Жаңаарқа аудандық С. Сейфуллин атындағы үлгілі кітапхана Супер келіндер!



жүктеу 45.4 Kb.
Дата30.03.2018
өлшемі45.4 Kb.

Жаңаарқа аудандық С.Сейфуллин атындағы үлгілі кітапхана

Супер келіндер!

/Сайыстың сценариі/

Атасу 2014ж.

Құрметті әріптестер, сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған келіндер қазақтың әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрі, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу, ісмерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергендерін көру үшін «Супер келіндер» атты мерекелік сайысымызды тамашалаңыздар!


Келіндер бес түрлі сайыстар бойынша бақтарын сынайды.

1) Мен келінімін қазақтың (Таныстыру, қай руға келін болып барғаны, өзі қай рудан шыққанын айта кету)

2) Кім неге бейім? (Келіндер өз өнерлерін паш ету)

3) Жолдасыңның сүйікті асы (ас мәзірін даярлау)

4) Сен салт дәстүрді білесіңбе? (сұрақ – жауап)

5) Табақ тарту рәсімі


Жүргізуші: Сайысқа қатысушы үміткерлерімізбен таныс болыңыздар!

  1. Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің аға библиографы Жұмабике Сиезъқызы

  2. Стационардан тыс қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Зайра Тоғанбайқызы

  3. Балалар кітапханысының аға кітапханашысы Сандуғаш Теміртайқызы

  4. Кітап қорын толықтыру бөлімінде, кітапханашы-өндеуші Назгүл Сапарқызы

  5. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жанагүл Бейсенбайқызы


Жүргізуші:

Осы сайысқа әділ бағаларын беретін әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.



  1. Кітапхана директоры Ғалия Машкенқызы

  2. Жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Сарқыт Сатанқызы

  3. Біріңғай кітап толықтыру бөлімінің қызметкері Жібек Балташқызы

  4. Қызмет көрсеті бөлімінің кітапханашысы Гүлазат Жұмабаевна


Жүргізуші:

Қазағымның дәстүрінің көзіндей

Көнермейтін кемеңгердің сөзіндей

Ағайынға аймақ болған жеңгелер

Абысынға қаймақ болған келіндер
Өлең қуып келіндер өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген 5 келін кезектесіп

Таныстырып өздерін өтсе дейміз


(Келіндер жеке - жеке таныстырады)
Өнер, өлең – жастық шақтың белгісі,

Келер оны әркімнің - ақ көргісі


Кезде келді өнерге ерік беретін

Келіндердің жыр маржанын төгетін, -дей келе сайысымыздың екінші шарты «Кім неге бейім?» келіндер өз өнерлерін ортаға паш етеді.


Жүргізуші:

Ата салты ардақты

Әрбір сөзі салмақты

Ол сөздерді ұқпасаң

Тістерсің бір күн бармақты.

Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас адамның арқауы», «Жаман ауруға – жақсы ас» деп тегін айтпаған. Менің ойымша, қазақтың келіндері ең алдымен еріне қарсы келмейтін, несібесін ысырап етпейтін, баланың тәрбиесіне аса мән беретін болуы керек. Әйел үшін ең бастысы отбасының берекесі. Сайысымыздың төртінші шарты « Жолдасымның сүйікті асы», Мұнда келіншектер өз жолдасын қаншалықты құрметтеп, сыйлайтынын көреміз. Ас мәзірі. Қандай тағам екенін айтып, таныстырып кету керек.

(Ортаға үміткерлер шығады, жеке - жеке)
Жүргізуші: Сайысымыздың төртінші шарты «Сұрақ - жауап», үміткерлерге сұрақтар таратылады, ойлануға 1 миннут беріледі.

1. Күйші ана кім? (Дина Нұрпейісова)

2. Халқымыздың батыр қыздары? (Әлия, Мәншүк)

3. «Сұлу» деген сөздің синонимі ? (Ару)

4. «Айдар қою» дәстүрін қалай түсінесіз?

5. Ана сүтін ақтамағанды,............Ешкім мақтамайды.


1. Әйелдің күші аз, несі көп? (Айласы)

2. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларды білесіңдер? ( Той бастар, «Жар - жар», « Беташар », «Сыңсу»).

3. Әйел махаббат құдайының құрметіне қай планета аталды? (Венера планетасы).

4. «Тұлым қою» дәстүрін қалай түсінесіз?

5. Атасыз үй батасыз,.............Анасыз үй панасыз.

1. Әйел көркі неде? (Ақылда)

2. Адамға не қымбат? (Бала)

3. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей? (Шолпы)

4. «Жетімге желке шаш қою» дәстүрін қалай түсінесіз?

5. Ананың құны,.............Ананың сүті.


1. Әйелдердің қымбат заттармен әшекейленген мойынға тағатын бұйымы? (Алқа)

2. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Әйгерімнің шын есімін ата? (Шүкімән)

3. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады?(7)

4. «Танабау тағу» дәстүрін қалай түсінесіз?

5. Анасын сүйгеннің ..............Баласын сүй.
1.Еңліктің серігі? (Кебек)

2. «Ана тілі – арың бұл» кімнің өлеңі? (Қадыр Мырза Әли)

3. Әйгілі биші анамыз? (Шара Жиенқұлова)

4. «Тұлым-шаш алу» дәстүрін қалай түсінесіз?

5. Ағайын алтау,.................Ана біреу.
Жүргізуші:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар

Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырға

Салт - дәстүрі халқымның жалғасуда

Сайысымыздың соңғы шарты «Табақ тарту рәсімі», келіндер иіліп сәлем салып табақ тарту рәсімін көрсетеді.(ортаға келіншектерді шақыру)



  1. Ошақ табақ.

  2. Ерулік табақ.

  3. Сарқыт табақ.

  4. Қос табақ.

  5. Сыбаға табақ.

Ене көзімен қарағандай, ене сөзімен сынағандай, төрде төрелік еткен әділқазы мүшелеріне сөз берелік.


Үміткерлерге номинация бойынша атақ беру, дипломмен марапаттау.

1. Инабатты келін

2.Парасатты келін

3.Өнерпаз келін

4. Шебер келін

5. Көрікті келін


Осындай атақтармен марапатталады.

Бүгінгі «Супер келіндер»атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлық аналарды, қыз келіншектерді өткен 8 - наурыз халықаралық мейрамымен құттықтаймыз. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Сайысты көріп көңіл бөлгендеріңізге көп рахмет.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет