Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімінде жемқорлыққа қарсы іс-шаралар



жүктеу 15.45 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі15.45 Kb.

Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімінде жемқорлыққа қарсы іс-шаралар 

Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жемқорлыққа қарсы шараларды белсендіру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізуде. «Нұр Отан» ХДП» ҚБ филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен, мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлықтың алдын алу және ескерту мәселесі бойынша кеңес өткізілді. ҚР Президентінің Жарлығы негізінде жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде қажетті шаралар қабылдау және оған персоналды жауапкершілік алу туралы бөлім бастығына міндет жүктелді.

Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы Республикалық форумда белгіленген 8 этикалық нормалар стендін және Ар – намыс Кодексін көрнекті жерге орналастырған, барлық мемлекеттік рәміздер атрибуттары сақталған. Бөлімдегі қолайлы жерге азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған. Өтініштер үшін жәшікті ашу және суырып алу бойынша комиссия құрылып, жауапты тұлға тағайындалды. Бөлім бастығының қабылдау бөлмесінде жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында көрнекті ақпарат жарнамасы ілінген. Бөлім бастығының азаматтарды қабылдау уақыты регламентпен бекітілген, оған сәйкес табличкасы бар. Мемлекеттік қызметшілердің БАҚ-нда жемқорлық фактілері және жағымсыз материалдары болған жоқ. АИС «ЕУОЛ» бағдарламасына сәйкес, заңды және жеке тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштері тіркеледі, сонымен қатар азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы бар.

2008 жылы қараша айында «Нұр Отан» ХДП-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» форумында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерден талап етілетін сегіз этикалық норма туралы атап өткен.

Осыған орай Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі бастығы «Өзіңнен баста» акциясы арқылы өз кірістерін «Қалба тынысы» (09.04.2010 ж № 15) аудандық газетінде жариялауды жөн көрді.

 

Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы Б.Самежанов



 

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет