Жайма ауылдық округі әкімінің округ тұрғындарымен кездесу жиынындағы баяндамасы



жүктеу 39.5 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі39.5 Kb.
түріБағдарламасы

Жайма ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы округ әкімі

Саят Ахметжановтың есепті баяндамасының

тезисі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы .Назарбаевтың «Қазақстан Жаңа Жаhандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында нақты мәселелерді атап көрсетті.Жолдаудың аты айтып тұрғандай, негізінен мұнда дамудың әрі қарайғы бағыттары айқындалған, «Қазіргі дағдарыс жағдайында біз не істеуіміз керек, қандай міндеттерді орындағанымыз жөн» дегендей күрделі сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында түрлі қиындықтармен бетпе –бет келгеніміз талайдың есінде болар. Сол ауыртпалықтарды кезінде жеңе білдік.Ендеше, бүгінгі дағдарыстан туындаған түйткілдерді де еңсеруге әлеуетіміз жетеді.Өйткені бағытымыз, мақсатымыз айқын.Дағдарысқа қарамай әлемде дамыған 30 елдің қатарына қосылу, көптеген елдермен серіктес болу, Астананы халықаралық қаржы орталығына айналдыру, 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жаңа жобасын бастау,әлеуметтік салаға қолдау көрсету,аз қорғалған азматтарға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсету көзделген.

Құрметті ауылдастар !Сіздерге 2015 жылы Жайма ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті баяндамамды оқып беруге рұқсат етіңіздер.

Жайма ауылдық округінің жер көлемі 109977 гектар, округ бойынша барлық халық саны 330 адам. Тұрғындарымыздың көбі мал шаруашылығымен айналысады.Округіміздегі 23 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысып, мал басын жылдан жылға көбейтіп келеді.

Ауылшаруашылығы саласы:

Округте «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша қой малын өсіру мақсатында «Берік» шаруа қожалығы 7 млн. тенге несие алса, 7 шаруа қожалығы ірі қараның тұқымдық түрленуі бойынша субсидия алды. «Берік», «Ернур», «Матай», «Қарлығаш», «Ержан», «Ағзам» шаруа қожалықтары жаңадан асыл тұқымды 8 бұқа сатып алды. «Қорғанбай», «Ержан» шаруа қожалықтары жаңадан лизинг бойынша трактор, Кун, пресс сияқты ауыл шаруашылық техникаларын алып жұмыс жасауда. Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша мал өсімінің көсеткіштері толық орындалды, айта кеткенде тұрғындар мен шаруа қожалықтары бойынша 2016 жылдың 1-ші қаңтарына мал саны барлығы:

ірі қара – 1967 бас, аналығы - 1018 бас.

ұсақ мал -9407 бас, аналығы – 6322 бас.

жылқы 1005бас, аналығы-437 бас.

Округте профилактикалық диагностикалық іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп отырады, малдар жұқпалы аурулардан таза, бурцелез жоқ.

Округіміздегі шаруа қожалықтары тұрғындардан демеушілік көмектерін аямайды, шөппен, отынмен қамтиды, округтегі әр-түрлі іс-шараларға демеушілік жасау мақсатында 20 шаруа қожалығымен 1 млн.теңгеге ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Күнделікті тұтынатын азық түліктердің бағасын негізгі бағасынан 10 пайыздан көтерілмеу үшін патентпен жұмыс істейтін 1 кәсіпкермен меморандум жасалып, баға қадағаланып тұрады.
Округ бойынша жергілікті салықтарды жинау барысы:

Жоспар Орындалуы

Мүлік салығы - 6614 теңге 6661 теңге

Жер салығы - 22900теңге 36245 теңге

Көлік салығы - 296000 теңге 346901 теңге


Білім беру салаларына келсек 1 негізгі мектебімізде 42 бала оқиды, 13 мұғалім жұмыс істейді, 6 студентіміз бар. Әкімдік пен мектеп ұжымы тығыз байланыста жұмыс істейді, оқушылардың сабаққа қатысу барысы, жас өспірімдер арасында тәртіпті сақтау, қылмыскерліктің алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторымен мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі бірлесе жұмыс істейді. Әр мейрамдарда, Жаңа жыл, Наурыз, қарттар мен мүгедектер күні, ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу жұмыстарына әсіресе шаруа қожалықтарымен «Жастар» ұйымының мүшелері ат салысады. Округ әкімінің ұйымдастыруымен қыркүйек айында жас отбасылар арасында дөңгелек үсел өткізілді, қарттар күнін, ауыл шаруашылық күніне шаруа қожалықтары шақырылып, марапатталып, мейрам мерекеленді. Тәуелсіздік күні мейрамында спорттың волейбол түрінен турнир өткізілді. Округте волейбол, баскетбол, теннис секциялары жұмыс істейді, спорттық шаралар мектеп ұжымымен бірлесе, жанжақты спонсорлық көмектер көрсетіліп, ұйымшылдықпен өткізіледі. Округте шаруа қожалықтарының көмегімен «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша ҰОС қатысқан ардагерлердің ескерткіштері жөнделді. Округте Жайма ауылдық округінің ақпарат тобының мүшелері округ тұрғындарымен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Жаңа Жаhандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өткізді.

Ауыл жастары жаздық спартакияда ойындарына қатысты.Сонымен қатар округте әкім жанынан құрылған Ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, жастар кеңесі жұмыс істейді. Суықбұлақ пен Жайма ауылын қамтитын учаскелік полиция инспекторымыз бар.



Денсаулық сақтау саласы: округ бойынша 1 мед.пунктте 1 фельдшер жұмыс істейді. Округте қан қысымы ауруымен-20 адам, онкология ауруымен 1 адам, туберкулез ауруымен 1 адам тіркелген.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру барысында аз қамтылған Ғ.Жылқыбаевтың отбастары, Рахимбаева мал шаруашылығымен айналысу мақсатында 3 млн. 700 тенге несие алып, ірі қара мал сатып алып, мал басын өсіруде. Жұмыспен қамту орталығында есепте 2 адам тіркелген, кезекпен қоғамдық жұмыстар атқаруда. Округ бойынша жылдың басынан 21 адам жұмысқа орналасты, тұрғындардың дені зейнеткерлер, мұғалімдер,шаруа қожалықтарында жұмыс істейтіндер, жаз айлары, науқан кезінде жастарымыздың көбі шөп шабу, тиеу жұмыстарына шығады. Тұрғындарымыздың көбі мал шаруашылығымен айналысады.

Ауылда байланыс жақсы жұмыс істеп тұр,барлығы округта 51 телефон бар. Тұрғындар «Ел арна», «Қазақстан» «Хабар», кейбір үйлер «Евразия» телеарналарын көруде.

Біздің негізгі міндетіміз ауыл шаруашылығын дамытып, халыққа жағдай жасау, табысты даму жолын одан әрі жалғастыру болып табылады.


2016 жылға жоспарлап отырған жұмысымыз:

  1. Жайма ауылын көгалдандыру, көріктендіру жұмысын жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет