Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу тақырыбына есептер шығару



жүктеу 27.32 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі27.32 Kb.
түріСабақ

www.testent.ru

Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу» тақырыбына есептер шығару.

Мақсаттары:

Білімділік: Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей білуін және координаталарын таба білу дағдысы мен іскерлігін жетілдіру. Біліктерін сараланған есептер шығару арқылы логикалық оймен іске асыра білу.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденісі арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, оқу материалын ұзақ есте сақтауына жағдай жасау.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ түрі: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, көрнекілік , есептер шығару , дидактикалық ойындар, ауызша жаттығулар, графикалық диктант, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу,

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 515, 516

ІІІ. Өткенді саралау: 1. Графикалық диктант: - - иә, - жоқ

  1. Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.

  2. бөлшектері қысқарылмайтын бөлшектер.

  3. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады

  4. 15 минут сағаттың бөлігі

  5. Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады.

  6. Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші.

  7. бөлшегі дұрыс бөлшек

  8. Бұрыс бөлшек 1-ге тең немесе бірден үлкен

  9. бөлшегі координаталық сәуледе бөлшегінің оң жағында орналасады.

  10. Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады.


2.«Мергендер»- сайысы: Тақтаға бес оқушы шығып, координаталық сәуледе орналасқан суреттердің координаталарына сәйкес нүктелерді атау және әр суреттің мағынасын түсіндіру.

(Мына суреттер сізге қандай ой береді?) («А» деңгейінің тапсырмалары)





ІҮ. Білімді бекіту:

  1. Есептер шығару: № 521, 523, («В» деңгейі), № 529 («С» деңгейі).

2. Жұбыңды тап: «Лото» ойыны. Әр оқушыға қағаз қиықтары беріледі. Сол қиықтардың жалғасын дәл тауып, олардығ мағынасын ашып суреттерді құрастырғанда сыныптағы оқушылар 4 оқушыдан 3 топқа бөлінеді.

1 топ: мемлекеттік Ту , 2 топ: мемлекеттік елтаңба, 3- топ: Алтын адам бейнесі

1

2

3

4

Сынып 4 адамнан тұратын А, В, С деңгейіне топтасады.

«А»- деңгейі:

1. Жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда бөлшектердің теңдігі сақталады:



=

2. Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде жаз: ;

3.Бірлік кесіндіні 3 см етіп алып ; ; 1 бөлшектерін координаталық сәуледе кескінде.

«В» деңгейі:

1. Қатардың құрылау заңдылықтарын анықтап, келесі бөлшектерді жаз:



; ; ; ;

2 .Жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда теңдік сақталады: 3=



3. , және бөлшектерін бірлік кесіндіні дәптердің 10 тор көзі етіп алып, координаталық түзуде кескінде.

«С» деңгейі:

  1. Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр: 9; 3

  2. Өрнектегі әріптің орнына мәнін қойып, бөлшекті қысқартып, шыққан бөлшекті аралас сан түрінде жазыңдар: , мұндағы х = 36; 51

  3. , және бөлшектерін бірлік кесіндіні дәптердің 12 тор көзі етіп алып, координаталық сәуледе кескінде.

Ү. Қорытындылау: 1. Рефлексия:

Білемін

Білдім

Білгім келеді?










Үйге: № 520, 522, 528, ААДТ (108 бет)




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет