Жамбыл облысында қант қызылшасын өсірудің Қазіргі кездегі жағдайы және келешектегі мүмкіндіктері мұсабеков Қ.Қ., Ратова А. Б



жүктеу 132.28 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі132.28 Kb.

ӘОЖ 633.63: 664.14
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ӨСІРУДІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ

ЖӘНЕ КЕЛЕШЕКТЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІ
Мұсабеков Қ.Қ., Ратова А.Б.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Қант қызылшасы – ең бағалы техникалық дақыл, оны қант алу және мал азығы үшін өсіреді. Әлемде қант қызылшасын үлкен аудандарда өсіріп одан көп мөлшерде қант өндіретін 50 мемлекетті атауға болады. Осы мемлекеттердің 34 –ін Еуропа елдері құрайды. Жалпы алғанда дүние жүзінде қант қызылшасы 5,6 млн гектар ауданда өсіріліп, жылына орта есеппен 300 млн. тонна қант қызылшасының тамыржемісі жиналады. Яғни, аталған өнім мөлшерінен жылдық өндірілетін қанттың 40%-ы алынады [1].

Қазақстанда қант қызылшасы негізінен Жамбыл және Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. Кезінде (1990 ж.) Республикадағы барлық қант қызылшасы шикізат өндірісінің 60 пайызға жуығы Жамбыл облысының үлесінде болған. Өйткені, Талас пен Шу сынды ірі өзендер орналасқан өңірдің табиғаты, ауа-райы, топырақ құнарлылығы қант қызылшасы дақылын өсіруге өте қолайлы және қант қызылшасынан дайын өнімді өндіретін қант зауыттары да жеткілікті болатын. Облыста Жам­был, Меркі, Шу және Қордай қант зауыт­тары жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істеп тұрды. Ал оны шикізатпен қамтамасыз ете­тін қызылша алқаптары мың­да­ған гектарларды алып жататын.

Жамбыл облысында қант қызылшасы өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында 42 мың гектар алқапқа отырғызылып, тәтті түбірдің өнімділігі әр гектардан орта есеппен 297 центнерді құрап келген болса, ал 1992-2001 жылдары еліміздегі экономикалық қатынастарды нарыққа бейімдеп, қайта құруға және бұрынғы ірі шаруашылықтардың жекешеленіп кетуіне байланысты қант қызылшасы алқаптарының көлемі 5 есеге қысқарып кеткен [3]. Мысалы, 2003 жылы – 5, 2004 жылы – 4,3, 2005 жылы – 1,4 мың гектарға, ал 2006 жылы 209 гектарға ғана қант қызылшасы егілген. 2007 жылы қант қызылшасы мүлде өсірілмеген.

Төмендегі кестеде 1991-2006 жылдары Жамбыл облысында қант қызылшасы егілген алқаптың жалпы ауданы (мың га) келтірілген (кесте 1).


Кесте 1.

Жамбыл облысында қант қызылшасы өсірілген алқаптардың жалпы ауданы




Аудан

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

Байзақ

2,2

2,45

2,1

1,6

1,74

1,71

0,96

0,85

0,61

Жамбыл

2,2

2,5

2,4

2,4

2,1

1,42

0,09

0,74

0,74

Жуалы

0,08

0,3

0,26

0,23

0,32

0,32

0,03

0,15

0,27

Қордай

2,8

3,3

3,3

2,7

1

1,28

0,29

0,82

0,75

Меркі

3,7

3,6

3,6

3,6

3,4

1,69

0,31

0,68

0,68

Мойынқұм

----

0,023

0,11

0,06

0,11

0,07

0,02

0,03

----

Т.Рысқұлов

1

1

1,1

1,1

1

1,11

0,27

0,32

0,34

Сарысу

----

0,021

0,03

0,03

0,02

0,01

----

----

----

Талас

0,06

0,084

0,09

0,1

0,17

0,24

0,09

0,08

0,12

Шу

4,2

5,3

4

4,2

2,05

2,29

0,06

0,54

0,54

Барлығы

16,4

18,6

17,0

16,2

11,9

10,2

2,12

4,23

4,05

Аудан

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Байзақ

1,46

1,47

0,8

1,0

0,85

0,7

0,02

Жамбыл

1,2

0,85

0,85

1,0

0,86

0,22

0,13

Жуалы

0,28

0,25

0,15

0,28

0,23

0,07

0,1

Қордай

0,2

0,1

0,04

0,55

0,33

----

----

Меркі

0,92

0,63

0,65

1,5

1,6

0,27

----

Мойынқұм

----

----

----

----

----

----

----

Т.Рысқұлов

0,23

0,11

0,11

0,24

0,3

0,04

----

Сарысу

----

----

----

----

----

----

----

Талас

0,06

0,06

0,03

0,04

0,003

0,01

----

Шу

0,15

0,06

0,03

0,4

0,1

0,1

0,04

Барлығы

4,5

3,54

2,6

5,0

4,3

1,4

0,29

Қант қызылшасы шаруашылығын осындай тұйықтан алып шығуға, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оны әртараптандыруға бағытталған “Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы” бағдарламасының іске асырыла бастауы түрткі болды. Өйткені осы бағдарламаның аясында елде қант қызылшасы мен қант өндірісін дамыту мәселесі де қаралған болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған “2008-2010 жылдары қант қызылшасын өсіру және қант өндіру” жөніндегі салалық бағдарламаның жобасына сәйкес “Жамбыл облысында қант қызылшасы шаруашылығы мен қант өндіруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы” бекітілген.

Қант қызылшасы шаруашылығын жаңаша дамыту жолының бірі – қант қызылшасы кластерін құру. Кластерлік бастаманы сәтті іске асыру үшін заңнаманы жетілдіру, инфрақұрылым элементтерін құру, инвестициялық нақты жобаларды іске асыру және кадрлармен қамту мәселесін шешу бойынша жалпы жүйелік шаралар қарастырылғаны жөн. Қант кластерін құрудың арқасында Қазақстан әлемдік тауарлармен бәсекеге түсе алатын өнім шығарып, болашақта шикізат тәуелділігінен құтылады. Әрине бұл біркүндік жұмыс емес, сондықтан осы іске мемлекеттік және мемелекеттік емес барлық ұйымдар күш біріктіруі қажет.

Жалпы, қазіргі кезде Жамбыл облысында қант қызылшасын өсіру кезінде төмендегідей мәселелер туындап отыр:

а) қант қызылшасының тұқымын өндіретін элита-тұқым шаруашылығы желісінің және Републикамызда жоғары өнім беретін қант қызылшасының тұқымының жетіспеушілігі, олардың сатылым бағасының қымбат болуы;

ә) қант қызылшасы егістіктерінде арамшөптердің, өсімдіктер ауруларының және зиянкестердің таралуы мен дамуына жүйелі бақылаулардың болмауы;

б) тыңайтқыштардың ең арзан (сапасыз) түрлерінің қолданылуы;

в) тозығы жеткен, ауыстыруды қажет ететін техникалардың көптеп қолданылуы;

г) қант өнімін өндіретін зауыттардың толықтай іске қосылмауы және олардың отандық шикізатты пайдаланбауы.

Осыдан бiрер жыл бұрын Жамбыл облысында қант қызылшасын өндiрудi арттырудың 2012 жылға дейiнгi кешендi бағдарламасы қабылданған болатын. Соған сәйкес, оның көлемi жыл өткен сайын артып, 2011 жылы 7028 гектарға егiлдi. Орасан еңбек пен ерекше күтiмдi қажет ететiн қант қызылшасының бүгiнде 77,7 пайызынан, яғни 5461 гектарынан ғана өнiм жиналды. Қалғаны құрғақшылық салдарынан өнiм бермедi. Аудандарды жыл сайын әлекке салып, бiр қарағанда жоспар үшiн ғана өсiрiлiп жатқан балтамырдың жыры – бүгiнгi қызылша еккендерге оңай тиетiн емес. 2011 жылы Байзақ ауданы – 1502 гектар, Жамбыл – 840, Қордай – 473, Т.Рысқұлов – 48, Шу – 765, Меркі – 2034 гектар (оның 1855 гектарын ҚР қант қызылшасы және қант өндірушілер ассоциациясы өз күштерімен еккен) аумақтан өнім жиналды. Түсім жаман емес, орта есеппен алғанда, гектарына – 193,5 центнерден болды [3].

Қант қызылшасының өнімділігі жоғары болу үшін себілетін тұқым сорты сапалы, мемелекеттік стандарттың талаптарына сай болу керек. Қазақстан Републикасында сұрыптау жетістіктерінің мемлекеттік тізімінде қант қызылшасының өсіруге болатын 26 сорттары мен гибридтері тіркелген. Қант қызылшасының элиталық тұқымдарын өндірумен «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» өндірістік ғылыми орталығының Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы филиалы айналысады. Материалды-техникалық базаның және құнарлы жерлердің жетіспеушілігі себебінен бұл өндіріс орны қант қызылшасының элиталық тұқымын аз ғана мөлшерде шығарады. Бүгінгі күні елімізде тұқым­мен қамтамасыз ету бар болғаны 2 пайызбен шектеледі екен, қал­ға­нының бәрі сырттан әкелінеді. Негізінен фабрикалық қант қызылшасының тұқымын Қазақстанға басқа елдерден: Қырғыз, Германия және Франциядан алады. Ауыл шаруашылығы өнім өндірушілердің тұқымдарының, әсіресе Қырғыз елінен алынған тұқымдырдың сапасының төмендігі, сонымен қатар аудандастырылмаған сорттардың тұқымының егілуі нәтижесінде фабрикалық қант қызылшасының өнімділігі орта есеппен алғанда 150-170 ц/га аспай отыр.

Қызылша егістігінде минералдық және органикалық тыңайтқыштарды дұрыс әрі уақытылы енгізу – өнімді арттырады. Аймақтағы егістік жерлерді қажетті тұқым және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету қиындық туғызуда. Қазақстан Республикасында қант қызылшасының өнімділігін жоғарылататын минералды тыңайтқыштар тапшы және ауыл шаруашылық өнім өдірушілердің қажетті тыңайтқыштардың көп жағдайда ең арзан түрлерін қолданады. Сондықтан, топырақтың құнарлығын және қант қызылшасының өнімділігін арттыру мақсатында пайдаланылатын минералды тыңайтқыштарды өндіретін өндіріс орындарын көбейту, өнім өндірушілердің Қазақстан Республикасында шығарылмайтын минералды тыңайтқыштардың түрлерімен қамтамасыз етілуі үшін мемлекет тарапынан субсидия бөлу керек.

Облыста қант қызылшасын өсіруге көп кедергі болатын факторлардың тағы бір түрі – ағын су тапшылығы. Бұған суғару жүйе­лерінің тозығы жеткендігін, сон­дықтан пайдалы әсер коэ­фициенттерінің төмендеуін қосы­ңыз. Бұл мәселе бойынша суғару жүйелерінде инвентаризациялық жұмыстар жүргізу, тозығы жеткен суғару жүйелерін қалпына келтіру ша­раларын жасау бүгінде мемлекеттік деңгейде шешілуде екен. Алайда, ағын су тапшылығын сездірмейтін, барынша су үнемдейтін, сондай-ақ, ауыл шаруа­шы­лығы дақылдарының түсімін арт­тырып, мол өнім беруге ықпал ете­тін бірден-бір тәсіл – тамшылатып суға­ру технологиясы болып табы­ла­ты­нын естен шығармаған аб­зал. Бұл тәсіл суды 3-4 есе үнем­деумен қатар, су мен қоректік заттарды өсімдіктің тамырына дәл жеткізеді.

Қант қызылшасынан мол өнім алу үшін элиталы тұқым сеуіп, суғарып, қатар аралықтарды өңдеп қана қоймай, сонымен қатар алқапты ауру-зиянкестерден қорғау, өнімді күтіп-баптау мен жинау кезінде қажетті техникалармен қамтамасыз ету қажет. Қант қызылшасы өндірісінде пайдаланылатын техникалардың тозығы жеткен, сондықтан толықтай ауыстыруды, қант қызылшасын өсіруге және қайта өңдеуге арналған машиналарын жасайтын өндіріс орындарын ұйымдастыруды қажет етеді.

Ма­мандардың айтуынша, осын­дай күрделі жағдайларға қа­ра­мас­тан, Қазақстанның қант қы­­зылшасын өндірісін жаңғыртуда мүм­кін­­дік­тері мол. Оған климаттық та­­биғи жағдайлар, қызылша се­бу­ге жарамды жер, су ресурстары дә­лел. Қант қызылшасын өсір­ген өткен жылдар елімізде жо­ға­ры өнім алуға болатынын дәлел­де­ген.



Алайда, қант қызылшасы егілетін алқаптың көлемін ұлғайтуға мән беріп қана қоймай, аймақтағы егістік жерлерді қажетті элиталы тұқымдармен және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, егіс алқабын неғұрлым су көздеріне жақын орналастыру, суғармалы егістік жерлерінде қант қызылшасынан жоғары өнім алуға қол жеткізетін өсіру технологияларын өндіріске енгізуге кедергі болатын жағдайларды анықтап, оларды жоюдың жолдарын қарастыру және жаңа, жоғары өнімділікпен жұмыс істейтін техникалармен дер кезінде жасақтау қажет. Сонымен қатар, қант зауыттарының отандық шикізатты қабылдап, өңдеуін қамтамасыз ету қажет.
Әдебиет


  1. Алшанов Р.А. Казахстан на мировом аграрном рынке: потенциал, проблемы и их решение. Алматы, ТОО "Print -S", 2006. – 344-354 б.

  2. Мәдиев С., жауапты шығарушы Әбдіров Н., «Жамбыл облысының өсімдік шаруашылығы», Тараз, 2008. - 301б.

  3. «Түркістан» газеті, № 22, 10 қараша 2011 ж.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет