Жарма аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2017 жылы атқарылған мәдени-іс шаралар туралы ақпарат



жүктеу 200.32 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі200.32 Kb.


Жарма аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша

2017 жылы атқарылған мәдени-іс шаралар туралы ақпарат
Үшбиік ауылдық округінің Жастар үйі ғимаратының ішінен ауыл азаматы Даурен Алдажаровтың бастамасымен және ауыл әкімінің міндетін атқарушы Құрманғазы Айтқазыұлы Мусагитовтың қолдауымен ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануы үшін қол күресі, гір көтеру мен дене шынықтыру залы іске қосылып, өз жұмысын бастаған еді.

Тәуелсіздідігіміздің 25 жылдығына орай 7 қаңтар күні Үшбиік ауылында қол күресінен 1999-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында жарыс өтті. Жарысқа Аягөз ауданының намысын қорғап келген Аягөз политехникалық колледжінің құрамасы да қатысты. Жарыс 60, 65, 70, 75 келі және абсолют салмақ дәрежелері бойынша өткізілді. Жарыс жеңімпаздарына округ әкімшілігі тағайындаған бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді. Жарыс барысында абсолют салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен білекті жігіттер арасында ауылымыздың ардагер спортшысы Қабай Ғани бас жүлдеге ие болды. Жарысқа қатысушыларға ауылымыздың кәсіпкері демеушіміз Злиха Молдахметованың әзірлеген түскі дастарханынан дәм тартылып, жарысқа келген спортшылар ризашылықпен қайтты.



2017 жылы 12 ақпан күні Қаратөбе ауылдық клубында ауылдық кітапханамен бірігіп жастардың және оқушылардың қатысуымен Д.Қонаевтың 105 жылдығына орай «Ғасырдың дара перзенті» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс шараның өткізу мақсаты: аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, бір туар тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы түсініктерін кеңейту. Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, ел үшін еңбек еткен азаматтардың қадір қасиетін біліп құрметтеуге тәрбиелеу.

Халық айтса қалып айтпайды. Елдің еңсесін тіктеп, етек жеңін жинауға еңбегі сіңген ұлын халық сүймегенде кім сүйсін?! Іс шара барысында кітапхана меңгерушісі Н.Манжибаева тақырып бойынша кітап көрмесін ұйымдастырып, Д.Қонаевтың өмірбаянымен қатысушыларды танысытырып өтті. Клуб меңгерушісі С.Қожамбердинова Д.Қонаевтың тарихтағы орны жайында сөз қозғады. «Қазағым», «елім» деп өмір сүрген тұлға Димаш атамыз ел үшін қалтықсыз қызмет еткен перзент және Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде айтқандай «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған адам» деп жоғары бағалаған.

Бір туар тез таңдай, әнші Роза Бағланова апамыздың 95 жылдығына арналған «Өнерімен өрге жүзген» атты әдеби музыкалық қонақжай Шар қалалық кітапхананың ұйымдастырумын қаламыздағы күндізгі жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі ұжымында өткізілді /бас маман Аукенова Нұргүл Сағидоллақызы/ .Іс- шараға қала әкімі Мұратхан Базылжанұлы, әкімшілік қызметкерлер, халыққа кызмет көрсету орталығының қызметкерлері, күндізгі жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі ұжымы қатысты.Шара барысында ардагерлер хор ұжымының орындауында, сырдан шыққан бұлбұл көмей әншінің репертуарынан әндер айтылды. Атап айтсақ, «Ах, Самара городок», «Ақмаңдайлым», «Сәулем -ай» әндері көпшілікті ерекше күйге бөледі. Роза апамыздың өмір жолдары, отбасы туралы бейнесюжет көрсетіліп,кеңес тұсында қазақ өнерінің өрісін кеңейтіп, өлмейтұғын артынан із қалдырған. Роза Бағланованың әні барда ол ешқашан өлмейді. Шараға қатысқан ардагерлер хор ұжымына «БЗЖҚ» АҚ Шар қаласы қызмет көрсету орталығының атынан Мұстафина Алия сыйлықтарын табыс етті.



2017 жылдың 6 ақпаны күні Шар қалалық мәдениет үйінде « Екі жұлдыз» ән байқауы өткізіліп, оған 18-75 жас шамасындағы адамдар қатысты.

Байқауда орындалатын әндер еркін тақырыпта болды. Осы ән байқауына 15 жұп қатысты. Ұйымдастыру алқасының шешімі бойынша: 5 жұп таңдап алынды.

Осы бірнеше жұптарды алудың себебі байқаудың талабына сай болып, ерекше көзге түскендіктен -1,2,3 орындарға бөліп арнайы орындарды беруге тура келді.

Байқауда: Әнім сен едің, Милая мама , Арыс жағасында, Бақытты әйел,

Бағым сен, Бала махаббатым, Бүлдірген,Сырласу, Егіз-лебіз, Көзіңнің мөлдірін ай,Ақ бантик,Әдемі т.б.әндер шырқалды.

1 орын –Жарма технологиялық колледж жұбы: Мадина Нугуманова, Азат Берікқазиев. 2 орын- «Ақбота» бала бақшасынан Жакупов Болатбек ,Искакова Мөлдір. «Өнер»мектебінен Құлқаева Надира,Оразова Қарлығаш.

3 орын- «Зейнеткерлер» Ахметжанова Кулиман,Есімханова Зәния Технологиялық колледж Айгерім Асаубаева, Нұрым Жақыпқан

Жүлделі орындарға ие болғандар арнайы мадақтама және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ал қалған өнерпаздарға байқауға белсене қатысқаны үшін мадақтама мен марапатталды.



2017 жылдың 10 қаңтарында Шар қалалық кітапханасында «Белгісіз соғыс /Неизвестная война» атты кездесу кеші өткізілді. Кешке Ауған-тәжік шекарасында өз интернационалистік борышын өтеген Валерий Самохвалов, Жакупов Қанат, Калтыкаев Серикбол, Атанов Меделбек шақырылды.

Кездесу барысында, жиынға қатысушылар үлкен қызығушылықпен Самохвалов Валерийдің әңгімесін тыңдады. Ол кеңінен танымал Қазбаттың қатарында атқарған қызметі туралы, 07.04.1995 жылы Пшихвар шатқалында ауған моджахедтарымен болған әскери қақтығысына қатысып, екі рет жараланған. Ауған-тәжік шекарасында әр жылдарда әскери міндетін атқарған Жакупов К., Калтыкаев С., және Атанов М жауынгерлік тыныс-тіршілік туралы әңгімелеп берді. Іс шара барысында 1992-1997 жылғы Тәжік соғысы туралы бейнесюжеттер көрсетіліп, Мәдениет үйінің қызметкерлерінің орындауында әндер тамашаланды. Шара соңында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ирбаев С. шақырылған қонақтарға, барлық қатысушыларға ашық аспан, бейбіт өмір, денсаулықтары зор болсын деп тілек білдірді. Кітапхана ұжымы атынан қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

2017 жылдың 15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ерлік естек сақталады» атты патриоттық ән байқауы өткізілді.

Байқауға 20 өнерпаз қатысты. Ерекше өнер көрсетіп 1 орынды жеңіп алған Қалбатау ауылдық округінің өнерпазы Асығатбек Уланбек, 2 орынды Үшбиік ауылынан Елемесов Бейсен, 3 орынды Шар қаласынан Мурсалимов Акежан дипломмен және арнайы сыйлықпен марапатталды.

Қалған өнерпаздар ұйымдастыру алқасының грамотасымен сыйлықтарына ие болды.





«Тіл парасаты» байқауы
Жарма аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 15 ақпан күні орыс тілін жоғары деңгейде меңгерген 18-22 жас аралығындағы қазақ жастары арасында «Тіл парасаты» атты аудандық байқауын өткізді.

Байқаудың басты мақсаты коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қолданысын сақтау және сөйлеу мәдениетін арттыру болды. Байқаудың міндеті орыс тілі білгірлерін анықтау, дарынды жастарды қолдау.

Байқау 3 кезеңнен тұрды, 1- кезеңде орыс тілінің лексикасы мен граматикасын білуге арналған 50 тест тапсырмасы, 2- кезеңде ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу және белгіленген тақырып бойынша монолог құру, қазылар алқасының ауызша сұрақтарына жауап беру болса,3- кезеңде кез келген жанрдағы мәтінді мәңерлеп оқу тапсырмаларын орындады.

Байқауға Толеубекова Мәлика Рысқалиқызы (Шалабай), Төлеген Мәди Балтабекұлы (Бірлік), Утельбаева Анар Толегеновна (Қалбатау), Сақаева Қаламқас Нұрланқызы (Қалбатау), Жакупбекова Айнур Мырзабековна (Қалбатау), Карибаева Әсел Серікқызы (Әуезов кенті), Бекбаев Рашид (Жарма кенті) қатысты.

Байқауға Қалбатау ауылындағы білікті ұстаздар: Смайлова Гүлайым Журсунқызы, Ахмеджанова Гаухар Айашқызы, Торғаева Маржан Жұмахметқызы төрелік жүргізіп 3 жүлделі орын иегерлерін анықтап берді.

Байқауы соңында барлық үміткерлер мақтау қағаздарымен мараптталып, сыйлықтарға ие болды. 1 орынды Утельбаева Анар Толегеновна (Қалбатау), 2-орынды Толеубекова Мәлика Рысқалиқызы (Шалабай),3-орынды Төлепбергенова Айзат Дулатқызы (Божығұр) жеңіп алды.



2017 жылдың ақпанында Шар қалалық мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына байланысты «Әке-тірек, бала жүрек» сайысы өткізіледі. Сайысқа қалалық мекемелерден, ұжымдардан әкесі мен баласы қатысты. Өткізілген сайысты бағалайтын әділқазылар алқасының мүшесі-Ауған соғысының ардагерлері Сылдырбаев Ербол, Нұртазин Талғат, Құдабаев Мұхтар. Сайыстың шарты бойынша 5 тапсырма берілді. 1.Тегімді менің сұрасаң/өзін таныстыру/. 2.Жігітке жеті өнер аз/Әр түрлі өнерін ортаға салу/. 3.Ақылына күші сай/ата-анасымен бірге спорт түрлерінен жарыс/. 4.Ата-аналарына/қазақтың мақал-мәтелдерін,нақыл сөздерін айту/. 5.Үй тапсырмасы/қолөнер дайындап әкелу/. Сайысты бастамас бұрын Ауған ардагерлерін құттықтап –шағын сыйлықтар тапсырылып арнайы ән-шашу жолданды. Сайысқа қатысып жүлделі орындарға ие болған Жакуповтар және Қойқарановтар отбастары мадақтама және бағалы сыйлықтар тапсырылды.




Эстафета- ойын

«Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз.

Балаларды тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс сақтықпен жүруге тәрбиелеу мақсатында оқушылармен Шар қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз»

атты эстафета ойын өткізілді.Ойын 3 кезеңнен тұрды.

І кезең «бағдаршам» ойыны балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.



/Қызыл, сары, жасыл/ шарлармен .

ІІ кезең: Жұмбақтар шешу

ІІІ кезең: «Кім жүйрік»

(Қызыл,сары ,жасыл түске –дейін неше рет скакалкамен секіріп жету).

Жеңіске жеткен балаларға шағын сыйлықтармен берілді.

Қортындылай келе, балаларға жаяу жүргенде,жолдан өтерде өте мұқият болу керектігі туралы айтылып, жол ережесі туралы слайд көрсетілді.

6 наурыз күні сағат 15-00де Шар қалалық Мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт және «Сырласайық жеңеше» атты сайыс өткізілді.


Мерекелік концертке келген мереке иелерін қала әкімі Сакенов М.Б құттықтап, арнаулы алғыс хаттар тапсырды.
Мереке иелеріне «Анаға сәлем», «Анаға сағыныш», «Ана-әке», «Милая мама», «Әйел бақыты», «Білмеймін», «Дудар-ай», «Сені іздедім» әндері орындалып, «Үнді»биі, «Өзбек» биі, Тау халықтарының биі биленді.
Мерекелік концерт «Сырласайық жеңеше» атты сайыспен жалғасын тапты.Сайыстың шарты 7 кезеңнен тұрды.
Әділқазылардың қорытындысы бойынша мекеме-ұжымдар атынан қатысқан өнерпаздардан Алия Исатова (Карелин атындағы орта мектебі) – Супер жеңеше, Мадина Айкенова (Т.Кобдыков ат.орта мектебі) – Шеберлі жеңеше, Айдана Советханова (Балауса балабақшасы) – Өнерлі жеңеше, Айгерім Калиева (Шар қалалық ауруханасы) –«Көрікті жеңеше» атты номинацияларымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Үшбиік ауылдық округінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Ауылдық клубта 6 наурыз күні меркелік кеш өткізілді. Кеште ауылымыздың әкімі Құрманғазы Айтқазыұлы барша ақ жаулықты аналарымызды, қыздарымызды мерекемен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Ауылымыздың жеке кәсіпкерлері Адришевтер отбасы демеушілік көрсетіп, батыр аналарымызды, күміс алқа иегерін, мүгедек қыздарымызға сыйлықтарын табыс етті. Кешіміз одан ары қарай «Аяулы жас келін» атты сайысымен жалғасын тапты. Ауылымыздың жас келіндері сайысқа қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сайыс 6 кезеңнен тұрды: таныстыру, салт-дәстүр аясында сұрақтар, өз өнерін көрсету, сән үлгісі, бесік жырын айту, дәм –думан. Сайыс барысында келіндеріміз өздерін таныстырып, салт –дәстүр аясындағы сұрақтарға ұтымды жауап беріп, ән айтып, би билеп, қол өнерлерімен тәнті етті. Қолдарынан бал тамған келіндеріміз әділқазылар алқаларына дәмді тағамдарын ұсынды. Әр кезеңде әділқазы алқалары өз бағаларын беріп отырды. Сайыс өте қызықты әрі тартымды өтті. Бас жүлде, бірінші, екінші орын алған келіндерімізге мақтау қағаздары мен демеушілеріміз ұсынған сыйлықтар табыс етілді. Кешке қатысқан әжелеріміз бен аналарымыз өз ризашылықтарын білдіріп, құттықтауларын айтып, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.





«Сен енді басқа ағыстан ізде мені»

музыкалық поэзия кеші
Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғақ, әкелген ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 80 жыл толуына арналған  «Сен енді басқа ағыстан ізде мені» атты музыкалық поэзия кеші Шар қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен  Абай атындағы мектеп бала- бақша кешенінің жоғары сынып оқушыларымен өткізілді.

Оқушыларға слайд арқылы Айбергеновтың өмірбаяны шығармалары өлеңдері туралы бейнесюжет көрсетіліп ақынның сөзі жазылған әндер орындалды. Атап айтсақ, «Атамекен», «Ақ еркем- Ақ жайық», « Үш кезең»,М.Шахановқа арнаған «Сағыныш» т.б әндерін Мәдениет үйі әншілерімен ардагерлер хор ұжымының /жетекшісі Н.Құсаинова/ орындауында айтылған әндер көпшіліктін көңілінен шықты.




Делбегетей ауылдық округі, Қоңырбиік ауылында 22 наурыз күні ұлттық мерекеміз наурыз мейрамы аталып өтті. Мерекенің шымылдығын ауыл әкімі Айжан Төлегенқызы құттықтау сөзімен ашып, барлық ауылдастарды ұлттық мерекемізбен құттықтады. Ауыл тұрғындарына арнап ауылдың жастары «Қош келдің, Әз наурыз - 2017!!!» атты мерекелік концерт қойды. Мерекеге орай көшелер арасында арқан тартысы, қол күресі және асық атудан спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздары бағалы силықтармен және мадақтама қағаздарымен марапатталды. Мерекеге орай ауыл тұрғындарына арнайы дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Мерекенің аталып өтуіне «Адлет» шаруа қожалығының басшысы Гульнара Сакенқызы демеушілік жасады.



Кім жүйрік ойға, сол алда

/Умники и умницы/

Әдеби марафон ойыны

Балалар апталығының бірінші күнін «Кім жүйрік ойға, сол алда» атты әдеби марафон ойыны ашты. Ойынның басты мақсаты: балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, саналы түрде кітап таңдауға және оларды пайымдап оқуға тәрбиелеу.

Іс-шараға П.Г. Карелин атындағы орта мектебінің 4 «в» сынып оқушылары қатысты /мұғалім Оразбаева С.Д/

Марафон 5 бөлімнен тұрды:

І бөлім: «Жұмбақтар бұлағы»

ІІ бөлім: «Мақал-мәтелдер бұғазы»

ІІІ бөлім: «Ертегілер елі»

IV бөлім: «Проза теңізі»

V бөлім: «Сұрақтар мұхиты»

Қатысушылар үш топқа бөлінді: «Почемучки», «Знайки», «Читалкины». Ойын қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған «Читалкины» тобы және белсене қатысқан ойыншылар аздаған сыйлықтармен, кітаптармен марапатталды.



«Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері» Медиасағат.

Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің 5 «б» сынып оқушыларымен «Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері» атты медиасағат өткізілді. Бұл іс-шара балалар кітабының апталығы аясында өткізілді. Шараның мақсаты: оқырмандарды жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайлы түсіндіру барысында балалар жазушыларының табиғат туралы шығармаларымен таныстыру, кітап оқуға баулу, табиғатқа, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Медиасағат барысында балалар жыл мезгілдерінің ерекшеліктерімен танысып, табиғаттың мезгілдері туралы бейнесюжет тамашалады. Слайд арқылы табиғат дыбыстарын тыңдап, өздері табиғат туралы өлең оқыды. «Кітап және табиғат» атты викторина қазақстандық жазушылардың шығармаларымен таныстырса, пейзажист-суретшілердің жұмыстары қоршаған әлемнің сұлулығын көрсетті. Медисағат өте қызықты және пайдалы болып өтті.

Ертегілер еліне саяхат»

саяхат-ойын

Балалар апталығының 4 күнінде Абай атындағы мектеп балабақша кешенінің 3 сынып оқушыларымен «Ертегілер еліне саяхат» ойыны өткізілді.

Ойынның мақсаты: ертегілер туралы балалардың білімін кеңейту; тіл мәдениетін дамыту; топпен жұмыс істеу қабілетін, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Үш топқа бөлінген қатысушылар шара барысында Ертегілер білгірін, Жұмбақ патшасын анықтады, ертегілер туралы білімдерін ортаға салды.

«Сиқырлы заттар қоймасы» атты аялдама балалардың қызуғышылығын тудырды. Олар Алтын кілттің, тақияның, қызыл телпектің т.б. сиқырлы заттардың иелерін тапты. Ең белсенді қатысушылар және ең көп ұпай жинаған топ шағын сыйлықтармен марапатталды

2017 жылдың 14 сәуір күні сағ.15-00де Шар қалалық Мәдениет үйінде Қозы Көрпеш-Баян сұлу атты махаббат күніне арналған «Алғашқы махаббат жүректі тербейді» тақырыбымен «Көңілді тапқырлар клубы» өткізілді.«Көңілді тапқырлар клубы» қала мектеп оқушыларының қатысуымен өтті.

Ойын 5 бөлімнен тұрды: 1/таныстыру 2/музыкалық сайыс 3/сұрақ-жауап 4/капитандар сайысы 5/үй тапсырмасы. Жайдарманшылар тақырыпқа сай әзілдер айтып, қазіргі заман талабына сай сұрақтар қойып, қызықты көріністер көрсете білді.

Соңында әділ қазылардың шешімімен 1-орынды «Абай kz» тобы Абай атындағы мектеп-балабақша кешені, 2-орынды «Тұрсынов құрамасы» Тұрсынов атындағы орта мектебі, 3-орынды «Болашақ»тобы Т.Көбдіков атындағы орта мектептердің командалары мадақтамалармен және арнайы сыйлықтармен марапатталып, аудандық «Көңілдіді тапқыштар» ойынына жолдама алды.



1- Мамыр Қазақстан бірлігі күніне орай Қаратөбе ауылдық клубында ауылдық кітапханамен бірігіп, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым қатынасын нығайтуға тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту, достыққа, басқа ұлттардың тарихын, салт дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатымен, «Достық асыл қазына» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кеште оқушылардың орындауында әдеби монтаж оқылды. Ауыл тұрғындары « Қырғыз бен грузин айтысы» атты көрінісін көрсетті, сондай ақ олар әр ұлттың киімдерін киіп, әркім өз ұлтының тарихы, мәдениеті, салт дәстүрі жайында әңгімелеп айтып берді және әр ұлт өз тілдерінде әдемі әндерін шырқап, билерін ортаға салып өнерлерін көрсетті.




2017 жылдың 1 мамыр күні сағ. 10-00де Шар қаласының орталық алаңында Халықтар бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан-ұлттардың мекені» атты мекеме-ұжымдардың қатысуымен мерекелік іс-шара және «Би жұлдызы» байқауының қорытынды кезеңі өткізілді.
Мерекемен Шар қаласының әкімі Сакенов М.Б тұрғындарды құттықтап, Мәдениет үйінің әншісі Алкен.С «Қазақ елі» әнімен бастап, қаламыздың 9 мекеме-ұжымдары / қазақ, орыс, белорус, украин, грузин, өзбек, түркмен, эстон,татар/ ұлттарының билерін насихаттап, өз өнерлерін жақсы көрсете білді.
Соңында қала әкімі осы мерекеге белсене қатысқан мекемелерге алғыс хат тапсырып, «Би жұлдызы» байқауының өнерпаздарын дипломмен және бағалы сыйлықтармен мараппаттады.

Бірлік күні "Тілі бөлек тілегі бір...."

1-мамыр күні мектеп акт залында "Бейбітшілік белгісі!" атты Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік кеш өтті .

Мақсаты :

Бейбітшілік — мемлекеттер арасындағы бейбіт қарым-қатынас, соғыссыз бейбіт өмір сүру; тыныштық, қауіпсіздік, қорқынышсыз өмір сүру. Бұл ең алдымен елдің сыртқы саясатына байланысты Қазақстан халқының Бейбітшілікке, бейбіт тыныш өмір сүретінін насихаттау.

«Сырт көз – сыншы» деген ғой. Арғы-бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, дипломаттар қазақ халқының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын халық екенін, қазақ елі ежелден бейбітшілік сүйгіш ел, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста, елбасымыздың елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағыда бір дәлелдеп, оны әлемге паш ете білдік. Ендеше, сол бейбітшілігімізді жастар жалғастырып, өзара тату болайық!" деген бас маман Б.Ногуманованың сөзімен басталған кеш мерекелік ән шашумен, әртүрлі ұлттар билерімен жалғасын тапты. Кешке ауыл тұрғындары мен оқушылар, мекеме қызметкерлері қатысты.



«Санамызға жарық берген ұлы Жеңіс»

Дөңгелек үстел

Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Жеңіс мерекесіне биыл 72 жыл толады.



Жарасы жүректерінде қалған, әкелерін, бауырларын қан майданға аттандырып, өздері бозбала, бойжеткен шақтарын тылдағы ауыр еңбекпен өткізген аға буын өкілдерінің бірқатары арамызда жүр. Солардың құрметіне арналып Шар қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен Жарма технология колледж студенттерімен «Санамызға жарық берген ұлы Жеңіс» дөңгелек үстел өткізілді. Іс- шараға бозбала шақтарында тылда еңбек еткен, қазіргі уақытта зейнеткерлікке шығып жастары 80 асқан тыл ардагерлері

Смагулов Орал Ғабасұлы мен Комаринец Надежда Сергеевна шақырылды. Шара барысында соғыс кезінен бейнесюжет көрсетіліп, меркелік ән – шашу орындалды. Студенттер І Ф фермер тобында оқитын Мадияр Құмарбек,

№ 203 АЕ тобынан Беляков Иван сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.

Шара соңында қала әкімшілігі атынан М.Базарбек еңбек ардагерлерін құттықтап, денсаулық, ашық аспан тіледі, ал қалалық кітапхана ұжымы қонақтарға сыйлықтар тапсырды.






1 мамыр күні Аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімі Н. Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, ауданымызда мекендеген ұлттарды мерекемен құттықтап, ауданымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген бір топ адамдарға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті. Мереке соңы Аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концертімен және «Би әлемі» байқауының қорытынды бөлімімен жалғасты. Байқауға белсене қатысып, өнер көрсеткен би топтары дипломмен және сыйлықпен марапатталды.
2017 жылдың 9 мамыр күні Шар қаласының орталық алаңында «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы жеңіс» атты Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру өткізілді.
Мерекелік шеру басталмас бұрын Орталық алаңға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелініп,Әнұран ойналды. Шар қаласының мекеме басшылары,тыл ардагерлері,еңбек ардагерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің туған туыстары ескерткіш басына гүл шоқтарын қойып,бір минут үнсіздік жарияланды.
Ұлы жеңіс мерекесімен қала әкімі Сакенов.М.Б және соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұсатаев Қ.Т құттықтап, екі дүркін салют атылды.
Алаңда сап түзеп, әскери әр түрлі жасақтар шеруі жүріп өтті. Қойылымдар / әуе қырандары,барабаншылар,десанттар,санитарлар т.б/ көрсетілді. Жарма технология колледжінің ұжымы әзірлеген әскери дала асханасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның соңы мерекелік концертпен ұласты; /«Ардагерлер маршы», «Қайдасыңдар қаруластар», «Смуглянка», «Только бы не было больше войны»,» Ардагерлер», «Синий платочек», «Темная ночь», «Кукушка», «Матерям погибших сыновей»,» О аналар», «Қазақ елі» / әндері шырқалып, әскери билер орындалды.


Еске алу күні

1997 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды . Бүкіл Қазақстанда тұратын халық осы күні өзінің қалаларында, ауылдарында, елді қоныстарында жиналып, сол өткендегі құрбан болған боздақтарымыздың аруағына бас иіп, тағзым етеді. Бұл – біздің халқымыздың үрдісіне енген нәрсе.

Еске алу күні Шар қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен қалалық әкімшілікте өткізілді. Сол замандағы қуғын-сүргінге ұшырағандардан бері олардың төрт ұрпағы алмасты. Міне, осылардың барлығында бүкіл қазақ елін қамтиды. Еске алу күніне шешен ұлты өкілі Шамтурова Кесерат апа, неміс ұлты өкілі Дауленова Наталья Давыдовна атынан қызы Хасенова Роза қатысты.

Іс шара барысында репрессия туралы бейнесюжеттер көрсетіліп, Мәдениет үйінің қызметкерлерінің орындауында әндер тамашаланды. Шара соңында қала әкімінің орынбасары Табулдинов Н.М. соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұсатаев К.Т. шақырылған қонақтарға, барлық қатысушыларға ашық аспан, бейбіт өмір, денсаулықтары зор болсын деп тілектерін білдірді. Кітапхана ұжымы атынан қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.Жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы.

2017 жылы 31 мамыр күні Қаратөбе ауылдық кітапханасында, кітапханашы Н.Манжибаева мен клуб меңгерушісі С.Кожамбердинованың ұйымдастыруымен «Ұлттық трагедия жаңғырығы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Өткізу мақсатымыз Қазақстанда болған репрессия туралы мағлұмат беру. Зұлмат жылдары құрбан болған халық қайраткерлерінің ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету. Қуғын сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өту арқылы жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімін арттыру. Іс шара қонақтары: қуғын - сүргінге ұшыраған құрбандардың ұрпақтары Б.Бастықбаева және А.Шамекенова, ақсақалдар алқасының төрағасы Е.Н. Нұғманов, еңбек ардагері Г.А.Макажанова, әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Т.Тұяқбаева, ауыл жастары және оқушылар. Іс шара барысында зұлмат жылдардан слайд, бейне көріністерден үзінді көрсетілді. Қорытындылай келе құрбандарға құран бағыштап, бір минут үнсіздік жариялап еске алдық.



1 маусым күні орталық саябақта Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Айналайын» ән байқауының қорытынды бөлімі өткізілді. Байқауға 5-15 жас аралығындағы 35 өнерпаз қатысты.

5-10 жас арасындағы бүлдіршіндерден 1 орынды 5 жасар өнерпаздар Дәулетхан Сұлтанәли мен Габдуллин Нұрәділ алса, 2 орынды Жарық ауылынан келген Жеңіс Інжу, Белтерек ауылынан Төлеутай Ділдә, 3 орынды Шар қаласынан келген Беққали Сәдібек иеленді.

11-15 жас арасындағы өнерпаздардан 1 орынды Маяковский орта мектебінен Ракымқожиева Еркежан, 2 орынды Абай мектеп гимназиясынан Бектакимова Гулайым, 3 орынды Қаратөбе ауылынан Болатбекова Ақниет дипломмен және арнайы сыйлықпен марапатталды. Басқа да белсене қатысқан өнерпаздарға сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді. Мереке соңы аудандық кітапхана қызметкерлерінің «Ертегілер әлеміне саяхат» атты ертеңгілігімен жалғасты.

2017- жылы 03- маусымда сағ. 11.00-де Қаратөбе ауылдық клубында, ауылдық кітапханамен бірігіп, жастардың және оқушылардың қатысуымен Мемлекеттік Рәміздер күнінің 25 жылдығына орай«Үмітін елдің арқалап,елінде туған рәміздер» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өткізу мақсатымыз: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай қазақ елінің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін дәріптеуге, Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беруге, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс шара барысында кітапханашы Н.Манжибаева мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен олардың бейнелемесі туралы және авторлары жайында кітап көрмесін ұйымдастырды. Клуб меңгерушісі С.Қожамбердинова Мемлекеттік Рәміздер күнінің 25 жылдығына арналған баяндаманы оқып берді. Сондай ақ сол күні сағат 12.00 - де рәміздер күніне орай оқушылар арасында «Менің Отаным -Қазақстан» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Жүлделі орын алған балалар граммотамен және сыйлықтармен марапатталды.



2017 жылдың 1 маусым күні сағ.17-00де Шар қаласының орталық алаңында балаларды қоғау күніне арналған «Балалар-біздің болашығымыз»- атты мерекелік іс-шара өткізілді.


Баларларды және мерекеге келген көпшілік қауымді Шар қаласының әкім аппартының бас маманы Қыдырбаева Роза Иманбазарқызы құттықтап,жыл бойы қалалық,аудандық ән-би байқауларына қатысқан кішкентай өнерпаздарға сый-сияпаттарын тапсырды. Мерекелік іс-шара 3 бөлімнен тұрды: 1. Мерекелік концерт: / «Махаббатқа әлі ерте», «Тәтті», «Қошақаным», «Мектебім», «Толғау», «Саржайлау», «Ана», «Байқа», «Бала махаббат» әндері орындалып, «Қамажай»биі, «Қазақ»биі, «Өзбек» биі, «Түрік», «Үнді» билері биленді / 2.Спорттық ойындар: а. Доппен / 5-7 жас/ б. Обручьпен / 8-10 жас/ в. Скакалкамен / ата-аналар/ 3. Спорттық билерден сайыс


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет