Желіде Ресей футболының бапкерлер штабы өкілдерінің қазақстандық төрешілерді балағаттап жатқан видеосы тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Менің алдыма келіп көрсет, чукча”, – дейді ресейлік 2Drots футбол командасының жаттықтырушысы Дмитрий Кузнецов бейнероликтің сипаттамасына сәйкес, қазақстандық төрешілердің бірінің тарапына қарата.

“Балағаттама”, – дейді бейнежазбада екіншісі оған. “Факт қой. Өзінің ұлтын мақтан тұтсын”, – дейді тағы бір ресейлік.

Видеоның сипаттамасына сәйкес, оқиға медиафутбол лигасы аясында Қостанайда қазақстандық SD Family мен ресейлік 2Drots футбол командалары арасындағы матч кезінде болған. 

Сипаттамада ресейлік жаттықтырушылар штабы тарапынан ұлтаралық араздықты қоздыру болып саналатыны айтылады.

  • Түркістан облысының тұрғыны ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін халықаралық іздеуге жарияланды
  • "Ұлттың ар-намысын қорлаған": Қазақтарға қарсы балағат сөздер айтып, бірін-бірі өлтіруге шақырған астаналық әйел сотталды

Блогер әрі қоғам белсендісі Насима Қорғанбекова өзінің Telegram-арнасында "Ресей бапкері Кузнецовтың көмекшісі қазақ ұлтына қатысты да тіл тигізгенін” жазады.

*Чукча сөзі – Ресей Федерациясының солтүстік-шығысында өмір сүретін азшыл чукча ұлтына қатысты пайда болған. Ресейде бұл сөзді қолдану балағаттау болып саналады. Бұл сөздің көбінесе азиат нәсілді ұлттардың тарапына айтылатыны белгілі.

Бұған дейін Қазақ тілін "мамбеттердің тілі" деп атаған Алматы тұрғыны желі қолданушыларының ашуын тудырған. Желіде қазақ тілін "мамбеттердің тілі" деп атаған Алматы тұрғынының видеосы жарияланды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.