Жа мбыл облысындағы кіші су айдындарының балық шаруашылығын дамытудағы маңызы



жүктеу 65.27 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі65.27 Kb.

УДК:639.2.052.22
Жа мбыл облысындағы кіші су айдындарының балық шаруашылығын дамытудағы маңызы
Қ.Ж.Сейтбаев,ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты

А.И.Сағындықова аға оқытушы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті,Тараз қаласы.

Мақалада Жамбыл облысындағы кіші суайдындарының балық шаруашылығын дамытудағы маңызы, су айдындарының гидрологиялық жағдайлары, су айдындарында балық өсіру үшін ғылыми тұрғыдан негізделген қолайлы ұсыныстар жасау мақсатында жалпылай биологиялық баға берілген.

Жамбыл облысында балық өнімдерін өндірудің соңғы жылдарға дейін Тасөткел, Ақкөл, Билікөл, Теріс-Ащыбұлақ су айдындары есебінен жүзеге асырылып келген болса. Балықты кіші су айдындарындада қолдан өсіріу тек кейінгі кезде ғана жүргізіле бастады.Оның өзіде осы уақытқа дейін мардымсыз дамып келе жатыр. Яғни, осы кіші су айдындарын тиянақты пайдаланып,балық шаруашылығын өркендету арқылы облыстың балық шикізаты ресурстарын анағұрлым көтеріп, өңірдің балық және балық өнімдері өндірісі көлемін 1 мың тоннаға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге болады. Бұл өз ретінде облыстың экономикасын көтеруге және табиғат байлығын қорғаумен бірге тиімді пайдалану ісіндегі елеулі еңбектің бірі болар еді. Бірақ табиғат пайдаланушылары осындай игі мақсаттарды ойдағыдай жұргізе алмай отыр.Кең көлемде қаржы жүмсауды қажет ететін жобалар іске асырылмай жатыр.Облыстағы балық шаруашылығының негізін «Билікөл» және «Ақкөл көлі», «Тасөткел» және Теріс Ащыбұлақ су қоймасы, жалпы көлемі 25 мың гектар алаңды алып жатқан басқа да табиғи су қоймалары енетін балық шаруашылық қоры құрайды.Кәсіпшілік балық аулау негізінен Билікөл көлінде жүргізіледі 1995 жылдарға дейін бұл көл жылына 700 тоннаға дейін балық беретін және Ақкөл көлінде балық аулау кәсібі 100 тоннаны құрайтын. Қазіргі кезеңде облыстағы барлық су қоймаларынан балық аулау лимиті 150—200 тоннадан аспайды.

Табиғи ірі су айдындардың ( Ақкөл, Билиікөл жәнеде Теріс –Ащыбұлақ, Тасөткел, су қоймасы) балық өнімдерін молайтудағы мүмкіндіктері онша мол емес. Егер ол сулардан қазіргі мөлшердегідей балық тұрақты ауланып тұрса, оның өзі де жаман болмаған болар еді.Сондықтан бұл саладағы басты жолдың бірі –кіші су айдындарын балық өсіру мақсатында кеңінен пайдалану.Ал кіші су айдындары Жамбыл облысының территориясында өте көп. Бұл суайдындарын балық өсіру мақсатында кеңінен пайдалану балық өнімдерін молайтудағы басты фактор. Әсіресе Аса ,Талас , Шу өзені бассейніндегі суайдындарының болашағы үлке.Себебі бұл суайдындары жаздың ыстық айларында толығымен құрғап қалмайды.Соңғы жылдардың мәліметі бойынша облыс аумағында 51 кіші суайдындары балық шаруашылығына маңызы бар суайдындары санатына кіреді.Ол суайдындарынан небары 99,2 т балық ауланады.Кіші суайдындарынан балық өндіру аз болу себебі неде? Оның басты себебтері, суайдындарына судың сырттан құйылуы олардың деңгейінің маусымдық төмендеуі, осыған байланысты суайдындарындағы балықтардың өсіп-өнуіне керекті жағдайдың жетіспееуі, кейбір суайдындарынан ауылшаруашылық дақылдарын суғару мақсатында пайдаланады нәтижеде көптеген кәсіптік маңызы бар балықтар түрлері қысқаруда, сондай ақ көптеген суайдындарының өнімдерін өңдейтін өндіріс орындарының болмауы,олардың балық қорынақамқорлық жасалмауы жатады.Кіші суайдындарына әлі күнге дейінбалық өнімі түсетін табыс көзі есебінде дұрыс көзқарас жоқ.. Ірі суайдындарының балығы молынан ауланып алынадыда, кіші суайдындарына мән берілмей келеді.Облыстағы кіші суайдындарының балық өнімдерін молайтуда ,біріншіден оларды түгелдей есепке алып, қазіргі жағдайын гидрологиялық, гидробиологиялық, гидрохимиялық жағынан терең зерттеу керек.Қандай кіші суайдындарында балық өсіру,мелиорация жұмыстарын жүргізу керектігін ғылыми жағынан негіздеген жөн.

Кіші суайдындарында негізінде кәсіптік балық шаруашылығын ұйымдастырған жағдайда олардан тұрақты өнім алуға және өндірілген өнімнің мөлшерін өсіре беруге болады.Бірақ қазіргі кезде кіші суайдындарынан экономикалық тиімділігін көтеру ұшін көптеген мәселелерді шешу керек. Бұл үшін әрбір кіші суайдынында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардың нақтылы жағдайын және болашағын, қай көлден товарлы балық шаруашылықтарын ұйымдастыруға нақтылы мүмкіндік бар екенін анықтау керек. Осы негізде қандай су айдындарынан бірінші кезекте пайдалануға болатындығына, қай суайдынында товарлы шаруашылықтар ұйымдастыру тиімді екендігіне көз жеткізген жөн. Кіші суайдындарынан товарлы балық шаруашылығын ұйымдастыруға суайдынының сумен қамтылу көзі тұрақты болып қалуы басты шарт. Ал ғылыми зерттеу жүргізілген кезде әзірше суы бар суайдынына, оның болашағын ескермей балық шаруашылығын ұйымдастыруға ұсыныс бере салу өзін тәжірибеде ақтап жүрген жоқ. Нгеізінен бұл мәселе сумен байланысты ғана шешілуі керек. Балық шаруашылығына жарамды суайдындары жан-жақты зерттелініп барып таңдалынуы тиіс. Кіші суайдындарында негізінде балық шаруашылығын ұйымдастыру төмендегідей кезеңдер бойынша жүргізілуі керек: бірінші кезең-кіші суайдындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, екіншіден-кәсіптік балық шаруашылықтарының жобасын жасау, үшіншіден товарлы балық шаруашылықтарын тұрғызу, төртіншіден-оларда балық өсіру жұмыстарын ұйымдастыру және шаруашылықты басқару. Облыстың кіші суайдындары осы бағытпен реттеліп, жөнге келтірілген болса, қазіргі кездегідей, кіші суайдындарының жыл сайын қатардан шығып, маңызының жойыла беруіне жол бермес еді.

2010 жылғы «Қоршаған ортаны корғау» 008 бағдарламасы бойынша «Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарын төл құжаттандыру мен түгендеу, бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» бойынша Жамбыл облысының 8 аудандарында бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарының жағдайын бағалау бойынша ұйымдастырыған ғылыми-зерттеу жұмыстарында 34 су айдын-объектілері зерттелінді. Олардың ішінде Қордай ауданы бойынша 8, Меркі ауданы – 3, Рысқұлов ауданы – 7, Жамбыл ауданы – 2, Сарысу ауданы – 2, Байзақ ауданы-5, Жуалы ауданы – 4, Шу ауданында – 3 су айдындарында жұмыс жасалынды .

Облыс аумағында орналасқан кіші су айдындарының гидрофизикалық, гидрохимиялық және биологиялық жағдайы мен балық шаруашылығы үшін маңыздылығы зерттеу кезінде кейбір су айдындарының балық шаруашылығы үшін маңызы жоқ деп танылды.Атап айтқанда Меркі ауданы бойынша-Мөңке, Қойма су айдындары.Байзақ ауданында Верхнее, Новые .Жуалы ауданы бойынша Жарбұлақ, Ботақара, Каскад Дарбаза. Шу ауданы бойынша Көкөзек. Сарысу ауданында Шортанкөл, Айдын су айдындары.2010 жылғы зерттеулер кезіндегі жаз айының құрғақшылық мерзімінде Аса ,Талас, Шу өзендерінен келетін сулар мөлшері күрт азаюы себепті су айдындары шағынданып өте таяз қалыпқа келген.Аталған су айдындарының гидрологиялық режімнің нақты тұрақсыздығы және биологиялық жағдайлары, сумен қамтылу деңгейлері өзендердің маусымдық ерекшеліктеріне байланысты құбылмалы болғандықтан балық шаруашылығын дамытуға қолайсыз деп бағалауға негіз болды.

Кіші суайдындарының басым көпшілігі Талас өзенінің бойында орналасқан.Кіші суайдындарының саны Байзақ ауданында көптеп кездеседі. Керісінше Талас ауданында кіші суайдындары азая береді себебі Талас ауданындағы суайдындарының гидрологиялық режимі жиі өзгеріп тұрады, кей жылдары (қар,жаңбыр аз болған кезде) мүлдем құрғап қалады.Жалпы алғанда облыс аумағындағы кіші суайдындарының көпшілігі балық шаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамды.

Балық шаруашылығына жарамды кіші суайдындарын іске қосу мақсатында Тараз инновацияляқ гуманитарлық университетінің бір топ ғалымдары тарапынан су айдындарының биологиялық, экологиялық жағдайы, азық қоры, гидрохимиялық режимдері мұқият зерттелінді.Зерттеу нәтижесінде кіші суайдындарының бірқатары қазіргі күйінде балық шаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамайды.Оларда мелиорация жұмыстарын (суайдындарын тереңдету, оларға құятын өзендердің , бұлақтардың арнасын кеңейту) жүргізу керек.Сонымен қатар кіші суайдындарының балық өнімділігін жоғарылату мақсатында кәсіптік маңызы төмен балықтарды түгелдей аулап алып, олардың орнына бағалы балықтар жіберу қажает.

Мөңке балық, сазан, дөңмаңдай, шортан сияқты балық түрлерінің қоры суайдындарда жетерлік мөлшерде, бірақ оларды аулау іс жүзінде жүргізілмейді. Зерттелінген кіші су айдындарында бақылау торларына өндірістік тұрғыдан аулауда сазан-46,6%, мөңке-26,6%, көксерке-8,3% ,табан-6,5%, шортан-3,36%, басқалары-8,7% құрайды.Демек зерттелген аудандардағы су айдындарында кәсіптік маңызы бар сазан балығының қоры елеулі мөлшерде бар.

Аулау бойынша екінші орында мөңке балық. Зерттелген суайдындарының дерлік барлығында да кездеседі. Олардың өсу қарқыны жоғары. Суайдындарында маңызы бар балықтың түрі шортандар,негізінен бұл балық түрі Меркі, Шу, Қордай аудандарындағы кіші суайдындарында көп.

Көксерке мұнда онша көп емес,негізінен Қордай, Байзақ аудандарындағы суайдындарында кездесті. Шармай балығы Жуалы, Жамбыл аудандарындағы суайдындарында кездеседі. Балықтардың басқа түрлері жыланбас балық, қызылқанат, қылышбалықтардың саны көп. Демек балықтың өндірістік маңызы жоқ түрлері көбейген. Себебі кіші суайдындары тиімсіз пайдаланып, мелиортивтік жұмыстар жүргізбеу, балшықтар мен суасты өсімдікдері балдырлардың көбеюі, өсімдік қоры, жыртқыш балықтарға бұл жағдай қолайлы, сондықтан олар суайдындарында көбейіп келеді.
Важность развития рыбного хозяйство в малых водоемах Жамбылской

области

Таразский инновационно-гуманитарный университет

К.Ж.Сейтбаев .,А.И.Сагындыкова

. Статья о улучшение рыбного хозяйства в малых водоемах Жамбылской области, важность гидрологических условий водоемов, для выращивания рыб в малых водоемах при научных условиях дана биологическая оценка.


The significance of development of fish industry in reservoirs of Zhambyl

Region Taraz, University of innovation and humanities

K.Seitvaeb.A.Saqndikova

In this issue, were talked about the importance of improvement of fish holding in small areas, of Zhambyl region, state of hydrology in water areas, easy ways to feed fish in water areas in scientific term and were given biological estimation.


Әдебиеттер

1 Руководство по химическому анализу поверхностных вод суши.-Л.; Гидрометеоиздат, 1977.-541с.

2 Алекин О.А. Методы исследования органических своиств и химического состава воды.//Жизнь пресных вод СССР.-М.; АН СССР, 1959.-Т.4. –С.213-298

3 Руководство по методам гидробиологического анализа поверхностных вод и донных отложений. –Л.: Гидрометоиздат, 1983. -239 с.



4.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. –М., Пищевая промышленность, 1966.-306 с.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest11 -> 1-2011
Vest11 -> Өсімдіктердің днқ полиморфизмін зерттеуде молекулалық маркерлердің Қолданылуы
Vest11 -> «Геоэкожүйедегі топырақтардың сулы – тұзды алмасуларды қалыптастыруының математикалық модельдерін негіздеу». С. Ж. Салыбаев Ж. А. Кеулимжаева «Геоэкожүйедегі топырақтардың сулы – тұзды алмасуларды қалыптастыруының математикалық модельдерін
Vest11 -> Еңбек қОРҒау охрана труда
Vest11 -> Пайдалану сенімділігін жоғарылату мақсатында электрлік қондырғылардың ҚОРҒаныс аппараттарың таңдау
1-2011 -> Экология экология
1-2011 -> Жамбыл облысы Ќазаќстан Республикасыныњ оњт‰стігіндн орналасќан, аумаѓы 144,3 шаршы километр
1-2011 -> Шет елдер тәжірибесінде акцизді алуды жетілдіру жолдары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет