Жарты ғасырдағы жарқын жетістіктер



жүктеу 42.97 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі42.97 Kb.

Жарты ғасырдағы жарқын жетістіктер
«...Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша міндеттерді орындап, біз экономикамызды нығайтамыз, қоғамымызды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз...»
ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына жолдауынан.
Елбасымыз, ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында болашаққа бағыт-бағдар сілтер, айқын басымдылықпен көрсетілген әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудағы он бағыттың бірі ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын дамыту екені белгілі. Осы орайда ел Президенті Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді тапсырып, ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек ету қажеттігін мамандардың қаперіне берді.

Мал шаруашылығы қазақ халқының ғасырлар қойнауынан келе жатырған ата кәсібі. Сондықтанда, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы»-деп, төрт түлік малды ұрпағының несібесі ретінде кие тұтып, күтіп-баққан. Қазақ қай ғасырда да қазақшылығын ұмытпаған жөн. Сонау, ежелгі ерте дәуірлерде де, кешегі қынабынан қан тамған Кеңес үкіметінің сойқал саясатында да қазақ халқы ежелгі кәсібінен безінбей, төрт түлігінен қайыр көрді. Бүгінгі бейбіт, тәуелсіз заманымызда осы үрдістің өз жалғасын табуы заңдылық. Соңғы жылдарда, ауыл шарушылығы ғылымдарының ішіндегі шоқтығы биік сала ветеринария ғылымы біздің елімізде де қоғамдағы өз биігіне ұмтылу мақсатында жан-жақты игі істерді жүзеге асыруда.

Соның бірі, мал шаруашылығының өркендеп қанат жаюына себепші болатын ауылдық елді-мекендерге ветеринарлық мамандарды тарту және мемлекет тарапынан беретін көмек арқылы олардың тұрақтауын қамтамасыз ету мәселелері де өз деңгейінде шешімін тауып келеді. Дегенмен, алдағы уақыттар еншісінде де атқаруға тиісті игі шаралар да аз емес. Бұндай шараларға, ветеринарлық инспекция қызметін жаңа сапалы жоғары деңгейге көтеру, ветеринар мамандарын ауылдық жерге тарту және қоныстандыру мәселесін шешу, препараттарды, вакциналарды, диагностикалық штамдарды өзімізде өндіріп жатқан отандық кәсіпкерлерге қолдау жасау сынды нұрлы істерді жатқызуға болады. Осындай игі бастамалардың белсенді жүзеге асуы үшін білікті де білімді ауыл шаруашылығы мамандарының ауадай қажет екендігі сөзсіз. Біздің елімізде аграрлық салада маман даярлау ісінде үздік танылып жүрген іргелі оқу орындарының көп екендігі көңілге қуаныш ұялатады. Жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі озық оқу ошақтарының бірі, һәм бірегейі, жарты ғасырлық тарихы бар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.

Киелі қара шаңырақта бүгінде 7 мыңнан астам студент-жастар, яғни еліміздің баянды болашақтары тәлім мен тәрбиені ұштастыруда. Сонымен қатар, қазіргі таңда университет - 8 оқу-зертханалық ғимараты, 3 жатақханасы, 1 типті және 2 мамандандырылған спорт залы, студенттік медициналық орталығы, редакциялық баспа бөлімі, «Парасат» мультимедиялық зертханасы, 200 адамға арналған «Нива» сауықтыру кешені, ветеринарлық клиника, машина жасау факультетінің оқу-өндірістік орталығы, ғылыми-зерттеу орталығы, инженерлік бағыттағы биотехнология зертханасы және басқа да нысандары қалыптасқан, дамыған инфрақұрылымы бар аймақтағы ең заманауи оқу орны болып табылады. Соңғы 5 жылдың ішінде 116 пәтерлік 2 тұрғын үй, 3 қабатты әкімшілік ғимарат, машина жасау факультетінің оқу ғимараты, студенттік медициналық орталық, студенттер үйі сияқты ғимараттардың пайдалануға берілуі жыл сайын 50-80 жаңа жұмыс орнын ашуға, қызметкерлердің баспана мәселесін шешуге, студенттер қалашығының ландшафты мен сәулетін арттыруға айтарлықтай үлесін тигізуде.

Алға қойған мақсаты айқын, бағдары белгілі, білім ордасындағы білім мен тәжірибені тоғыстырып, ғасыр көшбасшысы болуға ұмтылған жастарға бағыт сілтер, 5 факультеттің бірі «Ветеринарлық медицина және биотехнология» факультеті.

Аталмыш факультет бүгінігі күні өзіндік мол тәжірибесі қалыптасқан, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларына қажетті бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау ісінің үздіктері санатында. Факультетте ел эконмикасын дамытып, қоғамға зор пайда келтіремін деген талапкер, студенттерге 5 мамандық аясында білім беру ісі алға қойылған. Олар: ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, биотехнология, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы және балық шаруашылығы мен өнеркәсіптік балық аулау мамандықтары. Осы мамандықтар аясында, тәуелсіз еліміздің баянды болашағы, яғни елжанды жастарға білімнің шыңын бағындыруда аянбай еңбек етіп жүрген профессор-оқытушылар құрамынан тұратын 4 кафедра белсенді қызмет атқаруда.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университетінің Ветеринарлық медицина және биотехнология факультетіне қарасты «Жұқпалы емес аурулар және морфология» кафедрасы, бүгінгі таңда өзінің 1982 жылдан бері бастау алатын тарихи даму жолында жас талантты жастарды тәрбиелеп ұшырып, білім саласында үлкен табыстарға жетіп отырған тәлімі зор, ұлағаты мол ұжым. Кафедра құрамында бүгінгі күні жиырмадан аса профессор- оқытушылар жұмыс атқарады. Өзінің ұзақ ғылыми жолында бұл кафедра құрамынан білім теңізінен озып шыққан 4 докторлық диссертация және биология, ветеринария, зоотехния салаларынан 8 ғылым кандидатының диссертациялары дайындалып шықты.

Кафедраның алдында тұрған негізгі міндеттеріне - халықаралық менеджмент сапа жүйесінің талаптарына сай қоғамдық саяси өмірдегі ғылым – білім саласындағы зиялы қауымының ролін арттыру, Елбасының Қазақстан халқына жолдауына қойған міндеттерді іске асыруға ат салысып, жас ұрпақты азаматтық ұстаным және Қазақстандық елжандылыққа тәрбиелеуге белсенді атсалысу болып табылады.



Осындай, білім керуенінде көш бастап тұрған, оқу-білім үрдісінде озық, заманауи оқу орындары барда Қазақ елінің жалынды жастары білімнің шыңын бағындырып, еліміздің экономикасының өркендеуіне, азат еліміздің айбынын асқақтатып, мәртебесін биіктетер көк байрағының жеңіс шыңдарында желбіреуіне, Отанымыздың егемендігі еңселі, көк жиегі кең болып, тәуелсіздігінің баянды болуына білікті маман, білгір қызметкер ретінде өзіндік үлесін қосатындығына сеніміміз кәміл!

Ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің «Жұқпалы емес аурулар және морфология» кафедрасының оқытушысы Б.О. Ертлеуова және Президенттік шәкіртақы иегері, ВМ-31 топ студенті Г. Даулетова

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет