Ж о б а бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы



жүктеу 40.34 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі40.34 Kb.

Ж О Б А
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы




«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 15) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:


1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы И.Бердюгин

 

Катонқарағай аудандық



мәслихат хатшысы Д.Бралинов

 


Мәслихатының атауы

2016 жылғы « » __________

№ __________ шешімімен

бекітілген




Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

  1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

  2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар: Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы «Орталық алаң», Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы «Аудандық мәдениет үйі», Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы «Мәдениет үйі»

  3. Шерулер мен и демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы «Орталық алаң», Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы «Аудандық мәдениет үйі», Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы «Мәдениет үйі»

  4. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.

  5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

  1. көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

  2. елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

  3. ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

  4. шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

  5. жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

  6. өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

  7. егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса;

  8. алколгольдік немесе наркологиялық масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.

6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

  1. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.

  2. Пикет өткізу кезінде:

    1. пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;

    2. көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

    3. қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.

  1. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг/жиналыс/шеру жергілікті атқарушы органның (облыстық маңызы бар қаланың) белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.

  2. Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

  3. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылуы тиiс. 

  4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.

  5. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет