Жамбыл облысының территориясында таралған қансорғыш масалардың биологиялық ерекшеліктері және олармен күресу шаралары



жүктеу 72.05 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі72.05 Kb.

УДК 503.62 712 (7)
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ТАРАЛҒАН ҚАНСОРҒЫШ МАСАЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
А.Ж.Мурсатова

А.А.Унербекова



Мақалада Жамбыл облысы аумағында таралған қансорғыш масалардың биологиялық ерекшеліктері және олармен күресу шаралары қарастырылған.

Біздің қарастырып отырған маса буынаяқтылар типінің бунақденелілер класына жатады. Буынаяқтылар типі (Artropoda) басқа барлық жануарлар типтеріне қарағанда түрге өте бай, 1500000 астам түрлерден тұрады. Суда және құрлықта тіршілік етеді, оларға буынды аяқтар мен бунақты дене тән. Буынаяқтылар типі 7 класқа бөлінген оның бір класы - Бунақденелілер (Insecta). Бунақденелілер класы үш жұп аяқтары бар барлық кеңірдектынысты буынаяқтыларды біріктіреді. Денесі бас, кеуде және құрсаққа айқын бөлінген. Өкілдерінің көпшілігінің ұшу қабілеті барлық омыртқасыздардың ішіндегі жалғыз осы топқа ғана тән белгі. Бунақденелілер класы басқа кластарға қарағанда өкілдері санына бай. Insecta класына жануарлардың белгілі түрлерінің 70% жатады. Әр түрлі деректер бойынша бунақденелілердің зерттелген түрлері 600000-нан 1500000-ға дейін. Сонымен қатар ғылыми әдебиеттер жылына жаңа түрлер ашылып жатады. Бунақденелілердің түрлері көп мөлшерде кездесетіндігін еске алса, олардың құрлық биоценоздарындағы ролінің үлкендігі түсінікті болады. Сондықтан бунақденелілердің практикалық маңызы өте зор. Зиянкес бунақденелілерге жануарлар мен адамдардың паразиттері мен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын таратушылары жатады. Бунақденелілердің келтіретін зияны тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Тікелей әсер ететіндерге жануарларды тістеп уақытша мазаландыратын және жануар иесінің үстінде немесе ішінде қоныстанып паразитке айналатын бунақденелілер жатады. Эктопаразиттерге әртүрлі қосқанаттылар (Diptera отр.) жатады: масалар (Culex, Anopholes), шіркейлер (Simulium), москиттер (Phlebotomus), бүргелер (Aphaniptera), биттер (Anoplura), кейбір қандалалар (Hemiptera) және басқалар. Бунақденелілердің тигізетін жанама зияны әртүрлі аурулардың қоздырғыштарын таратуы арқылы білінеді. Қансорғыш бунақденелілер ауруларды көбінесе омыртқалы жануарлар мен адамдарға шабуыл жасау арқылы таратады.

Жамбыл облысының табиғаты, температурасының құбылмалылығы, жауын-шашынның әр жылы әр түрлі мөлшерде түсетіндігі, ауаның құрғақтығы және қатты буланғыштығымен сипатталады. Облыстарда ауаның орташа температурасы 6,5-10,5 С° аралығында ауытқып тұрады. Жауын-шашын мөлшері облыстың шөл аймақтарында жылына 100-150мм, жазық дала аймақтарында 150-200мм, тау бөктерінде 300-400мм, тау бастарында 450-500мм-ге дейін түседі. Жамбыл облысындағы қансорғыш масалардың түрлерінің өзгеруі не жиіленуі сулы және суармалы жерлердегі жайылымдарға және табиғи жауын-шашынның мөлшеріне байланысты. Масалардың көбеюіне қолайлы жағдай - жергілікті жердің рельефі, яғни ұсақ және үлкен өзендер мен көлдер, жер асты және жер үсті суларынан пайда болған көлшіктер. Жамбыл облысы су қорларына өте бай. Облыс көлемінде Шу, Талас өзендері алып жатса, көлдерден Билікөл, Алакөл және де басқа кішігірім көлшіктер көптеп орналасқан. Облыстың шөл және шөлейт аудандарында масалар үлкен және кіші көлдердің тұрақты және уақытша өзен жағасындағы жайылымдарда көптеп таралады. Жамбыл облысының таулы аймақтарында масалардың кездесуі тек қана суықты сүйетін стенобионт түрлеріне тән. Әр түрлі экологиялық жағдайларда масалардың бірнеше түрлері тіршілік етеді. Олардың жалпы саны 35 түрді құрайды. Олардың ішінде Anophles туысына 6 түр, 9 түр Aedes туысына, 8 түр Culex туысына және бір-біреуден Uranotaenia Mansonia туыстарына жатады.

Сыртқы құрылысы жағынан қансорғыш масалар басқа қансорғыш жәндіктерден ешқандай айырмашылығы болмайды. Тек ұзын және жіңішке келген шаншып соратын тұмсығымен ерекшеленеді. Масалар - ұзын және жіңішке келген аяғы және жақсы жетілген бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады. Ұсақ түрлерінің мөлшері 5мм, ал ірі түрлері 10-12мм-ге жетеді.

Табиғатта зиянкес "гнус" - қосқанатты қансорғыш масалардың жаулары көп, яғни олардың ауру тудыратын организмдер - вирустар, бактериялар, энтомопатогенді саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, гельминттер және де көптеген омыртқасыздар, жыртқыш насекомдардың дернәсілдері балықтар, құстардың түрлері. Егер табиғи реттеуші (биорегуляторы) болмаса, масалардың жер бетін қаптап кету қаупі айқыннан-айқын. Сондықтан да дүние жүзінің ғалымдары, әcipece энтомологтар, гельминтологтар масаларды зерттеу жұмысына көптеп көңіл бөліп келеді. Бүгінгі күні масаларға қарсы дайындалған тиімді биологиялық препараттар (бактериялық - Bacillus thuringiensis H - 14, B.sphaericus), түсті вирус (радужный вирус, энтомопатогенді саңырауқұлақ түрі - Entomophthora aquatica т.б.) белгілі. Мермитидтерден - Perutilimermis culicis Nickle 1972, Culicimermis schakhovii Rubzov et Issajeva6 1975, Diximermis peterseni Nickle 1969, Reesimermis nielseni Tsai et Grandmann, 1969, Romanomermis iyengari Welch, 1964, Romanomermis altaica, 1977. Бұл, масаның ауру қоздырғыштарының әрқайсының әр түрлі биологиялық ерекшеліктері бар және егер осы патогендер ауырған маса дернәсілдері не қуыршақтары болатын болса, ол міндетті түрде ересек түріне (имагоға) айналмай өледі.

Бұрынғы КСРО территориясында ғалымдардың жүргізген ғылыми зерттеулерінде маса дернәсілдерінің көптеген түрлерінде қарапайымдылар типіне жататын 6ip клеткалы организмдердің (микроспоридия, инфузория, талшықтылар) паразиттік өмip cүpeтіні анықталған. (Рубцов, 1967). Микроспоридиялардың 33-ке жуық түpi белгілі. Олардың споралары 6ip клеткалы. Kөпшілігі бунақденелілер мен басқа да омыртқасыз жануарлардың паразиттері, кейбіреулері балықтарда да паразиттік тіршілік етеді. Спораларының қабығы өте 6epiк. Бip немесе екі ядросы және спираль оратылған атпа жіпшелері бар. Өзінің насеком иесін жаралаған кезде атпа жіпшелерін лақтырып, иесіне жабысып, иесінің ішкі бөліміне өтіп, көбееді.

Инфузориялар экто - және эндопаразиттер болып бөлінеді. Олардың дене пішіні әр түрлі. Денесінің ұзындығы 30-40мкм-ден бірнеше мм-ге дейін. Қaзіргі кезде паразиттік инфузориялардың 120-дан астам турлері белгілі. Олар омыртқалы жануарлардың және де омыртқасыз жануарларда көптеп паразиттік өмір сүреді.

Талшықтылар класының негізгі белгісі - қозғалу органоидтарының қызметін атқаратын 6ip немесе бірнеше талшықтарының болуы. Талшықтылардың көпшілігі паразиттік өмip сүреді. Талшықтылардың паразиттік өмip сүретін түрлері адам мен жануарлардың әртүрлі қауіпті ауруларын туғызады. Мысалы, трипанасома, лийшания және т.б. осы аурулардың таратушы аралық иелері ұсақ қансорғыш бунақденелілер (маскиттер, құмытылар, шіркейлер).

Әдеби деректерге байланысты Қазақстан территориясында Іле және Күрті өзенінің жайылымдарында инфузориямен ауырған масалардың түрлері табылған. Масаның ауру дернәсілдері ашық қоңыр түстес, қозғалуы өте нашар және де судың үстінгі бетінде көптеген өлі личинкаларының жүзіп жүргені кездеседі, яғни маса қуыршаққа айналмай дернәсіл кезінде өлетіні анықталады. Инфузория паразиті маса дернәсілінің ішкі органдарын толық жайлап, иесіне ауру туғызады.

Қазақстан территориясында масаларда микроспоридиялар көптеп табылған. Ғылыми деректерге сүйенетін болсақ микроспоридия ауруымен масалардың дернәсілдері және қуыршақтары ауырады [Левченко Н.Г. және басқалары, 1971].

Мермитидтер - омыртқасыздардың ішкі паразиттері. Олармен ауырған иелері паразит денесінен шығып кеткен кезде өледі, яғни олардың өмір сүруі тоқталады. Мермитидтер өзінің биологиялық ерекшеліктерімен, паразиттік маңызымен бүгінгі таңда ғалымдардың көп ізденісіне ие болып отыр.

Қазақстанда мермитидтердің 40-тан астам түрлері белгілі болса, соның масадан 16 түрі табылған. Көптеген перспективті түрлерінің биологиясы, морфологиялық ерекшеліктері, таралу және лабораториялық жолмен көбейіп, препараттар алу жолдары ғылыми орталықта жүргізілуде. Дегенмен де мермитидтердің биологиясын әлі де толық зерттеу қажет.

Жамбыл облысы Шу-Тасөткел су бассейнінде таралған қансорғыш
масалардан табылған 5 мермитид түрлерінің (Nematoda, Mermithidae)
систематикасы А.К.Артюховский және Н.А.Харченко (1977) классификациясы бойынша берілген.

Тип: Nemathelmintes Schneider, 1866

Класс: Nematoda Rudolphi, 1808

Отряд: Mermithida Artyukovsky et Khartchenko, 1977

Туыс: Perutilimermis Nickle, 1972

Түр: Perutilimermis culicis Nickle, 1972

Туыс: Culicimermis Rubzov et Issajeva, 1975

Түр: Culicimermis schakhovii Rubzov et Issajeva, 1975

Туыс: Diximermis Nickle, 1972

Түр: Diximermis peterseni Nickle, 1972

Туыс: Reesimermis Tsai et Grundmarm, 1969

Түр: Reesimermis nielseni Tsai et Grundmarm, 1969

Туыс: Romanomermis Welch, 1931

Түр: Romanomermis iyengari Welch, 1931

Жамбыл облысында табылған қансорғыш масалардың мермитидтерінің морфологиялық суреттемесі және биологиясы төменде берілген.

Жиналған инвазиялық материалдар лабораториялық жолмен (тұрақты препараттар жасау арқылы және де жоғарыда айтылып кеткен зерттеу тәсілдерін қолданып) түpi, туысы, тұқымдасы анықталды. Анықтау жұмысы ғылыми жетекшімнің көмегімен жасалынды.

Мермитидтер жұмыртқа туу арқылы көбееді. Препаразиттік - инвазиялық дернәсілдер 3-4 күннің ішінде өзінің паразиттік иeci масаның дернәсілдерінің iшінe ауыз қуысы арқылы, масаның дернәсілінің денесін стилеті арқылы тесіп кipy арқылы инвазиядан иесінің майлы азықтық заттарымен қоректеніп өседі. Паразиттік фазасы 15-20 күнге созылады. Содан кейін тастап шығуымен маса дернәсілі өледі, кейбір жағдайларда паразиттік фазасы аяқталмаған мермитидтер иесінің ересек формасына (имаго) өтеді.

Паразиттік өмірді өткен мермитидтер 7-10 күнде ересек жыныстары жетілген мермитидтерге айналып, аналығы мен аталығы шағылысып, жұмыртқа туа бастайды. Аналығы - 1000-ға дейін тipi дернәсілдер туады. Міне, маса мермитидінің бip өмір циклы 35-40 күн, ал жылдың жылы уақытында 3-4 генерациялық цикл береді. Қансорғыш масалардың мермитидін лабораториялық жолмен зерттеу жүргізу нәтижесінде бұл мермитидтердің басқа да гидробионттарға (суда тіршілік ететін омыртқасыздар), қосмекенділерге, балықтарға зиянсыз екені анықталды. Лабораториялық жолмен алынған препаразиттік, яғни инвазиялық мермитидтерді 3-5°С температурадағы таза суда 2-3 ай мезгіліне дейін ұстауға болады. Бұның өзі табиғи жолмен жиналған аталық және аналық мермитидтердің лабораторияда баулып одан инвациялық дернәсілдер алуға болатыны анықталды.

Материал жинаған жер: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу-Тасөткел қоймасы.

Жалпы таралуы: Қазақстан: Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстары және бұрынғы КСРО, Америка.

Қансорғыш масалардың мермитидтері судағы басқа гидробионттарда (шегіртке дернәсілдері, қоңыз дернәсілдері, су шаяндары т.б.) кездеспейді, өйткені олар тек қана масалардың дернәсілдеріне спецификалы.
Әдебиет
1 Андреева Р.В., Спиридонов С.Э. К изучению мермитид рода Pheromermis (Nematoda, Mermithidae) // Паразитология. 1986. - №2. - С. 132-138, вып.20.

2 Артюховский А.К. К разведению Mermithidae в лабораторных условиях //Тр.ХІІ междунар.энтомол. Конгресса (М., 2-9авг. 1968). Л.: Наука.

Таразский государственный университет им. М.Х.Дулати, Тараз

Биологические особенности комаров

кровососов распространенные на территории

жамбылской области и борьба с ними
А.Ж.Мурсатова

А.А.Унербекова


В статье рассмотрены биологические особенности комаров распространенные на территории Жамбылской области и меры борьбы с ними.

Biological features common bloodsucking mosquitoes

in Zhambyl region and their control
A.Zh.Mursatova

A.A.Unerbekova


In the article the biological characteristics of mosquito common in Zhambyl region and their control measures.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет