Жансүгіров ауылдық округ әкімі Б



жүктеу 80.11 Kb.
Дата26.06.2018
өлшемі80.11 Kb.

Матай ауылдық округі бойынша 2016 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.

Матай ауылдық округы бойынша 2016 жылғы санағында (Құрақсу ауылы қосылғаннан кейін) 4254 адам санақтан өтті. Сонын ішінде әйелдер 2121, ерлер 2133 адам.

Туылған бала саны 2015жылы -82 бала, 2016 жылы -66 бала.

Пайдаланылып жүрген ауылшаруашылық жайылым жері Құрақсу қосылғанда-133939 га.

Ұлт жоспарының ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану

35 –қадамына сәйкес,

Матай ауылдық округі бойынша 27 шаруа қожалығы жұмыс атқарады.

Округ шаруа қожалықтарының иеліктерінде 9 мың 894 гектар ауылшаруашылық жерлері бар, оның ішінде жайылымы 9795 гектар, шабындығы 99 гектар жер.

2016 жылғы 1 қаңтарға Матай ауыл округінде (Құрақсу ауылымен) барлығы ірі –қара 3705 бас. Қой 5241 бас, ешкі 2761 бас, жылқы барлығы 616, түйе саны 37 бас болды.

2015 жылғымен салыстырғанда ірі –қара, қой - ешкі азда болса басы артқан, жылқы 97 басқа, түйе 7 басқа артқан.

Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу  ресімдерін жеңілдету, ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу, барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру туралы 36 қадамына сәйкес:

2016 жылы пайдаланбай жатқан 4360 га жер анықталған.

Оның ішінде: 1380га жер Бақтыбай Саурановтың жері инспекция арқылы аудандық жер қорына қайтарылды. 1500 гектар (Абдрахманов Күріш, Жаманов Жанат, Жакупов Сабырхан) жерден иелері өз еріктерімен бас тартып аудандық жер қорына қайтарылды.

1200 гектар жер (Сыдықбеков Саят, Мастекбаев Мүсіркен) соттың қарауында.

280 гектар жер (Қасенов Талап, Шаженова Күлшағи) жер инспекция қарауына берілген. Барлығы да жайылым жерлер.

Матай округінде жекеменшік малдарды егіп емдеу, індеттік аурулардың алдын алу шаралары жүргізілді Ветеринариялық алдын алу, диагностикалық шаралардың жоспары орындалады Ауыл малдары малдәрігерлік шаралардан биылғы жоспар бойынша толығымен өтті. Жұқпалы туберкулез және бруцеллез ауруларына барлық малдардан қан алынып тексерілді. Нәтижесі таза.

Жыл сайын қаңғыбас иттерді ату ұйымдастырылады. 2016 жылы атылған иттердің саны 92 ит.
2016 жылы Матай ауылына тартылған Инвестиция қортындысы 17 млн теңге, оның ішінде:
Әділбек Егеубекұлы өзіңіздің бастамамыңызбен басталған «Туған жерге туыңды тік» акциясы бойынша Есембеков Мақсат 10 млн теңгеге орталық монша құрылысын бітіріп, Абеуов Қанат «Тұрмыстық қызмет көрсету үйін» 7 млн теңгеге салып 2016 жылы пайдалануға берді.
Кейінгі жылдары тұрғындардың өз қаражаттарына жаңадан жыл сайын Матайда 2-3 үй салынып (Шарипбаев Нұрдаулет, Берденбеков Аслан, Усенов Асхат) ауыл көркейуде.
Бизнес жол картасы – 2020

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1 бағыты(инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту) бойынша жол құрылысына 5 адам алынып, жұмыс жасады.

2 бағыты (кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша) 2 адам (Данысбеков Ераділ -1500000 теңге, Қазамбаева Күнсұлу-1600000 теңге) шағын несие мал өсіру үшін алды.

3 бағыт (жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыру) Әлеуметтік жұмыс орнына (Құрақсу ауылы тұрғыны Исағұлов.Талғат) 1 адам Жұмашев Қанаттың шаруа қожалығына жұмысқа орналасты.

2 адам 3 айлық курста( Жансүгіров политехникалық колледжінде) оқып жұмысқа орналасты (Ербатыров Серікбол, Ерасилов Мұхит –балабақша)

1 адам жастар практикасына жолданды. (Иманғалиева Айым)

2016 жылы жұмыспен 77 адам қамтылды, 77 адамның зейнетақы қорына аударымдары бар.


Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына Матай ауылдық округі бойынша отын сатып алуға 177 маманға-1млн.876 000 мың тенге берілді. Алтын және күміс алқа алуға 3 ана кұжаттарын толтырып өткізді. Осы аталған көмектер, жердемақы алу үшін ауыл тұрғындарына кұжаттарын тексеріп, әзерлеп, толтырып әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізілді.



Матай ауылдық округі бойынша 2016 жылы мүгедек азаматтарға, жалғыз басты жағдайы төмен қарттарға, аз қамтылған азаматтарға, жетім балалар, көп балалы аналарға, және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төмендегідей көмектер мен қайырымдылықтар көрсетілді: Жалғыз басты ана Ушкова Аннаның үйіне жөндеу жүргізіліп, сыланып, әктелді. Аз қамтылған аға-апаларымыз 3топ мүгедек Сарсеков Тлеухамитпен Надежда Матвееваныңа, үйлеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалғыз басты Қоспаева Асхабужамал апамыздың үйін, ауласын жинатып, қысқы жағатын отынын дайындап бердік.

1 маусым балалар күніне орай іс шара ұйымдастырылып өнерлерін көрсеткен балаларға 30000 теңге силықтар жасалып балаларға берілді. (Астана күні)

1-қыркүйек «Мектепке жол» акция барысында Матай орта мектебінің аз қамтылған 35-оқушысына Матай жол дистанциясының филиалы басшысы Нияз Жұмабекұлы 25000 теңге, Каусар балабақшасы меңгерушісі Ажар Орынғалиқызы 5000 теңге, мектеп ұжымы 300000 мың теңге, барлығы 330000 теңгеге әр оқушыға 9500 мың теңге көлемінде киім-кешек, керек заттар алып берілді.

Ауыл мешітінде «Құрбан айт» күні қайрымдылық көмектер көрсету барысында мүмкіндігі шектеулі мүгедектер, аз қамтылған азаматтар, жалғыз басты жағдайы төмен қарттар, жеттім балалар көп балалы жанұяларға барлығы -61 адамға ет таратылды, барлығы 19 қой сойылды. Бұл шараға барлық теміржол мекеме басшылары ЭЧ-20 Ахмолданов Әділкез Сатыбалдыұлы, ТЧЭ-26 Есболов Нұрбек Сатыбалдыұлы 2 бас, СКД-7 басшысы Самбетов Элдар Ермолдаұлы, ПЧ-басшысы Мүлкебаев Нияз Жұмабекұлы, ДС- басшысы Дюзелбаев Дүйсен Балқыбекұлы, Өрт сөндіру поезы басшысы Алпысбаев Ерлан Тұрғанбекұлы, Мектеп директоры Замзагүл Заманбекқызы Тлеубекова, Балабақша меңгерушісі Ажар Орынғалиқызы, аурухана бас дәрігері Тоқтасынова Ботагөз Тезекбайқызы Әкімдік пен жеке шаруа қожалықтары басшылары (Еспембетов Қыдырғали, Байсалбаев Қайрат, Сазанбаев Әсет) және ауыл имамы Рүстенбеков Нұрмұханбет ат салысты

4-қазан күні «Халықаралық қарттар» күні орай Матай орта мектебінде іс шара ұйымдастырылып концерт қойылды 130 қарт адамдарға 75 мың теңгеге силықтар берілді. Қарттар күнін өткізуге қаржылай көмек көрсеткен (ТЧЭ-26 Есболов Нұрбек Сатыбалдыұлы 10 мың, СКД-7 басшысы Самбетов Элдар Ермолдаұлы-10 мың, ПЧ-басшысы Мүлкебаев Нияз Жұмабекұлы -20 мың, ДС- басшысы Дюзелбаев Дүйсен Балқыбекұлы -5 мың, Өрт сөндіру поезы басшысы Алпысбаев Ерлан Тұрғанбекұлына, Теміржол күзет мекемесі басшысы Чукенбаев Сейдахмет Балабақша меңгерушісі Ажар Орынғалиқызы 15 мың теңге.

Жаңа жыл қарсаңында тұрмысы төмен отбасы балаларына 11 жанұяға барлығы 15 балаға мекеме басшылары ПЧ Мулкебаев Нияз Жұмабекұлы, ТЧ-25 Есболов Нұрбек Сатыбалдыұлы, СКД Самбетов, Өрт сөндіру Алпысбаев.Е қаржысына алынған, 45000 теңгеге силық берілді.



Мүлікті және қаржыны заңдастыру рәсімдерін оңайлату туралы Елбасының 41-қадамына сәйкес, Матай ауылдық округі бойынша жеке тұлғалардың мүлік және жер салығының -орындалуы туралы мәлімет:

Салықтың түрі

Жылдық болжам


орындалуы

Орындалу пайызы

Мүлік салығы

69,7

69,7

100

Жер салығы

134,6

135,6

100,7%

1. Көлік салығы: Матай ауылдық округі бойынша барлық көлік саны 554. 94 салық төлемеген жеке тұлғалармен жұмыс жасалып жатыр

Көлік салығын аудандық Кірістер басқармасымен бірігіп сот арқылы өндіру жұмыстары жүргізілуде. (7 адам сотқа берілген Мухин Иван, Қатарбаев Бақыт, Букуев Рахат, Коптлеуов Аслан, Уалиева Эльмира, Ходжаев Иса, Шарипова Айтжан )

Матай ауылының тазалығы туралы

Матай ауылдық округінде 24 көше орналасқан. әр көше аппарат мамандарына, қызметкерлеріне бекітіліп берілген.



Әр маман бекітіліп берілген көшелерідің тұрғындармен тазалық жайлы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Бұл шараға барлық бюджеттік, теміржол мекемелері толық қатысты. Матайдағы теміржол мекемелері, аурухана, мектеп, балабақша әр сәрсенбі, сенбі сайын «Таза сәрсенбі, сенбі» акциясына орай тиісті бөлінген жерлеріне сенбіліктер жүргізді. 2016 жылы елді мекен ішінен мекемелердің техникалардың көмегінің арқасында 30-40 тоннадай күл-қоқыс шығарылды. Матай, Құрақсу ауылдарына, Ақөзек, Береке разъездеріне баратын жол бойында қоғамдық жұмысшылардың, аппарат қызметкерлерімен, жұмысшыларының күшімен жазғы айларда жиі тазаланып отырады. Бұрыңғы жылдағыдан тазалық жағы дұрысталды.

Біз тек қана тазалап қана қоймай, таза ұстай білуіміз қажет. Қорыта айтқанда ауылдарымыздың гүлденуі бірліктің арқасында болатыны айдан анық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ауылдарымыздың өркендеуі жолында бірлесіп қызмет атқара берейік демекпін.

Білім саласы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өз жолдауында «Білім-сапасының басты міндеті білім дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» міндетін біздің алдымызға қойған болатын. Еліміздің болашағы жастар, оларды тәрбиелеу ерекше екені баршамызға аян. Округімізде 2 орта мектеп, 1 балабақша бар. Матай орта мектебінде жалпы бала саны-631, Құрақсуда 57 бала оқиды. 2016 жылы бітірген бала саны-36 оқушы. 2016 жылы 4 оқушы грантқа түсті. 21 оқушы жоғарғы оқу орнына түсті. 2016 жылы 5 бала колледжге түсті. 2016 жылы 51 пайыз білім сапасын, 100 пайыз үлгерімді көрсетті.



Балабақша:

280 орындық «Каусар» балабақшасы балапан бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатыр.11 топ бар.


Матай ауылдық ауруханасында 5 жоғарғы білімді дәрігерлер 22 арнаулы орта білімді медбикелер жұмыс жасайды.

2016 жылы - 1 адам Туберкулезбен ауырған. Барлығы 7 адам есепте тұр.

2016 жылы Бруцелезбен, Вирустық гепатитпен ауырған адамдар жоқ.

2016 жылы 20 төсектік ауруханада 609 адам емделген. Диспансерлік есепте 468 адам тұр. Диспансерлік есепте тұрған науқастар дәрі дәрмекпен қамтамасыз етіледі.



Құрақсу ауылдық емханасында 2 арнаулы орта білімді фельдшер, медбикелер жұмыс жасайды.

2016 жылы Туберкулезбен Бруцеллезбен, Вирустық гепатитпен ауырған адамдар жоқ.



Мәдени спорт, Жастар орталығының жұмысына келетін болсақ,

Округ әкімі аппаратында штатында спорт нұсқаушысы мен жастар нұсқаушысы бар. Олар өздеріне жоспар бойынша бекітілген барлық мәдени іс-шараларды орындауда. Рейтинг бойынша 2016 жылы 1 орынды иелендік

2016 жылы ауылдасымыз Нұрсейтова Елназ Еркінқызы Астана аруы -     2016 байқауында бас жүлде және Қазақстан аруы -2016 байқауында 1     орын алды.

Тағы бір ауылымыздың азаматы Кабденов Елдос Маратұлы Джиу –житсудан 56 кг салмақ дәрежесінен дүние жүзілік жарысқа барып, Польшада алтын алып қайтты.

Аппарат қызметкерлерінің жұмысы туралы

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 35-бабында көрсетілген округ әкімінің құзыретіне кіретін барлық мәселелердің қамтылуы, аппарат қызметкерлеріне бірінші күннен талап қойылды. Аппарат құрамында 6 мемлекеттік қызметкер бар, Олар әрқайсысы халыққа қызметтерін өздерінің білімділігімен сапалы түрде көрсетуде. Округтегі ардагерлер, әжелер кеңестері, жастар комитеті халықпен жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар тұрғындар атынан түскен арыз шағымдардың, ұсыныстардың орындалу мерзіміне ерекше назар аударамыз.

Округ әкімі атына 136 құжат түсіп, 208 құжат шығысталды. Тұрғындар тарапынан тұрғын үйлерін заңдастырып, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізуге жеке тұлғалардан 9 және заңды тұлғалардан 4 өтініш түсіп, барлығы қанағаттандырылды.



Округ бойынша 1138 анықтама беріліп, 6 ауыл тұрғынының ауызша айтылған арыздары қанағаттандырылды.


Матай ауылдық

округінің әкімі Р.Мұсағұлов

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет