Жалпы ережелер 1-бап



жүктеу 423.9 Kb.
бет1/3
Дата23.04.2019
өлшемі423.9 Kb.
  1   2   3

Коммерциялық емес ұйымдар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142 Заңы


МАЗМҰНЫ
1-тарау .   ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1-бап .     Осы Заңмен реттелетін мәселелер 
2-бап .     Коммерциялық емес ұйым ұғымы 
3-бап .     Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдар 
4-бап .     Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары 
5-бап .     Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi 
6-бап .     Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары 
7-бап .     Коммерциялық емес ұйымның атауы және орналасқан жерi 
2-тарау .   КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ 
8-бап .     Мекеме 
9-бап .     Мемлекеттiк мекеме 
10-бап .    Жеке меншiк мекеме 
11-бап .    Қоғамдық бiрлестiк 
12-бап .    Қор 
13-бап .    Қордың түрлерi 
14-бап .    Тұтыну кооперативi 
15-бап .    Дiни бiрлестiк 
16-бап .    Коммерциялық емес акционерлiк қоғам 
17-бап .    Коммерциялық емес ұйымның өзге де ұйымдық-құқықтық нысаны 
18-бап .    Дара кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанында бірігуі
3-тарау .   КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ 
19-бап .    Коммерциялық емес ұйымды құру 
20-бап .    Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары 
21-бап .    Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары 
22-бап .    Коммерциялық емес ұйымның жарғысы 
23-бап .    Құрылтай шарты 
24-бап .    Коммерциялық емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерi 
25-бап .    Коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру 
26-бап .    Коммерциялық емес ұйымды тарату 
27-бап .    Коммерциялық емес ұйымды тарату тәртiбi 
28-бап .    Таратылатын коммерциялық емес ұйымның мүлкi 
29-бап .    Коммерциялық емес ұйымды таратудың аяқталуы 
30-бап .    <*> 
31-бап .    Коммерциялық емес ұйымды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу 
4-тарау .   КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI 
32-бап .    Коммерциялық емес ұйымның қызмет түрлерi 
33-бап .    Коммерциялық емес ұйымның кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы 
34-бап .    Коммерциялық емес ұйымның мүлкi 
35-бап .    Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерi 
36-бап .    Мүдделер қайшылығы 
37-бап .    Мүдделер қайшылығын шешу 
5-тарау .   КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДЫ БАСҚАРУ 
38-бап .    Коммерциялық емес ұйымды басқару негiздерi 
39-бап .    Коммерциялық емес ұйымның басқару органдары 
6-тарау .   МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР 
40-бап .    Мемлекет және коммерциялық емес ұйымдар 
41-бап .    Коммерциялық емес ұйымның қызметiн бақылау 
42-бап .    Коммерциялық емес ұйымның қызметiн тоқтата тұру 
43-бап .    Коммерциялық емес ұйымның, жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңмен реттелетін мәселелер

      Осы Заңмен реттелетiн мәселелер коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты туындайтын қатынастар болып табылады.
      Саяси партиялардың, кәсiптiк одақтардың құқықтық жағдайларының, құрылуының, қызметiнiң, қайта ұйымдастырылуының және таратылуының ерекшелiктерi арнайы заңдармен регламенттеледi.

      2-бап. Коммерциялық емес ұйым ұғымы

      Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

      3-бап. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдар

      1. Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және басқа да заң актiлерiнен тұрады.
      2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (оқшауланған бөлiмшелерiнiң) кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымының қызметiне қолданылады.
      3. Жекелеген коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер осы Заңмен және өзге де заң актiлерiмен реттеледi.

      4-бап. Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары

      Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
      Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттармен айқындалады.

      5-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен


              мiндеттерi

      1. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн коммерциялық емес ұйымдардың:


      1) заңдарда белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға;
      2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар мөрi, мөртабаны және бланкiлерi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген эмблемасы (нышаны) болуына;
      3) меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
      4) мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иемденiп алуға және жүзеге асыруға;
      5) егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, басқа заңды тұлғалар құруға;
      6) филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
      7) қауымдастықтар мен одақтарға кiруге, сондай-ақ олардың қызметiне қатысуға;
      8) жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
      9) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Коммерциялық емес ұйымдар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
      2) белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа
да мiндеттi төлемдердi төлеуге;
      3) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен (мекемелердi қоспағанда) жауап беруге;
      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болуға мiндеттi.

      6-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары

      Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заң актiлерiнде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

      7-бап. Коммерциялық емес ұйымның атауы және орналасқан


              жерi

      1. Коммерциялық емес ұйымның атауы оның атын және ұйымдық-құқықтық нысанының көрсетпесiн қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша ақпаратты қамтуы мүмкiн. 


      Коммерциялық емес ұйымның атауында заңдардың талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетiн атауларды; егер (қатысушылардың есiмiмен үйлесiмдi болмаса не егер жеке есiмiн пайдалануға бұл адамдардың (олардың мұрагерлерiнiң) рұқсатын қатысушылар алмаған болса, адамдардың өз аттарын пайдалануға жол берiлмейдi.
      2. Коммерциялық емес ұйымның тұрақты қызмет iстейтiн органы орналасқан жер оның орналасқан жерi деп танылады.
      3. Коммерциялық емес ұйымның атауы мен орналасқан жерi оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.

2-тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ

      8-бап. Мекеме

      1. Құрылтайшысы басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.


      Мекеменiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiкке құқығы азаматтық  заңдарға сәйкес айқындалады.
      2. Меншiк нысанына байланысты мекемелер мемлекеттiк және жеке меншiк мекемелер болып бөлiнедi.
      3. Мекемелердiң жекелеген түрлерiнiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен реттеледi.

      9-бап. Мемлекеттiк мекеме

      Ескерту. 9-бап алып тасталды - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. Жеке меншiк мекеме

      1. Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн жеке және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттiк құрылымның бөлiгi болып табылмайтын ұйым жеке меншiк мекеме деп танылады.
      2. Жеке меншiк мекеменiң мүлкi оған оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiледi.
      3. Жеке меншiк мекеме өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Ақшасы жеткiлiксiз болған жағдайда мемлекеттiк емес мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

      11-бап. Қоғамдық бiрлестiк

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе қоғамдық бiрлестiк болып табылады.
      2. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) сол бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Өздерi мүшелерi (қатысушылары) ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша олар жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      3. Қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi "Қоғамдық бiрлестiктер туралы"  Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      12-бап. Қор

      1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.

      2. Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешiмiмен тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органы - қордың атқарушы органы тағайындайтын қамқоршылық кеңесi құрылады, ол қор қызметiнiң оның жарғылық мақсаттарына сай келуiне бақылау жасайды, сондай-ақ қордың жарғысында бекiтiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


      Жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар қордың қамқоршылық кеңесiнiң көпшiлiк мүшесi, сондай-ақ осы қордың штаттағы қызметкерлерi бола алмайды.

      3. Қордың атқарушы органы қордың жоғары басқару органының және тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органының (қамқоршылық кеңестiң) шешiмдерi негiзiнде және оларды орындау мақсатында жұмыс iстейдi және соларға есеп бередi.


      Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерi қордың құрылтай құжаттарын, осы заңды және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiн бұза отырып өздерi қабылдаған шешiмдерiнiң салдарынан келтiрiлген шығынның орнын бiрлесе толтыруға мiндеттi. Мұндай шешiм қабылданған кезде қарсы дауыс берген, қалыс қалған немесе отырысқа қатыспаған адамдар шығынның орнын толтыру мiндетiнен босатылады.

      4. Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтерi болуға тиiс. Бiр адамның екi қызметтi қатар iстеуiне болмайды. Басшы құрылтай құжаттарының, қорды басқару органының шешiмдерi негiзiнде қордың атынан мәмiлелер жасауға құқылы. Қордың жарғысында өз бетiнше әрекет етiп, мәмiлелер жасай алатын басқа уәкiлеттi адамдардың қызмет аясы белгiленуi мүмкiн. Қор басшысының сотта, мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда қордың атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етуге құқығы бар.

      5. Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.
      Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқығы жоқ және оларды мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жарғыда белгiленген тәртiппен құрылтайшылардың жалпы жиналысы қордан шығаруы мүмкiн.

      6. Қор жарғыда белгiленген мерзiмде қаржы қызметiн тексерудi жүзеге асыруға мiндеттi. Тексерудi тексерушi немесе аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Тексерушiнi сайлау тәртiбi жарғыда белгiленедi; аудиторлық ұйымдар заңдарда белгiленген тәртiппен тартылады.

      7. Қор өз мүлкін пайдалануы туралы есептерді жыл сайын интернет-ресурстарда орналастыруға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.05.05 N 139; 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Қордың түрлерi

      1. Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтiк, қоғамдық, мемлекеттiк қорлар құрылуы мүмкiн.
      Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм қорлары және өзге де қорлар құрылуы мүмкiн.

      2. Бiр жеке адамның немесе жеке адамдардың - бiр отбасы мүшелерiнiң өзiнiң (өздерiнiң) жеке қаражаттары есебiнен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәландырылған өсиетi бойынша да құрылуы мүмкiн.


      Жеке қордың мүлкi жеке тұлғадан (құрылтайшыдан) немесе жеке тұлғалардан - бiр отбасы мүшелерiнен (құрылтайшылардан) бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, өсиет бойынша түскен мүлiктен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және жеке қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.
      Жеке меншік қор құрылтайшысының (құрылтайшыларының) құқықтары, егер ол құрылтай құжаттарында көзделген жағдайда, мұраның құрамына кіргізілуі мүмкін.

      3. Бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебiнен құрған қоры корпоративтiк қор деп танылады.


      Корпоративтiк қордың мүлкi бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалардан - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардан (құрылтайшылардан) бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және корпоративтiк қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.

      4. Бiр отбасының мүшелерi болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың - қоғамдық бiрлестiктердiң құрған қоры қоғамдық қор деп танылады.


      Қоғамдық қордың мүлкi заңды тұлғалардан - қоғамдық бiрлестiктер мен жеке тұлғалардан бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және қоғамдық қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.
      Қоғамдық қордың мүлкi бiр отбасы мүшелерiнен - аталған қордың бiрден бiр қатысушыларынан түсетiн түсiмдер есебiнен құрала алмайды.

      5. Мемлекеттiк органдардың шешiмiмен құрылған, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы берiлген; қордың мақсаттары мен мiндеттерiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын қор мемлекеттiк қор деп танылады.


      Мемлекеттiк қордың мүлкi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң қаражаты есебiнен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және мемлекеттiк қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.

      6. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мiндеттi төлемдер есебiнен құрылған қорлардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты туындайтын қатынастар осы Заңмен реттелетiн мәселелер болып табылмайды.


      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Тұтыну кооперативi

      1. Мүшелiк негiзде қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.
      Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар да кiре алады.

      2. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 373-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Тұтыну кооперативтерiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша жарнасының енгiзiлмеген бөлiгi шегiнде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.

      4. Тұтыну кооперативi алған кiрiстердi оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

      5. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жинақталып қалған шығынды жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен кейiн үш ай iшiнде қосымша жарналар арқылы жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн.

      6. Тұтыну кооперативтерін құқықтық реттеу ерекшеліктері арнаулы заңнамалық актілерде реттеледі.


      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 373-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      15-бап. Дiни бiрлестiк

      1. Рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен бiрiккен азаматтардың ерiктi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.

      2. Дiни бiрлестiк қатысушыларының (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

      3. Дiни бiрлестiктiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заңмен реттеледi.

      16-бап. Коммерциялық емес акционерлiк қоғам

      1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлiк қоғам деп танылады.

      2. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

      3. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қол қоюы арқылы жасалады.

      4. Коммерциялық емес ұйым ретiнде құрылған қоғамның коммерциялық ұйым болып қайта құрыла алмайтыны сияқты коммерциялық ұйым ретiнде құрылған қоғам да коммерциялық емес ұйым болып қайта құрыла алмайды.


      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар:
      1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор биржаларының қайта құрылу;
      2) коммерциялық акционерлік қоғамдардың «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуы;
      3) Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес құрылған кредиттік бюролардың қайта құрылуы;
      4) мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып қайта құрылуы жағдайларына қолданылмайды.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.21 N 309, 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Коммерциялық емес ұйымның өзге де


               ұйымдық-құқықтық нысаны

      1. Коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.


      2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, кәсiби аудиторлық ұйымдар, пәтерлердің меншiк иелерi кооперативтерi және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
      3. Өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен реттеледi.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.05.05 N 139, 2003.07.09 N 482, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      18-бап. Дара кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды


               тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанында бірігуі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Дара кәсiпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру және қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.

      2. Коммерциялық емес ұйымдар осы ұйымдардың қауымдастықтарына (одақтарына) ерiктi түрде бiрiге алады.

      3. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өзiнiң дербестiгiн және заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 391-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде және тәртiпте субсидиарлық жауаптылықта болады.

      5. Қауымдастық (одақ) мүшелерi, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталған соң өзiнiң қалауы бойынша қауымдастықтан (одақтан) шығуға құқылы. Бұл жағдайда қауымдастық (одақ) мүшесi өзi қауымдастықтан шыққанға дейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша шыққан кезiнен бастап екi жыл бойына оның өзiнiң жарнасына бара-бар субсидиарлық жауаптылықта болады.


      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 391-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қауымдастық (одақ) мүшесi қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында белгiленген реттерде және тәртiппен қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң шешiмi бойынша одан шығарылуы мүмкiн. Қауымдастықтың (одақтың) шығарылған мүшесiнiң жауапкершiлiгiне қатысты қауымдастықтан (одақтан) шығуға жататын ереже қолданылады.

      6. Қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң келiсiмiмен оған қауымдастықтың жаңа мүшесi кiре алады. Қауымдастыққа (одаққа) жаңа мүшенiң кiруi қауымдастықтың (одақтың) ол кiргенге дейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша оның субсидиарлық жауаптылықта байланыстырылуы мүмкiн.

      7. Қауымдастықтың (одақтың) атауында "қауымдастық" немесе "одақ" деген сөздердi қоса отырып, осы қауымдастық (одақ) мүшелерi қызметiнiң негiзгi мәнiне көрсетпе болуға тиiс.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      18-бапты 8-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 12.11.2015 № 391-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДЫ ҚҰРУ,


Каталог: uploads -> document
document -> «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Занды тұлғалар бірлестігінің ХІІI съезінің Қаулысы
document -> Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (1999 ж. 1 шілдедегі №409-1) (ерекше бөлім)
document -> Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім)
document -> Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы
document -> Сынау жүргізуге арналған № шарт Астана қ. 201 жыл «Қазақстан теміржол көлігінде сертификаттау орталығы»
document -> Модернизация это обновление экономики
document -> О награждении знаком отличия Свердловской области


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет