Жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі



жүктеу 67.11 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі67.11 Kb.

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Автор: 

Ботагөз Байменова (Астана, Қазақстан)

Жас ұрпаққа беретін жоғары білімнің маңызы қай уақытта да артпаса кеміген емес. Оны қоғамның дамуына ықпал етіп қана қоймай, оның сұраныстарын да қамтамасыз ететін әлеуметтік институт деп білуіміз керек. Өйткені, бүгінгі ғаламдық аймаққа шығып кеткен кең ауқымды және жан-жақты мазмұнға ие экономикалық қарым-қатынастар ең алдымен жоғары оқу орындарында кәсіби дайындалған әмбебап мамандарға деген сұранысты қалыптастырып отыр. Мұның өзі жоғары білім беру жүйесін жер жүзіндегі озық ғылым мен техниканың жеткен биігі болып есептелетін“әлемдік стандартқа” талпынуға итермелейді. Халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің біріңғай жүйесіне көшу көзделген болатын. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» [1,б.5].

Қоғамның сұранысы мен талаптарына сай жаңа технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Жоғары оқу орны негізінен жақсы білім алған,сондай-ақ, болашақтағы кәсібін білетін оған бейім оқуын жалғастыруға бағытталған жастардың түсуіне мүдделі. Г.И.Рузавиннің айтуынша, егер студент өзінің болашақтағы кәсіби ортасын жақсы елестете алса, онда білім алудағы іс-әрекеті мақсатты болады. Жоғары оқу орнына түскен кез келген студентке тиімді білім беру ақпараттық технологиялар негізінде іске аспақ. [2, б.65].



Кез-келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүнииежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің инновацияның даму деңгейімен анықталмақ. Инновация -бұл оқытудың тиімділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарлаудың жүйелі тәсілі. «Инновация» термині ғылымға ХIX ғасырда енді, ағылшын тілінен тікелей аудармасы «жаңашылдық», «жаңалық енгізу» деген ұғымды білдіреді. XX ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдісінің сатысы ретінде қаралып, оның негізгі элементтері аталып көрсетілді. Инновациялық процестің толық түсінігін XX ғасырда экономист И.Шумпетер экономикалық жүйенің дамуындағы өзгерудің «жаңа комбинациясын» талдады. 30 жылдары И.Шумпетер, Г.Менш «инновация» терминін ғылымға енгізді. Себебі жаңа технологияның және заттың ғылыми тұтас жаңалығын ашты. Осы кезден бастап «инновация», «инновациялық процесс», «инновациялық потенциал» терминдері жалпы ғылымдардың терминологиялық жүйесін байытты. Инновацияның жалпы ғылыми түсінігі жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Ол-жүйе элементтерінің және әртүрлі сфераларының сапалық және сандық өзгеруі. Инновация сөзі латын сөзінен аударғанда жаңалықты енгізу деген ұғымды білдіреді. Ал инновациялық тәрбиелеу дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Қазіргі таңдағы кейбір жаңалықтар жүйесі – ескінің айналып келуінен немесе өзгеріске түсіп, қайталауынан туған болмыстың сипаты. В.Г.Белинский: «Ең ескі дүниені жаңамен байланыстырып өзгеше сипат беріп, жаңалық ашуға болады» деген болатын. Мысалы, В.Т. Шаталовтың тірек конспектілері педагогикада бұрыннан қолданылып келе жатқанымен, мектептердің қазіргі даму жағдайына байланысты оны «жаңа» бір әдіс-тәсіл ретінде, яғни белгілі бір өзгерістерді өмірге енгізу арқылы мұғалімдердің жұмысында кеңінен пайдалануға болады.

Қазіргі заманғы студенттің басты мақсаты көптеген пәндерден, олардағы ұшан-теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәндік көзқарас жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдардың синтездік жиынтығын қарастырады. Инновациялық білім беруді ұйымдастыруда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмеологиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология («акме» - грек сөзі, «шың», «төбе», «бір нәрсенің ең биік басқышы» - дегенді білдіреді) – зерттеу обьектісі өмірдің әртүрлі өзін-өзі көрсету сфераларында өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі жетілдірушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер кешені, ғылыми білімдердің жаңа аймағы. Акмеологияның пәні адамның шығармашылық потенциалы, субьектінің өзін-өзі жетілдіруінің айқындалуының түрлі деңгейлеріне, шыңына жетуінің заңдылықтары мен шарттары. Акмеологияның міндеттері субьектіні түрлі қызмет салаларында, сонымен бірге таңдап алынған кәсібі саласында оның табысты жетілуі, дамуының қажетті білімдермен және технологиялармен қамтамасыз ету. «Акме» кәсіпкерліктің шыңы жұмыстың жоғары нәтижелерінің тұрақтылығы – сенімділігі. Алайда, бұл акмеологиялық факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері (мотивациясы) болуы мүмкін. Оқытушының міндеті – студенттерге олардың мотивтері мен қажеттіліктерін қалыптастыруға көмектесу. [3, б.7] Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына – жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен елімізде болып жатқан түрлі Осы орайда инновациялық үрдістің кең тараған түрі технология термині. « Технология » ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және «logos» - ілім, ғылым деген сөздеріне шыққан. Сонымен технология – шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым. Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.[4, б.25] Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Ақпараттық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).

Ақпараттық технологиялар үнемі қарқындап өсуде. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін негізгі ақпараттық технология құрамына қағаз, қауырсын, сия, статистмкалық есеп кітаптары кірді. Коммуникация құжаттарды мекен-жайға бағыттау, жіберу арқылы жасалды. Ғалым М.С.Мәлібекованың ғылыми сараптаған пайымдауларын негізге алатын болсақ, адам баласы орта есеппен 0,1 парақ бет ақпаратты меңгеріп өңдей алады екен. Болашақ педагог-психолог мамандарды жаңа өрлеу заманында ақпараттандыру негіздерімен қаруландыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі. Себебі біздің қазіргі өмір сүріп отырған дәуір-ұлан-ғайыр әлеуметтік өзгерістердің дәуірі. Қазіргі кезде оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолданудың мәні көптеген факторлармен айқындалады:

-жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді интеграциялау;

-оқу материалының көлемін арттыруға мүмкідік жасау;

-оқу процесіне ақпараттық технологияларды, қазіргі телекоммуникациялық құралдарды енгізу.

Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың студенттердің білімін көтерумен қатар оның тәрбиелік те маңызы зор. Дәстүрлі оқыту әдісіне қарағанда кредиттік оқыту жүйесі, электрондық оқулық немесе жаңа инновациялық оқыту технологиясы студенттердің жалпы қызығушылығын туғызады, ол өз кезегінде оларды сапалы және тұрақты білім алуына жағдай жасайды. Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуының негізгі бағыты «мультимедиа» жүйесі болып табылады. «Мультимедиа» терминін ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «көп орталық», яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде мәтін, сурет, бейне және т.б. топтаушы деген мағынаны береді. Н.В.Клемешова мультимедиа терминін оқу материалының мазмұнына дыбыстық және визуальдық түрде интерактивтік форма беретін, сезімдік қабылдау процестердің тиімді өтуіне қолайлы жағдай туғызатын, студенттердің жеке қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызатын компьютерлік құрал деп түсіндіреді.Мультимедиа бағдарламасында ақпарат үш құрал арқылы –сызба, аудио, видио арқылы беріледі. Оқытудың кез келген түрінің тиімділігі студент пен оқытушының ара-қатынасына, педагогикалық технологиялардың пайдалануына, оқу-мазмұнына, әдістемелік материалдардың құрастырылу деңгейіне тәуелді.



Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы// Егемен Қазақстан, 2011. 12ақпан.

  2. Рузавин Г.И. Педагогические инновационные технологии: Учебн. пособие для вузов. – М: ЮНИТИ ДАНА, 1999. -250с.

  3. Загвязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования: – М: Педагогика, 1982.-150с.

  4. Бұзаубақова К.С. Жаңа педагогикалық технологиялар: -А: Білім, 2000.-85б.

  • Коментувати...




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет