Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім



жүктеу 116.13 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі116.13 Kb.
түріКонкурс

«Таран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясы, 111700, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60,№27 кабинет. Анықтама үшін телефон: 8 (71436) 3-60-81, электрондық мекенжайы: s.syzdykov@kostanay.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:


«Таран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне – 2021 жылғы 4 мамырға дейін), санаты Е-R-4 (1 бірлік), лауазымдық еңбек ақысы қызмет өтіліне байланысты 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысты жүргізу. Жастар және балалар бірлестіктерінің дамуына көмек көрсету, жастар және балалар ұйымдарының қызметін үйлестіру және өкілеттік, атқарушы органдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Аудандық, облыстық және республикалық жастар іс-шараларын өткізу бойынша ережелерді, бағдарламаларды құрастыруға қатысу. Аудан аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынастарын қадағалау саласындағы заңнаманың жүзеге асуын қамтамасыз ету. Ұлтаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша мониторинг жүргізу, оларды зерделеу. Жастар және діни бірлестіктерінің мәліметтер базасын қалыптастыру, жинақтау, жалпылау және жіктеу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Жастар істері бойынша кеңестің, діни бірлестіктермен байланыс бойынша кеңестің отырыстарына дайындықты жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу. Кадрлық жұмыс бойынша іс қағаз жүргізу.



Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (философия, халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, филология, дінтану, аударма ісі, шетел филологиясы, теология, түріктану, исламтану), құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, журналистика, аймақтану, қоғамдық байланыс, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), білім (тарих, құқық және экономика негіздері).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі: құқық (құқықтану), қызмет көрсету, экономика және басқару (әлеуметтік жұмыс, аударма ісі, экономика, қаржы), білім беру (тәрбие жұмысын ұйымдастыру) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі:

Қазақстан Республикасының  Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»,  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын).

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы  21ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі (бұдан әрі - Қағида).

Жалпы конкурсқа қатысу үшін  мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білім туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулық туралы медициналық анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, Таран ауданы әкімі аппаратының кадрлар жұмысы бөлімі құжаттардыңкөшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын «Таран ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадрлар жұмысы бөліміне, 27 кабинет, 111700, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60, анықтама үшін телефон 8 (71436)-3-60-81, электронды почта мекенжайы: s.syzdykov@kostanay.gov.kz,қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттарды электронды түрде «Таран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің электрондық поштасына не «Е-gov» электронды Үкімет порталына берген жағдайда, құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Таран ауданы әкімі аппаратының 51 кабинетінде(Кіші зал) әңгімелесуден өтеді.

 Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Таран ауданы әкімі аппараты кадрлар жұмысы бөлімінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар Таран ауданы әкімі аппараты кадрлар жұмысы бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

25.08.2018

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан

________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені________________________________________________________


_________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
_________________________________________________________________

______________                         ____________________________________


  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.



2 қосымша
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІКМЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІКТІЗІМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_______________________________________

т егі, аты және әкесініңаты (болған жағдайда)/


фамилия, имя, отчество (при наличии)
_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)



ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР/ ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)






3.

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi,ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетелтiлдерiнбiлуi/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттiкнаградалары, құрметтiатақтары(болған жағдайда)
Государственные награды, почетные звания(при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня­ется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/
должность, место работы, местонахождение организации

қабылдаған/

приема


босатылған/

увольнения














___________________

Кандидаттың колы/

Подпись кандидата

____________



күні/дата


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет