Жамбыл облысының Өткені, БҮгіні, болашағы төле С., Айтакова С. А



жүктеу 28.14 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі28.14 Kb.

ӘОЖ:94(574):908
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨТКЕНІ, БҮГІНІ, БОЛАШАҒЫ
Төле С., Айтакова С.А.
Биыл ерте заманда Ұлы Жібек жолы торабында ірі сауда орталығы болған, ал бүгінгі күні Республикамызда өзіндік келбеті мен тарихи орны бар құт мекен – Жамбыл облысына – 75 жыл.Жамбыл облысы – қазақтың кең байтақ даласындағы басын ақ қырау шалған айбынды Талас, Қырғыз Алатауы мен қойнауы маңыраған малға, жайқалған егінге толы Қаратау бөктерінде орын тепкен өлке. Бұл тарих үшін қас қағым сәт болғанымен осы уақыт аралығында өңір көшін өрге сүйреген талай тарпаң тұлғалардың өнегелі өрнектері сайрап жатыр. Бір ғана Түркістан-Сібір темір жолының соғылуы, осы алып құрылыстың басы-қасында Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышпаев сынды Алаштың айбынды ұлдарының болуы төл тарихымыздың бетінде алтын әріптермен жазылып қалды. Осы құрылысқа ондаған мың жамбылдықтың қатысқанын, темір жол магистралінің салынуы нәтижесінде Шу, Қаратау, Жаңатас қалалары мен көптеген кенттік ауылдардың пайда болғанын біреу білсе, біреу білмес. Жамбыл облысының территориясы - Бетпақ-даласынан Тянь-Шаньға дейін Шудан Қаратауға дейін созылады. Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының онтүстігінде орналасқан. 1939 жылы 14 қазанда СССР Жоғары Кеңесінің Президиумымен Оңтүстік Қазақстан бөлігінен құрылған. 1993 жылы 4 мамырда Қазақстанның Жоғарғы Президиумының Қаулысымен орысша атауы Джамбул облысынан Жамбыл облысы болып өзгертілді. Облыс қазақ және совет ақыны, Сталин сыйлығының екінші дәрежелі лауреаты (1941) Жамбыл Жабаевтың (1846—1945) құрметіне аталған.Жамбыл облысы фосфор және плавикошпаттық шикізаттың баға жетпей базасы болып саналады. Облыс түрлі түсті металмен, барит, көмір, техникалық, жөндеу, қаптайтын тастармен, құрылыс материалдарымен бай.Облыс территориясы 144,2 мың кв. км. Облыста 1 млн адам тұрғылықты тұрғындар, оның ішінде 35% басқа ұлт өкілі және 65%-ы қазақтар.Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып есептеледі. Тараз қаласы республиканың ежелгі қалаларының бірі болғандығын б.э.д. 1 ғасырдың ортасындағы қытай жазбаларынан көруге болады. Патшалық Ресейдің 1863-1864 жылдары әскери жаулап алушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына кірген. Осы өңірлерде Сырдария және Жетісу уездері құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған. Үкіметтің 1867 жылғы 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі "Уақытша Ережеге" сәйкес Әулиеата уезі құрылған, ол Сырдария облысына қараған. Оның аумағы батысында Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғызстан Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатқан. Орталығы Әулиета шаһары болған. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін уезд - 1918 жылғы 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болған. 1924 жылы Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамына енген. 1927 жылы әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылған: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына кірген. Өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі проблемаларды шешу мақсатында 1939 жылғы 14 қазанда өз алдына Жамбыл облысы құрылған. Оның құрамына аталған 6 ауданнан басқа Алматы облысынан Қордай, Красногор, Шу, ал 1951 жылы Оңтүстік Қазақстаннан Жуалы ауданы алынған.

Ғасырдан – ғасырға жалғасын тапқан шежірелі тарихын аса құрметпен бағалап, маржандай тізіп, зерттеп – зерделеп оны халқына жеткізіп отырған бүгінгі Жамбыл облысының экономикасы, саяси – мәдени өмірі индустриалды – инновациялық бағдарламаны ″Қазақстан – 2030″ стратегиясы мен жол картасындағы маңызды бағыттарды жүзеге асырып, қарқынды дамып келе жатқан мекен. Бүгінде серпінді жобаларды іске асырып, өркендеп атқарғанынан атқаратын көп іске адымдас басқан Жамбыл облысы 75 жылда түрлі саяси – экономикалық, тарихи – рухани белестерден өтті.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf student550
konf student550 -> Әож 008(075) талас ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері
konf student550 -> Әож 82: 001. Жамбыл облысы флорасындағы melophyta choripetalae өкілдерінің биологиялық ерекшеліктері
konf student550 -> Әож 528. 2/5 ҚашықТЫҚтан аймақтандыру негізінде тақырыптық карталар қҰРУ
konf student550 -> Әож 31. ҚЫзылорда облысының ландшафттық-географиялық жағдайы
konf student550 -> Әож 745. 522: 658. 512. 23 Заманауи бұйымдарды жасауда ұлттық ою-өрнектерді пайдалану
konf student550 -> Әож 620. 193. 01 МҰнай-газ қҰбырларының ішкі бетін коррозиядан қОРҒау жолдары
konf student550 -> Роторлы топырақ лақтырғыштың пайдалану тиімділігін арттыру әбдімәлікұлы А., Мырзашев С. М. Жұмыстың өзектілігі
konf student550 -> Суағарлы бөгеттің ТӨменгі бьефіндегі ағынның артық кинетикалық энергиясын бәСЕҢдетуін эксперименталдық зерттеу райымбаев Н., Кожамкулова Г. Е
konf student550 -> Әож 004. 415. 23 КҮрделі жүйелерді модельдеу программасын қҰРУ
konf student550 -> «2050 Стратегиясы» бойынша дүниежүзіндегі дамыған 30 мемлекеттің қатарындағы Қазақстанның орны Нұрлыбек Ұ., Базылбекова А. Б. 2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет