Жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы


№9-- дәріс Тақырып: Өндірістік шайынды суларды тазалау



жүктеу 1.41 Mb.
бет10/14
Дата07.05.2019
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

№9-- дәріс Тақырып: Өндірістік шайынды суларды тазалау.


Дәрістің мақсаты: гидросфераның химиялық экологиясымен; гидросфераның ластану негіздерімен, ластандырушы заттардың химиясымен таныстыру

33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫЌ ТАЛАПТАР

   224-бап. Су объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялыќ талаптар1. Су объектiлерiнде суды ортаќ пайдалану Ќазаќстан Республикасыныѕ су заѕнамасында белгiленген тјртiппен жїзеге асырылады.


      2. Жеке жјне заѕды тўлєалар облыстардыѕ (республикалыќ маѕызы бар ќаланыѕ, астананыѕ) жергiлiктi ґкiлдi органдары белгiлеген суды ортаќ пайдалану ережелерiн саќтауєа мiндеттi.
      3. Су объектiлерiнiѕ жай-кїйiне јсер ететiн кјсiпорындар мен басќа да ќўрылыстарды орналастыру ќоршаєан ортаны ќорєаудыѕ, жер ќойнауын ќорєаудыѕ, санитарлыќ-эпидемиологиялыќ, ґнеркјсiптiк ќауiпсiздiктi, су ресурстарын молайту мен ўтымды пайдаланудыѕ талаптары мен ережелерiн саќтай отырып, сондай-аќ аталєан объектiлер ќызметiнiѕ экологиялыќ салдарлар ескерiле отырып жїргiзiледi.
      4. Су объектiлерiнiѕ жай-кїйiне јсер ететiн кјсiпорындар мен басќа да ќўрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою, ќоршаєан ортаны ќорєау, су ќорын пайдалану жјне ќорєау, ґнеркјсiп ќауiпсiздiгi саласындаєы ујкiлеттi мемлекеттiк органдардыѕ жјне санитарлыќ-эпидемиологиялыќ ќызметтiѕ мемлекеттiк органыныѕ оѕ ќорытындылары болєан кезде жїзеге асырылады.

Теңіз суының тұздық құрамының тұрақтылығы – бұл мұхиттің ең басты өзгешілігі. Соңғы 900 млн жыл арасында теңіз суының ионыдқ құрамы өзгермегені эвапориттердің анализі көрсетті.


Мұхиттің ресурстары екі топқа бөлуге болады: биохимиялық және физикалық.


Жер беттік суларда /өзен және көлдерде/ кальций мен магнийдің гидрокарбонаттары көп болады. Теңіз суындағы ери тін заттардың концентрациясы 175 есе көп. Көл мен өзендердің суларының химиялық құрамы топырақ пен тау жыныстарына байланысты болады; суды алатын орнына байланысты және уақытта өзгереді.

Гидросфераның ластануы – ластағыш заттардың гидросфераға мол мөлшерде түсуі, олардың өзен, су қоймалары, көлдер мен теңіздер, мұхиттар мен жер асты сулардың ластап, су ортасының қалыпты жағдайын бұзуы.

Табиғи сулардың негізгі ластаушы көздері: атмосфералық сулар; қалалық ағын сулар; өнеркәсіптік ағын сулар; ауыл шаруашылығы

Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері.

Ақаба су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған , сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, коммуналдық – тұрмыстық , нөсер, тағы басқа ағындылар) арқылы өткен су.

Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-нәжістік ( физиологиялық қоқыстармен ластанған ) ластанған және шаруашылық ( раковина , ванна , монша, кір жуатын жерлерден түсетін ) ластанған болып ажыратылады . Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериалар, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестер мен қолданылетын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік ақаба су ластанған және нормативті таза ( тазалаудан өткізіп қайта пайдалануға жататын ) болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер және қар суы болып бөлінеді.

Табиғатты, қоршаған ортаны ластаудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық ( тұндыру , сүзу, флотация ) физикалық-химиялық , химиялық биологиялық және түйдектелген әдістер жатады.

Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртурлі конструкциялық техника құралдарын ( торларды, електерді, гидроциклондарды т.б ) қолданып , ал беттік ластағыштарды - мұнайұстағыш, май мен смолааулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды.

Соңғы кезде ақаба суды май тәрізді заттардан тазалауға жиі пайдаланылып жүрген материалға май сіңіргіштік қабілеті жоғары пенополиуретан.

Ақаба судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұңқырлар пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ақаба сулардан түпке тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектер гравитациялықжіктеу негізінде бөлінеді. Арнаулы мақсатында қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші болып бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды биологиялық тазарту ғимараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады.Құрылымына байланысты олар горизонталдық, вертикалдық, радикалдық және диагоналдық болып саналады. Вертикалдық және диагоналдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 10-15 мың текше метр, радиалдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20 мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады.

Ақаба суды 0,08-0,3 м/с жылжу жылдамдықпен құм ұстағышарқылы өткізіп, оның құрамындағы ерімейтін құм қақ тәрізді ауыр қоспалардан ажыратуға болады. Кейбір құмұстағыш үлгілерімен құм 80%-ке дейін ұсталып қалады. Құмұстағыштардың тиімжілігін арттыру мақсатында оның құм құйылатын қорабына гидроциклонды қабыстырады.

Гидроциклондарды пайдаланып , сыртқа тепкіш күш көмегімен ақаба суларды өте ірі дисперсиялық қоспалардан тазалауға болады. Көбіне бұл қондырғылар тығыздығы 1,2 г/см³ жоғары ағындыларды ірілігі 0,15 мм үстіндегі бөлшектерден тазалауға бағытталған.

Коммуналдық шаруашылықтан шыққан сұйық қалдықтарды механикалық әдісті қолдану арқылы ерімейтін қоспалардың 60%-тей мөлшерінен тазалауға болады , ал кейбір өндірістік сулар бұл әдіспен 95%-ке дейін тазаланады.



Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.

Нейтралдау процесін құрамында қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рН мағынасын 6,5 - 8,5 аралыққа келтіру мақсатында қолданады . Нейтралдау ушін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға , реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады . Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Бұл әдіспен, әдетте, құрамында әр түрлі минералды қышқылдары бар ақаба сулары тазаланады. Сілтілі суларды нейтралдау мақсатында құрамында СО2, SO2, NO2 оксидтері бар түтінді газдарды жіберу әдісі меңгерілуде, бұл жағдайдың қолайлылығы екінші жағынан газды тастандылардың құрамындағы зиянды заттардан құтылу мәселесі де шешіледі .

Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды ( цианидтерді, мышьяктің еритін қосылыстарын және т,б ) басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды тазалау үшін тотықтырғыш ретіндегаз тәрізді немесе сұйытылған хлор, ауа оттегі, озон, гипохлорит, сутек тотығы, кали перманганаты және басқа реагенттер пайдаланылады .

Озондау ақаба суын мұнай өнімдерінен, фенолдан, күкіртті сутектен, цианидтерден және басқа да қоспалардан тазалауға қолданылады . Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның сулы ерітінділердегі органикалық заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті өте жоғары . Сонымен бірге суды озондағанда оның жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жойылып, заласызданады. Хлорлау әдісімен салыстырғанда озондау әдісінің артықшылығы бар, біріншіден, озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып, ауа оттегінен электр тоғын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады . Екіншіден, хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің, соның ішінде мутагендер мен канцерогендер тузілуіне апарып соғуы мүмкін, сондықтан оның орнына озондау әдісінің қолданылғаны қолайлы.

Физикалық-химиялық әдістерге - коагуляция, флотация, электролиттік ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация, эвапорация, десорбция, дезодорация, электрохимиялық тәсілдер (электролиз, электрокоагуляция, электрофлотация, электродиализ), ультрадыбыспен суды өңдеу, т.б жатады. Бұл әдістер қатарымен журетін физикалық және химиялиқ процестерге негізделген.

Биологиялық жолмен ақаба суын тазалау ушін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қоректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер ( биосүзбелер ретінде қалың өскен қамыс, қоға, т .б) қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады.

Микроорганизмдердің қатысуымен екі процес - тотығу (аэробты) және (анаэробты) жүреді .

Аэробты процестерге активті лаида немесе биопленкада өсетін микроорганизмдер суда еріген оттекті пайдаланады. Олардың тіршілігіне оттектің тұрақты құйылуы мен 20 – 30°С шамасындағы температура қажет.

Анаэробты тазалау процесі оттектің кіруінсіз өтеді, бұл жерде жүретін негізгі процесс – лайдың ащуы. Осы әдістер ақаба суларда көп мөлшерде органикалық заттектер болғанда және тұнбаларды заласыздандыруға қолданылады.

Ақаба судық биологиялық тазалануын табиғи жағдайда (суландырылатын жерде, биологиялық тоғандарда ) және әртүрлі конструкциялық жасанды құрылыстарда – биосүзгіштерде, аэротенкалар мен окситенкаларда жүргізуге болады. өндірістік ақаба сулардың биологиялық тазалануыннегізінде жылдамдығы жоғары болғанына байланысты жасанды жағдайда жүргізіледі.

Аэротенк мәжбүрлі турде аэрациялық қондырғымен жабдықталған, қалқалармен бірнеше бөлек бөліктерге бөлінген темірбетон резервуары. Аэротенкада тазалау процесі ауаланған ақаба су мен тірі организмдерден және қатты субстраттардан ( балдырлардың өлі бөлшектерінен және әртүрлі қатты қалдықтардан ) құралған активті лай қоспасының жіберілуіне қарай журеді. Құрғақ лайдың 1г 10 ден 10 дейін бактерия даналары болады. Органиканың негізгі массасы бірнеше сағат ішінде өңделінеді. Аэротенкадан активті лай мен өңделген ақаба су әрі қарай екінші тұндырғышқа өткізілінеді. Түбіне түскен активті лай насос станциясының резервуарына жіберіліп, ал тазалығына ақаба су не қосымша онан арғы тазалануға немесе дезинфекциялануға бағытталады. Биологиялық процесс нәтижесінде активті лайдың биомассасы жоғарылайды. Оның артық мөлшері тұнбаны өңдейтін ғимаратқа жііберіледі де, негізгі бөлшегі циркуляциялық түрде аэротенкіге қайтарылады. Аэротенкадағы активті лайдың концентрациясы 2-4 г/л шамасында ұсталуға тиіс.

Биосүзгілерде ақаба су кесекті материалдардан құралған қабат арқылы сүзілінеді. Кесекті сүзгіш ретінде кеңінен ұсақталған тас, ірі құм, шлак, керамзит, пластмасса, металл торы және басқа материалдар қолданылады, олардың бетінде түзілетін биологиялық қабықша қабат активті лайда жүретін функцияны орындайды . Бұл беткі қабықша қабат ақаба судағы органикалық заттектерді адсорбциялаиды да және өңдеиді де. Биосүзгіштің тотықтырғыштық қуатын жоғарылату мақсатында сүзбелеу процесінің бағытына қарама - қайшы қысымдағы ауа жіберіледі.

Қазіргі шақта өндірістік және коммуналды - үй – жай ақаба суларын тиімді түрде тазалау ең актуалды инженерлік – экологиялық проблемалардың бірі. Бұл мәселенің күрделенуі үй – жай және өндіріс ағындыларының жалпы бір канализация жүйесіне құйылуына, адам мен жануарлар нәжістерін жууға судың кеңінен қолданылуына, кір жуғыш порошоктардың, шампундердің және әртүрлі беттік активті заттардың қосылуына байланысты. Суды тазалауға биологиялық әдісті қолданғанның өзінде органикалық заттектердің 90% және анорганикалық қосылыстардың 10 – 40% - нен ғана құтылуға болады.

Механикалық тазалау жолын қолдану немесе өздігінен табиғи түрде тазалану арқылы ақаба судан бөлінген құрамында минерелды және органикалық қатты заттектері бар тұнбалар жергілікті ауылшаруашылық және орман дақылдарының тыңайтқышы ретінде пайдаланылумен қатар, биогаз алуға да жарамды. Ал ортақ канализациядан шыққан ақаба судың құрамында алуан түрлі улы заттектер кездесетініне байланысты олардан шыққан тұнбалар тыңайтқыш ретінде қолдануға жатпайды.

Кейбір өндірістерден тасталатын ақаба сулардың температуралары табиғи ортанікінен анағұрлым жоғары болғандықтан оның тигізетін зияндық әсеріне де назар аударылады . жылы ақаба сулар суаттардағы судың температурасын көтереді, бұл жағдайда суда еріген оттектің мөлшері күрт төмендейді, ал ол өздігінен тазалану процесінің тежелуіне әкеліп соғады.

Биологиялық тазалау әдісі суды тұзсыздандыра алмайтынына байланысты, бұл тазалау әдісінен кейін судағы тұздардан құтылу үшін арнайы оларды бөліп шығаратын тазалау әдістері қолданылады . бұларға дистиляция (булау ), қатыру ( мұздату ), мембрандық , ионалмасу әдістері жатады.


10- дәріс

Тақырып: Литосфера (жер қабаты) ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері.

Дәрістің мақсаты: литосфераның химиялық экологиясымен; литосфераның манызды компоненті – топырақ және оның ластану сұрақтарымен таныстыру



Тірек сөздер: лиосфера, химиялық құрамы, құрылымы, литофильды, халькофильды, сидерофильды, атмофильды элементтер; топырақ, гумус, гумин қышқылдары, микроорганизмдер

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

  1. Литосфераның құрылысы және химиялық құрамы.

  2. Жер қабығының элементтерінің геохимиялық жіктелуі

  3. Топырақ – литосфераның манызды компоненті

  4. Топырақтың негізгі компоненті – органикалық зат /гумус/

    1. топырақ ресурстарының маңызы.

    2. жер ресурстары.

    3. жел және су эрозиялары.

    4. топырақты эрозиядан қорғау. жерді рекультивациялау

Литосфера- (грекше lithos –тас+ sphair шар) –жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы.

Құрлықтағы литосфераның бетінде экожүйе дамиды. Жердің ішкі құрылысы, негізінен үш бөліктен тұрады; оған литосфера, мантия және ядро кіреді. Жер қыртысының қалындығы барлық жерде бірдей емес. Мұхиттің астында жер қыртысының төменгі шегі 5-10 км-ге, жазықтықтарда 35-45 км- ге, тау сілемдері астында 70 км-ге дейін жетеді. Литосфера әр түрлі минералдар мен тау жыныстарынан түзіледі.

Жер қабықшасы негізінен 8 элементтен құрылған: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, натрий және калий. 5 топқа бөледі: литофильды, халькофильды, сидерофильды, атмофильды және биофильды.

Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғалымы В.В. Докучаев қалады. Ол бірінші рет “топырақ” және “топырақ құрылымы” ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және басты ерекше қасиеттерін тапты. Докучаев анықтаған топырақ түзілудің бес факторына – бастапқы жыныстар, климат, жер бедері және уақыт, өсімдіктер, жануарлар организмдеріне кейіннен су /топырақ және грунт/ және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ ерітінділерінің жоғарыдан төмен қарай қозғалысы басым болатын топырақ құрылымында үш негізгі қабат жиі бөліп көрсетіледі – қарашірік жинақталған /қарашірінді/ қабат /А1/; элювийлік шайылған қабат /А2/; иллювийлік /жуылған/ қыртыс /В/. Одан төмен бастапқы /топырақ түзетін/ жыныстар орналасады. Биосфераның маңызды құрамды бөлігі – топырақ арқылы тірі организмдердің литосферамен, гидросферамен және атмосферамен экологиялық байланыстары іске асырылады.

Топыраққа ең алғаш рет М.В. Ломоносов ғылыми анықтама береді, оның көрсетуінше : топырақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым- қатынас.

Топырық ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, тоырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теғдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резеріві болып табылады.

Топырақ- сыртқы орта жағдайлары :жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф және адамның іс- әрекеті де жатады.

Топырақтың құнарлығы дегеніміз- оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті.

Топырақ- барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар су тасқыны, эрозия, құрғақшылық, т.б. әсеріне қарсы тұра алады.

Топырақ – барлық материалдық игіліктер көзі. Ол азық –түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді.

Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс.

Топырақ басқа организмдер сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріп жатады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабатының сумен шайылуы, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады. Топыратқа эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде.

Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты, не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.

Кең таралған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндірістік , абразия, жайылымдық.



Жазықтық эрозия- тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы.

Сызықтық эрозия- тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.

Дефляция- топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы.

Ирригациялық эрозия- суармалы егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне байланысты болады. бұл су топыраққа сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болса да, тегіс болмаса топырақтың қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортандауы да жүреді.

Өндірістік эрозия- пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе ашық әдіспен өндіруде , тұрғын үй , өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай трубопроводтарын салу кезінде байқалады.

Абразия кезінде жыртылатын және мал жайылатын жерлердіңауданы кемиді.

Механикалық эрозия.

Литосфераға күшті техногендік әсер екі бағытта жүреді:

1. ландшафтың өзгеруі және жойылуы.

2.топырақтың ластануы және деградациясы.

7 дәріс

Тақырып. Қоршаған ортаны ластаушы заттар.

Тірек сөздер: әдістер, көміртек оксиді, күкүрт диоксиді, күкүртсутек; азот оксидтері, аммиак, галогендер

Дәрістің мазмұны: Адамдардың шарушылық қызыметі қазіргі кезде биосфераы ластаушылардың негізгі көзі болып табылады.

Ластану – ортаға оған тән емес химиялық, физикалық не биологиялық агенттердің өтуі немесе пайда болуы немесе қарастырылған заттар концентарацияларының пайда болуы.

Биосфераның ластануын жергілікті, аймақтық (региондық) және әлемдік деп бөледі



Жергілікті ластану-бір жердің шеңберінен аспайды ( өндірістік ірі қалаларға, пайдалы қазбалар өндіретін райандарға тән). Аймақтық (региондық) ластану –үлкен аймақты ластайды. Әлемдік ластану қай жерде шығарылса да қоршаған ортада әлемдікаумақта тарайтын қабілеті бар ластану. Көпшілікжағдайда атмосфералық шығарындылармен болады.

Ластануды табиғи ( жулкан, өрттер т.б.) және антропогенді) деп бөледі.

Қоршаған орта ластаушылар агрегаттық күйіне байланысты: газ және бу тәрізді, сұйық, қатты және аралас (тастандылар) шығырындылар, ал шығарылу масштабына қарай 6 топқа бөлінеді:0,01; 0,01-0,1; 0,1-1,0; 1,0-10; 10-100 және 1000 т/тәулік.

Табиғатына байланысты: -



механикалық – шаң, су мен топырақтың қатты бөлшектері мен әр түрлі заттар.

химиялық- әртүрлі химиялық қосылыстар мен элементтер.

биологиялық- адам әсерімен пайда болған және түрлі органикалық кері әсерлері бар организмдер түрлері.

Ластаушы көздерін келесі топқа бөледі:



  1. физикалық- радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

  2. химиялық ластану- көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер,гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металлдар, аэрозольдер.

  3. биологиялық ластану- ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, т.б.

  4. эстетикалық зиян- табиғаттың сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман- тоғайлардың жойылуы, т.б.

Ластаушы көздері- үздіксіз және периодты әсер етуші болуы мүмкін.

Ластануды экологиялық тұрғыдағы белгісіне қарай тұрақты бүлінбейтін және табиғи химико- биологиялық процестер әсерінен бұзылатын ластану деп бөледі.

Техносфера- жасанды обьектілер мен адам іс- әрекетінен өзгерген табиғи обьектілер жиынтығы болып табылады.

Биосферадағы ластану кезеңін 3 топқа бөлеміз:

-ластаушы заттардың таралуы.

- ластағыштардың биомассаға енуі.

- ластағыш заттардың биологиялық топтануы.

Табиғи экожүйеге және адамға өте қауіпті ластаушылар химиялық ( аэрозолдер, ауыр металдар, пестецидтер, платмассалар , детергентер және т.б.) болып табылады.

Қоршаған ортаның химиялық ластануыныңкейбір түрлері қазіргі кезде глобальді экологиялық проблемалар туғызып отыр. Олар: « Жылу эффектісі», « Озонның жұқаруы», « қышқыл жауындар», «Фотохимиялық тұмшалар» және олар туғызатын аурулар.

Диоксиндер- хлорорганикалық жоғарғы токсинді қосылыстар. Диоксиндер – химиялық инертті Диоксиндер суда ерімейді бірақ органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді. Қоршаған ортада тұрақты, адамдар және басқа тірі ағзалар ұшін өте улы.

Диоксиндерді түзу көздері: химиялық өндіріс, целлюлоза- қағаз өнеркәсібі, автомобиль –транспорт; қоқысжандыратын заводтар.

Беттік активті заттар (БАЗ) тек су ресурстарыныңғана емес жер бетініңэкожүесініңластаушысы болып табылады.

Зиянды заттар: СО2; СО ;

Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі оксиді түзіледі. Екеуіде ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді- улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның қаныңдағы гемоглобинмен қосылып зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады.

Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, ауа райының өзгеруі, қауіпті апаттардың тууына себеп болып отыр.

Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мұхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда «топан су» қаупін туғызары сөзсіз.



NOx- олар ормандағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жиналады; жыл сайын 10 млн. тонна азот оксиді шығарылады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп, азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта нитраттарға айналып, одан жауын құрамында жер бетіне түседі. Нәтижесінде, бүкіл тіршілкке зияның тигізеді.

Адам баласы Nox душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, ентікпе және өкпе- тыныс жолдарының ауруынан зардап шегеді.

Атмосфераны ластаушылар:

Автомобиль газдары, фреондар-озон қабатын бұзушылар;

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны


  1. Газдарды көміртек оксидтерінен тазалау

  2. Газдарды күкүрт диоксидінен тазалау

  3. Газдарды күкүртсутектен тазалау

  4. Газдарды азот оксидтерінен тазалау

  5. Газдарды аммиактан тазалау

  6. Газдарды галогендерден тазалау

Газдарды ластағыштардан тазалау үшін адсобциялық, абсорбциялық және каталитикалық әдістерді қолданылады. Көміртек оксидінен, күкүрт диоксидінен және күкүртсутегінен газдарды тазалау үшін әр түрлі химиялық, физикаөхимиялық әдістерді қолданады.

Ластағыштардың көздеріне байланысты газдарды азот оксидтерінен, аммиак газынан, галогендер және олардың қосылыстарынан әр түрлі әдістерді қолданып тазартуға болады



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Газдарды көміртек оксидтерінен тазалау негіздері мен әдістері қандай?

  2. Газдарды күкүрт диоксидінен тазалау негіздері мен әдістері қандай?

  3. Газдарды күкүртсутектен тазалау негіздері мен әдістері қандай?

  4. Газдарды азот оксидтерінен тазалау негіздері мен әдістері қандай?

  5. Газдарды аммиактан тазалау негіздері мен әдістері қандай?

  6. Газдарды галогендерден тазалау негіздері мен әдістері қандай?

8- дәріс

Тақырып: Ауыр металдар

Дәрістің мақсаты: ауыр металдардың химиясымен таныстыру.

Тірек сөздер: ауыр металдар, ауыр металдармен ластану

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет