Жас Алаш. – 2011. №55. 14 шілде Ұжым болып II орын Украинаға аттанған боксшылар көңілді тоғайтып қайтты. Мариуполь қаласының шаршы алаңында «Макай Мазар»



жүктеу 7.99 Kb.
Дата19.03.2018
өлшемі7.99 Kb.

Жас Алаш. – 2011. - № 55. -14 шілде
Ұжым болып II орын....
Украинаға аттанған боксшылар көңілді тоғайтып қайтты. Мариуполь қаласының шаршы алаңында «Макай Мазар» мемориалы үшін тігілген жүлделер бөліске салынды. Бас бапкер Мырзағали Айтжановты бұл додаға қатысқан сайыпқырандары ұятқа қалдырмады. 49 келіде ұзақ жыл нөмірі бірінші боксшы атанып жүрген сақа спортшы Біржан Жақып қарсыластарын ықтырып, алтын медаль алды. Олжас Сәттібаев та Жақыптың жолын жалғастырып, 52 келіде мықты екінін мойындатты. Екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев те 69 келідегі қарсыластарын сабап, мемориал жеңімпазы атанды.

Ғани Жайлауов (60 келі), Василий Левит (91 ), Иван Дычко (+91 келі) күміс жүлдегер атанды. 75 келіде сынға түскен Данабек Сужанов пен Данияр Елеусінов (Қазақ агротехникалық университетінің студенті) елеусіз қалмай жүлдемен оралды.



Командалық есепте алаң иелері 7 алтын, 3 күміс, 12 қоланы қанжығаға бөктеріп, I орын алды. Қазақ елінің командасы II орынға жайғасты. Өзбек ағайын 3 күміс, 2 қоланы қанағат тұтып, III орынмен шектелді.

Б ұл сынға 9 елдің боксшылары қатысқан болатын


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет