«Жаңа жыл- жаңа нұр» Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді. Әуен ырғағымен билейді. Нұрасыл



жүктеу 66.77 Kb.
Дата17.07.2018
өлшемі66.77 Kb.

№63 «Әсем-Ай» балабақшасы «Алпамыс, Ақбұлақ» шағын орталығы «Бәйтерек» мектепалды даярлау тобының тәрбиешісі Арзыкулова Роза Ширенбаевна



«Жаңа жыл- жаңа нұр»

Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.

Әуен ырғағымен билейді.
Нұрасыл
Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын



Ақнұр
Өлең де әзір, ән де әзір

Ойында әзір, бәрі әзір

Кел, жаңа жыл біздерге

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл

Балалар мен бірге қосылып:

Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл!

(Сиқыршы шығады)


Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан қолғап тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін.Сендердікі емес пе?
Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар. Жаңа жылға арнап көптеген ән, тақпақ, би дайындап келген боларсыңдар. Олай болса, кім маған өз сыйын көрсетеді?
Інжу:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Еркеназ:

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп.

Райхан,

Тамаша.тамаша!


Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Ән: «Шырша жыры»

Сиқыршы: Балалар мына қолғаптың сыңарын қайтіп табамыз?



Шахислам: Сиқыршы, сіз қолғапты орманнан таптыңыз ба? Демек, орманға бару керек.

Сиқыршы: Олай болса орманға барайық. Орманға немен барамыз?

Еркеназ: Сиқыршы сіздің кілеміңіз бар емес пе, сонымен барайық

Сиқыршы: дұрыс айтасың, менің қалай ойыма келмеген.

Балалар сиқырлы кілемге отырып орманға қарай ұшады.



Сиқыршы: біз орманға келдік. Ал балалар енді қолғаптың сыңарын іздеңдер. Қаралмаған бірде бір бұтаның түбі қалмасын.

-Таптыңдар ма? Олай болса қазір мен барлық балаларды орман адамдарына айналдырып жіберемін. (Сиқырлы таяқшасымен балақайларды гномдарға айналдырып жібереді).


Сиқыршы: Қане, гномдар, бірігіп билеңдер қолғапты табыңдар.


«Гномдар биі».

Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар, Жақсылап би биледіңдер. Бірақ қолғаптың иесі табылған жоқ.

Балалар орындықтарға отырады, әуен шырқалады, Мыстан кемпір шығады


Мыстан кемпір: мыналар кімдер?

Әп әдемі ұйықтап жатқан жерімнен оятты ғой, Кетіңдер орманнан.

Аяқтарыңды аттап басушы болмаңдар

Сиқыршы: кешіріңіз мыстан бикеш, біз сіздің тынышыңызды бұзғанымызды байқамай қалдық. Біз жоғалған қолғаптың иесін іздеп келген едік. Бізге көмектесіңізші

Мыстан кемпір: жетпегені сол еді, менің тынышымды бұзғандарыңмен қоймай көмек сұрайсыңдар ма?

Балалар: ия

Мыстан кемпір: жоқ, көмектесуді ойламаймын да. Бұл жерден кетіңдер, аман тұрғандарыңда. Әйтпесе барлықтарыңды сиқырлап тастаймын.

Сиқыршы: Мыстан бикеш, ашуыңыздан қайтыңыз. Балалардың өнерін тамашалаңызшы. Жаңа жыл туралы тақпақтар тыңдаңыз

Райымбек, Адема

Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп
Айқын

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Тамаша тойымыз.

Алақай, алақай,

Өседі бойымыз.
Кәусар

Жылда осылай келеді

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді

Зере,

Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді

Мыстан кемпір :Жақсы, бірақ менің бір шартым бар. Мен ойын ойнағым келеді. Менімен бірге ойын ойнасаңдар, көмектесемін.

Ойын: «Жел, омбы қар».

Ойынның шарты: жел дегенде әуен ырғағымен билеп жүрген балалар, омбы қар дегенді естігенде тұрған жерлерінде қатып қалады. Қозғалған балалар ойыннан шығып кете береді. Соңында қалған бала жеңімпаз атанады.



Ағылшынша тақпақтар

Жания, Айханым, Малика, Алимансұр, Махамбет

Мыстан кемпір: Жарайсыңдар балалар, ойындарың жақсы екен. Көңілім көтерілді. Сендерге көмектесемін. Орманның шетінде бір үй бар. Онда қарша қыз мекендейді. Бір білсем осы қолғап соныкіне ұқсайды.

Онда сонда барайық.


Сиқыршы: Ой, балалар жарандар,
Сиқырлы үйді қараңдар.
Жарығы жанып тұр,
Терезесін қағайын.
Кім тұратынын сұрайын.
Сиқыршы: Кім екен?

(Үйінен Қарша қыз шығады).


Қарша қыз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Сиқыршы: құрметті Қарша қыз, сізді жаңа жыл мерекесіне шақырамыз.
Сиқыршы: Балаларға қонаққа келе жатып, қолғап тауып алдым, сенікі емеспе?

Қарша қыз: ия менікі, орманда серуендеп жүріп жоғалтып алып едім.Рахмет.
Қарша қыз: Көп рахмет сіздерге балақайлар.
Сиқыршы: Балалар біз қолғаптың иесін таптық. Олай болса балабақшаға қайтайық.

Қарша қыз: балалар мен биді жақсы көремін. Бірге билейікші.
«Қарша қыздар биі»

Мыстан кемпір: Мен ата аналармен ойын ойнағым кеп тұр.

Ойын: «Әуенге салып әніңді айт»

Ойынның шарты ата аналардың қолына қолғап беріледі, әуен ойнап тұрғанда қолғапты ата аналар бір біріне беріп ұзата береді. Әуен тоқтап қалғанда қолғап кімнің қолында қалса сол ата ана ортаға шығады, солайша үш ата-ана ортаға шыққан соң оларға тапсырма беріледі. Жаңа жыл туралы тақпақты әр түрлі ауенге салып, нақышына келтіріп айтуы тиіс.



Сиқыршы: Мыстан бикеш, бізге көмектесіңізші. Балабақшаға қайтуымыз керек.

Мыстан бикеш: Жақсы, менің сиқырлы сыпырғышыммен сиқырлап сендерді қайтарайын.

Ары бері жүріп, сиқырлы сөздерін айтып балаларды балабақшаға жеткізеді.



Орысша тақпақтар

Бекасыл, Айша,Нұраят, Ақзере, Таира


Сиқыршы: Балалар сіздер ән айтқанды ұнатасыздар ма? Ендеше ән айтайық.


Ән: «Жаңа жыл»

Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырады


Әсем әуен ойналып Аяз ата мен Ақшақар келеді
Аязата:

Ау-у! Ке-ле жа-тыр-мын!

Бір жыл бұрын сендерге,

Келіп едік біз бірге.

Міне келдік тағы да

Ән айтып, би билеуге.


Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат. Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат. Шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.

Тақпақтар



Шахислам

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны!

Ермұрат

Жаңа жылда барлық үйге

Аяз ата келеді

Жаңа жылда сәбилерге

Сыйлық әкеп береді

Әлім
Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.



Ақшақар:

Мен білемін бір ойын:


Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер

аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....


Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл: Салеметсіңдер ме балалар , мен жаңа жылмын, ит жылымын. Мен сіздерге жаңа жылда үлкен табыс, зор денсаулық ала келдім.
«Кірпілер» биі
Сиқыршы: 

Қане, балалар барлығымыз бірігіп ән айтайық.


Ән: «Келді міне жаңа жыл»

Сиқыршы: Олай болса мен балалар жүрейін. Қолғаптың иесін таптық. Жаңа жылда жақсылық жасаумен бастадық. Жақсылыққа толы жыл болсын. Жаңа жыл жаңа бақыт алып келсін. Сау болыңдар балалар.

Аяз Ата: Қапшығымды ашайын, Сыйлықтарын шашайын!

Аяз Ата: Ой, қапшықтың қашқаны несі, ұста ?! 

Ақшақар: Ой, ұста ұста ! Сыйлық салынған қапшықты екеуі қуады. Қапшық шыршаны айналып қашып кетеді. Сол жақтан Аяз ата өзінің қапшығын тауып алып келеді.

Аяз Ата: Балалар, қапшығым ауысып кетіпті ғой. Міне менің қапшығым. Сыйлықтарыңды ала қойыңдар. (Балалардың сыйлықтарын тарқатып болған соң қайтуға ыңғайланады). Балалар біз рұхсат болса қайтайық. Бізді сендер сияқты басқа да балабақшаларда балалар күтіп отыр.

Ақшақар:

 Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш табыңдар.

Ешқашан да ауырмай,

Сабақты жақсы оқыңдар!

Аяз Ата: 

Құтты болсын Жаңа жыл, қалың елім,

Құтқа орансын кең байтақ дархан жерім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Жаңа жыл жаңа өмір, жаңа лебін!

(Аяз ата, Ақшақар, өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді).


Жүргізуші: Келесі жылы біз сізді сағына күтеміз. Қош болыңыздар!

Құрметті ата-аналар, осымен «Бәйтерек» мектепалды даярлау тобының «Жаңа жыл- жаңа нұр» атты ертеңгілігі аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет