«жалпы психология» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/4
Дата30.09.2017
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.91/03-2015



ПОӘК

«Жалпы психология» оқу-әдістемелік материалдары



№1 басылым


«ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В050300 - Психология мамандығына арналған


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей

2015


Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік сабақтары сабақтар

4 Білім алушылардың өздік жұмыстары



1 ГЛОССАРИЙ


  1. Персонолог – Генри Мюррееидің жеке тұлғаны зерттеушіні атауға берген термин атауы.

  2. Жеке тұлға теориясы - адамның кім екенін, оның белгілі әрекет –қылық көрсетуінің себебі туралы тиянақты жинақталған гипотезалар мен ой қорытындылары.

  3. Жеке тұлға - түрлі психологиялық ерекшеліктері әлеуметтік ортамен шарттас, тұрақты, адамның өзіне де, өзгелер үшін маңызды де болып табылатын адамгершілік әрекеттерін

  4. Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

  5. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.

  6. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  7. Даму - анатомиялық, физиологиялық, әлеуметтік, рухани аспектілердің бір қарқынмен сандық және сапалық жағынан өзгеруі.

  8. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  9. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  10. Орта – организмнің туып, дамып және өмір сүретін сыртқы шарттар, факторлар мен объектілердің жиынтығы.

  11. Онтогенез - жеке ағзаның даму процесі.

  12. Интероверсия – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері.

  13. Экстраверсия – Адамдардың ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыруы.

  14. Генотип – ағзаның генетикалық конституциясы немесе барлық гендер жиынтығы.

  15. Фенотип – сыртқы ортаның әсері барысында онтогенезде дамитын барлық белгілер жиынтығы.

  16. Мотив - адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш (түрткі).

  17. Психологиялық қорғаныс - конфликтіні ұғынуға байланысты туындаған мазасыздану сезімін минимумға дейін апаратын немесе жоюға бағытталған тұлғаның тұрақтануының ерекше регулятивті жүйесі.

  18. Индивидуалдылық - басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді айырмашылықтарымен сипатталатьш адам.

  19. Интроспекция - адамның өзіндік бақылау жолымен психикалық құбылысты тану әдісі, яғни адамның өзі санасында әртүрлі тапсырмаларды шешуде не өтіп жатыр соған назарын салып зерттеуі.

  20. Когнитивті психология - психологиядағы жаңа зерттеу бағыттарының бірі, адамның мінез- құлқын білімдердің динамикасы мен қалыптасу процесі негізінде түсіндіреді.

  21. Тұлға - әлеуметгік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

  22. Тұлғалық мағына - қоршаған орта кұбылыстары мен объектілерге тұлғаның субъективті қатынасы.

  23. Дүние таным - объективті әлем мен ондағы адамның орнына, адамның қоршаған болмысқа, өзіне қатынасына деген көзқарастардың жүйесі.

  24. Психолингвистика - ғылым облысы, психология мен лингвистиканың арасындағы шекара (грань), адамның сөзін, оның туындауын, жұмыс жасауын зерттейді.

  25. Тұлғаның өзіндік анықталуы - проблемді ситуацияда меншікті позицияны бекіту және табудың саналы актісі.

  26. Өзіндік бағалау - тұлғаның өзін бағалауы, өз мүмкіндіктерін, садаларын, басқа адамдардың арасьшдағы орнын бағалауы.

  27. Статус - адамның топтағы жағдай, оның құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

  28. Құрылым - объектінің тұтастығын және өзіне ұқсайтындығын қамтамасыз ететін объектілердің компонентерінің арасындағы орнықты байланыстардың жиынтығы.

  29. Субъект - болмысты өзгертетін және танымның қайнар көзі болатын индивид немесе топ.

  30. Тұлғаның қырлары - индивидтің мінез-құлқының әртүрлі ситуациялардағы орнықты, қайталанатын ерекшеліктері.

  31. Әуестену - ұғынылмаған немесе жеткіліксіз ұғынылған қажеттілік көрсететін психикалык күй

  32. Диспозиция - адамның белгілі бір сыртқы немесе ішкі әрекеттерге дайындығы, бейімдігі

  33. Қызығу - адамның қандайда бір объектіге эмоциялық жоғарғы зейіні 19.Мотив - субъектінің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекетке ояту

  34. Мотивация - организмнің белсенділігін және оның бағытын анықтайтын бағытын шақыратын ояну

  35. Ынталану - әлеуметтік рұқсат етілген көрсеткіштер аркылы әрекет себебін субъектінің рационалды түсіндіруі

  36. Табысқа жету мотиві - әртүрлі іс-әрекетте табысқа жету қажеттілігі және ол тұлғаның орнықты қыры ретінде қарастырылады

  37. Ниет - белгіленген прогаммаға сәйкес әрекетті аяқтауға саналы ұмтылу

  38. Тұлғаның бағыттылығы - орнықты мотивтердің жиынтығы, тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайды.

  39. Қажеттілік - организмнің, индивидтің, тұлғаның бір нәрсеге қатысты мұқтаждығы

  40. Ұмтылу - біріншілей ояну, қажеттілікті сезімдік бастан кешіру

  41. Жетістік тестері - сыналушының нақты білім, ептілік, дағдыларының деңгейін көрсететін психодиагностикалық әдістеме


2.1 ДӘРІСТЕР МАЗМҰНЫ

Модуль 1. Сенсорлық-перцептивті процестер психологиясы

Тақырып. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары. Сенсорлық-перцептивті процестердің түрлері, қасиеттері және ерекшеліктері

1. Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Түйсік – психикалық дамудың көзі ретінде. Түйсіктің танымда, еңбекте, қарым-қатынаста дамуы.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын т б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді.

Түйсік туралы ұғымды толық меңгеру үшін ең алдымен мына тірі материяның жалпы биологиялық қасиеттерін нақтылы айтуымыз керек:



  • Түйсік сезгіштіктің ең маңызды көрінісі.

  • Түйсік организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады.

  • Түйсікте психиканың танымдық, эмоциялық және реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз байланысқан.

Түйсік – біздің айналамызда, ішкі жан (психикалық) дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз.

Адамның дүние шындығы мен болмысын танып-білуі – диалектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның «нақты пайымдау» не «тікелей таным процесі» деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процестері сыртқы заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік – тікелей танымдық процесс. Адамның дүниені танып-білуінің жоғары сатысына жататын процестер – ойлау, қиял, ес те түйсікке сүйене отырып дамиды.

Түйсік себепсіз тумайды. Оның себепшісі – адам айналасындағы реальдық шындық. Сол шындықтың адам сезімдеріне әсер етуіне байланысты ғана ми бейнеленуінен барып түйсік туады. Сонымен сезімдік тану негізінде түйсік жатыр. Түйсіктің өмірлік мәні оның

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсік процесі шығу үшін: - сезім органдарымызға (көзге, құлаққа, терімізге) сыртқы жағынан (ортадан, дүниеден), сыртқы тітіркендіргіштердің (заттың немесе процестің) әсері болуы керек.

Мысалы: көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол нерв талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады.

Түйсік дүниені танып білудің алғашқы жолы - (тікелей көру, есту, сезім мүшесі арқылы). Түйсіктің физиологиялық механизмдері адамдық I- хабардық (сигналдық) жүйеде бейне мен сөздің, өзара әрекеті үстінде пайда болуына байланысты. Таным процесінде – түйсінудің ролі жануарларда – айнала қоршаған дүниеде бағдар анықтаудың жоғарғы формасы.

Адамда – танымның бастапқы сатысы бұл да түйсіктің бейнелеулік өзгешелігін көрсетеді.

2. Түйсіктің физиологиялық механизмдері. Анализаторлар – түйсіктің анатомиялық-физиологиялық механизмі. Рецепторлар – стимулдың физикалық энергиясын жүйке жүйесінің электрофизиологиялық энергиясына өзгертуші.

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнелеуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнелуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.

Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Сөйтіп, қабылдау – бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.

И.П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Анализатор уш бөліктен құралады:


    • рецептор сырттан келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырап отыратын жер;

    • миға баратын жүйке талшықтары, олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады;

    • мидағы түрлі жүйке орталықтары, олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.

Анализаторлардың мидағы ядролары тиісті аймақтарға орналасқанмен, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға да қабілетті. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды.

Түйсіктің физиологиялық негіздері.



  • Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады.

  • Сезім мүшелері дегеніміз – дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға мамандалған анатомиялық-физиологиялық аппарат. И.П.Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын талдағыш (анализатор) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіріледі.

Адамдар мен жануарларла көптеген анализаторлар бар. Олар: көру, есту, қозғалыс, дәм, иіс, тері. Механизм, дәлірек айтқанда организмнің арнаулы нервтік механизмы, адамның өзін-өзі басқаратын системасы. Түйсіктің физиологиялық негіздері осы анализаторларда іске асып отырады. Анализатор – сол нерв системасының негізгі информациялау мүшесі. Организм барлық анализатордан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына қарай орталық нерв системасындағы функцияларын реттеп отырады, И.П.Павлов үлкен ми сыңарлары тітіркеншілікке анализ жасау органы дейді.

Түйсік туғызатын бүкіл физиологиялық аппаратты анализатор деп атайды. Сезім мүшесінің басты бөлігі – сезгіш нервтердің ұштары. Оны рецептор деп атайды. Көз, құлақ, мұрын тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің пецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Жауап қайыру реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі.



Әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ. Психология:Оқулық..-Алматы.,2010.

2. Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. - Алматы, 2002.

3. Жакупов С. Жалпы психология. – А. 2011.

4. Намазбаева, Ж.И. Психология (на каз.яз). - Алматы,2005.

5. Бап-Баба С. Жантану негіздері: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы .-Алматы.,2011.

6. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003.

7. Рубинштейн С.П. Основы общей психологии. - СПб., 2005.

8. Тәжiбаев Т. Жалпы психология. - А., 1993.

9. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – Алматы, 1995.

Тақырып . Сенсорлық процестердің психофизикасы мен психофизиологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктері

Модаль, интенсивтілік, кеңістікті-уақыт құрылымы. Түйсінулердің классификациясы. Экстероцептивті, интероцептивті, проприоцептивті түйсінулер. Механикалық, химиялық түйсіну түрлері.

Түйсіктерді топтастырудың негізгі принциптері. В.Вундтың энергетикалық жіктеуі. Ч.Шерингтон бойынша рецепторлардың жіктелуі. Х.Хед бойынша сенсорлық процестердің эволюциялық жіктелуі. Сезімталдық, сезімталдық табалдырықтары. Түйсіктің заңдылықтары. Синестезия, сенсибилизация, адаптация, түйсіктердің өзара байланысы.

Түйсіктер сезім мүшелерге байланысты көру, есту, тері, иіс, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрлерге бөлінеді.



Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі. Х.Хед бойынша сенсорлық процестердің эволюциялық жіктелуіқолданылады. Тітіркендіргіш пен рецепторлардың жанасуына сәйкес не олардың жанаспауына орай дистанттық және түйісу рецепторлары болып бөлінеді.

Түйсіктердің түрлерін үш топқа бөлуге болады.



  1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстерорецептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады.

  2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интерорецептор деп айтады.

  3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұнын рецепторы проприорецептор деп аталынады.

Орналасуы мен тітіркендіргіштерді қайдан алатынына байланысты рецепторларды Ч.Шерингтон бойынша 3 топқа бөледі: экстереорецептор (көру, есту, тактильдік (сипап-сезу) т.б.); проприорецептор (бұлшық ет, сіңірден шығатын түйсіктер) және интереорецептор (аштықты, шөлдегенді түйсіну) болып бөлінеді.

Организмнің сыртында орналасқан көз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері – экстереорецепторлар. Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді. Бұлшықеттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецепторлар деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе-теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім мүшелерін интереорецепторлар деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процестер болып жатқаны жайлы хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын мұндай түйсіктерді органикалық түйсіктер деп атайды.



Адамның жан-жағында толып жатқан заттар бар, үнемі түрлі құбылыстар болып тұрады. Олардың жеке қасиеттерін бейнелендіретін қарапайым психикалық процесті мамандар түйсік, кейде түйсіну деп атайды. Иә, біз өзіміздің түй сігіміз арқылы айнала-мыздағы заттардың қасиеттерін, қатты, жұмсақтығын, олардың бетінің тегіс немесе кедір-бұдыр екенін, салмағын, температурасын, иісін, дәмін, түсін, дыбыс шығаратынын, шығармайтынын, қоз ғалатын, қозғалмайтынын біле аламыз. Мұның сыртында түйсік арқылы өз денеміздегі өзгерістерді, оның мүшелерінің қозғалысын, қалпын, ішкі мүшелеріміздің жұмысын, оның бұзылуын, тағы да бас қа жағдайларды біліп, қабылдаймыз. Сол себепті психолог-мамандар «Түйсік - әлем жайындағы біздің барлық біліміміздің бұлағы, қабылдау, елестеу, еске түсіру, ойлау секілді күрделі тану процесте рі үшін материал осы түйсік арқылы беріледі...», - дейді. Сезгіштік арқылы түйсіну. Адамның түйсіне алу қабілеті – сезгіштік бол са, ол абсолюттік және айыру сезгіштік деп екіге бөлінеді. Абсолют тік сезгіштік деп жүйке саласының өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуын атайды. Ал тітіркендіргіштердің түйсік туғызатын ең аз шамасы – оның абсолюттік табалдырығы. Жалпы, адам баласының сезім мүшелерінің абсолюттік сезгіштігі өте үлкен. Алайда абсолют сезгіштікте, айыру сезгіштігі де тұрақты емес, түрлі жағдайларға байланысты олар өзгеріп отырады. Осы өзгерулер үш себептен: 1. Сезім мүшелерінің әсер еткен тітіркендіргішке бейімделуіне қарай. 2. Бір мезгілде пайда болатын түйсіктердің бір-біріне ықпалына қарай. 3. Адамның тұрмыс жағдайына, әсіресе, іс-әрекетінің, кәсібінің талабына қарай. Бұл сезгіштіктің өзгеруінің бірінші себептен пайда болатын жағдайы – адаптация, екінші себептен пайда болатын жағдайы – сенсибилизация. Түйсіктің түрлері. Психолог – мамандар көбінесе түйсікті үш топқа бөліп қарастырады. Біз енді соған тоқталсақ: 1. Өзімізден тысқары заттардың, құбылыстардың қасиеттерін сәулелендіретін түйсінулер. Бұл түйсінудің мүшелері дененің бетінде, оған жа-қын жерде. 2. Денеміздің, ішкі мүшелеріміздің күйін (жағдайын) сәулелендіретін түйсінулер. Бұл түйсінулердің мүшелері ұлпалардың ішінде (бұлшық еттерінде), яғни, ішкі мүшелердің бетінде (қарынның, тыныс жолдарының қабырғаларында) орналасқан. 3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты жағдайын білдіретін түйсінулер. Бірінші топтағы түйсінулер. Оған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсінулері жатады. Біз енді оған жеке-жеке талдау жасалық. Көру түйсінулері. Біздің көз алдымыздағы нәрсенің қай-қайсының де белгілі түсі бар. Түс сіз зат – мөлдір, көзге көрінбейді. Біздің түс-терді түйсінуіміз – көру түйсінуі болып табыла ды. Негізінен, көру мүшесін жарық тітіркендіреді, өмірде ұзындығы 390-800 миллимикронға дейінгі (миллимикрон милиметрдің миллиондық үлесі, М.С.) электромагнит толқындары болады, бұл ғылым дәлелдеген ақиқат. Барлық түстер екі үлкен топқа бөлінеді: ахроматикалық түстер, хроматикалық түстер. Ах роматикалық түстер: ақ, қара, сұр түстер. Айналамыздағы түстердің қалғандарының бәрі де – хроматикалық түстер. Олар: қызыл, сары, жасыл және көк түстердің барлық реңктері. Есту түйсінулері. Дыбыс шығатын орыннан жан-жаққа ауа бөлшектерінің бойлық тербелістері тарайды да, дыбыс толқындары адамның есту мүшесін тітіркендіреді. Осы құбылыс – есту түйсінулері болып саналады. Мамандардың пайым дауынша, дыбыс толқын-дарын айыру тербелудің жиілігіне, оның амплитудасына, яғни, тербелудің түріне қарай жүзеге асырылады. Сол себепті, есту түйсінуінің мынандай үш жағы бар: дыбыстың жоғарылауы, бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі; дыбыстың қаттылығы, бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі; дыбыс тембірі, бұл тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздегі деректер бойынша, адам баласының құлағы бір секунд ішінде 16 тербе-лістен 20000 тербеліс шегіндегі тербелістерді сезеді. Тек адам құлағы жиілігі бір секундта 20000-нан асатын тербелістерді шала алмайды. Мұндай тербеліс мамандардың тілінде «ультра дыбыс» деп аталады. Әрбір дыбыс әр қилы түйсіну туғызады. Соған сәйкес оларды музыкалық дыбыстар (ән-музыка аспаптарының үні), айқай – шулар, сан алуан сықырлар, тықыр, дүрсіл, тарсыл, гүрілдеу деп жіктейді. Тері түйсінулері. Мамандар тері және ауыз бен мұрының кілегей қабығының төрт түрлі түй сінулерді білдіруі мүмкін екендігін айтады. Олар: 1. Тигенді түйсіну – тактиль түйсінулері; 2. Салқынды білдіретін түйсінулер; 3. Жылыны білдіретін түйсінулер; 4. Ауырғанды білдіретін түйсінулер.Терінің нүктелері мынандай: Тию нүктелері – тек тактиль түйсінулерді, салқын нүктелері – салқынды, жылу нүктелері –тек жылыны, ауыру нүктелері тек ауырғанды білдіретін нүктелер. Терінің түрлі алаптарының түйсінудің осы ай тылған төрт түрін түрліше сезетінін біз жақсы білеміз. Бір нәрсе тигенде оны тілдің ұшы, саусақтардың ұшы, яғни ең қозғалғыш мүшелер жақсы айырады. Ал адамның арқа тұстары аз сезеді. Тек ауырғанды арқа мен бет терілері тез сезеді де, оны (ауырғанды) бәсең сезетін адам мүшелері – саусақ ұштары, алақан терілері. Бір қызығы, адамның өн бойын сыйпауға қатысатын мүшелері онша ауыра бермейді, олар ауруға бәрінен де жақсы «шыныққан». Ыстық, суықты дененің киім жауып тұратын жерлері тез сезіп, түйсінеді. Олар: белдің, құрсақтың, көкіректің терілері. Екінші топтағы түйсінулер: Оған қозғалыс, денені тең басу, органикалық түйсінулер жатады. Қалғаны үшінші топтағылар. Қозғалыс түйсінулері. «Бұлардың рецепторлары етте, сіңірлерде және буындардың беттерінде болады, - дейді, Б.М.Теплов. Қозғалыс түйсінулері – еттердің жиырылып тартылуын, мүшелердің орналасып, жайласып тұрған күйін, мәселен, қол иықтан, шынтақтан немесе білезіктен қаншалықты бүгіліп тұрғанын білдіретін түйсінуі. Тері түйсінулері мен қозғалыс түйсінулері ұштасып келсе, қол бір нәрсеге тигенін немесе бір нәрсенің батқанын сезеді, мұны сыйпау сезімі дейді». Сипай сезу түйсігі. Ол жөнінде таным процесіне байланысты ең алғаш ой айтқан орыс физиологі И.М.Сеченов. Оның тұжырымдамасы бойынша, Қазақ Кеңес энциклопедиясында мынандай ортақ пікір айтылады: «Сипай сезу түйсігі пас сив (бүткіл денедегі терілер), актив (саусақ, алақан), тікелей және аспаптық (құрал-аспаптар арқылы сезу) болып бірнеше түрге бөлінеді. Осы түйсіктер арқылы адам көзбен көрмей-ақ айналасындағы заттың формасын (қалпын), үлкен кішілігін, кедір-бұдырлығын, қатты-жұмсақтығын, ыссы-суықтығын ажырата алады. Мұндай түйсік терді әрекеттің ықпалымен таң қаларлықтай дәрежеде дамытуға болады. Мәселен, тәжірибелі диірменші ұнды алақанына уқалап көріп, оның сортын, сапасын, саласын айырады, тіпті оның қай жердің бидайынан тар тылғанына дейін айна-қатесіз айтып бере алады. Сипай сезу түйсіктерінің күрделі еңбек процестерін «ұсақ-түйек» деталдарын меңгеруде, музыка аспаптарында ойнауда, шәкірттердің спортпен қол еңбегіне қажетті дағдыларға машықтануын да, сондай-ақ, соқыр, мылқау, керең адамдардың тіршілігінде алатын орны ерекше». Иіс түйсіктерінде. Қазақ психологы Қ.Жарықбаевтың айтуынша, «Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың тал шықтарына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш талшықтары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш талшықтарын тітіркендіріп отырады». Дәм түйсіктері. Тіліміздегі дәм бүршіктері дәмді айыратын мүше болып табылады. Оны ті тіркендіретін белгілі дәмі бар, суға еритін әр түрлі химиялық заттар екені белгілі. Дәмді – ащы, тәтті, тұщы (тұзды), қышқыл деп, төртке бөліп жатады. Дәм түйсіктері адам психологиясына түрліше әсер естетін қасиеттер. Бұл жөнінде қазақ психологы Қ.Жарықбаев былай дейді: «Дәм түйсіктері де адам психологиясына түрліше әсер етіп отырады. Мәселен, дәмді тағамдар – адамның тәбетін арттырады. Тәбет – дәм нервтерін қоздыратын психикалық акт. Асты көңіл қойып, сүйсіне ішу, ыдыс-аяқ пен стол жапқыштардың эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай келуі – адамның жан дүниесіне жағымды әсер етеді. Түйсіктердің басқа түрлері сияқты (көру, есту т.б.) дәм түйсігін де адам тіршілік қажетіне қарай жақсы дамыта алады. Мәселен, тамақ өнеркәсібінде істейтін адамдардың (дегустатор) дәм түйсігі айтарлықтай жетілген. Олар алақанындағы ұнды уқалап көріп, оның қай жердің бидайынан тартылғанын, шараптың дәмін татып, қай елдің жүзімінен жасалғанын бірден анықтай алады». Ә.Алдамұратов: Қабылдау туралы жалпы түсінік. «Егер түйсік айнала дағы заттар мен құбылыстардың жеке қасиет тері мен сапаларының мидағы бейнесі болып табылса, ал қабылдау сол заттар мен құбылыстардың мидағы тұтастай бейнелеуі болыптабылатын тікелей танымдық процесс. Қабылдау түйсіктегідей бір ғана талдағыштың (анатомиялық-физиологиялық жүйке аппараты. –Қ.Ж.) қызметі емес, ол бірнеше талдағыштардың (көру, есту, дәм, иіс т.б.) өзара байланысып, жұмыс атқаруымен пайда болады. Құбылыстар мен зат тарды қабылдау процесінде бұрынғы тәжірибенің мәні ерекше. Тәжірибе қабылдауға ғана әсер етіп қоймай, ол адамның ойы мен іс-әрекетін де билейді». Қ.Жарықбаев: Елестету мен түйсік «Елестеуді түйсік пен қабылдаудан ойлауға өтердегі көпір деуге болар еді. Ол арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса жалпылай бейнелей алуға мүмкіндік алады. Орыс физиологі И.М.Сеченов оны «Заттық ойлау» деп дұрыс анықтаған. Елестету заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың басты белгілерін көрсететін ой-тәсілдеріне (талдау,жинақтау, топтастыру, жүйелеу, сaлыстыру т.б.) көшуде, оның мәнін танып-білуге көмектеседі.Демек, белгілі бір зат жөнінде елесіміз болса ғана, біз оның ерекшелігін, не үшін қажеттігін тезірек ұғынамыз да, еске жақсы сақтай алатын боламыз».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет