Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру»



жүктеу 0.9 Mb.
бет1/8
Дата29.04.2018
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


Жалпы білім беру мектептерінің

мұғалімдеріне арналған

«Дене шынықтыру»

пәні бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

1 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспарлар

Наурыз 2016 ж.
Мазмұны

Ұзақ мерзімді жоспар

Пән: «Дене шынықтыру» 1 сынып

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1-бөлім – Денсаулықты білу және түсіну

3-бөлім – Гимнастика арқылы физикалық даму

5-бөлім – Ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету

7-бөлім – Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар

  • Қауіпсіздік ережесі

  • Дене тәрбиесі дегеніміз не

  • Күн тәртібі, таңғы жаттығу және сергу

  • Жүгіру мен жүру

  • Секіру мен лақтыру

  • Қауіпсіздік ережесі

  • Сымбат және үйлестіру

  • Бірқатар гимнастикалық фигуралар үйрену

  • Қарапайым гимнастикалық снарядтарда қозғалу

  • Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің

  • Қауіпсіздік ережесі

  • Дене белсенділігі кезінде жүрек соғысы және тыныс алуы

  • Ойын – жеке физикалық қасиеттерді дамыту құралы

  • Кеңістіктегі динамика және қозғалыс

  • Құралдармен қозғалмалы ойындар

  • Қауіпсіздік ережесі

  • Ойын арқылы шығармашылық қабілеттер

  • Коммуникативті дағдыларын дамыту ойындары

  • Ойынға шығармашылық идеялар

  • Жеке қозғалыс белсенділігі

2-бөлім – Ойын арқылы қарым-қатынас пен тіл табысу дағдыларын дамыту

4-бөлім – Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары

6-бөлім – Қозғалмалы ойындар арқылы қимыл-тірек аппаратын дамыту

8-бөлім – Салауатты өмір салтын қалыптастыру

  • Рөлдік -сюжеттік қозғалмалы ойындар

  • Бірқатар қимыл-қозғалыс дағдылары

  • Шағын топта және жұпта қарым-қатынас жасау дағдылары

  • Дене тәрбиесінің пайдасы

  • Қазақ халқының салт дәстүрі мен мәдениетін таныстыру

  • Қозғалмалы ойындар арқылы тарту




  • Түрлі жаттығулар арқылы денені басқару дағдылары

  • Тірек қимыл жаттығуларын дамыту

  • Доппен ойын

  • Секіртпемен орындалатын ойындар

  • Ашық ауада физикалық қозғалыс

  • Жылдамдық күш пен ептілік

  • Секіруді дамыту үшін тапсырмалар

  • Эстафета және қозғалмалы ойындар

Ескертулер:

Бөлім – белгілі бір бөлімді қамтитын сабақтардың жиынтығы.



Тақырыптар барлық пәндер үшін ұзақ мерзімді жоспарлау мен орта мерзімді жоспарлардағы әрекеттермен байланыстырылған. Әрбір тоқсанда екі тақырып бар. Әрбір тоқсанда әр тақырыпқа бірдей уақыт бөлінген.

Б = бүкілсыныптық жұмыс Жж = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері

Т = топтық жұмыс Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді.

Тілдік мақсаттар туралы
Білім беру ұйымдарында пән мазмұны мен тілді бірге оқуға жағымды орта қалыптастыруға бағытталған. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал.

Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге көмектеседі.
Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін оқытушыларға сабақ жоспарларына келесі оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:

  • оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мәселен, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);

  • пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдаужәне пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);

  • алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы орынды контексте алдын ала қолдану;

  • оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

  • • оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау;оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету);

  • • тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс дағдылары);

  • • тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мәселен, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);

  • сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.

Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер келесі тақырыпшалармен көрсетілген:



  1. пәнге арналған арнайы лексика және терминология,

  2. диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері. Егер тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.

Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, анықтау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік-сюжеттік ойындар ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.


Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.
Орта мерзімді жоспарлар


Дене шынықтыру Бастауыш мектеп 1-сынып

1-бөлім: Денсаулықты білу және түсіну

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Оқушыларда балабақшада немесе үйде меңгерілген денсаулық туралы алдыңғы негізгі білімдері болады деп күтіледі.

Контекст

Бұл бөлім денсаулық туралы білім мен оқушылар «Дене шынықтыру» пәні бойынша енді жетілетіні туралы түсінікке негізделген. Ойындарға арналған құрал-жабдықтардың алуан түрін және топтардағы жұмыстарды қолдана отырып, оқушылардың алдына коммуникативтік және физикалық дағдыларды қажет ететін тапсырмалар қойылады.

Осы бөлімнің тілдік мақсаттары
Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі берілген бөлім пәнінің оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін төменде берілген.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

  • кейбір жабдық пайдаланылатын дене жаттығулармен байланысты денсаулық ұғымдарын сипаттау және көрсету

  • күн тәртібі, таңғы жаттығу

  • дене шынықтыру минуттері

  • оттегі, бұлшықет, жүрек соғысы, дене температурасы, тер бөліну, шыдамдылық

  • күш, ептілік, жылдамдық, шыдамдылық

  • секіру, қарғып секіру, жылдам қарқынмен жүру

  • өкшемен жүру, аяқ ұшымен жүру, баяу жүгіру, жүгіру, бағытты өзгертіп жүгіру

  • қозғалыс дағдылары




Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Дене жаттығулары кезінде біздің жүрегіміз бен өкпеміз неліктен еселеп жұмыс істейтінін айта аласыз ба?

  • Дене жаттығуларынан кейін жүрегіңіз неліктен жылдам соғады? Осындай жаттығулардан кейін сіз өзіңізді қалай сезінесіздер? Қызып терлейсіз бе

  • Жүгіру бойынша көңілді жаттығуларда біз қандай салауатты дағдылар қалыптастырамыз?

  • Секіруге арналған жаттығулар неліктен денеге жақсы ширату болып саналатынын айта аласыз ба?

Басқа да тілдік мақсаттарды қою және академиялық тілді оқытуға қатысты болатын тілді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Осы бөлімде оқушылар әр түрлі дене жаттығуларын орындайды. Дене шынықтыру туралы ұғыммен, мазмұнмен, тарихы және бөлімдерімен танысады. Оқушылар ширату мен босату жаттығуларының маңыздылығын соларға қатыса отыра және қозғалыстардың олардың денелеріне тигізетін әсеріне ой жүгірте ұғынады. Оқушылар күш, шыдамдылық және ептілік сияқты қозғалыс дағдыларын білуге және дамытуға бағытталған әр түрлі ойындарға, дене жаттығуларына қатыса алады.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылған оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі 3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсінеді

1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды


1.3.1.1. Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белседілігін ұғыну.


Қауіпсіздік ережесі.

Дене тәрбиесі дегеніміз не







(Б, К) Дене шынықтыру туралы негізгі білім. Мұғалім оқушыларды дене шынықтыру туралы ұғыммен, пән мазмұнымен, оның тарихымен, дене шынықтыру бөлімдерімен (жеңіл атлетика, қозғалыс және спорт ойындары, гимнастика, шаңғы, спорт ойындары) таныстырады.
(Б) «Құлатпай жеткіз» ойыны. Оқушылар орындықта отырады. Әрбірінің аяғы астында әлдебір зат болады (ойыншық, қарындаш, фломастер). Бір аяқтың башпайларымен затты ұстап алып, оны қалай да болса (бір аяқпен секіріп не төрт тағандап қозғалып), бөлменің қарама-қарсы бұрышына дейін жеткізу керек. Дәл осыны екінші аяқпен істеу керек. Затты құлатпай, тез орындаған адам жеңіске жетеді.


Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.

Дене шынықтыру – бұл дене жаттығуларымен, шынығумен, спортпен, денсаулықты мықты қылу үшін туризммен айналысу.

Ойын ағзаның жалпы сау болуына және дұрыс жүру дағдысын тәрбиелеуге себеп болатын табанның бұлшықет-сіңір аппаратын қатайтуға және ептілікті дамытуға берілген.


Әрбір іс-әрекет түріне арналған кең алаң, ойыншық, қарындаш, фломастер.

3.2. Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді
3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі

1.3.2.2. Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып шынықтырудың маңызын сипаттау.


1.3.3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді анықтау


Күн тәртібі, таңғы жаттығу және сергу
(К) Мұғалім оқушылардың санасына күн тәртібін қадағалаудың маңыздылығын жеткізеді. Күн тәртібін қадағалау оқушыға жаңа өмірге үйренуіне және демалыс пен оқуды дұрыс үйлестіруге көмектеседі.

(К, Б) Мұғалім таңертеңгі жаттығу кешенін көрсетеді. Бір орында жүреді. Аяқтар бір-бірінен алыс болмауы тиіс, қолдарды түсіріп немесе белге қоюға болады. Алға қарай иілеміз. Жаттығу 6-8 рет орындалады. Аяқтарды кең ашамыз, қолдар иыққа жетуі тиіс. 1) демді ішке алып алға қарай иіліп, қолдарды екі жаққа созамыз. 2) демді шығарып, қол-аяқтарды алдыңғы күйіне алып келеміз. Аяқтар екі жаққа ашылады. Жаттығуға 8-9 амал жұмсалады. Жаттығу басында тіке тұру керек те, қолдарды екі бүйірге қою керек. 1) демді ішке алғанда, қолдарды екі жаққа жайып, бір аяқты солға жылжытып, екінші амалда аяқ оңға жылжиды. Еденге тигізу. 9-10 рет орындалады. Аяқтар иықпен тетелес, қолдар алға созылған. 2) демді ішке алғанда, алға еңкейіп, қолмен еденге тигізеді. 2) демді шығарғанда, дене көтеріліп, алдыңғы күйге қайтып оралады.

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі ашуланшақтықтың, әсерленгіштіктің алдын алады және баланың еңбекке жарамдылығын күні бойы сақтайды. Таңертеңгі жаттығудың пайдасы туралы оқушылармен әңгіме-дүкен. Оқушылардан сұраңыз. Күнделікті дене жаттығуларымен айналысу неліктен маңызды екенін айта аласыздар ма? Сіздер айналысасыздар ма? Балаларға жаттығу не үшін қажет?
Жаттығуларға дейін гимнастиканың негізін әр түрлі бұлшықет топтарына арналған дене жаттығулары құрайды. Таңертеңгі кешенге жоғары иық белдеуіне (қол мен басты қозғалту), арқа мен құрсақ тығыршығының бұлшықеттеріне (алға, артқа, екі жаққа иілу), аяқтардың бұлшықеттеріне (тізе бүгу, алға қарай қозғалыс жасау), ыршуға арналған жаттығулар кіруі қажет. Кешенді бір орында тұрып жүрумен аяқтау керек.

Гимнастиканың ұзақтығы 6-7 минуттен аспауы тиіс (төменгі сыныптарда – 5-6 минуттен артық емес).



Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң.

http://www.likar.info/kids-health/article-58027-rezhim-dnya-shkolnika/ ресурс (күн тәртібі)

https://www.youtube.com/watch?v=EEo1x2Jrmrk

ресурс (таңертеңгі жаттығу)



http://zozhlife.ru/sport/zaryadka/dlya-shkolnikov-kompleks-uprazhnenij.html

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң.

.


1.2. Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды

1.1.2.2.

Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын біледі



Жүгіру мен жүру







(К, Б) Мұғалім оқушыларды жүгіру мен жүрудің негізгі түрлерімен таныстырады.
«Біз жүреміз бөлмеде,

Қол жоғары-төменде,

Қолды артқа жіберіп,

Күш саламыз өкшеге».

Бой тіктейміз түрегеліп,

Аяқ ұшымен тербеліп,

Аяқ ұшымен жүреміз,

Басты биік көтереміз».

Ал, енді аю болайық,

Аю сынды қорбаңдайық!

(Аюдың қимыл-қозғалысын келтіреміз)

Иіліп тізе қосамыз,

Қолдарды белге басамыз.

Арқа түзу, аяқ қосып,

Дем аламыз уақыт тосып.
(Б) Оқушылар «Түлкі мен қояндар» деген ойын ойнайды. Оқушылардың барлығы бір сапқа тұрады. Мұғалім оқушылардың артынан жүріп, олардың біреуінің иығына қолын тигізеді де, «мынау түлкі» дейді. Содан кейін басқа оқушылар (қояндар) бөлме ішіне шашырап кетеді де мынадай сөздерді айтады: «Ыдыс жерге құласа, ыдыс шашырап сынады, түлкі құйрығы байқалса, демек түлкі жақындады». Осы сөздерден кейін «түлкі» «Мен мұндамын!» деп дауыстап айқайлайды да, жоғарыға секіріп, қолдарын көтеріп, «қояндарды» ұстайды. «Түлкінің» қолына түскен «қояндар» «түлкінің үйіне» кетеді. Ойын тоқтаған соң, оқушылар қайта сапқа жиналады да, жаңа «түлкі» таңдалады. Ойын жалғастырылады.


Мұғалімнің оқушыларға бірнеше қызғылықты тапсырмалар бергені жөн, мәселен: шоқырақтаған аттар секілді тізелерін биік көтеріп жүгіру, күлкілі жүріс, шыбын ұстаған көлбақалар сияқты секіру, т.б.

- өкшемен жүру, қолдар екі жаққа (тіке сымбат)

аяқ ұшымен, қолдар жоғарыда.

- екі реттен «аяқ ұшы – өкше» деп алмастыру

- табанның сыртқы жағымен, қолдар белде

- табанның ішкі жағымен, қолдар белде (басты көтеріп).

- жартылай отыру (тіке сымбат)

«Түлкіні» таңдаған кезде, оқушылар көздерін жұмып, қолдарын артта «қайықша» түрінде ұстап тұрады. Мұғалім кімді түртсе, сол «түлкі» болады, егер оқушы жүргізуші болғысы келмесе, онда қолдарын ішіне басып тұрады. Ойынды түсіндіру барысында мұғалім «түлкінің» тек қана жылдам екенін ғана емес, сонымен қатар, айлакер екендігін де ұғындырып кеткені абзал, өйткені ол «қояндарды» алдап соғу қажет – уақытынан бұрын өзін білдіртпей, (олардың бірін ұстап алу үшін) ойыншылар көп жиналған жерден орын таңдайды. Егер «түлкі» «Мен мұндамын!» деп айқайлап, қолдарын көтермеген болса (егер оны көріп естімеген болса), ойын тоқтатылады да, жаңадан «түлкі» таңдалады. Баға жақсы аңшылық жасағаны үшін өте жылдам «түлкіге», қулығы үшін өте айлакер «түлкіге», ойын барысында қолға түспеген не қолға түсерден бұрын «түлкіден» ұзақ та шапшаң қашқан «қояндарға» қойылады.



Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш.

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш.



http://festival.1september.ru/articles/417724/ ресурс (қозғалыс ойындары)

1.1. Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс аппараты, денені және объектіні басқара біледі.

3.5. Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады

1.1.1.1

Қарапайым дене жаттығуларын орындауда негізгі қимыл-қозғалыс машықтарын біледі, жасай алу


1.3.5.5. Дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін анықтау


Секіру мен лақтыру







(К, Б) «Секіргіштер» ойыны

Жерге шеңбер сызады. Бір ойыншы шеңбердің ішіне тұрады, ол – «жүргізуші». Белгі бойынша оқушылар шеңберден секіріп өтіп, ұсталу қаупі тумаса, біраз уақыт шеңбер ішінде тұра алады. Бір орында екі аяқта секіріп тұрады немесе шеңбер ортасына жылжиды. Ойыншылар «жүргізушіден» құтылып, уақытылы шеңберден секіріп шығуға тырысады. «Ұсталған» ойыншы «жүргізушіге» айналады. Ойын дәл бағанағыдай басталады, тек «ұсталған» ойыншы «жүргізушінің» көмекшісі болады. «Ұсталғандардың» саны 5-ке жеткенде, төртеуі шеңбер сыртына кетеді де, соңғы ұсталған ойыншы «жүргізуші» болып қалады. Ойын қайталанады.


(Б) “Жүйрік бұғылар” ойыны

Мұғалім төрт жүргізушіні таңдайды – олар «қасқырлар». «Қасқырлар» екі топқа бөлінеді: екі «қасқыр» - «айдаушылар», ал қалған екі қасқыр «торуылда» тұрады. Белгі бойынша «бұғылар» «қасқырлардан» алаңның екінші жағына қашады. «Айдаушы-қасқырлар» «бұғыларды» барлық алаң бойынша, «торуылшы-қасқырлар» бөлменің ортаңғы сызығында ғана аулайды. Әрбір жүгірістен кейін қолға түскен «бұғылар» саны саналады да, олар қайтадан алаңнан орын ала алады. Ойын жалғастырылады.
(Б) «Кім алыс лақтырады?» ойыны.

Алаңның бір жағына старт сызығы сызылады. Одан 5 м қашықтықта арасында 4 м интервалмен параллель 3-4 сызық сызылады. Ойыншылар бірнеше топ – командаға бөлінеді, әрбірі старт сызығында сапқа бір-бірден тұрады.

Ойыншылар өз топтарында кезекпен-кезек асбұршақ салынған қапшықтарды сызықтың ар жағына лақтырады да, саптың ең артына тұра қалады. Ойыншылары ең әргі сызықтың ар жағына көп қапшық лақтырған топ жеңіске жетеді.

(Б, Т) «Нысанаға дөп тигізу» ойыны. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөледі. Старт сызығынан 10 м қашықтықта бір-бірінен 50-80 см ара қашықтықта 10-12 городки (кегель ойындары) құрастырылады. Қолдарында теннис добы бар топтар старт сызығында тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша, команда ойыншылары бір мезгілде доп лақтырып, едәуір көп городки қағып түсіруге тырысады. Қағып түсірілген городки саны бойынша жеңімпаз (команда) анықталады.


1. Шеңбер ішіндегі ойыншыларға секіріп шығуға ғана рұқсат беріледі. Шеңберден жүгіріп шыққан ойыншы ойыннан шығады. 2. «Жүргізуші» ойыншыларды екі аяқпен секіріп қуады.


Шеңбердің үлкендігі ойыншылардың санына байланысты. Ойын алдында шешім қабылдау керек: ойыншылар шеңбер сызығынан қалай секіруі қажет: бір аяқпен (сол не оң), тіке не жантайлап екі аяқпен.

- жүгірістер мен «қасқырлар» саны алаңның аумағы мен ойыншылардың санына байланысты;

- қолға түскен «бұғылар» ойынна шығып, арнайы орында тұра алады. Ойынға олар жаңа «қасқырлар» таңдалғанда ғана кіреді;

- «қасқырлар» ұсталмаған қатысушылардың арасынан таңдалады;

- баға ең үздік «қасқырлар» мен ойын бойы ұсталмаған «бұғыларға» қойылады.

Ережелер: 1. Әр адам бір ғана қапшық лақтырады. 2. Қапшықтарды жүргізушінің белгісі бойынша кезек-кезек лақтырады. 3. Қапшықты лақтырған ойыншы саптың артына тұрады.

Жабдық бойынша дифференциация: қапшықтың орнына резеңке доп қолдануға болады.
Жабдық бойынша дифференциация: салмағы мен диаметрі бойынша әр түрлі доптар қолдануға болады.



Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, бор.

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң.

Таяқшалар, қораптар, кубиктер және әр түрлі заттар

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, асбұршақ салынған қапшықтар, резеңке доп, бор.

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң

10-12 кегель, теннис доптары.






Дене шынықтыру Бастауыш мектеп 1-сынып

2-бөлім: Ойын арқылы қарым-қатынас пен тіл табысу дағдыларын дамыту

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Оқушылар балабақшада немесе үйде меңгерілген коммуникативтік дағдыларды дамытады және «Дене шынықтыру» пәні бойынша алдыңғы бөлімдерді оқу кезінде меңгерілген дағдыларды қолданады.

Контекст

Бұл бөлімде басты назар оқушыларда коммуникативтік дағдыларды ойын іс-әрекеттерін және заттар арқылы дене қозғалысын өткізуге аударылады. Төменгі сынып оқушыларын қатысуға тарту үшін, кейбір физикалық тапсырмаларда рөлдік-сюжеттік ойындар, қозғалыс ойындары қолданылады. Оқыту бірлескен және жарыс формасында өтеді.

Осы бөлімнің тілдік мақсаттары

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі берілген бөлім пәнінің оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін төменде берілген.



Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

  • «Дене шынықтыру» сабағында коммуникативтік дағдылар не екендігі жөнінде өз түсінгендерін талқылап көрсетеді

  • ойын, ережелер, сайыс

  • рөл: «ұя басқан тауық», «балапандар», «үлкен құс», «Екі аяз»

  • тіл табысу дағдылары

  • коммуникативтік дағдылар

  • ынтымақтастық, өзара қарым-қатынас

  • дене жаттығуларының пайдасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіз үйлестірудің не екенін білесіз бе?

  • Сіздің ойыңызша, шапшаңдық деген не?

  • Олар қолға түспеу үшін, нені жақсы істеу керек?

  • Сізге сіздің серігіңіз көмектесті ме және қаншалықты барлығы адал ойнады?

  • Бізге ойындарда ережелер не үшін қажет екенін білесіз бе? Сіз ережелерді қадағаладыңыз ба?

  • Бізге ойындарда қауіпсіздік туралы білу қажет деп ойлайсыз ба?

Басқа да тілдік мақсаттарды қою және академиялық тілді оқытуға қатысты болатын тілді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Сонымен қатар, осы бөлім аясында оқушылар өздерінің қозғалыс дағдыларын дамытады әрі жетілдіреді. Ойындарды үйреніп, коммуникативтік дағдыларды жақсартады. Оқушылар бір-бірімен ьірге жұмыс істейді, ойындарда рөлдерді сомдайды, ойындар ережелерін үйреніп қадағалайды. Жануарлар мінез-құлығын көрсететін рөлдік-сюжеттік ойындар оқушыларға бір-бірімен қиял мүмкіндіктерін пайдалануға қол ұшын тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет