Су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындары үйіне оралып, топан судан қалған дүниелерін ретке келтіріп, түгендеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Табиғи апаттан кейін үйге оралудың қаншалықты қиын әрі ауыр екені қобдалықтарға ғана мәлім. Өйткені аудан орталығындағы үйлерді биыл екінші жыл қатарынан су шайып кетті.

Үйіне күні кеше оралған ауыл тұрғыны Баян Накешова су тасқынынан кейін баспанасын ретке келтіруге тырысуда. Қобданы су басқанда әйел отбасымен ауруханаға көшіріліп, табиғи апаттың беті қайтқанын күтті. Енді су астында қалған дүниелерін түгендеп жатыр. 

“Мысалы, тұрмыстық техника мен ас үй гарнитуры су астында қалды. Жатын бөлме жиһаздары тағы бар. Залға да жиһаз алғанбыз. Оның несиесін әлі төлеп біткен жоқпыз. Бізге көмектеседі деп үміттенеміз. Қиын жағдайда қалдырмайды деп сенемін”, – дейді ауыл тұрғыны. 

Осыдан тура бір жыл бұрын Қобда ауылы су астында қалған еді. Тұрғындар ол күндерді де қорқынышпен еске алады. Бір бұл жолы одан да қатты қорыққан. 

“Былтыр үкімет көмектесті, үй берілді. Біреулер кетті, енді бірі қалды. 30 үй, 150 отбасы болды. Өтемақы берілді. Біреулер жөндеу жұмыстарын жүргізді, енді бірі үйді қайта салды. Біз үйімізді жөндедік”, – дейді Ольга Бирюкова. 

Қазір су тартылды. Қобдада барлығы 288 үй мен 10 әкімшілік ғимаратты су астында қалды. 25 үй толығымен қирап қалды. 40 адам эвакуация пункттерінде қалды. Ауданда залалды бағалау комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

“Техникалық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Комиссия 31-нен бастап жұмыс істеп жатыр. Үйлерден алыс жүруге тырысамыз. Комиссия тексеріп, сараптама жұмыстарына жүргізіп жатыр. Кейін техникалық тексеру жүргізіледі. Содан кейін барып бағасын шығарып адамдарға тиісті заңға сәйкес өтемақы беріледі”, – Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.