Жаңа технологиялар арқылы оқушы белсенділігін қалыптастыру



жүктеу 49.78 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі49.78 Kb.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Абишова А.К.; Сарманова Н.А.

Пригород орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімдері.
Білім — адам баласының ортақ қазынасы

Жүсіп Баласағұн
ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының бірнеше бөлімі - білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары, білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, педагогикалық кадрлардың құзіреттіліктеріне арналған. Осы бөлімдерде педагог кадрлерге 21 ғасырдың мұғалімі қандай болу керек, келешекте өзіне қандай талап қою керектігі анық көрстілген. Білім берудің қандай түрі болмасын мұғалім – басты, әрі шешуші тұлға.

Тұжырымдамада нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқытудағы мұғалімнің оқыту процесін ұйымдастырудағы негізгі мақсаттары көрсетіледі: оқу процесінің нақты мақсаттарын ұйымдастыру, білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес конструкциялау, ақпараттық ортаны анықтау, ұсыну, бағыт беру. Оқушыға қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта құру, білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру, нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уақытында түзету.

Осы мақсаттарды орындап шығу үшін әрине өз ісіне берілген, кәсіби маман қажет. 12 жылдық мектептің педагогы өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті.

Арнайы құзіреттілік – өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.

Әлеуметтік құзіреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті

(ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым – қатынас тәсілдерін қолдана білу.

Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

Оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты жете меңгерту - әр мұғалімнің ең басты міндеті. «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңа табатын өнер», - деп ғалым

Ж. Аймауытов айтқандай пәннің пәрменділігін арттыруда мұғалімнің ролі зор.

Мұнда тек мұғалімнің біліктілігі мен қабілеті, дарындылығы мен тапқырлығы ғана ескеріліп қоймай сабақ жүргізудің әр түрлі әдіс – тәсілдері мен педагогикалық технологияларға ден қою керек. Математика пәнін оқыту бағытында: толық меңгерту технологиясы, деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы, модульдеп оқыту технологиясы, программалап оқыту технологиясы, жеделдетіп оқыту технологиясы қолданылады.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат – мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Осы жағдайларды ескере отырып, профессор Жауынбай Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясын» таңдап алдым. Мұндағы мақсатым - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Бұл технологияда, біріншіден, дамыта оқыту идесын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен сақтауын, ынтасын, белсенділігін дамытып, білім сапасының артуына көмектеседі.
Әр оқушының кемінде мемлекеттік – стандарт деңгей алуына кепілдік береді. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Осы технология бойынша жұмыс барысындағы өз тәжірибемнен баяндаймын.

5– сыныптан бастап математика пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп оқушыларды қалыптастыра бастадым. Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3 деңгейде беріледі. 1 – деңгейдегі тапсырма мемлекеттік – стандарт деңгей, бұны орындауға барлық оқушылар міндетті, 2 – деңгей бірте – бірте күрделенеді және бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылар құқылы. Ал 3 – деңгей оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, өзіндік пікірін жеткізе алатындай, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушылар 3 – деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1 – 2 деңгейді түгелге жуық орындайды да озат оқитын шығады деу артық. 1 – 2 деңгейді түгелге жуық орындайды да озат оқитын оқушылар алға кетеді. Бағалау «балдық» жүйемен жүзеге асырылады. 1 – деңгейді орындаған балаға 5 бал, 2 – деңгейге 10 бал, 3 – деңгейге 15 бал.

Мен өзім оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген мынадай жаңа педагогикалық технологияларды атап кетейін:

-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков) ;

-оза отырып оқыту (С.Лысенкова);

-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);

-тірек- схема және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов);

-саралап оқыту;

-деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;

-модульдік оқыту (М. Жанпеисованың);

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

-оқу үрдісін оқушының сезінуі .

Менің негізгі жұмысым сабақ беру . Ал сабақтың тартымды болып, оқушы үшін тиянақты болуы пән мұғалімінің шеберлігі мен интеллектуалдық деңгейіне байланысты.

Математика пәнін оқыту барысында қолданылатын дамыта оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерінің бірі топтастыру стратегиясы.

Екі объектіге ортақ сипаттамаларды табу әдісі «Венн диаграммасы»:

ББҮ стратегиясы



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Белгілі тақырып бойынша білімді жүйелеу мақсатымен, кесте сабақтың басында, ортасында, соңында толтырылады. Білімді бекітуде, білім деңгейін анықтауда қолданылатын әдіс - тәсіл – тестілеу.

  1. альтернативтік түрде тестілеу. (дұрыс- бұрыс)

  2. сәйкестендіру тесті

  3. Тақырыптарға бөлінген тапсырма.

  4. Есептегі қатені тап.

  5. Бір сұраққа бірнеше дұрыс жауап берілетін тапсырма.

«Дөңгелек стол» немесе «Бір айналым сөйлесу» әдісі әрбір оқушыны сөйлетуге, жұмылып жұмыс істеуге үйретеді.

Ойын түрлері:

«Сыңарын тап». – Формуланы білу.

«Графикалық диктант».

«Жамбы ату» ойыны, «математикалық эстефета».

Оқушылардың белсенділігін көтеруге, уақытты үнемдеуге өз бетінше білім алуға, компьютерлік технологияның маңызы зор.

Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену - ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.

Жаңа технологиялардың басты мақсаттарының бірі - оқушыға білім бере отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Выготский Л.С. «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы»


2.Караев Ж.А. «Активизация познавательной деятельности
учащихся в условиях применения компьютерной
технологии обучения»
3. Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологий»
4. Б.Баймұханов «Математика есептерін шығаруға үйрету» кітабы.
5. Ю.Н.Макарычев 8-сынып. Алгебра оқулығы.
6. Кларин В.М. «Развитие» педагогической технологий и «проблемы
теории обучения».
7. Математика журналы №2, 2008 жыл, №5, 2009 жыл.
8. Математика және физика. №2003. 2006 жыл.
Каталог: uploads -> konspekt -> matematika
matematika -> «Шоќ ж±лдыздар» атты
matematika -> Сабақ тақырыбы: §1,§2, Табиғат және адам. Физика -табиғат туралы ғылым. Физика және техника. Сабақ мақсаты
matematika -> Қысқа мерзімді жоспар Мұғалімі: Ж. М. Байгубенова
matematika -> Математикадан жаңа тақырыпты түсіндіру
matematika -> Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар
matematika -> Сабақтың тақырыбы : " Ондық бөлшектерді қосу, азайту"
matematika -> Математика сабағының күнделік жоспары №
matematika -> Сабақтың тақырыбы: «Кім тапқыр»,
matematika -> Арифметикалық және геометриялық прогрессия
matematika -> Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет