Жаңғыруға Ассамблея атсалысуда



жүктеу 50.35 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі50.35 Kb.
түріБағдарламасы

20.06.2017

Жаңғыруға Ассамблея атсалысуда

Тәуелсіз Қазақстанның дамуында біздің полиэтностық мемлекетіміздегі жалпыұлттық бірліктің, бейбітшілік, келісім мен ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды рөл атқарып келе жатқаны анық. Дәл осы құндылықтар мемлекетіміздің трансформациялы бағдарламасының іске асу мүмкіндігін көп жағынан қамтамасыз ете білді.



Біздің жеткен жетістіктеріміз көп, бірақ уақыт бір орнында тұрмайтындықтан, Қазақстан бүгінгі таңда ең дамыған отыз елдің қатарына ену үшін жаңа тарихи кезең – Үшінші жаңғыру кезеңіне аяқ басып отыр.

Жаһандық трансформациялық үрдістер мен жаңа технологиялық төңкерістер дәуіріндегі осы өршіл мақсаттың шешімі, сондай-ақ жалпы әлемдік саяси және экономикалық тұрақсыздық тек материалдық қана емес, сонымен бірге ұлттардың рухани қуатын да талап етеді.

Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қолға алынып жатқан шаралардың қоғамдық сананы тек саяси және экономикалық тұрғыда ғана емес, рухани жағынан да жаңғыртуы қажеттігін атап өтуі кездейсоқтық емес.

Жаңа тарихи жағдайлар жаңаша ойлаумен қатар, қоғамдық сананың да жаңартылған моделін талап етеді. Бұл ретте, қоғамдық сананы жаңғырту үрдісінде оның негізін қалаушы бірегей мәдени кодтарымыз жоғалған жоқ, керісінше, жаңа, өміршең түрге айналып, тиімді рухани жаңғырудың драйвері бола білді. Ұлттық мәдениет, тарих пен дәстүрлер бұл аталған үрдістің алғышарты және негізі болуы тиіс.

Мемлекет басшысының бастамасын іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін бағаламау қиын. Өйткені, бүгінде ол Қазақстанда тұратын барлық этностардың бірегей де төл мәдениетін сақтап, дамыту негізінде ұлтаралық қатынастарды жетілдіру мен үйлестірудің, нығайтудың басты институты болып отыр.

Біртұтастық қағидатын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын қоғамдық сананы жаңғыртудың жаңа векторы Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның өңірлік бөлімшелерінің алдағы кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналуда. Ал ол үшін қажетті тәжірибе мен ресурстарымыз баршылық. Осы этносаралық қатынастар саласындағы жұмысты ұйымдастыруда Алматы облысының тәжірибесін бір мысал ретінде қарастыруға болады. Себебі, Жетісу өңірі тарихи тұрғыда еліміздегі ең бір көп ұлтты аймақ болып есептеледі. Сондықтан, этносаралық қатынастар саласы мен мемлекеттік ұлттық саясат мәселесі аймақтық билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың тұрақты назарында болып келеді.

Атап айтқанда, Елбасының бастамаларын бағдарламалық тұрғыда өңірде іске асыру мақсатында арнайы комиссия құрылып, оның құрамына белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, этномәдени бірлестіктердің, ұйымдардың, үкіметтік емес секторлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді. Комиссияның қызметі халқымыздың рухани және мәдени құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған.

Осы жұмыс аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында 200-ден астам түрлі мәдени, білім беру және басқа да іс-шара өткізілді. Бүгінгі таңда өңірде этносаралық процестерге тұрақты мониторинг жүргізудің тұтас жүйесі құрылған. Бұл жүйенің негізгі элементтері қоғамдық келісім Кеңестері, Аналар Кеңестері, Достық Үйлері мен медиация кабинеттері болып отыр.

Олардың қызметінің маңызды бағыттарының бірі – қақтығыстардың алдын алу, қайырымдылыққа ынталандыру, тұрғындардың азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділіктерін көтеру болып табылады.

Қазіргі уақытта, облыста 600-ден астам қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Өткен жылы олар 500-ден астам әртүрлі ықтимал қақтығыстар мен әлеуметтік дауларды шешуге атсалысты. Сондай-ақ, өңірде 260-тан астам аналар кеңесі бар. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дәл осы институт некені сақтау және нығайту, жас отбасыларға лекториялар ұйымдастыру, тұрмысы төмен және толық емес отбасыларға көмек көрсету секілді мәселелерді шешуде ең тиімді тетік болып есептеледі.



Сондықтан да, бір ғана «Ақ орамал» акциясының барысында Алматы облысы бойынша 150-ден астам іс-шаралардың ұйымдастырылуы кездейсоқтық емес.

«Нұрлы болашақ» Ұлттық жобасын іске асыру аясында қазақстандық сәйкестік пен қоғамдық келісімді қалыптастыратын құндылықтар белсенді түрде насихатталуда.

Білім беру мекемелеріндегі қолданыстағы оқу бағдарламасына тиісті арнайы курстар енгізіліп жатыр. Бұдан басқа да, өңірлік білім басқармасымен бірлесе отырып, Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында арнайы орталық құрылса, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында аталған мәселелер бойынша ғылым, білім беру орталығы ашылып, белсенді жұмыс істеуде.

Мұның барлығы да, алдағы жылдарда қоғамдық сананы ауқымды түрде жаңғыртуда қазақстандық ұлттың және біздің ұлттық даму моделіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жаңа күн тәртібін қалыптастыруда қосқан қомақты үлес болып табылады.

Бүгінгі күн үшін Мемлекет басшысының бастамасы мен ұсынылған бағдарламаларды іске асырудың негізгі аспектілерінің тұрғындар тарапынан кең қолдау табуы мен түсінуі өте маңызды болып отырғаны сөзсіз. Осы мақсатта маусым айының басында Талдықорған қаласында «Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы азаматтардың бірігуі үшін маңызды фактор» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге Парламент Мәжілісінің вице-спикері, Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдарының төрағасы Владимир Божко, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Шара барысында Елбасының бағдарламалық мақаласы кеңінен талқыланды әрі ұлтаралық қатынастар саясатын өңірлік деңгейде іске асырудың негізгі аспектілері сөз болды. Жиында этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары, құрылымдық бөлімшелердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері және басқа да көптеген белсенді азаматтар қатысып, рухани жаңғыруға қатысты өз пайымдарын жеткізді.

Шараға қатысушылардың барлығы да Елбасының бағдарламалық мақаласын, сондай-ақ Мемлекет басшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА ХХV сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін алда үлкен және салмақты жұмыстар күтіп тұрғаны туралы ортақ пікірге келді.

Президент атап өткендей, Қазақстанның жаңа дәуірдегі тоғысында жаңарту және жаңа идеялар арқылы өзінің жарқын болашағын өз бетінше қалыптастыру секілді бірегей тарихи мүмкіндік тұр. Ал оны пайдалана білу үшін жалпы ішкі рухани жаңару мен дамуға ұдайы ұмтылып отыру, өзінің өміршеңдігін ғасырлар бойы дәлелдеп келе жатқан мәдени дәстүрлерді, прогрессивті идеяларды қабылдай білу қазақстандықтардың қоғамдық санасын қалыптастыруда жаңа парадигма болуы тиісті. Оның негізгі межелері белгіленіп, ұсынылып, нақты іс-шаралар, бағдарламалар мен жобалар әзірленіп, алғашқы қажетті қадамдар жасалып кетті.

Сонымен, жаңадан бастау алған жаңғыру процесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның өңірлік құрылымдарының қызметі бүгінгі күні оның ажырамас және маңызды бөлігі болып отыр.

Ғабит ТҰРСЫНБАЙ, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі

Толығырақ: https://egemen.kz/article/zhanhghyrugha-assambleya-atsalysuda
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!

https://egemen.kz/article/zhanhghyrugha-assambleya-atsalysuda
Каталог: sites -> default -> files -> print pdf
print pdf -> Өркениеттер тарихындағы жазу мен әліпбидің орны Сүбелі ғылыми жұмысын жазу тілінің шығу тарихына арнаған Олжас Сүлейменов өзінің
print pdf -> Патриоттық сезім дінге, ұлтқа бөлінбейді Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050»
print pdf -> Өзгерісті өзімізден бастайық
print pdf -> Қазақстан халқы ассамблеясының «МЫҢ бала» республикалық МӘдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары «Тәуелсіздік – тірегім»
print pdf -> Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде бірлік пен келісімнің киелі бесігіне, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағына айналды
print pdf -> Арна басшыларына айтарым бар немесе телевизия – тәрбие құралы «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды»
print pdf -> Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде бірлік пен келісімнің киелі бесігіне, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағына айналды
print pdf -> Бірлік қуаты Ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамға серпін берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
print pdf -> Ой түзелмей, бой түзелмес Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
print pdf -> Өзгерісті өзімізден бастайық


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет