірақ жүзеге асырылмаған перспективалық ғылыми жобаларды қарастырмағаны үшін.

4.2. ИжәнеОӘЖ жөніндегі проректор А.З. Исағұловқа ескерту жариялансын:

4.2.1. Университеттің оқу-әдістемелік жұмысында жүйеліліктің жоқтығы үшін;

4.2.2. Мемлекеттік тілде сабақ жүргізетін оқытушылармен мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік әдебиетпен толық қамтамасыз етілмегендігі үшін;

4.2.3. ЭОБ әзірлеуге және жаңартуға бақылаудың нашарлағаны үшін.

4.3. ОІ жөніндегі проректор В.В. Егоровқа қатаң ескерту жариялансын:

4.3.1. Студенттер мен ПОҚ академиялық ұтқырлығы тұрғысынан ҚарМТУ оқу процесіне Болон Декларациясының принциптерін енгізудің жеткіліксіз деңгейі үшін;

4.3.2. Білім беру процесінің оқу-әдістемелік әдебиетпен, соның ішінде бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша ПОӘК толық қамтамасыз етілмегендігі үшін.

4.4. Келесі кафедра меңгерушілері шаруашылық шартты жұмыстардың жоқтығы үшін қатаң ескертілсін: ГФ Пономарева М.В., ПҚКГБ Білялов Б.Д., ТКМжәнеЖ Малыбаев Н.С., ШТ Джантасова Д.Д., ҚӨҰжәнеТ Қожас А.К., СжәнеД Рева М.В., Механика Бәкіров Ж.Б., ҚТ Смағұлов Н.Қ., ОТжәнеМ Оспанова Б.Р., ӘГП Балшикеев С.Б., ЕТжәнеПҚЕ Когай Г.Д., КМ Давлетбаева Н.Б., ӨҰ Стеблякова Л.П., ЖМ Тұтанов С.Қ. және ҚТжәнеМ Қалыбекова Қ.С.

4.5. Міндеттелсін:

4.5.1. Ибатов М.К., бірінші проректор, 12.01.12 ж. дейінгі мерзімде Корпоративті университеттің, кафедра филиалдарының, ҒЗЗ, Технопарктің, КБ, Жастар инновациялық орталығының жұмысының тиімділігін жоғарылату және ғылыми инновациялық жобаларды құру бойынша шұғыл шаралар қолдану жөнінде күнтізбелік жұмыстар жоспарын дайындау.

4.5.2. Егоров В.В., ОІ жөніндегі проректор, Қойлыбаева С.А., Технологиялық колледж директоры, 31.03.2012ж. дейінгі мерзімде 5В070800 «Мұнай газ ісі»; техникалық және кәсіптік білім беру 1109000 «Токарь ісі металл өңдеу (түрлері бойынша)» бакалавриат мамандықтарын ашу үшін кадрлық қамтамасыз ету мәселесін толық өңдеу;

4.5.3. Исағұлов А.З., ИжәнеОӘЖ жөніндегі проректор, 30.01.12 ж. дейінгі мерзімде модульдік білім беру бағдарламаларына ауысу әдістемесін әзірлеу;

4.5.4. Байжабағынова Г.А., тәрбие ісі жөніндегі проректор м.а.:

4.5.4.1. 31.01.12ж. дейінгі мерзімде колледж оқушылары үшін ҚР Тұңғыш Президенті үлгісінде патриоттық тәрбие беру моделін әзірлеу;

4.5.4.2. 01.03.12ж. дейінгі мерзімде Университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің қатысуымен «ҚарМТУ аруы-2011» шоу-бағдарламасын ұйымдастыру;

4.5.4.3. 20.02.12ж. дейінгі мерзімде «Жастар – Қазақстанның болашағы» ішкі ЖОО ғылыми-практикалық конференциясын өткізу;

4.5.4.4. 20.04.12ж. дейінгі мерзімде «Алтын жыл» институттардың кәсіподақ активінің семинарға шығуды ұйымдастыру;

4.5.4.5. 15.02.12ж. дейінгі мерзімде «Студенттік өзін өзі басқаруды дамыту және тәрбие ісіндегі инновациялық жобалар» тақырыбына қалалық конференцияны ұйымдастыру;

4.5.4.6. «Құқықтық мемлекет – заңға деген құрмет және жоғары құқықтық мәдениет» ұранымен құқық қорғау органдарының өкілдерімен студенттердің кездесулерін тоқсан сайын өткізіп отыру.

4.5.5. Міндеттелсін:

4.5.5.1. С және Д каф.меңгерушісі Рева М.В., ГФ меңг. Пономарева М.В., ПҚКГБ Білялов Б.Д., ДжәнеҚӨ Бартенев И.А., ӨК Ақашев А.З., ҚЖМ Грузин В.В., ПЖ Әлімбаев С.Т., КМ Давлетбаева Н.Б. 20.12.2012ж. дейінгі мерзімде ЭОЖ Интернет – нұсқаларын әзірлеуді қамтамасыз ету (оқылатын пәндерден кемінде 50%);

4.5.5.2. ДжәнеҚӨ кафедрасының меңгерушісі Бартенев И.А., ПЖ меңгерушісі Әлімбаев С.Т., ӨК меңгерушісі Ақашев А.З. жасалған шаруашылық шарттары бойынша қаржыландыруды қамтамасыз ету;

4.5.5.3. Кафедра меңгерушілерін, Кряжева Т.В., ИБЗ меңгерушісін және ҒЗЗ республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми зерттеулерді жариялаумен СҒЗЖ жандандыруды және сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету;

4.5.6. Кафедра меңгерушілеріне келесі жұмыстарды күшейту:

4.5.6.1. Жоғары импакт-факторы бар алыс және жақын шетел ғылыми журналдарында мақалаларды жариялау;

4.5.6.2. ПОҚ жариялайтын мақалалар мен баяндамалардың сапасын жоғарылату бойынша.

5. Осы шешімдердің орындалуын бақылау міндеті ҚарМТУ ректоры А.М. Ғазалиевке жүктелсін.

Ғылыми кеңестің төрағасы А.М. Ғазалиев
Ғылыми хатшы С.Қ. Қабиева
МАЗМҰНЫ


2011 ж. 27 желтоқсандағы Ғылыми Кеңестің күн тәртібі

2







Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында анықталған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру бойынша 2010 жылға арналған Кешенді даму бағдарламасын орындау қорытындылары туралы» Ғылыми Кеңестің шешімі


3
























Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет