Кейінгі кезде айтыс сахнасынан көрінбей кеткен Айнұр Тұрсынбаева мәдени іс-шараларды өткізетін ұйымдастырушыларға өкпелеп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/

Бүгінде өнер иесі Ыстамбұл қаласына қоныс аударған. Жақында жаңа кәсібінің тұсауын кесу үшін Астанаға келген еді. Әңгіме арасында өнердегі әріптесі Қарақат Әбілдина айтыстан не үшін көрінбей кеткенін сұрады. 

“Айнұр досымыз келіп, көзайым болып жатырмыз. Елге келген сайын бір улап-шулап қаламыз. Үнемі жақсы жаңалықпен келеді. Осы жолы да бір істің басын қайырды. Айеке, өзіңнен тағы қандай жаңалық күтеміз? Айтысқа қашан шығасың?! Қашан біздің әндерімізге сөз жазасың?! Алда көктем, жаңалықтың жаршысы болатын мезгіл келе жатыр. Олай болса жақында Айнұр Тұрсынбаева сөзін жазған жаңа ән күтіңіздер” деп оқырмандарыма хабарлай беремін, – деп әзілдеді Қарақат. 

  • Депутат Ринат Зайытов өнерге қашан оралатынын айтты

  • "Түсінде бір шал аян беріпті": Жүрсін Ерман еміне дәрі табылғанын айтты

Құрбысының тілегіне рақмет айтқан айтыскер ақын сахнадан көрінбей кеткенін мойындап, себебін де түсіндірді. 

“Өнерден алыстап кеткенім рас. Бірақ мені айтыстарға шақырып жүрген жоқ. Шақырса бүкіл тірлікті жиып қойып, ұшып келуге дайынмын. Ұлттық өнерге өлгенше қызмет етемін деген өзіме берген сертім бар. Сондықтан мен айтыстан кеткен жоқпын”,  – деп ақталды өнер иесі. 

Еске салайық, айтыскер ақынның тойға киген көйлегі сынға қалғанын жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.