Жаңадария ауылдық округінің әкімі Р. Ақпанбетовтың 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі



жүктеу 47.77 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі47.77 Kb.

Жаңадария ауылдық округінің әкімі Р.Ақпанбетовтың 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ
Қазіргі таңда Жаңадария ауылдық округ бойынша 103 отбасында 530 адам тұрады. Барлық жер көлемі 11226 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 3485 га, жайылымдық жерлер 3439 га, егістік жер 32 га басқа да жерлер 14 га. Ауылдың экономикалық белсенді халық саны 293 адамды құрайды.

Жаңадария ауылдық округі аумағында 32 шаруашылық қожалығы, 3 фермерлік қожалық, 5 бюджеттік мекеме және пошта байланыс бөлімшесі-1, ветеринариялық пункт, 1 мешіт халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылдық округі бойынша 38 зейнеткер, 14 мүгедек есепте тұрады. Сонымен қатар ауылдық округі бойынша жеке отбасыларда мүйізді ірі қара малы 945 бас, жылқы малы 482 бас, қой-ешкі-1101 бас және 244 бас тауық тіркеліп есепке алынған.

Ауыл шаруашылығы

Жаңадария ауылдық округінде егiстiкпен бiрге мал шаруашылығы да дамып келедi. “Қожық-ата”, “Барбол”, “Ақылбай” фермер қожалықтары мүйізді ірі қара және жылқы малдарының басын көбейтуде. Ауылға инвестор тарту мақсатында “Магро” фермер қожалығы “Атжайған” учаскесінен 100 га қауын егіп, 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыды. Аталған фермер қожалығы 2018 жылдың егісін егуге жер көлемін ұлғайтып, күзгі сүдігер жұмыстарын атқарды. Сонымен бірге «Мектепке жол» акциясында ауылдың 4 мектеп оқушыларына 50 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек жасады.



Кәсіпкерлік

Ауылдық округі бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 6 жоба ұсынылған болатын. Қазіргі таңда 2 кәсіпкер өз қаражаттары есебінен жалпы жоба құны 11 млн. теңгені құрайтын мал бордақылау алаңын салып жұмыс жасауда. Олардан басқа 3 кәсіпкер «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жоба құны 6,0 млн теңгені құрайтын 3 мал бордақылау алаңын салуды жоспарлап, қаржыландыруды күтуде.

Тасшоқы учаскесінде орналасқан «Адал» ШҚ мал бордақылау алаңының құрылысын салып, 2015 жылы жеке қаражат есебінен 10,0 млн теңгеге Ресейдің Алтай өлкесінен 53 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдарын сатып алып өсіруде. 2018 жылы қосымша ет бағытындағы мүйізді ірі қара малдарын бордақылауды жоспарлап отыр.

“Бағлан” фермер қожалығы “Бизнес кеңесші” жобасы бойынша курстан өтіп, сертификатын алды. Осы бағдарламаға қатысу үшін бизнес-жоспар дайындалып, 2018 жылға жобаны іске асыруды жоспарлаған.

«Қожық ата» шаруа қожалығы мал азығын дайындау мақсатында 1,0 гектар жүгері және 2,5 га жерге бау-бақша егіп жинап алды.

2 ауыл тұрғыны жалпы құны 12 млн теңгені құрайтын мал бордақылау алаңын салу бағытында бизнес-жоспарын әзірлеп, жұмыспен қамту орталығына құжаттарын өткізіп, қаржыландыруды күтуде.

2017 жылы ауыл тұрғындары арасында өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандардан 70 адам барлығы 80 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырып жұмыс жасады. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысқан 2 азамат кәсіпкерлігін одан әрі дамытып, асыл тұқымды мал басын көбейтіп, бордақылаумен айналысуда.

Білім

2017 жылы №203 орта мектепте 83 оқушы білім алуда. 2017 жылы мектеп бітірген 5 түлектің 1-уі ҰБТ-ге қатысып 71 балл жинап, қазіргі таңда грант арқылы жоғарғы білім алуда. Қалған 4 мектеп бітірушілердің 1-уі ақылы негізде жоғарғы білім алса, 3-уі грант арқылы арнайы оқу орындарында білім алуда. Сонымен қатар №203 орта мектеп жанынан 25 балаға арналған «Береке» шағын орталығы жұмыс жасайды. Онда қазіргі уақытта 10 бала тәрбиеленуде.



Мәдениет

Ауылдық клуб 2017 жылы жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді. Жоспарланған 37 шараның барлығы жоғары дәрежеде өткізіліп, оған барлығы 1770 көрермен тартылды.

Ақылы қызмет орындауда елді-мекендерге көркемөнерпаздар концерті қойылып, кәсіпорын жанынан құрылған «Ақмерей» қуыршақтар үйірмесі аудан балабақшаларында қойылымдарын көрсетті. Ақылы қызметтің орындалуы 12 айда 240,0 мың теңгені құрап, жоспарға сәйкес 100 пайызға орындалды.

Салық салу базасы

Жаңадария ауылдық округінің 2017 жылға жер салығы 27 797 теңге, мүліктен 3 605 теңге, көліктен 247 076 теңге, барлығы 278 478 теңге жиналып, 100 пайызға орындалды.

2017 жылы азық-түлік саудасымен айналысатын 4 кәсіпкер аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, жұмыс жасауда. Алдағы уақытта салық базасын ұлғайту бағытында жұмыстарды бақылауға алып, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жұмыстар жүргізілетін болады.

Көркейту-көгалдандыру және тазалық жұмыстары

2017 жылдың наурыз-мамыр айлырында көркейту-көгалдандыру және тазалық жұмыстарына қолма-қол есеп шотқа 290,000 мың теңге қаржы қаралса, 116 000 мың теңгеге жасыл белдеу және Ұлы отан соғысының ардагері Нұржанов Ысқақ атындағы саябақтары ішіндегі ағаштар мен 2 көше бойындағы талдардың түптері толық ақталды және билбордтар жаңартылды. 174 000 мың теңгеге күзгі санитарлық жұмыстар жүргізілді.

Көктемгі көркейту-көгалдандыру және тазалық жұмыстарына ақылы қоғамдық жұмысқа 18 адам тарылып, оларға 880 524 мың теңге қаржы төленді.

Барлығы 12 м3 күл қоқыс арнайы орынға шығарылды.

№203 орта мектеп, ауылдық ФАП және ауылдық клуб үйі өз аулаларына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, талдардың түптері әктеліп, жаңадан жүз дана қаламша отырғызылды.

Әлеуметтік сала

Жаңадария ауылдық округінде 60 зейнеткер, 5 мүгедектер, 14 көп балалы аналар есепке алынған. Толымсыз отбасы балалары 3 бала.

Облыс, аудан орталығына жолаушы қатынасы өз дәрежесінде. Облыс орталығына күніне Аудан орталығына 1 мезгіл автобус қатынап, жолаушыларға қызмет көрсетеді.

2017 жылғы есеп беру кездесу кезінде ауыл тұрғындары

тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер туралы

- Ауылдық емхананы жаңа жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз ету туралы:

Орындалуы:

Халық санының аз болуына байланысты жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Қазіргі таңда Жаңадария ауылында 530 тұрғын бар.



  • Ауылдағы №203 орта мектепке баратын жолды жөндеу туралы:

Орындалуы:

Жаңадария ауылында кіре беріс Абай көшесінен мектепке дейін 1,1 шақырым болатын ауыл ішілік көшеге республикалық бюджеттен 5,7 млн теңгеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.



  • Учаскелік полиция инспекторының ауылда тұрақты тұруы туралы:

Орындалуы:

Жаңадария ауылдық округіне Жәнібеков Асылбек учаскелік полиция инспекторы болып 4 жыл мерзімге тұрақты бекітілді.



  • Ауылдағы ескірген электр желілерін жаңарту туралы:

Орындалуы:

2017 жылы Жалағаш электр торабы мекемесі арқылы Жаңадария ауылындағы электр желілерінің 8 бағанасы ауыстырылып, 700 метр жаңадан электр сымдары тартылды және 2 дана қосалқы 332, 333 станцияларының әуе сымдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.



2018 жылға арналған жоспарлар

- барлық көшелер бойынша көше комитеттерімен бірлесе отырып көктемгі көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық сақтау жұмыстарына белсенділік арттыру;

- мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие серіктестіктері арқылы халыққа несие алып беруге ықпал жасау;

- ауылға инвестор тартып, халықтың әл-ауқатын арттыру;



- жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауылда жұмыссыздықты азайту бағытында жұмыс жасау;

- Ауылдың ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарына құны 324 млн 634 мың теңгені құрайтын жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Осы жұмыстар басталған уақытта ауыз су жүйесінің сапалы жүргізілуіне бақылау жасау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет