Жаѕылтпаш айтып, тіл ўштайыќ



жүктеу 47.45 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі47.45 Kb.

Жаңылтпаш айтып , тіл ұштайық:

Ұшақ ұшса,

Ұзақ ұшар.
Қауын алғыз,

Қарбыз алғыз.

Дәуін жарғыз,

Дәмін алғыз.



Әмірхан Мағзум,

4 «а» сынып оқушысы.
«ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНДЕ» атты мектеп

оқушыларының шығармашылық сайысы
1.Ерке бұлбұл

Ертеде бір бұлбұлдың ерке балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол:

-Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неге алып құстардай ірі болмайсыңдар? Неге бостан-босқа сайрайсыңдар? – деп ата-анасының мазасын алады.

Оны естіген ата бұлбұл:

-Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қарға, тыраулап тырна бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, - деп өсиет айтады.

Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді. Ерке бұлбұл ұшып, аққудың, әупілдектің, бүркіттің, сарғалдақтың тағы да басқа құстардың әсем әнін естиді. Бірақ олардың үні бұлбұлға ұнамайды. Осылайша бұлбұл жат жерде жүріп, әбден шаршайды. Әнші құстың бірі деп тоты құсқа келеді.

-Мен көп тіл білемін. Бірақ керемет әнші емеспін, - дейді тоты құс. Содан соң энциклопедиясын ашып, бұлбұлдан асқан әнші жоқ екенін айтады.

Осылай кішкентай бұлбұл әбден қалжырап шаршайды. Әсем дауысты құсты қайдан іздерін білмей қиналып отырғанда, «қия- қия- қия» деген дауыс естіліп, қасына қаршыға ұшып келеді. Қарт қаршыға балапанға әсем дауысты құстың бұлбұл екенін, өзінің де осы құсқа жататынын айтып түсіндіреді. Бұлбұлдың балапанын ұясына дейін шығарып салады.

Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады. Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:

-Туған жерім – қымбат екен,

Өскен ұям ыстық екен.

Бұлбұл үні - өз тіліме,

Ешбір әуен жетпейді екен, - деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды.

Ерке бұлбұлдың сазды әуенін барлық құстар қызыға тыңдайды. Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге жайылады.


2.Сиқырлы сөз

Даладағы орындықта бір қария, қолындағы қолшатырымен жер сызып отырады. Оның қасына бір бала бұртиған күйі отыра кетті:

-Балам, есімің кім? – деді қария.

-Есімім – Асан, – деді әлгі бала.

-А, жақсы екен, ал реңің неге бұзылып тұр, - деді қария.

-Себебі, мені отбасым сыйламайды. – деді бала.

-Неліктен сен солай деп ойлайсың? – деді қария.

-Неге екенін айтайын. Сенбі күні қарындасым екеуіміз сурет салып отырдық. Мен оның қолынан бір-екі қарындаш жұлып алдым, ол маған ашуланып «сыйламайсың» деп қашып кетті. Одан кейін ас үйге кіріп әжемнен тоқашты сұрамай алған едім, әжем ашуланып, қолыңды жу мадың деп алып қойды. Ата, содан кейін қалай маған ренжімеске, айтыңызшы?

-Балам – ау, ондайға ренжіме! Мен саған бір сиқырлы сөз айтайын, бірақ сен оны ешкімге айтпа. Әлгі қария Асанның құлағыңа бірдеңе деп сыбырлады. Асан қуаныштан үйіне жүгірді. Келесі күні Асан отбасымен тамақтанып отырғанда Асан ағасынан:

-Аға, сенімен бірге қайықта саяхаттауға бола ма? – деді Асан. Ағасы:

-Жоқ! –деді.

-Өтінемін, ағатай! –деді Асан.

Асанның отбасы да саған кедергі болмас, ерте бар, – деді . Ағасы да:

-Жарайды, жүре-ғой,– деді

Асанның қуанышында шек болмады. Ертесіне әлгі қарияға келіп, рақметін айтты.

Дария ҚАСЕНОВА,

4 «а» сынып оқушысы

Сөйлейтін кітап

Демир деген бала, бір күні кітап оқығысы келіп, кітапханаға барады. Бірақ не оқитынын өзі білмей, ана кітапты бір ашып, мына кітапты бір ашып тұрғанда, сөреде тұрған кітаптардың арасынан дауыс естілді. Назарын салып тыңдаса:

-Мені алып оқысаң өкінбейсің! – дейді бір кітап тілге кіріп.

Таңғалып, басқа біреу сөйлеп тұр ма деп ,жан-жағына қараса, ешкім жоқ. Сонда:

-Сенің есімің Демир емес пе? Мен саған айтып тұрмын, - дейді кітап.

Демир қорыққаннан не істерін білмей, ақырын, сөреде тұрған кітаптарды жылжытып қараса, бұрышта тұрған бір ескі кітап сөйлеп тұр екен.

-Мен сені 13 жыл күттім, енді сенің анаңа қамқор болатын уақытың келеді. Мен саған көмектесемін. Мені ал да, үйіңе барған соң ғана аш,- дейді.

Кітапты алып, үйіне барған соң ашып қараса, кітап беттері тап-таза, бірде-бір сияның ізі көрінбейді. Ешнәрсеге түсінбеген Демир аң-таң болып тұрып қалады. Бір кезде:

-Сен мұнда қарашы , - деген дыбыс шығады.

-Сен сиқырлы кітапсың ба, мені қайдан білесің? – деп Демир әлгі кітаптан сұрайды.

Сонда кітап:

Әкең сені маған тапсырып, жазып кеткен. Өскенде менің ұлым анасына, еліне қамқор болатын азамат болады. Мен қасында бола алмасам да, оған кітап арқылы көмегім тисін деп, мені саған аманат етті.Мен саған әкең жайлы айтып берейін:

- Әкең бұрын осы ауылдың биі болатын, қиналған жандарға ақылын айтып, дауласқан жағдай болса, әділдікпен шешетін...

Кітап арқылы ата-бабалары туралы көптеген мәліметтер алды. Әрбір басқан қадамында кітап оның нағыз ақылшы досына айналды. «Кітап- оқушының досы» деген сөз содан қалған деседі.



Арғынбай ЖАРАС,

4 «а» сынып оқушысы.
Түстің кереметі
Жаз мезгілі , күн шуақты. Таң атқаннан кеш батқанша ауыл балалары біресе көл жағасында, біресе қырға шығып мәз- мәйрам. Тек Ерланның ғана көңілі көтерілмей-ақ қойды. Демалысқа шыққалы өз қатарларына қосыла алмай шеттей беретін әдетті шығарды. Томаға – тұйық ешкіммен сөйлеспейді. Күн ұзақ ауыл шетінде жайқалып өскен аққайыңның түбіне келіп, бейне бір жапанда жалғыз қалған адамдай отырғаны. Ерланның бұл күйі ата-анасын да уайымға сала бастады. Оның көңілін табу үшін барлық жағдай жасалынып жатса да, ешбір өзгеріс байқалмады.

Күнделікті әдеті бойынша Ерлан қайыңның түбіне келіп жайғасты. Түс мезгілі болып қалған, бірақ қоңыр салқын жел соғып тұр. Қолына кітабын алып, кешегі бастаған әңгімесін оқуға кірісті. Қанша уақыт өткені белгісіз көзі ілініп кетті. Түс көріпті...

Ол демалып жатқан аққайың жан-жағындағы қайыңдармен сыбырласып, Ерланды ортаға алып тұр екен. Жапырақтар сыбдыры құлағын қытықтап оятып жіберді. Өзіне күлімсіреп, құшағына алып тұрған қайың:

-Балақай, тұра ғой, «Көңілсізден күлкі шықпас деген». Қарашы айналаңа, табиғат қандай керемет!

Тіпті орман ағаштары, құстар, жан-жануарлар да жаздың жайма шуақ күндерінде жайраң қағып, өмірдің қызығына малынуда. Жаздың әрбір күні мазмұнды, мерекелі өтуі тиіс. «Көңілдің жақсы болғаны - өмірдің жақсы болғаны», демек сен өзіңді жақсы көруің, өзіңе сенуің керек. Адам білсең табиғаттың перзенті. Сондықтан біз сенің көңілсіз, жалғыз жүруіңе жол бермейміз. Қане, қане тұра ғой! – деп бұтағы майыса Ерланды орнынан тұрғызды.

...Оянып кетті. Денесі сергіп, жақсы демалып қалыпты. Жайқалған қайың мейірімін төгіп, іске сәт деп тұрғандай. Орнынан секіріп тұрып, көл жақтағы балаларға қарай жүгіре жөнелгенін өзі де сезбей қалды.


Болат Гүлдана,

4 «а» сынып оқушысы.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет