Үй тұрмысында тұтыну мен сәндік мәні зор бұйымдардың бірі ол сандық. Ол киім-кешек, мата-пұл сияқты бағалы заттар салып, сақтауға арналған. Сандықтың бетін былғарымен қаптап, құйма күміспен әшекейлейді



жүктеу 22.02 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі22.02 Kb.

CultureTalk Kazakhstan Video Transcripts: http://langmedia.fivecolleges.edu

Traditional Trunks and Beds
Kazakh transcript:
Үй тұрмысында тұтыну мен сәндік мәні зор бұйымдардың бірі – ол сандық. Ол киім-кешек, мата-пұл сияқты бағалы заттар салып, сақтауға арналған. Сандықтың бетін былғарымен қаптап, құйма күміспен әшекейлейді. Түгел былғарымен қапталғанды жағлан, шабадан – орыс сөзден чемодан деп атайды. Сондай-ақ, сандықтың бет жағына жұқа мыс, қаңылтыр, жез қаңылтырларды шаршылап, кереге көздеп қадау арқылы әшекейлеу де кең тараған. Әрбір үйде екі-төрт сандық болады.
Әбдіре (абдыра) – үй бұйымдары мен ұсақ-түйек заттарды сақтайтын көлемі әр түрлі болып келетін сандық түрі. Қозғауға ыңғайлы болу үшін екі бүйіріне қос-қостан тұтқа орнатылып, қақпағына құлып салынады. Міне сандық, әбдіренің суреттері. Ас-тағам, ыдыс-аяқ сақтауға арналған мүлікті кебеже деп атайды. Көші-қонда түйеге арту үшін төрт шетіне қайыс өткізетін тесігі бар құлақ жасаған. Төрт құлақ кебеженің астына жүкаяқ қойылмайды. Қақпақтарын оймыштап, бедерлеп әшекелейді. Бір үйде үш-бес кебежеге дейін болған.
Асадал – ыдыс-аяқ және азық-түлік сақтауға арналған ерекше мүліктің бірі. Ол кебеже, сандықтарға қарағанда биік болып келеді. Екі немесе үш қабат сөрелеріне күмістелген, сүйектелген қақпақтар орнатылған.
Ұсақ-түйек бұйымдар мен әшекей-зергерлік бұйымдарды шайсандықта сақтаған. Оны ерекше сәндеп, сүйектеп, күмістеп, әшекейлеп ұстаған.
Жүкаяқты буылған тең, қатталған, бүктелген сырмақ, көрпе-жастық, кебеже, сандық сияқты заттарды қою үшін пайдаланады. Асты қуыс болатындықтан үнемі жел кеулеп, жүктің асты дым тартып, көгермейді. Оны да алуан түрлі өрнектермен әшекейлеген.
Үйге сән беретін, тұтыныс бұйымының бірі – ағаш төсек. Қазақтарда төсектің негізгі үш түрі сақталған. Біріншісі – екі басы қайқылау келген сүйеніш тақтайы бар төрт сирақтысы. Екіншісі – екі басы қайқылау келетін алты, сегіз сирақты. Соңғысы – екі тік басы бар төрт сирақты кереует төсек.
Төсек бастарының қайқы болуы – жатқан адамның аяғы мен басы денесінен сәл биік келіп, демалғанда қан айналысы жақсы болатынын қазақтар баяғы заманда-ақ ескерген. Ол сондай-ақ, ажыратылып және құрастырылатындықтан көшкенде түйеге артуға өте қолайлы. Ағаш төсектерге салынатын қиюланған және оюланған төсек сырмақтар, тұсына қойылатын адалбақан, ілінетін тұскиіз, тоқылған, кестеленген төсек жапқыш, төсекаяқ, кермелері керемет жарасып, үйдің сәні мен ажарын аша түсетін болған.
English translation:
Among numerous household goods, sandyk had served both practical and aesthetic purpose in the house. Sandyk was used for storing expensive clothes and materials. The lid of sandyk was covered by leather and decorated with silver. If the whole body of sandyk was covered by leather it was called zhaglan, after the Russian chemodan, a suitcase. Sandyk was also decorated with thin copper and tin plates. There were from two to four sandyks in every house.
Unlike sandyk, abdyre (abdyra) is a kind of trunk used for keeping smaller things and it may be of different sizes. It has two double hinges on sides and a lock to make its transportation easy while roaming. These are pictures of sandyk and abdyre. Kebezhe is another kind of trunk used for keeping kitchen utensils. To make its transportation on camel back easier, it had holes on four sides big enough for pushing the belt. The four holes, called ears of kebezhe, had no stand under it. Its lid was decorated with carving and inlay. Usually a family would have two to five kebezhe.
Asadal is a specially designed trunk used for carrying food and kitchen utensils. Unlike kebezhe and sandyk, asadal was taller. It had two or three stores of shelves with lids made from silver or bone.
Smaller articles and jewelry were kept in shaysandyk (type of sandyk). It was thoroughly decorated with bones, silver, etc.
Zhukayak1 was used for keeping folded syrmak2, blankets, pillows, kebezhe, sandyk and other things. Its bottom was hollow and was well ventilated, which protected things in it from moisture and mold. It would also be decorated with different ornaments.
A wooden bed adds comfort and coziness to home. The Kazakhs have kept three types of beds. The first one is with its head and foot turned up and it has four legs. A second one has also turned up head and foot but with six or eight legs. And a third bed has upright head and foot and six legs.
The Kazakh bed has its head and foot turned up because it is much more comfortable for a sleeper to keep his or her head and feet higher than the rest of the body for better blood circulation. That fact had been well-known by the Kazakhs since early time. With all this in mind the Kazakh bed was designed for quick dismantling and assembling. An embroidered and decorated bed syrmak, a wall carpet, adalbakan3, a woven and embroidered bedspread, bed curtains, would add coziness and charm to the dwelling.

About CultureTalk: CultureTalk is produced by the Five College Center for the Study of World Languages and housed on the LangMedia Website. The project provides students of language and culture with samples of people talking about their lives in the languages they use everyday. The participants in CultureTalk interviews and discussions are of many different ages and walks of life. They are free to express themselves as they wish. The ideas and opinions presented here are those of the participants. Inclusion in CultureTalk does not represent endorsement of these ideas or opinions by the Five College Center for the Study of World Languages, Five Colleges, Incorporated, or any of its member institutions: Amherst College, Hampshire College, Mount Holyoke College, Smith College and the University of Massachusetts at Amherst.
© 2003-2009 Five College Center for the Study of World Languages and Five Colleges, Incorporated


1 Zhukayak is a special trunk for carrying household goods

2 Syrmak is a rug made out of rolled felt

3 Adalbakan is an article of national furniture


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет