Жанар Таласпаева, облыстық «Рухани жаңғыру»



жүктеу 50.94 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі50.94 Kb.
түріБағдарламасы

Жанар Таласпаева, облыстық «Рухани жаңғыру»

жобалу кеңесінің жетекшісі


Ұлт жадының тұғырнамасы
Рухани жаңғыру

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы - тарлан тарихтың, бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Жақында сол мақсаттың идеялық және бағыт-бағдарлық жалғасы ретінде "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы халық назарына ұсынылып, ондағы айтылған ой-тұжырымдар ұлт санасында тағы бір серпіліс жасады. Нәтижесінде қазақстандықтар жарқын болашаққа қарай нық қадам басты.

Ел Президенті жүктеген міндетті жүзеге асыру үшін 2017 жылдың 3 мамырында М.Қозыбаев атындағы Солтустік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында "Рухани жаңғыру" аймақтық жобалық кеңсесі құрылған болатын. Өзінің бағыт-бағдарын белгілеп алған жобалық құрылым мемлекеттік қызметшілерді, ғылым-білім және мәдениет ұйымдарының, ішкі саясат пен жастардың ресурстық орталығының өкілдерінің басын қосып, бүгінде көптеген игі іс атқарды.

"Нұр Отан" партиясы, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы, өңірлік коммуникациялар қызметі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, жастар саясаты мәселелері басқармасы, Жастар ресурстық орталығы, С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана, "Абылай хан резиденциясы" мұражай-кешені, білім басқармасы жанынан "Рухани жаңғыру" идеясын талқылауға арналған алаңдар құрылып, қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, қазақ халқының құндылықтарын таныту,жаңарту, насихаттау бағытында шаралар жүзеге асырылуда.

Бағдарламадағы маңызды міндеттердің бірі-қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге бағыталған жұмыстар. Әр кездесу, әр басқосудан кейін әрбір азамат қолданысқа латын әліпбиін еңгізу елдің статегиялық даму жоспарында қаншалықты маызды рөл атқаратындығын терен ұғына түсуде. С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада екі жылдан бері латын әліпбиін зерттеу орталығы жұмыс істейді. Ондағы оқыту курстарына қатысушылардың қатары қалыңдай түскен. Студенттер арасында ұйымдастырылған эсселер байқауы, облыстық мұражай қорында латын қарпімен жазылған "Латын графикасына көшу - мемлекеттік тілдің тірегі" атты тарихи құжаттар көрмесі сияқты іс-шаралар да көпшіліктің басын қосты.

"Туған жер" жобасы қолға алынғаннан бері өңір аумағында меценаттардың қаржылық қолдауымен бірнеше мектеп, мәдени орталық, спорт залдары қайта жа-ңартылды және жаңадан үш спорт алаңы мен бір мәдени орталық бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Мәселен, "Зенченко және К" коммандиттік серіктестігі жалпы құны 1 361 млрд. теңге болатын ірі жоба арқылы халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуға септесті. Вознесенка ауылына тартылған су құбыры, абаттандырылған саябақтар, Есіл өзені арқылы Новоникольск ауылына тартылған автомобиль көпірі, Ленин ауылындағы спорт зал құрылысы сол елді мекендер тұрғындарына үлкен сый болады. «Атамекен» бағдарламасы аясында жобаларды іске асыруға белсенді қатысқан «дайындық» ЖШС-і ауылда дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, үш жаңа үй, Жансүгір батыр кесенесін салды. Осындай әрекеттермен халықтың ризашылығына бөленіп жүрген кәсіпкерлерді әр ауданнан табуға болады.

«Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан ерекше үлесі үшін «Жомарт Жүрек-2018» байқауының облыстық кезеңінде бес аталым бойынша лауреаттар анықталып, салтанатты түрде марапатталды. Онда Алтынбек Сапаров - "Жыл меценаты", Геннадий Зенченко - "Туған өлке", Біржан Шаймерденов - "Жыл тұлғасы", Анатолий Рафальский -"Жылдың үздік ұйымы", Гүлназ Садықова "Ерен еріктілік" аталымдары бойынша жеңімпаз деп танылды. Республикалық кезеңде Алтынбек Сапаров пен Біржан Шаймерденовтің асығы алшысынан түсіп, жеңіске жетті.

Солтүстік Қазақстан облысы туризмді дамыту жолында үлкен әлеуетке ие. Айыртау ауданы аумағындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленуде. Жыл сайын бұл курорттық аймаққа 30 мыңнан астам турист келеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен Ботай қонысы үш республикалық мұражай-қорықтың ("Бозоқ", "Ботай" және "Сарайшық") қатарына кірген болатын. Мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында онда энеолит дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан тайпаларының мәдениет ескерткішін салу бойынша жұмыстар жалғастырылады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінбекші.

Ұлт саулығы- мемлекеттің басты ұстанымы. Біздің өңірімізде де осы мақсатты жүзеге асыру жолында біраз жұмыстар атқарылуда. Әлемдегі қазақ жастары арасында шағын футболдан «Ер Жәнібек» Халықаралық, республикалық форматта іс-шаралар өткізу -туристерді тартудың тағы бір тәсілі.

2018-2019 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының бастауыш және орта білім беру ұйымдары жанындағы мұражайларды дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Бағдарламалық мақала іске асырылғаннан бері 40-тан астам мұражай ашылды. "Саналы азамат" жобасы негізінде Петропавл қаласындағы №17 үлттық өркендеу мектеп-кешенінде республикада бірінші болып жоғары сынып оқушыларына арналған бизнес-офис аштық.

"Өлкетану" бағыты бойынша солтүстік қазақстандық 5-7-сынып оқушыларына арналған "Өлкетану" оқулығы жарық көрді. Алдағы жылдан бастап оқулық қолданысқа енгізіледі. Сондай-ақ, жасеспірімдер туризмін дамытып, түрлі экспедициялар мен жорықтар ұйымдастырылды. Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат акциясы шеңберінде Шымкент қаласы мен Жамбыл облысынан 100 бала бізге қонаққа келді. Одан кейін осы өңірлерге біздің 70 оқушы сапарлап қайтты.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асырудағы негізгі міндеттердің бірі-қасиетті жерлердің тарихын зерделеу. Солтүстік Қазақстан облысынан жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне алты нысан, дәлірек айтсақ, Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені, Ботай қонысы, «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешені, Құлсары батыр жерленген орын, Сырымбеттегі Айғаным қоңысы, Қожаберген жырау жерленген орын кіреді.

"Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет" жобасына қатысты айтар болсақ, өңірімізде талабымен көпшілікті тамсандырып жүрген өнерпаздар аз емес. Олардың арасында шетелдерге шығып, қазақстандық мәдениетті әлемге танытып жүргендері де бар. Осы мақсатта "Солтүстік Қазақстан облысы театрларының көшпелі турлары" кіші жобасы әзірленіп, солтүстікқазақстандық әртістер Ресей, Беларусь, Германия, Болгария, Италия, Испания, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай елдеріне барып, өнер көрсетіп қайтты. Біздің жерлесіміз, талантты актриса Самал Есләмованың \/-ші Канн кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі" аталымын жеңіп алуы жерлестері үшін үлкен қуаныш болды.

Президенттің бастамалары ғалымдарды, шығармашылық адамдарын дамуға, өзінің зияткерлік әлеуетін жетілдіруге шабыттандырады. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің ғалымдары "Туған жер" бағдарламасы бойынша бірнеше ғылыми материалдар әзірледі. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы ұлттық ономастиканың тарихи және лингвистикалық мәселелері, жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жөніндегі жұмыстардың маңызды бағыты, абылайтанудың тарихнамалық және тарихи мә-селелері, Солтүстік Қазақстанның тарихи ономастикасы, мағжантанудың өзекті мәселелері тақырыптары әртүрлі форматта ұсынылды.



Казакстандықтардың санасын жаңғырту-қоғамның өзгермелі жаһандық үдерістерге бейімделеуінің басты қадамы. Сондықтан әрбіріміз мақаланың маңыздылығын терең түсініп, айтылған идеяларды жүзеге асыруға белсене қатысуымыз керек. Қазіргі уақытта 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспар бағдарламаның негізі 7 арнайы бағыты аясында жүргізіледі.
// Қызылжар нұры.- 2018.- 28 желтоқсан.
Каталог: files -> user
user -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
user -> Виктор бондаренко
user -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
user -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
user -> Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»
user -> Жылдың басты оқИҒалары
user -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет