«Жалын» мектебі 3- кезең тапсырмалары



жүктеу 19.54 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі19.54 Kb.

«Жалын» мектебі

3- кезең тапсырмалары

1

Берілген үзіндінің авторын табыңыз. Қаламгердің басқа туындылары жайлы, қазақ әдебиетінен алатын орны жайлы қысқаша баяндаңыз.

Әдеби –қисынды талдау жасаңыз.

.... Сұлудай айна ап қараған,

Жібектей шашын тараған,

Өзенге біткен қалың тал

Суға төніп телмірер,

Жапырақтары желбірер,

Көлеңкесі суда ойнап

Өзеннің шетін жапқанда.


Ортасы судың ап-ашық,

Сәулесі түсіп мап-машық

Жұлдыздар мен нұрлы айдың

Айнаға жатқан жалтырап,

Созылып шашыр қалтырап.

Сылдырлап суы ескектеп,

Жымылдып өзен аққанда.


2

Ұлттық теңеулер және оның этнолингвистикалық сипаты

3

Көмекші сөздер

4

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

5

М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастанының көркемдік ерекшеліктері.

6

Шығарма жазу (тақырыптық)

7

Қос нүкте, қойылу себептері

8

Еркін тақырыпқа ойтолғау, әңгіме, мәтін, эссе жазу (бірін таңдап алу керек)

9

Берілген сөйлемге талдау жасау.

Бұл ауылдың6 атақты әнші3 қонағы1 соңғы бірнеше күн ел қыдырып4 кетіп, кешелер мұнда қайтқан. (М. Әуезов)



ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР:

  1. фонетикалық талдау;

  2. лексикалық талдау;

  3. сөзжасамдық талдау;

  4. морфологиялық талдау;

  5. сөз тіркесін талдау;

  6. сөйлем мүшесіне талдау;

7-берілген сөйлемге толық синтаксистік талдау жасау қажет.

10

Теңеу, метонимия, синтаксистік параллелизм (Пікірлерді жинастыру; ғалымдар цитаталарын қолдана білу, анықтамасын жазу, мысалдар келтіру)





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет