Жалпы мәліметтер



жүктеу 38.51 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі38.51 Kb.

Муфталар
Жалпы мәліметтер. Машиналар жеке-жеке тораптардан құрастырылады, ал тораптар болса, бір-бірімен муфталар арқылы қосылады және олар тораптар арасындағы күш байланысын қамтамасыз етеді.

Техникада муфта деп, біліктерді жалғастыратын тетікті айтамыз. Муфталар машиналарда көбінесе қозғалтқыш пен редукторды мен атқарушы механизмді жалғастыру үшін қолданылады. Машина жасау өндірісінде муфталар көбінесе мынадай жағдайларда қолданылады:

а) біліктерді өзара жалғастыру үшін;

ә) қозғалтқыштар мен жұмыс істейтін механизмдерді қосу және ажырату үшін;

б) жұмыс істеп тұрған машина бөлшектерін шамадан артық түсетін күштен

сақтау үшін;

в) динамикалық күштерді азайту үшін;

г) машина тораптарын құрастырғанда пайда болатын қателіктерді жою үшін.

Муфталар өздерінің ішкі құрылысына және атқаратын қызметіне қарай бөлінеді:

а) механикалық муфталар;

ә) электрлік муфталар;

б) гидравликалық муфталар.

Машина бөлшектері курсында тек механикалық муфталар ғана қарастырылады.

Механикалық муфталар. Механикалық муфталардың өзі атқаратын қызметіне қарай үш түрге бөлінеді:

а) басқарылатын;

б) басқарылмайтын;

в) автоматтандырылған (өзін-өзі басқарылатын).

Ал басқарылмайтын муфталар:

1) тұйық муфталар;

2) теңелту муфталары;

3) еркін қозғалыс муфталары жатады.

Муфталар арқылы берілетін айналу моментінің мөлшері олардың негізгі сипаттамасы болып табылады.

Тұйық муфталар. Тұйық муфталар біліктерді біртұтас етіп байланыстыруға арналған. Олардың бір кемшілігі, оларды қондыру үшін жұмыс істеп тұрған машиналарды тоқтатып, сол муфта арқылы байланысқан агрегаттарды ось бойынша жылжыту керек. Тұйық муфталар втулкалы және фланецті болып екі түрге бөлінеді.

Втулкалы муфталар. Втулкалы муфталардың құрылысы (1 сурет) қарапайым және көлемі кіші болады. Осыған байланысты жеңіл машиналарда диаметрі 60...70 мм-ге аспайтын біліктерді қосуға жиі қолданылады. Бұл муфталардың ауыр машиналарда қолданылатын себебі монтаждау кезінде біліктерді ось бойымен жылжытуды қажет етеді.

1 сурет. Втулкалы муфта


Втулкалы муфталар біліктерге бірнеше әдіспен

а) конусты немесе цилиндрлі штифт арқылы;

б) призмалы немесе сегментті шпонка және орнықтыру винті арқылы бекітіледі. Втулкалар болаттан жасалады. Кейде неғұрлым көлемді втулка үшін СЧ 12 маркалы шойын пайдаланылады. Муфталардың негізгі өлшемдері: D = (1,5...1,8) d; L =(2...4) d, мұндағы d – білік диаметрі; D – муфтаның сыртқы диаметрі; L – муфтаның ұзындығы. Бұл муфталар штифтің, шпонканың және втулканың беріктігіне есептеледі.

Фланецті муфталар. Фланецті муфта (2 сурет) тұйық муфталардың негізгі түріне жатады. Жалғастырылатын біліктердің ұшына фланецті екі жарты муфта қондырылып, оларды өзара болаттармен бекітеді. Бұл жарты муфталарды бекітетін болаттар саңылаулы және саңылаусыз етіп қойылады.


2 сурет. Фланецті муфта
Айналыс моменті бірінші жағдайда фланецтердің арасындағы үйкеліс күші арқылы берілсе, екінші жағдайда фланецтерді бекіткен болат денесі арқылы беріледі. Саңылаусыз қойылған болаттар Ст5 маркалы болаттан жасалынады. Жарты муфталар маркасы 40, 35 болаттарынан және СЧ28 маркалы шойыннан жасалады.

Теңелту муфталары. Машина бөлшектерін дәл жасамағандықтан және оларды құрастырғанда жіберілетін қателіктерге байланысты көбінесе біліктердің осьтері біріне-бірі сәйкес орналаспайды. Сондықтан оларды өзара теңестіру үшін теңелту муфтасы қолданылады. Теңелту муфталарының негізгі түрлері:

1) тісті муфталар;

2) жылжымалы муфталар;

3) айқас муфталар.



Тісті муфталар. Тісті муфталар (3 сурет) екі ішкі тісті құрсаудан және сыртқы тісті екі жарты муфтадан тұрады. Ішкі тісті құрсау сыртқы тісті жарты муфтаға кигізіледі. Ал жарты муфталар жалғастырылатын біліктердің ұшына отырғызылады. Құрсаулар бір-бірімен болттар арқылы бекітіледі.

3 сурет. Тісті муфта


Тістер саны муфтаның көлеміне байланысты (z = 30...80) алынады. Бұл муфталардың басқа муфталарға қарағанда төмендегідей артықшылықтары бар: а) тісті муфталардың беріктігіне байланысты, олар үлкен күшті, қуатты бере алады; б) тістердің айналу жылдамдығы  = 25 м/с-қа жетеді; в) біліктердің диаметрі d = 40...500 мм және беретін айналу моменті Тайн = 700...10 000 Нм-ге дейін жетеді.

Серпімді муфталар. Мұндағы екі мцфта серпімді элемент арқылы байланысқан. Жарты муфталардың серпімді байланысы мынадай мүмкіндік береді:

а) біліктердің осьтік сәйкессіздігін жою;

б) күштер периоды өзгергенде пайда болатын тербеліс резнансын жою;

в) машина торабында қысқа уақыттың ішінде пайда болатын артық күштердің мөлшерін азайту.

Серпімді муфталардың қатандығы олардың негізгі көрсеткіші болып табылады, ал ол муфта арқылы берілетін айналу моментінің бұралу бұрышына қатынасын көрсетеді.

4 сурет.


Муфталардың резинадан жасалған серпімді элементтерінің негізгі типтері

5 сурет.


Муфталардың болаттан жасалған серпімді элементтерінің негізгі типтері

Әдебиеттер:

негізгі: С.Д. Тәжібаев «Қолданбалы механика»


қосымша: Н.Т. Куклин, Г.С. Куклина «Детали машин»

И.И. Устюгов «Детали машин»

А.И. Аркуша «Техническая механика»



А.А. Эрдеди, Ю.А. Медведев, Н.А. Эрдеди «Техническая механика»

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет