Өскеменде бір күнде қаланың әр жерінен екі ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қабанбай батыр көшесіндегі ойын-сауық мекемесінің жанынан бір мәйіт табылды. Ол зорлық-зомбылықпен өлген болуы мүмкін.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Ал екінші адамның денесі Абай даңғылынан табылды. Ол пышақ жарақатынан көз жұмды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Желіде екінші адам оқ жарақатынан көз жұмған деген ақпарат тарады. Алайда полиция бұл шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, жоққа шығарды.

“Күдікті анықталып, жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Айғақты заттар алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.