Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі микрокредиттік ұйымның кесірінен жеке деректердің таралып кетуі туралы хабарлама алған қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: infosmi.net

Министрлік тұлға жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануға шақырды. 

  • ҰҚК қазақстандықтардың жеке деректері жария болуына шетелдік барлау қызметінің қатысы бар-жоғын анықтады
  • Қазақстандықтардың жеке деректері телефон, көлік ұтыстары кезінде тарап кетеді

"Егер сіз жеке деректеріңіздің тарағаны туралы хабарлама алсаңыз және сіз "Займер" микроқаржы ұйымының клиенті болмасаңыз, жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз, жағдайды одан әрі нақтылау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануыңыз керек. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қажет", — деді министрлік өкілі Альбина Атен.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік техникалық қызмет мамандары zaimer.kz микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың жеке деректері жарияланып кеткенін анықтағаны туралы жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.