Жалпы шығарылған өнім 016 жылдың айында ауданның жалпы шығарылған өнім



жүктеу 255.27 Kb.
Дата22.12.2017
өлшемі255.27 Kb.

Жамбыл ауданының 2016 жылдың 6 айындағы

әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері бойынша

анықтама
Жалпы шығарылған өнім

2016 жылдың 6 айында ауданның жалпы шығарылған өнім көлемі 18 млрд. 164,8 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,0 %-ды құрады (2015 жылдың 6 айы – 17 млрд. 806,9 млн. теңге).



млн. теңге

Атауы

2015 ж.

6 айы

2016 ж.

6 айы

%

ИФО

Ауыл шаруашылығы

5 342,6

5 479,0

102,6

100,8

Өнеркәсіп саласы

2 842,0

3 779,4

133,0

124,8

Құрылыс

1 279,1

1 034,3

80,9

78,0

Бөлшек сауда тауар айналымы

620,9

744,0

119,8

98,5

Көтерме сауда тауар айналымы

7 722,5

7 128,1

92,3

77,2

Барлығы ЖШӨ:

17 806,9

18 164,8

102,0

-

Өнеркәсіп

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіп саласында 3 млрд. 779,4 млн. теңгеге өнім өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 132,9 %-ға орындалды. Ал, нақты индекс көлемі 124,8 %-ға жетіп отыр.

Облыстық көрсеткіштегі ауданның үлесі 2,3 %-ды құрайды (облыстық көрсеткіш – 162 млрд. 396,7 млн.теңге). Жамбыл ауданы басқа аудандармен салыстырғанда 2-орынға орналасты (Меркі ауданы).

Ағымдағы жылдың 6 айында «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-гі 1 млрд. 563,5 млн. теңгеге 123 мың тонна өнім өндірді. Бұл 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 531,2 млн. теңгеге немесе 54,5 мың тоннаға артық орындалған.

Бүгінгі күнге зауыт басшылығы тарапынан «Құмкөл» және «Шалқар» кен орындарымен мұнай шикізатын алу бойынша келісім-шарт жасалған. Қазіргі таңда орын алған экономикалық жағдайда мұнай өнімдерінің құбылмалы бағасына сәйкес, нақты шикізат алуға қысқа мерзімді келісім-шарттар жасалынған. Бұдан бөлек, мазут жіберу бойынша Жамбыл ГРЭС-пен 50 мың тоннаға келісім-шарт жасалған.

Ағымдағы жылдың қараша айында зауытта стабилизациялау учаскесінің және қысымдалған газ сақтау қоймасының құрылысы аяқталады. Құрылыстың құны 2 млрд теңге шамасында. Сауда нарығында стабилизацияланған жеңіл дистиляторға сұраныс жоғары, ал оны алу жолы қысымдалған газ өнімінен айыру процессімен байланысты. Аталған инвестициялық жобаны іске асыру кәсіпорынның өнім өндіру көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кәсіпорын қытайлық «Джунда» консорциумымен 100 мың тонна мұнайды қайта өңдеу туралы келісім жасасты. Осы мақсатта тереңдетілген (екінші қайтара) мұнай өңдеу учаскесі құрылысын жүргізу бойынша бірлескен жобаларын іске асыру мәселесі қарастырылуда. Жобалық құжаттары бар, жобаның құны шамамен 2 млрд теңге. Бүгінгі таңда Аса және Ақбастау ауылдық округтері аумағындағы шаруа қожалықтарынан 55 га жер сатып алу жолдары қарастырылуда.

«АГӨЗ» ЖШС-де 372 адам жұмыс істейді, жұмысшыларды қысқарту жағдайы болған жоқ. Еңбекақы мен салықтар бойынша қарыздары жоқ.

Ағымдағы жылдың 6 айында «КнауфГипсТараз» ЖШС-де 508,7 млн. теңгеге (244,2 мың тонна) гипс өнімдері өндірілді немесе 134,7 %-ды құрады (2015 жылдың 6 айы – 377,6 млн. теңгеге 184,2 мың тонна).

«БиномСтройДеталь» ЖШС-гі 165,2 млн. теңгеге (9,4 мың тонна) темірбетон бұйымдарын шығарды немесе 112,9 %-ға орындалды (2015 жылдың 6 айы – 146,3 млн. теңгеге 10,6 мың тонна).

«Суперфарм» ЖШС-гі 339,2 млн. теңгеге (6 200 мың дана) матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар шығарды немесе 175,3 %-ды құрады (2015 жылдың 6 айы – 193,4 млн. теңгеге 3 999 мың дана).

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 5 млрд. теңгені құрайтын 2 жобаның құрылысы жалғасуда. Олар:

- «Оңтүстік Халал тағамдары» ЖШС-нің ет өндіретін комбинаты. Жобаның құны 2 млрд. 450 млн. теңге жеке қаражаттар есебінен, өндіріс қуаты – тәулігіне 40 тонна «Халал» тағамдар стандартына сәйкес келетін ет өнімдерін шығару. 153 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Комбинатқа Қытай халық республикасынан қажетті құрал-жабдықтар толығымен жеткізіліп (12 контейнер мұздатқыш, 18 контейнер мал сою, 5 контейнер жартылай фабрикаттарды жылжыту линиясы), монтаждау жұмыстары 100 %-ға орындалды. Тексеру іске қосу жұмыстары жүргізіліп, 65 мүйізді ірі қара, 135 ұсақ мал сойылып, тоңазытқыштарға салынды. Ағымдағы жылдың шілде айында бір партия ет өнімдерін Араб мемлекетіне импорттау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда қуаттылығы 2 500 КВт құрайтын трансформаторлы подстанция уақытша іске қосылды.

Салынған инвестиция көлемі 2 млрд. 450 млн. теңге.

- «Aса – DAMU» ЖШС-нің құс фабрикасы. Жобаның құны 2 млрд. 550 млн.теңге. Өндіріс қуаты - бір мезетте 316 мың бас тауық және 84 мың бас балапан өсіріп, жылына 90 млн. данаға дейін жұмыртқа шығару мен 280 тоннаға дейін құс етін өндіру. Нысанда 95 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Жоба бойынша барлығы 19 нысан салынуы тиіс. Қазіргі уақытта нақты іске асырылғаны – 4, оның біреуі балапан өсіруге арналған, қалған үшеуі жұмыртқа беретін тауықтарға арналған корпустар. Балапан өсіруге арналған корпустың құрылысы 100 %, тауықтарға арналған корпустардың құрылыс-монтаждау жұмыстары 65 %-ға орындалған. Қазіргі уақытта 3 корпустың араларынан жұмыртқа тасымалданатын дәліз жасау жұмыстары жүргізілуде. Балапанға арналған корпусқа қажетті құрал-жабдықтар Ресей мемлекетінен жеткізіліп, толық орнатылды. Испания және Украина мемлекетінен келген технолог-мамандармен тексеру-іске қосу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жем-шөп сақтау қоймасының құрылысы басталды.

Салынған инвестиция көлемі 350 млн. теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында электрлі подстанция құрылысына республикалық бюджеттен 529,5 млн. теңге бөлу мәселесі қаралуда. Инвестор өз қаражаты есебінен қалған өндірістік инфрақұрылымды (газ, су, жол) тартуды көздеп отыр.

Ағымдағы жылы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының Индустрияландыру картасына Қаратөбе ауылдық округі Бектөбе ауылындағы «КазУпакТрейд» ЖШС-нің гипс зауытын соғу индустриалдық жобасын ендіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Жобаның құны 1 млрд. 725 млн. теңгені құрайды. Жылдық қуаты 180 мың тонна немесе тәулігіне 450-500 тонна құрылыс гипсін және 100 мың текше метр гипсокартон өндіру. Гипсокартон өндірісінің құрылысы 2017 жылға жоспарлануда.70 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Бүгінгі күнге зауыттың іргетасы қаланып, металл құрылымын (конструкция) құрастыру жұмыстары аяқталды, сэндвич панельдерімен қаптау жұмыстары жүргізілуде. Қажетті құрал-жабдықтар Түркия мемлекетінен жеткізілді.

Құрал-жабдықтар толығымен әкелінген (100 %). 67 тонналық пешке арналған жабдықтар Өзбекстан мемлекетінен жеткізіліп орнатылды. Құрылыста 55 адам жұмыс жасауда (35 адам – «Бекуп» ЖШС, 20 адам – зауыт жұмысшылары). Өндірістік инфрақұрылымды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары 2016 жылдың ІІ-жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, «Жасыл экономиканы дамыту» тұжырымдамасы шеңберінде Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылындағы «Көгенхан» ЖШС-нің 100 МВт-тық күн электр станциясының құрылысын жүзеге асыру көзделуде. Қазіргі таңда инвестор тарапынан электр энергиясын өндіруге квота алынған. Жобаның құны 153,0 млн. Еуроны құрайды. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Өндірілетін электр қуатына тұтыну тарифінің бекітілу мәселесі күтілуде. Тариф бекітілген жағдайда құрылыс жұмыстарын бастап, 2017 жылдың мамыр айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс кезінде 50 адам жұмыс атқарады. 70 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.



Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2016 жылдың 6 айында 5 млрд. 479 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,6 %-ды құрады (2015 жылдың 6 айы – 5 млрд. 342,6 млн. теңге). Ал, нақты көлем индексі 100,8 %-ға жетті.

Облыстық көрсеткіштегі ауданның үлесі 11,6 %-ды құрайды (облыстық көрсеткіш – 47 млрд. 262,7 млн.теңге). Басқа аудандармен салыстырғанда Жамбыл ауданы 7 орынға орналасты (Қордай, Т.Рысқұлов, Меркі, Сарысу, Шу, Жуалы).

Егін шаруашылығы бойынша 243,6 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,3 %-ды құрады (2015 жылдың 6 айы – 962,7 млн.теңге). Нақты көлем индексі 100 %-ға жетті.

Ауданның жалпы жер көлемі 431,3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде егістік жер көлемі 57 718 гектарды құраса, оның 28 927 гектары суармалы, 28 791 гектары суарылмайтын, 970 гектары көп жылдық екпелер, 7 428 гектар шабындық, 177 229 гектар жайылымдық жер учаскелері.

Соңғы үш жыл көлемінде 4 411,23 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынып, қайта айналымға қосылды. Атап айтқанда:

- 2014 жылы 1 271,09 га (53,52 га суармалы егістік, 771,53 га суарылмайтын егістік, 43,84 га шабындық, 402,2 га жайылым);

- 2015 жылы 2 796,61 га (121,92 га суармалы егістік, 1 452,67 га суарылмайтын егістік, 738,02 га жайылым, 484 га бөгде жер учаскелері);

- 2016 жылдың 6 айында 343,53 га (51,09 га суармалы егістік, 75,13 га суарылмайтын егістік, 183,31 га жайылымдық, 34,0 га шабындық).

Аудан бойынша 2016 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 51 404 гектарды құрады. Оның ішінде, 3 510 га күздік бидай (101,4%), 7 503 га жаздық арпа (100,0%), 2 003 га дәндік жүгері (100,2%), 5 281 га майлы дақылдар (101,2%), 1200 га қант қызылшасы (60%), 745 га картоп (100,7%), 5 496 га көкөніс (101,8%), 506 га бақша (101,2%), 25 160 га көпжылдық шөп (104,6 %) егілді.

Бүгінгі күнге 842 га күздік бидай мен 3 018 га жаздық арпа орылып, 1289 тонна бидай мен 5 959 тонна арпа жиналды. Әр гектардан түсім бидай бойынша 15,3 центнерді, ал арпа бойынша 19,8 центнерді құрады.

Ауданда бүгінгі күнге – 290 жылыжай бар (көлемі 15,1 га), оның ішінде Қаратөбе ауылдық округінде – 267, Жамбыл ауылдық округінде – 2, Аса ауылдық округінде – 7, Айшабибі ауылдық округінде – 8, Ақбұлым ауылдық округінде - 6 жылыжай орналасқан. Бүгінгі күнге осы жылыжайлардың 216-да көкөніс дақылдары отырғызылды. Барлық жылыжайлар бойынша 0,58 га қызанақ, 8,9 га қияр және 1,95 га басқа да дақылдар егілді. Олардан 36,6 тонна қызанақ, 717,5 тонна қияр және 94,1 тонна басқа дақылдардан өнім алынды.

2015 жылы аудан бойынша барлығы 517,89 га егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиясымен суғарылды. Ал, биылғы жылы бұл көлемді 206 гектарға ұлғайту жоспарланса, бүгінгі таңда нақты 7 шаруашылықта тамшылатып суару әдісі енгізіліп, жоспар 100 %-орындалды.

Өткен жылы 98 га қарқынды алма бақтары отырғызылса, биылғы жылы 112 га қарқынды (интенсивті) жеміс бақтары отырғызылды («Әулие ата Алма» ӨК – 50 га, «Шайқорық бағы» ӨК - 50 га, «Шоқай-Жеміс» ШҚ – 12 га). Бұдан бөлек, «Сады-Востока» ЖШС-гі 10 га таңқурай отырғызды.

Аудан бойынша 106,3 млн. теңгеге 14 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның ішінде: лизингтік жүйе арқылы 79,9 млн. теңгеге 6 шаруашылық 9 техника, өз қаражаттары есебінен 26,4 млн. теңгеге 3 шаруашылық 5 техника.



Мал шаруашылығында өндірілген өнім 5 млрд. 234,4 млн. теңгеге немесе 119,5 %-ға орындалды (2015 жылдың 6 айы – 4 млрд. 378,2 млн. теңге). Нақты көлем индексі 100,9 %-ға жетті.

Есепті кезеңде 21 079,2 тонна сүт, 4 163,2 тонна ет, 3 486,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт пен жұмыртқа 100,9 пайызға, ет 101,1 пайызға орындалды.

Ауданда ірі қара малының басы – 39 741, қой-ешкі – 236 104, жылқы – 16 435, үй құстары – 77 095 басқа жетті. Түйе малы басы 2 басқа азайып, 55 басты құрады. Шошқа малының саны 1 540 басты құрады.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасының орындалу барысы төмендегідей:

- «Алтын асық» бағдарламасымен Айшабибі ауылдық округі бойынша 2 шаруашылықтың («Заңғар» және «Майда» шаруашылықтары) 2090 бас қой және 18 бас қошқар сатып алу үшін 55,0 млн. теңге несие алды (жоспар – 1675 бас, орындалуы – 2 108 бас немесе 125,8 %);

- «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Жамбыл ауылдық округінен «Ғалым» және «Данияр» шаруашылықтары 421 бас сиыр мен 16 бас бұқа сатып алу үшін 71,25 млн. теңге көлемінде несие алды. Бұдан бөлек, Айшабибі ауылдық округтегі «Асылов А» шаруашылығының 81,2 млн. теңгеге 390 бас сиыр мен 17 бас бұқа сатып алу үшін өтінімі мақұлданды. Ал, Қарой ауылдық округіндегі «Дархан» шаруашылығының 4,0 млн. теңгеге 23 бас сиыр және 1 бас бұқа, Жамбыл ауылдық округіндегі «Мұрат» және «Айша» шаруашылықтарының 36,44 млн.теңгеге 219 бас сиыр және 9 бас бұқа сатып алу үшін өтінімдері қаралуда (жоспар – 455 бас, орындалуы – 1 096 бас немесе 240,9 %);

- «Құлан» бағдарламасы шеңберінде «Шманов» (Аса а/о), «Нарбаев Т» (Жамбыл а/о) және «Мирас» (Қаратөбе а/о) шаруашылықтары 44 бас бие және 19 бас айғыр сатып алу үшін 17,65 млн. теңге несие алды. Бұдан бөлек, 2 шаруашылықтың (Ақбастау а/о «Мұсабеков» және Өрнек а/о «Атшабар» шаруашылықтары) 39,85 млн.теңгеге 69 бас бие және 11 бас айғыр сатып алу үшін өтінімдері мақұлданды. Сондай-ақ, 1 шаруашылықтың (Қызылқайнар а/о «Бірлестік») 2,6 млн. теңгеге 9 бас бие мен 1 бас айғыр сатып алу үшін өтінімдері қаралуда (жоспар – 400 бас, орындалғаны – 63 бас немесе 15,7 %);

- «Ырыс» бағдарламасы бойынша 1 шаруашылықтың (Айшабибі а/о «Рашид») сүтті-тауарлы ферма ашу мақсатында 32 млн. теңгеге 50 бас сиыр сатып алу үшін өтінімдері қаралуда. Бұдан бөлек, басқа қаражат көздері бойынша 2 жоба асырылуда. Атап айтқанда, Айшабибі ауылдық округіндегі «Еділбай» шаруашылығы өз қаражаттары есебінен 100 бас сиыр, ал Қаратөбе ауылдық округіндегі «Бірлік» ШҚ 249 млн. теңгеге 100 бас сиыр (оның 112 млн. теңгесі «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы, 137млн. теңгесі өз қаражаттары есебінен) алуда (жоспар – 3 шаруашылық, 100 %).

- «Жайылымды суландыру» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер «АГРО KZT» 24 млн. теңге өз қаражаттары есебінен 4 ұңғыма қазып, жоспар толығымен орындалды. Бүгінгі таңда субсидия алу үшін құжаттары «Казагромаркетинг» АҚ-на ұсынылды.

Аудан көлемінде 4 410 басқа арналған 7 мал бордақылау алаңдары бар (МІҚ – 3 690 бас, қой – 470 бас, жылқы – 250 бас).

Ауданда 2016 жылға арналған эпизоотияға қарсы атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалып, осы шараларды жүргізуге 89 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 37,5 млн. теңгесі игерілді. Ағымды жылдың 6 айында туберкулезге қарсы 40 000 бас мүйізді ірі қара, 30 бас түйе малдары және 550 шошқа тексеріліп, нәтижесінде ауру малдар анықталған жоқ. Сарып (бруцеллез) ауруына тексеру бойынша 18 900 мүйізді ірі қараның 36-нан, 82 239 бас ұсақ малдың 328-нен ауру анықталды. Ауданда сарып ауруының көптеп тіркелуінің себебі, мал қозғалысының көбеюіне, жыл бойына жайылымға шығарылмай, үй қораларында ұсталуымен байланысты болып отыр. Аудан тұрғындары арасында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Конго-Қырым безгегі ауруына қарсы ауылдық округтердің аумағында жалпы жер көлемі 271,2 га 3 664 ауласына және 7 108 бас мүйізді ірі қараға, 20 963 бас қой-ешкіге, 944 бас жылқыға, 1 511 бас ит-мысыққа, 1 150 бас шошқаға дезинсекция жұмыстары жүргізілді.

Құрылыс жұмыстары

Ағымдағы жылдың 6 айында жалпы көлемі 1 034,3 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді (2015 жылдың 6 айы – 1 279,1 млн. теңге). Облыстық көрсеткіштегі үлесі 3,4 %-ды құраса, басқа аудандармен салыстырғанда 5 орынға орналасты (Сарысу, Шу, Қордай, Меркі аудандары). Ал нақты көлем индексі 78 %-ды құрады.

2016 жылы бюджет қаражаттары есебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарының көлемі 1 049,2 млн. теңгеге жоспарланып отыр. Атап айтқанда:

- 2014 – 2016 жылдар аралығында іске асырылатын Жалпақтөбе ауылының ауыз су құбырын қайта жаңғырту жобасына бойынша осы жылға 827,4 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 542,8 млн.теңгесі игерілді.

- Бектөбе ауылындағы жаңадан салынып жатқан тұрғын үй алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 222,2 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 98,8 млн. теңгесі игерілді.

Негізгі капиталға инвестиция салу

Ағымдағы жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 11 млрд. 003,6 млн. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,3 %-ды құрады (2015 жылдың 6 айы – 8 млрд. 923,6 млн. теңге).

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің облыстық көрсеткіштегі үлесі 11,4 %-ды құраса, басқа аудандармен салыстырғанда Жамбыл ауданы 4 орынға орналасты (Мойынқұм, Шу, Сарысу аудандары).

Бөлшек және көтерме сауда тауар айналымы

2016 жылдың 6 айында бөлшек сауда тауар айналымы 744 млн. теңге немесе 119,8 % болды (2015 жылдың 6 айы – 620,9 млн. теңге). Нақты көлем индексі 98,5 % болып отыр. Облыстық көрсеткіштегі ауданның үлесі 0,8 %-ды құраса, басқа аудандармен салыстырғанда Жамбыл ауданы 6 орынға орналасты (Мойынқұм, Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас аудандары).

Сонымен қатар, көтерме сауда айналымының көлемі 7 128,1 млн. теңгені, нақты көлем индексі 77,2 %-ды құрады (2015 жылдың 6 айы – 7 722,5 млн. теңге). Облыстық көрсеткіштегі ауданның үлесі 9,4 %-ды құраса, басқа аудандармен салыстырғанда Жамбыл ауданы 4 орынға орналасты (Сарысу, Шу, Байзақ аудандары).

Есепті кезеңде бөлшек және көтерме сауда айналымының жалпы көлемі өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда орындалғанымен, нақты көлем индексі төмендеп отыр. Негізінен сауда айналымының нақты көлем индексін есептегенде, бағаның тұтыну индексі негізге алынады. Ал, қазіргі уақытта экономикада орын алған жағдайға байланысты тауар бағасының тұрақсыздығына сәйкес тұтыну индексі де жоғары болып отыр.



Тұрғын үй құрылысы

2016 жылдың 6 айында жалпы алаңы 14 894 шаршы метрді құрайтын 92 жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 172,7 %-ды құрады (2015 жылдың 6 айы – 8 625 шаршы метр). Жалпы облыстық көрсеткіштегі ауданның үлесі 10,5 %-ды құраса, басқа аудандармен салыстырғанда Жамбыл ауданы 2 орынға орналасты (Қордай ауданы).

2016 жылға 29 елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеуге 43 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Салықтар

Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 113,1 %-ды құрады (жоспар 1 326,8 млн. теңге; нақты 1 500,6 млн. теңге).



Республикалық бюджет 103,9 %-ға орындалды (жоспар 477,1 млн. теңге; нақты 495,8 млн. теңге).

Жергілікті бюджет 118,2 %-ға орындалды (жоспар 847,7 млн. теңге; нақты 1 004,8 млн. теңге). Оның ішінде аудандық бюджет 116 млн. теңгеге (жоспар 415,5 млн. теңге; нақты 531,5 млн. теңге) және облыстық бюджет 39,1 млн. теңгеге (жоспар 434,2 млн. теңге; нақты 473,3 млн. теңге) артық орындалды.

Бюджеттің игерілуі

2016 жылдың 6 айында бюджеттің игерілуі 95,9 %-ды құрады (жоспар 5 172,9 млн. теңге; нақты 4 960,3 млн. теңге). Жалпы 212,6 млн. теңге игерілмеді.

Трансферттер бойынша игерілмеген қаражат көлемі 206,6 млн. теңгені немесе 90,1 %-ды құрады (жоспар 2 086,5 млн. теңге; нақты 1 879,9 млн. теңге). Оның ішінде:

- «Жалпақтөбе ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттарына өзгеріс енгізілуіне байланысты қаражаттың игерілуі уақытша тоқтатылғандығына байланысты 199,3 млн. теңге игерілмеді;

- Келісімшарт негізінде ұсталатын 5 % мөлшеріндегі сомалардың Бектөбе ауылының жаңа тұрғын үй алқаптарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары бойынша 1 млн. 179 мың теңгесі және Гродиково ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізу бойынша 4 млн. 634 мың теңгесі игерілмеген;

Жергілікті бюджет қаражаттарының игерілмеген көлемі 5,9 млн. теңгені немесе 99,8 %-ды құрады (жоспар 3 086,3 млн. теңге; нақты 3 080,4 млн. теңге). Атап айтқанда:

- аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2,1 млн. теңге игерілмеген. Оның ішінде төтенше жағдайлардың алдын-алуға аудан резервінен 1,9 млн. теңге бөлініп, игерілмеген. Аудан әкімдігінің қаулысы 24 маусымда қабылданған.

- қалған қаражаттар шартты қалдықтар мен үнемделген шығыстарды құрайды.



Кәсіпкерлік саласы бойынша

2016 жылдың 6 айында аудан бойынша жалпы тіркелген 4626 кәсіпкерлік нысандарында 6761 адам жұмыспен қамтылған. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 7 млрд. 804,5 млн. теңгені құрады.

2016 жылдың 6 айында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 816,3 млн. теңгеге 10 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда:

1-құралы «Пайыздық ставканы субсидиялау» шарты бойынша 7 жоба іске асырылуда:

1) Айшабибі ауылдық округінде орналасқан «Super-Pharm» ЖШС-гі медициналық бұйымдар өндірісіне қажетті шикізат сатып алу мақсатында «АТФ» АҚ-нан 61,1 млн. теңге көлемінде несие алды;

2) Айшабибі ауылдық округіне қарасты «Көкжиек» ШҚ жылты сатып алып, қымыз өндіру мақсатында «БанкЦентКредит» АҚ-нан 24,4 млн.теңге несие алды;

3) Жеке кәсіпкер «Ерменбаева Р» кәсібін кеңейту мақсатында сауынды сиыр сатып алу үшін «ВалютТранзитБанк» АҚ-нан 9 млн. теңге және 21 млн. теңге көлемінде екі несие алды;

4) Жеке кәсіпкер «Алишеров А» Қаратөбе ауылдық округінен Көгалдандыру көшеттерін өсіру мақсатында «Банк Центр Кредит» АҚ-нан 44,7 млн. теңге көлемінде несие алу үшін құжаттарын аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынып, комиссияның оң шешімін алды. Қазіргі уақытта құрал-жабдықтар алу жұмыстары жүргізілуде;

5) Жеке кәсіпкер «Джунисова» Аса ауылынан өз кәсібін кеңейтуге 10,0 млн. теңге көлемінде несие алу үшін құжаттарын жинап, аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынуды жоспарлап отыр;

6) Жеке кәсіпкер «Нурумова Гульдара» Пригородное ауылынан 280 орынға арналған балабақша салу жобасын кеңейтуге 100,0 млн. теңге көлемінде несие алу үшін құжаттарын аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынып, комиссияның шешімін күтуде;

7) «ПХП» шаруа қожалығы Қаратөбе ауылдық округінен жаңа технологиямен пияз өсіру шаруасын жаңғырту мақсатында «Еуразиялық банк» АҚ-нан 13,5 млн. теңге көлемінде несие алу үшін құжаттарын аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынып, комиссияның шешімін күтуде.



3 құралы «Гранттық қаржыландыру» шартымен жеке кәсіпкер «Ахметова» Шайқорық ауылынан Жасанды тоғанда инновациялық жүйемен балық өсіру жобасына 3,0 млн. теңге көлемінде қаржыландыру алып, қазіргі уақытта жобасын іске асыру үшін құрал-жабдықтар алу жұмыстарын жүргізуде.

4 құралы «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» шартымен «Аса-DAMU» ЖШС-нің құс фабрикасын салу жобасына өндірістік инфрақұрылымды жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттары мен мемлекеттік сараптамасы әзірленіп, облыстық аумақтық үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылып, мақұлданды. Қазіргі таңда бұл жобаға республикалық бюджеттен 529,6 млн. теңге бөліну мәселесі қаралуда.

Автомобиль жолдары

Аудан бойынша автомобиль жолдарының құрамы төмендегідей:

- республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 108 шақырым. Оның 58 шақырымы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы;

- облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 85,7 шақырым;

- аудандық маңызы бар жолдардың жалпы саны 31, ұзындығы 237,11 шақырым;

- елді мекендердегі көшелер саны – 445, ұзындығы - 389 шақырым. Оның 119,3 шқ асфальтті төсем, 194,7 шқ шағал, 75 шқ төсемсіз.

2016 жылы автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге барлығы 295,6 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде аудандық маңызы бар 4 жол жөндеуден өткізіледі. Атап айтқанда, Өрнек-Ерназар жолы және Бірлесу Еңбек – Гипс зауыты – Казфосфат жолының бір бөлігінің, Рахат ауылына кіреберіс және Аса ауылының айналма жолдарының жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, 9 ауылдың 21 көше жолдары орта жөндеуден өткізіледі, оның ішінде аудан орталығы Аса ауылында 8 көше. Бүгінгі күнге жалпы 16 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бұдан бөлек, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 22,5 млн. теңгеге 7 ауылдың 9 көшесі жөнделетін болады. Оның 6-ның жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бөлінген трансферттер есебінен 7,0 млн. теңгеге 3 ауылдың 4 көшесі жөнделеді. Оның 2-нің жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жалпы аудан бюджетінен жолдарға 325,1 млн. теңге бөлінді.



Абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру

2016 жылға аудандық бюджеттен елді мекендердің санитариясын камтамасыз ету мақсатында 11 млн. 104 мың теңге бөлінді (ТҮКШЖКжАЖ бөлімі арқылы – 4 млн. 499 мың, округтерге – 1 млн. 564 мың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер есебінен – 5 млн. 041 мың теңге).

Ал, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 31 млн. 059 мың теңге бөлінді (ТҮКШЖКжАЖ бөлімі арқылы – 26 млн. 179 мың, округтерге – 4 млн. 880 мың).

Ағымдағы жылы елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға, атап айтқанда, электр желісінің және трансформаторлардың техникалық қызмет көрсетуге, тұтынылған электр энергиясы үшін коммуналдық ақы төлеуге барлығы 55 млн. 973 мың теңге бөлінді (ТҮКШЖКжАЖ бөлімі арқылы – 47 млн. теңге, округтерге – 8 млн. 973 мың). Бұдан бөлек, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер есебінен 1 млн. 200 мың теңгеге Қаратөбе ауылының электр желісінің қызмет көрсетуіне және 6 млн. 205 мың теңгеге Турксиб ауылының көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.



«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2016 жылға жалпы сомасы 74 млн. 774 мың теңге бөлініп, есепті кезеңде 14 млн 790 мың теңгесі игерілді. Бұл қаражаттарға барлық ауылдық округтер бойынша білім беру және мәдениет мекемелерін, ауылдарды абаттандыру және көшелерін жөндеу сияқты іс-шаралар іске асырылатын болады.



Баға

2016 жылдың 1 шілдесінде тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 114,7 %-ды құрады. Оның ішінде азық-түлік тауарларының тұтыну индексі 112,1 %-ды, азық-түлік емес тауарлары 124,4 %-ды, ақылы қызметтер 108,8 %-ды құрады.

Бүгінгі таңда 33 әлеуметтік маңызды азық түлік түрлерінің ішінде 4-нің бағасы шекті деңгейден жоғары болып отыр. Олар, қарақұмық жармасының 1 кг 320 теңге немесе 50 теңгеге жоғары, 1 сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нанның 1 кг 91,6 теңге немесе 11,6 теңгеге қымбат, жұмыртқаның 10 данасы 250 теңге немесе 35 теңгеге және пастерленген сүт 215 теңге немесе 12 теңгеге шекті бағадан артып тұр.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 1-сұрыпты ұннан пісірілген 600 граммдық нанның сатылу бағасын 55 теңге шамасында ұстап тұру мақсатында облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-нен 3 наубайханаға 127,5 тонна (қаңтар айы – 1 килограммы 60 теңгеден 20 тонна, ақпан айы – 1 килограммы 62 теңгеден 20 тонна, наурыз айы – 1 килограммы 64 теңгеден 30 тонна, сәуір айы – 1 килограммы 64 теңгеден 30 тонна, мамыр айы – 1 килограммы 64 теңгеден 20 тонна, маусым айы 1 килограммы 64 теңгеден 7,5 тонна) ұн сатып алынды (ЖК Хамитқызына – 17,5 тонна; ЖК Шмановқа – 63 тонна; ЖК Қадырқуловқа – 47 тонна). Аталған наубайханалармен бірге Тараз қаласының 9 кәсіпкері ұнды өз көліктерімен аудандағы 17 ауылдық округ елді мекендеріндегі сауда орындарына 52 теңгеден тасымалдап, өткеруде.

2016 жылдың қаңтар айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-гі арқылы аудан аумағындағы 7 ауылдық округтен операторлар белгіленіп, 5 250 кг азық-түлік сатып алынып (4 800 кг қант, қарақұмық пен көкөністер), үстеме баға 5 теңгеден қосылып, сауда орындарында сатылды. Аудандағы 17 ауылдық округтегі 198 шағын сауда орындарымен негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты түрде ұстап тұру және үстеме бағаны көп мөлшерде қоспау туралы 142 меморандум жасалынған.

Аудандағы жұмыс істеп тұрған 27 АЗС-де жанармайдың орташа бағасы төмендегідей:



  • АИ-92 – 125 теңге (шекті баға жоқ);

  • АИ-80 – 89 теңгеден (шекті баға 89 теңге);

  • Дт – 98 теңге (шекті баға 99 теңге).

Жалпы жаңармайдың нақты қоры:

  • АИ-92 - 1 айға қажеттілігі 1500 тонна, нақты қоры 780 тонна;

  • АИ-80 – 1 айға қажеттілігі 900 тонна, нақты 550 тонна;

  • Дт – 1 айға қажеттілігі 1500 тонна, нақты 360 тонна.

Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары

2016 жылдың 5 айында 604 нәресте дүниеге келді, 158 адам қайтыс болды. Халық санының табиғи өсу көрсеткіші 446 адамды құрады. Жалпы аудан халқының саны 79 933 адамға жетті.

Кедейшілік деңгейі 0,3 %-ға, жұмыссыздық деңгейі 4,5 %-ға жетті. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 20 980 теңгені құрады.

2016 жылдың 1 шілдесіне 473 жұмыссыз аудандық жұмыспен қамту бөліміне ресми тіркеуге алынды. Есепті мерзімде 757 адам жұмыспен қамтылды, оның 376-ы тұрақты жұмысқа, 127 адам жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына 71, ақылы қоғамдық жұмысқа 143 адам тартылды, 30 адам кәсіптік оқуға жолданды және 10 адамға шағын несие берілді.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту бөліміне 949 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 823-ы қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 86,7 %-ды құрады.

Ауданда 2 544 мүгедектер тіркелген, оның 1-2 топтағысы 1 267 адам, 3 топтағысы 882 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 395 адам.

ҰОС-ның ардагерлері – 2 адам.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығының ықпал етуімен мүмкіндігі шектеулі 15 азамат жұмыспен қамтылды, оның ішінде 3 адам тұрақты жұмысқа, 4 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 адам әлеуметтік жұмысқа, 1 адам жастар тәжірибесі бойынша және 2 адам кәсіптік даярлауға жолдама алып, 2 адам несие алды.

Аудандық мекемелерге мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында 2016 жылға аудандық бюджет есебінен 4,5 млн. теңге бөлініп, 8 пандус орнату жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 5 білім беру мекемелері (Тайшапов, Ә.Тарази, Сартбаев, Ысмайлов, Жасөркен орта мектептері) және мәдениет саласының 3 ғимараты (аудандық балалар кітапханасы, Ерназар ауылдық клубы, Айшабибі ауылдық мәдениет үйі).

«Жұмыспен қамту - 2020 Жол Картасы» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша жалпы 620,1 млн. теңге қаражат бөлініп, нақты 145 азамат жұмыспен қамтылды (жоспар - 247 адам).

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының 1-ші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 4 білім беру және 4 мәдениет мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы 391,7 млн. теңге бөлінді (республикалық бюджеттен – 215,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 175,7 млн. теңге). Нәтижесінде 66 адам жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-ші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» шеңберінде 40 азаматқа кәсіпкерлік негіздерін оқытуға республикалық бюджеттен 1,8 млн. теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ, өз кәсібін ашу немесе дамыту үшін 72 адамға шағын несие беру мақсатында 213,3 млн. теңге бөлініп отыр (республикалық бюджеттен – 117,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 96 млн. теңге). Қазіргі таңда 10 азаматқа 29 млн. 500 мың теңге көлемінде шағын несие берілді.

Бағдарламаның 3-і бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша жалпы 13,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындарына құру мақсатында 23 адамға 4,8 млн. бөлінді. Есепті кезеңде 29 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 2,4 млн. теңгесі игерілді.

- «Жастар тәжірибесі» бойынша 25 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, 5,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 20 жұмыссыз азаматқа жолдама беріліп, 2,9 млн. теңгесі игерілді. 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

- ағымдағы жылы қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға 2,8 млн. теңге бөлінді, онда 20 азаматты қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 15 адам қайта даярлау және 5 адам біліктілігін арттыру курстарына жолданып, 2,1 млн. теңгесі игерілді. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық сақтау саласында 41 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 93 дәрігерлер мен 455 орта буындағы медицина қызметкерлері бар. Жалпы аудан бойынша 10 мың тұрғындарға дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 12,3 промиль құрайды.

Аудан бойынша 7 жедел жәрдем көрсету бригадасы қызмет көрсетеді (Аса ауылында-2, Өрнек, Шайқорық, Пригородное, Айшабибі және Гродиково ауылдарында бір бригададан). Барлық бригада медицина қызметкерлерімен толық қамтамасыз етілген, яғни 30 фельдшер, 30 диспетчер, 30 автокөлік жүргізушілері бар. 8 жедел жәрдем техникаларының ішінде 1 данасы заманауи жабдықталған автокөлік.

2016 жылдың 4 айында 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 22,82 промильді құрады (2015 жылдың 4 айы – 24,41 промиль). 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші 5,97 промильді құрады (2015 жылдың 4 айы – 6,13 промиль).

2016 жылдың есепті кезеңінде ана өлімі тіркелмеген, ал 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші 8,28 промильді құрады (2015 жылдың 4 айы – 12,48). Қаңтар-сәуір айларында нәресте өлімі бойынша 5 жағдай орын алған (2015 жылдың 4 айы – 8).

100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауырғандар көрсеткішінің коэффиценті 21,3 промильді құрады (2016 жылдың 6 айы – 26 адам науқастанған, 2015 жылдың 6 айы – 19 адам).

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 100 мың адамға шаққанда қан қысымымен науқастанғандар коэффициенті 1 998,2-ні құрады (2015 жылдың 5 айы – 3 063,5), наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіші 60,0-ді құрап (2015 жылдың 5 айы – 63,8), жүйкесі сыр бергендер көрсеткіші 11,3-ке жетті (2015 жылдың 5 айы – 13,8).

Білім саласы

Аудандағы жалпы 38 білім беру ұйымдарының (26 орта, 11 бастауыш, 1 негізгі мектеп) 795 сынып комплектісінде 14 307 балаға 1800 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 94 сынып комплектісінде 1673 бала білім алуда.

2016 жылға білім бөлімінің бюджеті 5 млрд. 307,2 млн. теңгені құрады. Оның ішінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 46,2 млн. теңге қаралды.

2016 жылы аудандық білім беру мекемелерін жөндеуге 301,7 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде «Жұмыспен қамту - 2020 Жол Картасы» бағдарламасы бойынша 4 орта мектепті күрделі жөндеуге жалпы 262,2 млн. теңге, аудандық бюджет есебінен 3 нысанды жөндеуге 39,5 млн. теңге бөлінді.

Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары 98,7 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 77,8 млн. теңге аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 1164 оқушыны тамақтандыруға бөлініп, ағымдағы жылдың 6 айында 40,0 млн. теңгесі игерілді.

2015-2016 оқу жылында 571 мектеп бітірушінің 454-і ҰБТ қатысты. Қатысу пайызы 79,5 %-ы құрап, өткен жылмен салыстырғанда 12,1 %-ды құрады. Жалпы орташа балл 72,8-ді көрсетіп, өткен оқу жылымен салыстырғанда 8,5 баллға кеміді (2015 жылы – 81,43 балл).

ҰБТ тапсырған 454 мектеп бітірушілердің 66-ы шекті деңгейге (50 балл) қол жеткізе алмады, үлесі 14,53 %-ды құрады (2015 жылы – 5,81 % немесе 27 бітіруші).

«Алтын белгіге» ұсынылған 11 оқушының 7-і және «Үздік аттестатқа» үміткер бір оқушы өз білімдерін ақтап шықты.

Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 17 балабақшада (2176 бала) және 18 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (975 бала) барлығы 3151 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 52,0 пайызды (облыстық көрсеткіш 52,3 %) құрады, кезекте 1338 бала тұр. 3 пен 6 жас аралығындағы тәрбиемен қамту көрсеткіші – 70,8 пайызды (облыстық көрсеткіш 75,0 %) құрайды, кезекте 223 бала тұр (2015 ж. 47,4 % және 70,8 %).

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту мақсатында жеке меншік балабақшалар ашу мәселесі кеңінен қолға алынуда. Бүгінгі таңда, аудан көлемінде мұндай сипатта екі нысан бар. Атап айтқанда, Жалпақтөбе ауылында орналасқан 20 орындық «Сұлтан» балабақшасы және ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылған Пригородное ауылындағы 280 орындық «Нұр Әлім» балабақшасы.



Мәдениет

Аудан халқына 19 клуб, 29 кітапхана, 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобиль мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2016 жылдың 6 айында аудан көлемінде жалпы әр түрлі 329 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 47 310 адам қатысты.

«Жұмыспен қамту - 2020 Жол Картасы» бағдарламасы бойынша жалпы 129,5 мың теңге бөлініп, бұл қаржыға 4 мәдениет үйі (аудандық мәдениет үйі, Гродиково ауылының мәдениет үйі, Бірлесу-Еңбек ауылдық клубы, Еңбек ауылдық клубы) ағымды жөндеуден өткізілуде.

Аудандағы кітап қоры 200 мың 333 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 115 мың 635 дана немесе 57,7 %. 2016 жылға кітап қорын ұлғайту үшін 1,2 млн. теңге қаралды.

Сондай-ақ 38 білім беру мекемелерінің 28 спорт залдарында 2842 оқушы 109 спорттық секция мен үйірмелерге қатысады.

Қазіргі уақытта ауданда 137 спорт нысандары бар, атап айтқанда: 1-орталық стадион, 1 спорт кешені, 47 спорт алаңшалары, 53 футбол алаңдары, 30 спорт залдары мен 4 дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын бөлмелер.

Аса және Түрксіб ауылдарындағы №10-шы және №11-ші спорт мектептерінде 1222 бала спорттың 14 түрімен жаттығуда. Ал, «Геккон» спорттық-туристік клубында 44 бала жартасқа өрмелеумен жаттығады.

Аудан бойынша 20 310 адам немесе 25,4 %-ы спортпен тұрақты айналысады. Аудандағы 14-29 жас аралығындағы жастар саны 20 758 адамды құраса, оның 6 089-ы, яғни 29,9-ы дене шынықтыру және спортпен айналысады.

2016 жылға ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға – 2,2 млн. теңге, аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткiзуге – 2,5 млн. теңге, әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан құрама командаларының мүшелерiн дайындау және оларды облыстық спорт жарыстарына қатыстыруға – 2,8 млн. теңге бөлініп отыр.

Бұл бағдарламалар аясында 2016 жылдың 6 айында 112 іс-шара өткізіліп, аталған шараларға 22 992 адам қатысты, сондай-ақ 72 кешенді спорттық іс-шараларға 16 300 адам, ал ұлттық спорт түрлерін насихаттау бойынша 21 іс-шара ұйымдастырылып, 3 215 адам қамтылды.



Каналдар

Жалпы аудан бойынша ұзындығы 529,34 шқ құрайтын 25 канал бар. Оның 307,57 шқ топырақты, 221,77 шқ бетондалған. Өткізу сыйымдылығы – 84,1 текше метрді құрайды. Каналдардың барлығы РГП «Казводхоз»-дың балансында.

Каналдар 3 жүйенің құрамында:

- Аса өзені бойынша – 18 канал (ұзындығы – 394,56 шқ);

- Талас өзені бойынша – 5 канал (ұзындығы – 83,1 шқ);

- Бесағаш қайнары бойынша – 2 канал (ұзындығы – 51,68 шқ).



Су қоймалары мен тоғандар

Аудан көлемінде жалпы сыйымдылығы 21,9 млн. текше метрді құрайтын 7 ауылдық округте орналасқан 22 су қоймалары мен тоғандар бар. Оларда нақты жиналған су көлемі – 11,7 млн. текше метр немесе 53,4 %.

5 су қоймасы бақылауда, 17-і қанағаттанарлық жағдайда. Меншік құқығы бойынша 12-і «Жамбыл су қоймалары» КММ-нің, 9-ы коммуналдық, 1-і жеке меншікте.

Қоғамдық тәртіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі

2016 жылдың 6 айында аудан көлемінде жалпы 376 қылмыстық істер тіркеліп (2015 жылдың 6 айы – 438), өткен жылға қарағанда 14,2 %-ға төмендеген.

Оның ішінде 26 ауыр және аса ауыр қылмыстық істер тіркеліп (2015 жылдың 6 айы - 34), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,5 %-ға азайған. Ашылу деңгейі 85,7 %-ды құрап отыр (2015 жылдың 6 айы – 76,0 %).

Сондай-ақ, көшеде жасалған қылмыстар саны 19-ге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,7 %-ға артқан (2015 жылдың 6 айы – 15).



Ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың 6 айында аудан көлемінде 46 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 73 адам әр түрлі дене жарақатын алған. 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасының саны 48,4 %-ға, ал дене жарақатын алғандар саны 10,6 %-ға артқанымен, қаза тапқандар 57,1 %-ға төмендеген (2015 жылдың 6 айында 31 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 14 адам қаза тауып, 66 адам әр түрлі дене жарақатын алған).

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет